Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Г дыбысы мен әрпі

28 наурыз 2013, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Г дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Г дыбысы мен әрпін таныстыру. Г дыбысы бар сөзді буынға бөле отырып Г дыбысы сөздің басында, ортасында келетінін түсіндіру. Дамыту ойындары арқылы білімдерін бекіту.
Дамытушылығы: балалардың ой - өрісін, шығармашылығын дамыту. Сөз қорын, сөйлеу жүйесін жетілдіру.
Тәрбиелігі: адамгершілік қасиеттерін, білімге деген қызығушылықтарын арттыру.
Түрі: Аралас сабақ
Әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, көрнекілік.

Сабақтың барысы
I Ұйымдастыру кезеңі.
1. Шаттық шеңбері
Ән салуға барамыз,
Досымызды табамыз.
Сәлемет пе! Міне! мен
Доспын енді сенімен.
Мұғалім: Балалар шаттық шеңберін құрдық, енді бір – бірімізге жақсы тілектер айтып жіберейік. Енді жақсы көңіл күймен сабағымызды бастайық.

II Өткен сабақты пысықтау.
Алдыңғы сабақта біз қай әріппен таныстық?
Ү дыбысы мен әрпі.
Ү дыбысы қандай дыбыс балалар дауысты ма, дауыссыз ба?
Қане айтып көрейік. Дауысты дыбыстар қалай айтылады?
Ү дыбысы дауысты, айтылғанда созылып, еш кедергісіз айтылады.
Балалар дыбыс дегеніміз не? Әріп дегеніміз не?
Дыбысты естиміз, айтамыз.
Әріпті жазамыз, көреміз, оқимыз.
Қане Ү дыбысына сөздер ойлап жіберейік: үкі, бүркіт, түлкі, үйрек. Енді осы сөздерді буынға бөлейік. Ү дыбысы мен әрпіне байланысты қандай тақпақ білеміз?

III Жаңа сабақ
Біз бүгін жаңа әріппен танысамыз. Бүгінгі сабақ ерекше сабақ. Бүгін бізге қонаққа қоян келеді. Ол бізге қонаққа келе жатып адасып қалыпты. Қане біз қоянға көмектесеміз бе? Иа
Қоян келе жатса, алдынан өзен шығыпты. Қоянды өзеннен өткізу үшін біздер тапсырма орындауымыз керек.
Өзеннен өту.
I деңгей тапсырмасы.
1 - деңгей тапсырмасын орындап, қоянды өзеннен өткізіп жіберейік. Сөз жұмбақ шешіп көрейік.
1. Аспаптың бір түр. (гитара)
2. Үй құстарының бірі. (үйрек)
3. Ешкінің төлі. (лақ)
Жақсы сөзжұмбағымызды шештік қандай сөз шықты (Гүл)
Гүл сөзі қай дыбыстан басталып тұр. Г дыбысынан. Дұрыс бүгінгі өтетін әрпіміз Г дыбысы мен әрпі. Қане барлығымыз Г дыбысын бірге айтып көрейік. Қандай дыбыс екен. Дауыссыз. Қайдан білдік даыссыз дыбыс айтылғанда қалай айтылады.
Дауыссыз дыбыс айтылғанда қысқа, кедергіге ұшырап айтылады.
Дауыссыз дыбысты қандай текшемен белгілейміз?
Көк текшемен.
Г дыбысы сөздің басында, ортасында келеді.
Қоян әрі қарай өзеннен өтіп келе жатса алдынан «Сиқырлы ағаш» шығады. Енді Сиқырлы ағаштың тапсырмасын орындап қоянға көмектесейік. Тақтаға қарайық.
Тапсырма: Суреттен г әрпінен басталатын сөздерді атап, буынға бөлеміз. Ги - та - ра, е - гін, ке - ре - ге, кө - гер - шін. Енді балалар Г әрпін жазып үйренейік. Мынау Г әрпінің баспа түрі, жазба түрі.
Дәптермен жұмыс.
Дәптерге Г әрпін жазамыз. Г дыбысының таңбасын үзік сызықтармен берілген параққа әдемі жазып орналастыру.
Енді балалар шаршағанымызды басып сергіту сәтін жасап жіберейік.

Сергіту сәті
Гүлге ұқсап ырғалып,
Шаршағанда демалам.
Қолымызды қозғалтып,
Гүлдей болып жайқалам.
Қоян сиқырлы ағаштан өтіп келе жатса «Адасқан әріптерге» кезігеді. Енді осы тапсырмаға көмектесейік.
Ойын: «Адасқан әріптер»
Шарты: Балаларға кеспе әріптер таратып, сол әріптерден сөз құрастыру. Көп сөз құрастырған балаларға қоянның сыйлығы бар.
Ребус шешу.
Бекіту: Топтастыру әдісі.

Дауыссыз дыбыс
Гитара, гүл, егін
Көк, текше, кереге, көгершін
Міне балалар қоян аман - есен үйіне жетіп көжектерімен табысады.

Бағалау.
Сабаққа жақсы араласқан балаларды мадақтау.
Үйге тапсырма.
Г дыбысы мен әрпін жазып, оқып келеміз.
«Қоштасу» Жылу шеңбері.
Қолымызды ұстайық,
Үлкен шеңбер құрайық.
Көріскенше күн жақсы,
Сау - саламат болайық!
42 266
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
П дыбысы мен әрпі
П дыбысы мен әрпі
П п дыбысы мен әрпін таныстыру. П дыбысы дауыссыз дыбыс екенін ұғындыру
В в дыбысы мен әрпі
В в дыбысы мен әрпі
Оқушыларды В в дыбысының әріп таңбасымен таныстыру. Жаңа сөздерді үйрету. Сөздерге дыбыстық талдау жасату.
Күнтізбелік - тақырыптық жоспар
Күнтізбелік - тақырыптық жоспар
Күнтізбелік - тақырыптық жоспар Сауат ашу (48 сағат)
Х дыбысы мен әрпі (слайд)
Х дыбысы мен әрпі (слайд)
Сабақтың тақырыбы: Хх дыбысы мен әрпі (слайд)
И, у, ю, я дыбыстарына арналған тест жұмыстары
И, у, ю, я дыбыстарына арналған тест жұмыстары
И, у, ю, я дыбыстарына арналған тест жұмыстары
Л дыбысы және әрпі
Л дыбысы және әрпі
Л дыбысы мен әрпімен таныстыру. Өтілген дыбыстарды қайталау. Дауысты, дауыссыз дыбыстардың ерекшеліктерін еске түсіру. Буын туралы түсініктерін кеңейту, қол қимылын жаттықтыру.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×