Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ж дыбысы мен әрпі

31 наурыз 2013, Жексенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың мақсаты:
Білімділік – Ж дыбысы мен әрпін таныту. Ж дыбысын сөз ішінен бөліп, дұрыс айтқыза білу, ж әрпі бар сөздерді тұтас оқу;
Дамытушылық – оқушылардың тіл байлығын, ой - өрісін дамыту.
Тәрбиелік – ұқыптылыққа, достық қарым - қатынасқа тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап.
Сабақтың көрнекілігі: мазмұнды сурет, кеспе әріптер, буындар, слайд, кесте, парақша.
Пәнаралық байланыс:
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
Психологиялық дайындық.
Бақытты балғын баламыз,
Өседі ой - санамыз.
Білімнің нәрін сусындап,
Биікке самғап, барамыз.

ІІ. Өткен материалды еске түсіру.
А) Тақтадан буындар мен сөздерді оқыту.
Ә) Ат тағалау мәтінін оқыту.
Б) Мазмұнын сұрау.
Сұрақтарға жауап алу.
А) Мәтінде неше сөйлем бар?
Ә) Мәтіндегі адам аттарын ата?
Б) Аулада, Сағадат сөздеріне дыбыстық талдау жаса.
Ау - ла - да 3 б. 3 д. д. 6 д.
Са - ға - дат 3 б. 3 д. д. 7 д.

ІІІ. Жаңа сабақ.
Аң патшасы қай аң? (жолбарыс)
Жолбарыс туралы аңыз әңгіме.
М. Жолбарысқа жираф не деп жауап берді?
О. Ж - ж - ж - жи - жи - жираф.

Бүгін біз ж дыбысы мен, ж әрпімен танысамыз. Ж дыбысының әрпін көрсетіп ілу. Ж баспа, жазба түрі.
Ж дыбысын бірнеше рет айтқызу.
Ж дыбысы ұяң дауыссыз дыбыс.
Жасалуына қарай – тіл алды дауыссыз дыбыс.
Айтылуына қарай – ызың дауыссыз.
М: Ж дыбысынан басталатын буын құрату.
ЖУ -
ЖА -
ЖЫ -
ЖО -

Буын құрату.
Жа – рық, рыс, лау, лын, уын
Жо – та, ба, март
Жу – ас, а, сан
Жы - ра, лан, лу

Суреттер көрсету. (слайд)
Дыбыстық талдау жасату.
Кестедегі қарсы мәндес сөздерді орнына қойып, сөз тіркестерін оқыту.

Жуан ағаш Жаңа орамал
? ағаш (жіңішке)? орамал (ескі)

Тар жол Аласа тау
? жол (кең)? тау (биік)
Оқулықпен жұмыс.

А) Мынау ненің суреті?
(Жіптің суреті көрсетіледі).
Жіп.
Жіп неден жасалады?
Жіп сөзін буынға бөлейік
Жіп сөзінде неше буын, неше дыбыстар бар?
Ж дыбысы сөздің қай жерінде келіп тұр?
Ә) Жаңа буындарды хормен оқыту.
Жа, жо, жы, жу.
Б) Жаңа буындардан құралған сөздерді оқыту.
(сөздерге түс беру)
В) Диалог сөздерді оқытып, түсінік беру.

Сергіту сәті.
Қане, қанат жазайық,
Қарлығаш болып ұшайық.
Ұшып - ұшып алайық,
Қане, қайта қонайық.

Дәптермен жұмыс.
Жазу тәртібін үйрету.

Бекіту.
Тақтамен жұмыс.
«Кім шапшаң?» ойын.
Берілген сөздерге әр оқушы қолындағы түсті дөңгелектермен дыбыстық талдау жасайды.

Қорытындылау.
Бүгін қай дыбыспен таныстық?
(Ж) Сөз ортасы
Сөз басы дауыссыз
Ж әрпі тіл алды дауыссыз ұяң айтылуына қарай ызың дауыссыз дыбыс
8 618
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ә дыбысы мен әрпі
Ә дыбысы мен әрпі
Жаңа технологияларды қолдана отырып Әә дыбысы мен әрпін таныту, сол арқылы берілген сөздерді оқу мен жазуға, буын және оның түрлерін ажырата білуге үйрету.
Қ дыбысы мен әріпі (слайд)
Қ дыбысы мен әріпі (слайд)
Қ дыбысы мен әрпін таныстыру арқылы берілген сөздерді тізбектей оқыту
І дыбысы мен әрпі
І дыбысы мен әрпі
Сабақтың тақырыбы: І дыбысы мен әрпі Сабақтың мақсатты: Білімділік: І дыбысы мен әрпін таныту; І әрпі және і әрпі бар сөздерді оқып, жазып үйрету, сонымен қатар, өз тілінің қадір-қасиетіңмен, тіл туралы, кітап туралы мақалдармен танысып, түсінік
Г дыбысы мен әрпі
Г дыбысы мен әрпі
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Сағыз селосы, №9 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Сахиева Ләззат
Г дыбысы мен әрпі
Г дыбысы мен әрпі
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Сенек ауылы Қашаған Күржіманұлы атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Алимбаева Гулшат Мұқтарқызы
Ж дыбысы мен әрпі
Ж дыбысы мен әрпі
Қызылорда облысы, Әйтеке би кенті, №17 Ғани Мұратбаев атындағы мектептің бастауыш сынып мұғалімі Ділекеш Сәуле Жеткергенқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×