Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Наурыз-жыл басы

15 наурыз 2020, Жексенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Ана тілі
Сабақтың тақырыбы: Заттың қимылын білдіретін сөздер. Наурыз - жыл басы.
Сабақтың мақсаты: 1) Заттың қимылын білдіретін сөздер туралы түсінік беріледі, сұрақтарын дұрыс қолдана білуге үйренеді.
2) Наурыз – жыл басы және оның шығу тарихы, тойлану себебі туралы терең мағлұмат беріледі, Жыл санау күнтізбесін жатқа меңгереді. 3) Оқушылардың сабақ барысында логикалық ойлау қабілетін, сөздік қорын, шығармашылық қабілетін дамыта отырып, ұлттық тәрбие, патриоттық сезім қалыптастырады.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақта пайдаланатын көрнекті - құралдар: жыл аттарының күн тізбесі суреті; Ұлттық дәстүрлер туралы суреттер
Пайдаланатын әдіс - тәсілдер; сұрақ - жауап, әңгімелеу
Пәнаралық байланыс: Математика

Сабақтың барысы:
I. Қызығушылықты ояту:
А) Шаттық шеңбері:
II. Үй тапсырмасын сұрау:
III. Сұрақ - тапсырмалар:
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Көктем мезгілінде болатын маусымдық өзгерістер туралы не айтар едіңдер?
- Көктем айларын ата?
- Наурыз, сәуір, мамыр
- Көктемнің алғашқы айында тойланатын мерекелер туралы, соның ішінде дәстүрлі мейрам Наурыз туралы не білеміз?

V. Мағынаны тану: Суреттер сөйлейді:
1 - сурет: Қыздар мен жігіттер алтыбақан тепті.
2 - сурет: Ауыл үлкендері көрісті.
3 - сурет: Бишілер биледі.
Осы сөйлемдердегі соңғы сөздерге сұрақ қойыңдар:
Тепті - не істеді? Көрісті - не қылды? Биледі - не істеді?

Ереже: Не істеді? Не қылды? Қайтті? сұрақтарына жауап беретін сөздер заттың қимылын, іс - әрекетін білдіреді. Оқыды, жазды, жүгірді, жүзді.

Наурыз мейрамы — ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы. Қазіргі күнтізбе бойынша (наурыздың 22) күн мен түннің теңесуі кезіне келеді. Көне парсы тілінде нава=жаңа + рәзаңһ=күн, «жаңа күн» мағынасында, қазіргі парсы тілінде де сол мағынамен қалған (но=жаңа + роуз=күн; мағынасы «жаңа күн»), яғни «жаңа жылды» (күн өсуін белгілеуі) білдіреді. 2010 жылдан бастап Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясы «Халықаралық Наурыз күні» қарарына сәйкес 21 наурыз - Халықаралық Наурыз күні болып қабылданды.

Қазақстанда Наурыз мейрамы үш күн: 21 - 23 наурыз аралығында аталып өтіледі (2010 жылдан бастап). Жалпы, Наурыз парсы, кавказ және түрік халықтарының арасында көктем мейрамы және жаңа жылдың басталуы ретінде тойланады. Ол Иранда 21 наурызда, Орталық Азия елдерінде және Әзірбайжанда, мемлекеттік мереке ретінде Тәжікстанда және Қазақстанда - 22 наурызда, Өзбекстан мен Түркияда 21 наурыз күні аталып өтіледі.

VI. Мәтінмен жұмыс:
Наурыз - жыл басы өлеңін мәнерлеп оқыту жаттату:
Түйе сеніп бойын,
Қалған ұмыт жылдардан.
Жатпа қарап мойыма,
Тұрма именіп ділмардан.
С. Мұқанов
- Автор туралы мәлімет
Сәбит Мұқанұлы Мұқанов[1] (1900 - 1973) – қазақтың әйгілі жазушысы, қоғам қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі. 1936 - 1937 және 1943 - 1952 жылдары Қазақстан Жазушылар Одағының төрағасы болған.
Туған жері қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданындағы Жаманшұбар деген жер.
2. Өлеңдегі әр сөздің бірінші әрпі жыл санау ретін білдіреді олай болса, ретімен орналастырайық:
«Өз орнын тап «ойыны:
Тышқан, барыс, ұлу, жылан, қой, мешін, ит, доңыз. қоян, жылқы, тауық, сиыр

VII. Оқулықпен жұмыс:
109 - жаттығу; 1. Әңгімені оқып, мазмұнын айтып беріңдер.
Шешесі жұмысқа кетті. Сара тауықтарға жем шашты, гүлдерге су құйды. Сонан соң тамақ пісірді. Шешесі жұмыстан оралды. Ол қызының ісіне қуанды.
2. Қарамен жазылған сөздер қандай сұраққа жауап береді?
Сөздер сұрақтар
шашты Не істеді?
құйды Не қылды?
пісірді Не істеді?
оралды Қайтті?
қуанды Қайтті?

VIII. Ой толғаныс: Сиқырлы сандықтағы сұрақтарға жауап берейік:
- Наурыз жыл басы деп неліктен аталған?
- Наурыз мейрамы қашан, қалай тойланады?
- Наурыз көже құрамын айт.
- Жыл басы не?
- Жыл атауларын кім шапшаң атап береді?
- Заттың қимылын білдіретін сөздер сұрақтарын ата?
- Заттың қимылын білдіретін сөздер ережесін толық айт.
Үйге тапсырма: 110 - жаттығу, Тиінге сипаттама беру
Бағалау:
Сабақ соңы:
13 454
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Наурыз
Наурыз
Халқымыздың салт - дәстүрін, әдет - ғұрпын үйрете отырып Наурыз қазақтың ұлттық мейрамын ашып көрсетіп, балалардың көңіл күйін көтеру. Көктем мезгіліндегі табиғат сұлулығын байқай білуге тәрбиелеу. Наурыз — қазақ халқының жаңа жыл екенін түсіндіру.
Бәйшешек. Жауқазын
Бәйшешек. Жауқазын
Оқушыларда заттың атын білдіретін сөздер туралы ұғымды меңгерту. Гүлдердің қасиеті, мәні туралы әңгімелеп, балалардың эстетикалық сезімдерін қалыптастыру.
Наурыз тойы. Заттың қимылын білдіретін сөздер
Наурыз тойы. Заттың қимылын білдіретін сөздер
Заттың қимылын білдіретін сөздер туралы алған білімдерін пысықтау, толықтыру, түсініктерін кеңейту. Өлеңнің идеялық мазмұнын ашу. Мәнерлеп оқу дағдыларын жетілдіру. Оқушының таным әрекеттерін дамыту. (ереже жаттау арқылы есте сақтау қабілеттерін
Заттың қимылын білдіретін сөздер. Наурыз – жыл басы
Заттың қимылын білдіретін сөздер. Наурыз – жыл басы
Жамбыл облысы, Шу ауданы, Көкқайнар ауылы, С. Естемесов атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Тоқташбаева Шырын Бекеновна
Наурыз – жыл басы
Наурыз – жыл басы
Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, «Дарын» мектеп - лицейі» КММ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Қалижанова Аягөз Шаяхметқызы
Заттың қимылын білдіретін сөздер
Заттың қимылын білдіретін сөздер
Бастауыш сынып мұғалімі Қарабатырова Қалимаш
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×