Қазақстанның
білім беру порталы.

Я әрпінің жазылуы

23 қыркүйек 2016, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
2 сынып Қазақ тілі (презентациясымен)
Тақырыбы: Я әрпінің жазылуы.
Мақсаты: 1. Я әрпінің жазылу, айтылу ережелерін меңгерту.
2. Оқушыларды Я әріптері бар сөздерді дұрыс жазуға дағдыландыру, сөздік қорларын дамыту.
3. Оқушыларды құстарды қорғауға, адамгершілік пен әдептілік қасиеттерін және достық пен үлкенді сыйлауға баулу.
Түрі: Жаңа сабақ.
Әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, іздену
Көрнекілігі: суреттер, жұмбақ, мақал, ребус, рефлексиялық жаттығу және интерактивті тақта.

Барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың қажетті құрал – жабдықтарын алып, түгендеу, сабаққа даярлық.
Психологиялық дайындық: Қайырлы күн деп айтамыз, Бір болып кеште қайтамыз. Отбасының гүліміз, Көңілді өтер күніміз – деп бүгінгі қазақ тілі сабағымызды көңілді бастайық.

2. Үй тапсырмасын тексеру Дыбыс деген не? Әріп деген не? Дыбыстар нешеге бөлінеді? – И дыбысы қандай дыбыс? Сый, тый сөздерінің жазылуын айт?
Мақсатын қою кезеңі: - Балалар бүгін біз сабақта Я әрпінің сөз ішінде жазылуымен танысамыз.
Қазанның он алтысы Кіріспе бөлім. Жұмбақ шешіледі.
Қоянда бар,
Қайыңда жоқ.
Қиярда бар,
Қиында бар.
Жұмбақтың шешуі: Я әрпі.
Қоян - екі буын, 4әріп, 5 дыбыс. Я екі дыбыстан тұрады. и+я=я иа естілгенімен я жазылады.

3. Жаңа материалды түсіндіру. Сөзде йа дыбыстары естілгенмен, жазуда олардың орнына Я әрпі жазылады. Мая, сая, таяқ
Негізгі бөлім Оқулықпен жұмыс 1 - жаттығу. Өлең оқылып, мазмұны ашылады. Мысалы: оянғаны, аянғаны
Ережені пысықтау мақсатында төмендегідей жұмыс жүргізіледі: Оқушылар я дыбысы кездесетін сөздерге мысал келтіреді. Сол сөздердің жазылуы мен айтылуын салыстырады. Осы сөздерді қатыстырып сөйлем құрастырады. Оқулықтағы 3 - 5 жаттығулар орындатылады. 3 - жаттығу. Сөздердің айтылуы мен жазылуын салыстыр. Сөздерге дыбыстық талдау жаса.
Айтылуы – Жазылуы
Айан - Аян
тайау - таяу
байау – баяу
5 - жаттығу 1. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып оқы. Өлең кім туралы? Бұл кім?
Бала, бала, бала деп,
Түнде шошып.....
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Түнде бесік....
2. Я әрпі қай дыбыстардың орнына жазылған? Керекті сөздер: таянған, оянған. Сиқырлы сандарды оқу.
2 ----- 1 ----- 3
ұ ----- қ ----- с
3 - жаттығу. Сөздерді көшіріп жаз. Ұя, мая, саяхат, бояу, Саят, оянды. Сөздердің айтылуы мен жазылуын салыстыр. Сөздерге дыбыстық талдау жаса. Шығармашылық тапсырма: ”Ана” тақырыбына шығарма жазу Тірек сөздер: аяулы ана, ардақты ана, қымбатсың маған, ақ сүтіңді бердің, аялайсың. Ребусты шеш. Тауық‴ Қияр ′
т а қ и я
″Арқар ′ пияз ′
қ а р и я
Осы сөздермен екі сөйлем құрастыр.

Сабақты қорытындылау.
а) Білімдерін бекітуге арналған сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Я дыбысы қандай дыбыс?
2. Я дыбысы кездесетін сөздерге мысал келтір.
3. Сол сөздерге дыбыстық талдау жасау.
ә ) Сөздік диктант. Я әрпі кездесетін сөздердің астын сызу. Баспалдақ, баян, шытырман, шаян, сыбызғы, саяз, тобылғы, таяз, жапырақ, жая.
Тапсырма. 1. Сөздерді буынға бөліп жаз.
Қияр, шаян ―――――――――――
2. Тиісті әріпті жаз А... қ, ба... у, қари... ,тұ... қ, та... қ, бо... у, дари..., са... бақ
3.Берілген сөздерден сөйлем құра. Сөйлемдегі сөздердің ретін цифрмен белгіле. 1 4 3 2 (Әлия, болды, жайлауда, жазда. Әнуар, оянды, ерте. Баян, сурет, бояумен, салды).
Бағалау. Үйге тапсырма беру. 4 - жаттығу 54 – бет

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
3 839
0
  • 0
0 дауыс
Загрузка...
Оқи отырыңыз
Я әрпінің жазылуы
Я әрпінің жазылуы
Я дыбысы мен әрпін таныту. Я дыбысының жазылу емлесін түсіндіру. Жаттығулар орындату арқылы, сөз ішінен я дыбысын өзге дыбыстардан ажырата білуге үйрету. Я әрпінің жазылу, айтылу ережелерін меңгерту.
Я әрпінің жазылуы
Я әрпінің жазылуы
Астана қаласы, Әлкей Марғұлан атындағы №40 орта мектептің Бастауыш сынып мұғалімі Сулейманова Жанылай Анесовна
Я әрпінің жазылуы
Я әрпінің жазылуы
Атырау облысы, Атырау қаласы №34 лингвистикалық мектеп - гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Жоламанова Райса Жоламанқызы
Я әрпінің жазылуы
Я әрпінің жазылуы
Атырау қаласы, Жанаталап селосы, Жамбыл орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Қадесова Салтанат Әлімжанқызы
И әрпінің жазылуы
И әрпінің жазылуы
Жаңаөзен қаласы, №6 орта мектеп Бастауыш сынып мұғалімі Берікова Ғалия Ғалымжанқызы
Я әрпінің жазылуы
Я әрпінің жазылуы
Исмаилова Ляззат Нуржанқызы, Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Басықара ауылы, № 182 мектеп , Бастауыш пән мұғалімі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.