Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қызғалдақ гүлін жасау

17 наурыз 2013, Жексенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Еңбекке баулу
Сыныбы: 4
Тақырыбы: “Қызғалдақ гүлін жасау”
Білімділік мақсаты: Оқушыларға қызғалдақ гүлі туралы мәлімет беріп, қызғалдақ гүлін бейнелеп, жұмыртқа қабығын желімдеп жабыстыруды үйрету
Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың қол жаттығуларын жасап, өнерге деген қызығушылығын ояту.
Тәрбиелік мақсаты: Еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа, әсемдікке, әдемілікке тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Аралас сабақ
Әдісі: Ой - қозғау, сұрақ - жауап, өзіндік жұмыс.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, суреттер.

Барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылардың еңбек құралдарын түгелдеу.
II Үй тапсырмасын тексеріп бағалау.
1. Сабанды неден аламыз?
2. Сабанды пайдаланбас бұрын оны не істейміз?
3. Емен ағашы неше жыл өсіп тұрады, діңгегінің жуандығы
неше метр?
4. Емен ағашының қасиеті қандай?
5. Емен ағашын неге пайдаланады?

ІІІ Үй тапсырмасын бекіту.
Емен тығыз, салмақты және қатты ағаш. Еменді құрал - сайман және жоғары сапалы жиһаздар мен құрылыс материалын жасау үшін кеңінен пайдаланады. Емен ағашы табиғи материалға бай ағаштар тобына жатады.

ІV. Жаңа сабақ. Ой - қозғау: Жұмбақтар шешу
Аналарды сыйлайтын,
Аралар бал жинайтын.
Бұл немене, балалар,
Үзуге адам қимайтын. (Гүл)
27 қараша
“Қызғалдақ”гүлін жасау

V. Мағынаны тану
Қызғалдақ шөптесін өсімдік. Көктемде қазақ даласы мен тау етектерінде қызыл, сары қызғалдақтар қайталанбас көркемдік сыйлайды. Қызғалдақтың гүлі біреу немесе көпгүлді түрлері де бар.
Ол күн көзіне кең ашылады, түнде немесе бұлтты күні жабылады. Қызғалдақ бірнеше күн гүлдейді. Қызғалдақ гүлін мерекеде сыйлық ретінде ұсынуға болады. Әсіресе 8 наурыз мерекесінде ұстаздарға, аналарға, әжелерге, қыздарға сыйлауға болады.
“Қызғалдақ”гүл бейнесінің өмірде қолданысқа енуі.

Біздің елімізде Қызғалдақ гүлінің бейнесін шеберлер көп пайдаланған. Ер - тұрман, тері белдік, зергерлер сақина, білезік камзол қапсырмаларына, тігінші киім түрлеріне, үй жабдықтарына, қоржын - дорбаларға қызғалдақ гүлін салып әшекейлеп, безендірілген.
Қызғалдақ гүлінің құрылысы

Оқулық пен жұмыс
53 - беттегі суретпен танысу.
1. Тауық жұмыртқасы қабығынан әр түрлі композиция жасауға болады. Сондықтан біз бүгін қызғалдақ гүлін жұмыртқа қабығынан жасаймыз.
Жұмыстың орындалу реті:

1. Екі - үш жұмыртқа қабығын жуып, кептіреміз.
2. Кептірілген жұмыртқаның қабықтарын қызыл, жасыл көк түстерге бояймыз.
3. Бояуы кепкен соң жұмыртқаны кескішпен ұсақтаймыз.
4. Қатты қағаз бетіне әсем гүлдердің бірі - қызғалдақ гүлін бейнелейміз.
5. Қатты қағаздағы гүлдің сабағына, жапырақтарына жасыл түске, ал күлтелеріне қызыл, сарығыш түстерге боялған жұмыртқа қабықтарын желімдейміз.
Сергіту сәті
Бойыңды сергек тік ұста,
Деміңді ішке тез ал да,
Емін - еркін тыныста.
Сол қолыңды соз алға,
Қол ұшына қара да
Үшбұрыш сыз ауада.
Оң қол да бос тұрмасын.
Шеңбер жасап зырласын.

Өзіндік жұмыс
Қажетті материалдар мен құралдар: қатты қағаз, жұмыртқа қабығы, желім, кескіш, қарындаш.

Қорытындылау.
1. Қызғалдақ гүлі қай мезгілде гүлдейді?
2. Қызғалдақ гүлін жабыстыру кезінде
кездескен қиыншылықтар.
3. Кімге сыйлар едің?
Бағалау.
Үйге: Табиғи материалдар әкелу.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
19 153
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мен және табиғат. Е дыбысы мен әрпі
Мен және табиғат. Е дыбысы мен әрпі
Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту. Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту
Мозайкадан гүл құрастыру
Мозайкадан гүл құрастыру
Балаларға қызғалдақ гүлі туралы түсінік беру. Мозайкадан қызғалдақ гүлін құрастыруды үйрету. Балалардың ойлау қабілеттерін, сөздік қорларын, саусақ моторикаларын дамыту.
К дыбысы мен әрпі
К дыбысы мен әрпі
№4 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Жанпейісова Шынар Мартенқызы
Қызғалдақ пен қара сора
Қызғалдақ пен қара сора
Қызылорда болысы, Арал ауданы, Аралқұм стансасы, №61 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Оспанова Гульмира Олжабаевна
Бекіту (2сынып)
Бекіту (2сынып)
Білімділік: Оқушылардың өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін пысықтау, тиянақтау, есептер шығару, оқушылардың білімдерін тексеру.
Квадрат функцияның анықтамасы
Квадрат функцияның анықтамасы
Пән мұғалімі: Мұхтарова Гүлдана Таңжарбайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×