Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Өткенді пысықтау

28 наурыз 2013, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Математика (презентациясымен)
Сабақтың тақырыбы: Өткенді пысықтау.
Сабақтың мақсаты:
1. Өткен тақырыптарды қайталай отырып, білімдерін тиянақтау, бекіту.
2. Логикалық ойын, сана - сезімі мен тілін дамыту. Есте сақтау қабілетін дамыту.
3. Тапқырлыққа, шапшаңдыққа, өз бетінше топпен жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі. сұрақ - жауап.
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, интерактивті тақта, фигуралар.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
№ 1 слайд.
Оқушылар кеше сабақта не үйрендік?
- Периметр табуды.
- Периметр дегеніміз не?
- Периметр дегеніміз - фигураның барлық қабырғаларының қосындысы.
- Көпбұрыш дегеніміз не?
- Көпбұрыштың периметрін қалай табамыз?
Психологиялық дайындық.
Математика – қызықты пән,
Бәріміз оны білеміз.
Қызықты есеп шығарып,
Тез жауабын береміз.
Жарайсыңдар!
Тіктөртбұрыш
Шаршы

III. Жаңа сабақ.
Өткенді пысықтау.
Ойын:« Фигуралық есеп»
Әр фигураның артында өрнектер бар, сол өрнектерді шығару.
Слайд №2. «Фигуралық есеп».№1 есеп
10+ 40
100 - 80
70 - 40
40+50
100 - 90
60 - 50

Слайд 3 №2 Өздік жұмыс.
Азайғыш -------------- 12 ---- 21 --- 85 --- 15
Азайтқыш ------------- 6 ---- 20 ---- 5 ---- 10
Айырманың мәні
Слайд 4 № 3 есеп. Балалар бұл қандай жануар? Піл туралы не білетіндерін сұрау. (мағұлмат беру).

К - 15кг --------- ә) С - 20 кг
С -? 7 кг кем ----------- К - 10кг
Шешуі: 15 - 7 = 8 (кг ) ------------ Шешуі: 20+10=30
Жауабы: Сәбіз 8 кг. -------------- Жауабы: 30 кг көкөніс
Есептердің әрқайсысына сызба таңда:
Сергіту сәті:
– Бір, екі, үш,
Бойға жинап күш.
Жалқаулықты тастаймыз,
Сабақты біз бастаймыз.
Математикалық тест.
1. Өрнектің мәнін тап 20+40
а) 24
ә) 60
б) 40
2. 6+4 =? а) 10
ә) 6
б) 16
3. Теңдеудің мәнін тап: х + 4= 10
а) х = 5
ә) х =6
б) х= 14
4. Алмастың 6 қызыл және 3 көк шары бар. Алмаста барлығы қанша шар бар?

а) 12
ә) 6
б) 9
5. 3 онд. 5 бірл. =? бірл.
а) 15б бірл.
ә) 35ірл.
б ) 53бірл.
Тест кілті бағалау
1. ә ---- 5 – «5»
2. а ----- 4 - «4»
3. ә ----- 3 - «3»
4. Б ----- 2 - «2»
5. Ә -----
№4. Атауын айтпай - ақ фигураларды сипатта.
Ойын. «Мен қай фигурамын?»..
Төрт қабырғасы бар, төрт бұрышы бар. Қарама – қарсы қабырғалары тең. Төрт бұрышы бар, екі бұрышы доғал, екі бұрышы сүйір. Төрт қабырғалары бар.(тік емес төртбұрыш ) Бір бұрышы тік, екі бұрышы сүйір. Үш қабырғасы бар. (үшбұрыш )
Төрт қабырғасы бар. Барлық қабырғалары тең. Төрт тік бұрышты. (шаршы)
Тақтамен жұмыс.
№5 Периметр табу, 3 қатарға фигуралардың қабырғасын өлшеп, периметрін табу беріледі.
а) Р=2cм+2см+2см+2см ------- Р=1см+3см+1см+3 см ------- Р=2см+2см+2см
Р=8см ------------------------------- Р=8 см ---------------------------- Р=6 см
Слай 3 №6 (ауызша )
3+7+2
8+2+3
15 - 5 - 4
3+7+5
6+4+6
17 - 7 - 8
Қорытындылау.
Бағалау.
Үйге тапсырма: 3есеп. ә)

Сергіту сәті:
Жапырақтары жайқалып,
Биік ағаш өседі.
Самал желмен тербеліп,
Бұлттар жылжып көшеді.
- Тағы қандай үлес қосамыз.
- Гүл егеміз.
- Жақсы. Бірақ гүл егу кез - келген адамның қолынан келе бермейді. Оны баптап күту қажет.
№7 Шаршыларды сана.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
10 159
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Геометриялық фигуралар. Периметр
Геометриялық фигуралар. Периметр
Өткен материалды қайталап; геометриялық фигураларды тану, олардың элементтерін атау, маңызды белгілерін анықтау, тіктөртбұрыштың периметрін табу, тіктөртбұрыш сызу білімін толықтырады.
Есепті теңдеу құру арқылы шығару
Есепті теңдеу құру арқылы шығару
Есепті теңдеу құру арқылы шығаруды пысықтау, бекіту, қозғалысқа арналған есептер шығаруды пысықтау. Периметр, аудан, көлем табуды бекіту. Оқушылардың іздену қабілетін шыңдау.
Қосындыны санға бөлу
Қосындыны санға бөлу
Оқушылардың білімдерін тереңдету, қайталау, пысықтау, тиянақтау. Ой - өрісін, сана – сезімі мен тілін дамыту. Есте сақтау қабілетін қалыптастыру. Функционалдық сауаттылығын арттыру
Аудан бірлігі – квадрат сантиметр
Аудан бірлігі – квадрат сантиметр
Аудан бірлігі – квадрат сантиметрмен таныстыру. Есептерді шығара білу және есептеуге дағдыландыру; Өткен тақырыптарды бекіту.
Бастауыш сыныптарына сабақ топтамасы (математика)
Бастауыш сыныптарына сабақ топтамасы (математика)
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, №32 мектеп - гимназиясының бастауыш класс мұғалімі Матаева Жанар Махамбетиярқызы
Үшбұрыш пен төртбұрыштың периметрін табу
Үшбұрыш пен төртбұрыштың периметрін табу
Ақтөбе қаласы, № 32 мектеп - гимназия бастауыш класс мұғалімі Ахметова Элеонора Дузжасаровна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×