Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


«Бала Абай» Мұхтар Әуезов

27 наурыз 2013, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
2 класс
Сабақтың тақырыбы: «Бала Абай» М. Әуезов
Сабақтың мақсаты: Бала Абай әңгімесінің мазмұнын, идеясын меңгерту.
Міндеттері: а Ұлы ақынның өмірі мен, балалық шағымен тереңірек таныстыру, кейіпкерлерге мінездеме беруге үйрету.
ә Оқушылардың Абай, Барлас ақын Дулат Бабатайұлы жайындағы мағлұматтарын, оқу дағдыларын одан әрі қалыптастыру, ой өрісін дамыту.
б Оқушыларды ұлттық салт дәстүрді қадірлеуге, ұйымшылдыққа, көркем де сауатты жазуға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: М. Әуезов портреті, Абай Құнанбаев суреттері, аналарының суреттері, үнтаспа, интерактивті тақта.
Сабақтың түрі: Кіріктірілген сабақ
Пән аралық байланыс: Ана тілі, музыка, дүниетану.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру сәті:
а психологиялық дайындық. Қане, балалар орнымыздан тұрамыз, бір – бірімізге жылылық жіберіп, сәттілік тілейміз.
Жаңа сабақты бастамас бұрын «Кім тапқыр?» ойыны арқылы сөзтізбек шешеміз.
1. Дүниеде ең асыл да, қымбатты адам кім? ана
2. «Ана» кім деп шошып оянған? бала
3. Әкеміздің әкесі бізге кім? ата
4. Отбасымыздың тұратын мекені? үй
Сөз тізбек ортасында қандай сөз шықты? «Абай»
Олай болса, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Бала Абай.
Балалар! Абай кім? Абай туралы не білеміз? Топтастыру
Ағартушы, аудармашы, ақын, шын аты - Ибраһим, Шығыс Қазақстан облысында туылған, Семей қаласында медреседе оқыған, т. б.
Оқулықпен жұмыс. Класты үш топқа бөлу. Мәтінді оқыту, бөлімге бөлгізу, әр бөлімге тақырып қою
1. Әже мен немере
2. Үйге келген қонақтар
3. Барлас ақынның Абайға берген тілек батасы

Топтық жұмыс 1, 2, 3 топ
1. Абайға қысқаша сипаттама беру
2. Барлас ақынға қысқаша сипаттама беру
3. Әжесіне қысқаша сипаттама беру

Сергіту сәті:
«Желсіз түнде жарық ай» әні
Дәптермен жұмыс Барлас ақынның Абайға берген батасын көшіріп жазу.
Қорыту:
Ассоциация: Анасы Ұлжан. Әжесі Зере
Бағалау:
Әр топ бірін - бірі, өзін - өзі бағалайды.

Оқытудың негізгі формасы - сабақ
5. Сабақты жоспарлау, бағдарлама, күнтізбелік жоспар, күнделікті жоспар, сабақтың типтері, құрылым ерекшеліктері.
6. Сабақ кестесі бойынша жоспарланған сабақтарды өткізу, әдістемелік нұсқауларды пайдалану.
7. Өзіндік талдау: педагогикалық шеберлігіне жету жолы, өз сабағын талдай білу.

Сабақтың типологиясы
- Жалпылау және қорытындылау сабағы
- Білімді тексеру және бағалау сабағы
- Бекіту сабағы
- Қайталау сабағы
- Жаңа білімдерді меңгеру сабағы
- Аралас сабақ

Сабақтың бірыңғай үш дидактикалық мақсаты
Тәрбиелік аспект /дүниетанымын қалыптастыру, адамгершілікке, еңбек сүйгіштікке, ұлттық тәрбиеге баулу /
Танымдық аспект /әрбір оқушыны өз бетінше білім алуға үйрету/
Дамыту аспектісі /дамыту, ойлау қабілетін дамыту, сенсорлық, сыншылдық, сфераны дамыту, қозғалыс сферасын дамыту /

Негізгі қойылатын талаптар
- Психологиялық талаптар: Балалардың жас ерекшеліктеріне сай материалдар лайықталып алынуы керек. Себебі оқушының білімді қабылдау ерекшеліктері ескеріледі.
- Логикалық және танымдық: Оқушылардың дүниетанымы кеңейіп, жүйелі ойлауы, қызығуы және шығармашылық қасиеттері нығайтылады. Бұл балалардың ізденімпаздығын, сабаққа деген белсенділігін жетілдіреді.
- Жүйелілік талаптар: «Жеңілден ауырға», «Оңайдан қиынға» ұстанымы мен жинақталған материалдар алынуы керек. Алынған тапсырмалар бір – бірімен мағына, құрылымдық жағынан ұштастырылып отыруы керек.

Орындалу жолдары:
- Іс – тәжірибе жүргізу, шығармашылық жұмыс, өзін - өзі басқару
- Жекелеген оқу пәндері немесе оқушылардың қызығушылығын арттыру
- Би, спорт, ән, т. б. үйірмелері. Тақырыпты тәрбие сағаты, кездесулер, сайыс, интеллектуалдық шоу.

Нәтижесі: Оқушы өзінің қоғамдық пайдалы еңбекке деген өзбетінше ізденіп, жұмыс істеуге дағдыланады.

Мектептен тыс орындармен: Кітапхана, мешіт, мұражай, МТББО, мәдениет үйі, т. б.

Мұғалім: Оқушы:
- Сенім - Еркіндік
- Сыйлау - Өзін - өзі бағалау
- Мадақтау - Белсенділік
- Сұхбаттасу - Пікірін білдіреді
- Құрмет - Сезім

Ата - ана. Мұғалім. Оқушы.
Сенім, сезімталдық, әділдік, байсалдылық, ұстамдылық, ілтипаттылық, сергектік.
9 612
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Т. Жұртбай. Бала Мұхтар мен Абай
Т. Жұртбай. Бала Мұхтар мен Абай
Дана жазушының ұлылығын, кемеңгерлігін дәріптеу, өз елін, туған жерінің табиғатын сүюге тәрбиелеу.
Бала Мұхтар мен Абай
Бала Мұхтар мен Абай
Абай мен Мұхтар жайлы мәлімет беру. Мәтіндегі негізгі ойды ұғындыру. Түсінгендерін қысқа, әрі нақты әңгімелей білуге үйрету.
«Күз» Абай Құнанбаевтың өлеңі
«Күз» Абай Құнанбаевтың өлеңі
Абай Құнанбаевтың «Күз» өлеңінің мазмұнымен танысу. Табиғатқа деген сыйластығы, оларға қамқорлықпен қарауға үйренеді.
Мұхтар Әуезов «Біржан сал Абай аулында»
Мұхтар Әуезов «Біржан сал Абай аулында»
Жалпы мақсаты: Оқушылардың теориялық білімдерін практикамен ұштастыру, тілдік тараптан талдауға үйрету, адамгершілікке, ізгілікке баулу, елжандылыққа тәрбиелеу.
«Абай жолы» романындағы Абай бейнесі
«Абай жолы» романындағы Абай бейнесі
Ақтөбе қаласы, №34 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қартпағамбетова Дәмелі Қойбаққызы
Ахмет Әуезов Жас Мұхтар
Ахмет Әуезов Жас Мұхтар
Оңтүстік Қазақстан облысы, Т.Рысқұлов ауданы, М.Жәрімбетов ауылы, "Алғабас" жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Жаримбетова Алуа Шалбаевна Сабақтың тақырыбы: Ахмет Әуезов. «Жас Мұхтар» Сабақтың мақсаты: Білімділік: Жазушы Мұхтар Әуезовтің
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×