Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жануарлардың қысқы тіршілігі

28 наурыз 2013, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақ тақырыбы: Жануарлардың қысқы тіршілігі
Сабақтың мақсаты: жануарлардың қысқы тіршілігімен таныстыру. Оқушылардың тілдерін дамыту. Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Туған өлкенің жануарларын қорғау. Үй жануарларын қамқорлыққа алу, еңбекқорлыққа баулу.
Көрнекілігі: жануарлардың суреттері, слайдтар, әліппе дәптер.

Сабақ барысы:
Психологиялық сәт.
Ойын: «Жануарларды топтастырайық ( Оқушыларға жануарлардың суреттері таратылып беріледі.)
- Балалар, мен сендердің алдарыңа жануарлардың суретін таратып қойдым. Суреттерді мұхият қарап алыңдар.
- Қане кімде үй жануарларының суреттері бар екен?
- Үй жануарларының қандай пайдасы бар?
Қой. Біз қойды сойып етін жейміз. Жүннен көрпе жасайды, шұлық тоқиды терісінен тон жасайды.
Сиыр. Сиырды сауамыз. Сүтін ішеміз. Сүтінен май, қаймақ, айран, құрт, ірімшік жасаймыз. Сойып етін жейміз
Жылқы. Жылқыны мінеміз. Бәйгеге шабамыз. Жылқыны да сойып, етін жейміз. Жылқыдан қазы, қарта, қымыз аламыз. Қымыз денсаулыққа өте пайдалы.
Түйе. Түйемен жүк тасиды. Бұрын адамдар түйемен көшкен. Түйе шөк десе жатады.
- Балалар, көрдіңдер ме, үй жануарлары бізге пайдалы екен сондықтанда біз оларды асырайды екенбіз.
- Қане, жабайы жануарлар кімдер де екен?
- Сендердің өздеріңнің қолдарындағы жануарлар туралы не білесіңдер?
Қасқыр. Қасқыр далада, орманда жүреді. Ол малдарды, түлкі, қояндарды жеп қояды. Аңшылар оны атады. (Мұғалім жыртқыштар туралы айтып таныстырады).
Аю. Мынау – қоңыр аю. Қоңыр аю орманда болады. Ол балды жақсы көреді. Ақ аюлар да болады. Олар суға шомылғанды жақсы көреді. Суық жақта өмір сүреді.
Түлкі. Мынау - түлкі. Ол өте қу аң. Түлкі туралы ертегі, мультфильмдер көп.
Қоян. Қоян - қорқақ. Ол өте сүйкімді. Сондықтан, балалар қоянды үйде де асырайды.

Сергіту сәті.
- Сұлтан, сен қоян туралы ән білесің бе?
- Онда әніңді айтып берші. Балалар сендер де Сұлтанмен бірге орындаңдар.
- Тақтаға қолдарында құстардың суреті бар балалар, шыға қойыңдар.
Құстарда жануарға жатады. Құстарда үй құстары, дала құстары болып бөлінеді. Қане, оң жаққа – үй құстары, сол жаққа – дала құстары тұра қалайық.
Үй құстары: Тауық бізге жұмыртқа береді. Қаз бен үйректің етін жейміз, жүнінен жастық жасаймыз.
Дала құстары: Көгершін, торғай, қарға т. б туралы өлең оқиды. Құстардың ұясын бұзуға, жұмыртқасын алуға болмайды. Обал болады. Құстар бау - бақшаның досы, оларды атуға болмайды.

Жаңа сабақ.
- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі? (күз)
- Қазір бізде күздің соңғы айы. Аз уақыттан кейін қылышын сүйретіп қыс келеді. Қылышын сүйретіп келеді дейтін себебіміз, өзімен бірге қалың қарын, үскірік боранын, қақаған аязын ала келеді. Қыстан қысылмай шығу үшін біз көмір, ағаш отынымызды, тамағымызды дайындаймыз.
Ал, балалар, үй жануарларының бізге көп пайдасы бар екен. «Сыйға - сый» дегендей бізде оларға қысқы аязда қамқорлық жасауымыз керек екен. Суретке назар аударайықшы. Үй жануарларына қысқы азық, жем, шөп дайындап, қорасын жылылап қоямыз.
- Ал, мына аңдар да қысқа өзінше дайындалады екен. Күзде қысқы азықтарын әзірлеп, өздеріне жылы мекен дайындайды. Мысалы, аю қыста апанына жатып, қысқы ұйқыға кетеді. Ол қыс бойы ұйықтап жатады. Қасқыр үңгіріне, түлкі ініне, тиін ағаш дінінің қуысынан өзіне ұя жасап, ұясын жаңғаққа толтырады. Олар өздеріне азық іздеп, орманды, даланы кезіп жүреді. Қоян жауынан қорғану үшін тонын өзгертіп отырады.
- Ал құстардың көпшілігі күзде жылы жаққа ұшып кетеді. Кейбір құстар ғана мекенінде қыстап қалады.
- Өздерің қыстап қалатын қандай құстарды білесіңдер? (Қарға, сауысқан, көгершін, торғай)
- Қыста құстарға жем табу қиын екен. Оларға біз жем шашар дайындап, жем шашып, қамқорлық жасауымыз керек.

Кітаппен жұмыс.
- Не көріп тұрсыңдар?
- Тиін қысқа өзіне мол етіп жаңғақ жинайды. Ағаш дінінен өзіне ұя жасайды. Ағаш бұтақтарында жаңғағын шағып, бұтақтан - бұтаққа секіріп жүреді.
Еркін әңгіме құрастыру. «Тиін мен қоянның қысқы тіршілігі».
- Мына аңдар да қысқы азық іздеп, жорыққа шыққан екен. Енді өз мекендерін таба алмай адасып қалыпты. Көмектесіп олардың мекенін тауып берейік.

Ойын. «Мекенін тауып бер».

Шығармашылық жұмыс:
1 - топ «Ормандағы қызықты оқиға» тақырыбында сурет салу.
2 - топ «Қысқы ойындар» тақырыбына түсті қағазбен жұмыс.
Топтық жұмыстарды талдау.
Қорытынды. Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды мадақтау.
26 947
0
  • 0
0 дауыс
Загрузка...
Оқи отырыңыз
Үй жануарлары мен төлдері
Үй жануарлары мен төлдері
Үй жануарлары және төлдері туралы түсінік бере отырып, білімдерін кеңейту, және аттарын дұрыс айтуға үйрету.
Үй жануарлары
Үй жануарлары
Үй жануарлары жайында білімдерін бекіту. Жануарларды өзгешеліктеріне байланысты салыстыра білу
Үй жануарлары
Үй жануарлары
Атырау қаласы, Талғайраң селосы, Талғайраң негізгі мектебі Шағын орталық тобы тәрбиешісі Елеусинова Бибігүл Қанатбайқызы
Жануарлар туралы жалпы ұғым
Жануарлар туралы жалпы ұғым
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, Мұнайлы селосы, №5 жалпы білім беру мектебі ММ Мектепалды даярлық сынып мұғалімі Орынбаева Қырмызы
Жануарлардың көктемгі және қысқы мезгілдерге дайындығы
Жануарлардың көктемгі және қысқы мезгілдерге дайындығы
Жануарлардың көктемгі және қысқы мезгілге дайындығы тақырыбын оқушыларға жүйелі түрде меңгерту
Үй жануарлары
Үй жануарлары
Екібастұз қаласы, №8 "Теремок" балабақшасы тәрбиешісі Чережденова Алия Сергбаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.