Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Дараланған дарын

31 наурыз 2013, Жексенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Дараланған дарын
Мақсаты: Ой жүйрік, танымдық деңгейі жоғары, интеллектуалды оқушылардың дарынын ашу, белсенділігін арттыру, білімдерін көрсету.
Бөлімдері:
1. Таныстыру
2. Дода
3. Полиглот
4. Бәйге
5. Мен - Қазақстан болашағымын
6. Жекпе - жек

Уа, халайық, халайық!
Бәріңе жар салайық
Бүгінгі кеш төрінде,
Дарындылар елінде
Сұрақтар шешіп, жасырып
Шабыт толып,...........
Көңілді кеш жасайық
Мұнда қызық табылар
Жұмбақ, есеп - бәрі бар
Ал сайыскер балалар
Білімдеріңді сынайық.
Дараланған дарынды
Арамыздан табайық.
Құрметті ұстаздар, оқушылар! Сіздерді 4 - сынып оқушыларының арасында өтетін «Дараланған дарын» атты сайыс сабағын көруге шақырамыз. (Қазылар алқасы сайланады).
Музыкалық әуен. Қазақ жігіттері!
Біреуінің жүрегінің түгі бар,
Біреуінің арқалап жүрген қоғамдық жүгі бар.
Бәрінен де ең байысы - барлығының
Қатты істейтін миы бар,- дей келе енді осы сынып дарындарын таныстырып өтейік:
1. Алтай Ажар
2.
8.
Орындарыңа отырыңдар.
Ғылымның сырын ұғына
Шығыңдар білім шыңына
Ұқыптылық пен зеректік
Жеткізер сіздей өренді
Математика сырына
Қадамдарың оң болсын,
Сәт сапар енді тілейік!
Біз МАБ - қа байланысты 1 - ші дода бөлімінде математика пәнінен сұрақтар құрастырып, сайыскерлерімізді сынамақшымыз. Ал, іске сәт, сайыскерлер! 1 - ші дода бөлімімізді бастаймыз. Сіздерге тест беріледі, тест 10 сұрақтан тұрады. Ал енді бастайық.. Сәттілік!
1. Бос орында қандай таңба болуы тиіс: 7 т - ц.
A) 700
ә) 70
б) 72
2. Лақтың салмағы 8 кг., ал ешкінің салмағы одан 3 есе артық. Ешкі неше килограмм тартады?
A) 5 кг ә) 11 кг б) 24 кг
3. Баласы 9 жаста, бұл шешесінен 35 жас кіші. Шешесі неше жаста?
A) 26 жаста
ә) 44 жаста
б) 47 жаста
4. Әріпті өрнекті белгіле.
A) а• 72+ 72
ә) д•3= 9363
б) (280+ 360) • 2
5. Не жеңіл: 1кг мақта ма, әлде 1кг темір ме?
A)=
Ә) >
б) <
6. Қытайда Үндіге қарағанда адам көп тұрады, ал Үндіде Ресейге қарағанда адам көп тұрады. Қай елде адам көпе тұрады?
A) Қытай
B) Ресей
б) Үнді
7. Отбасында 10 бала бар. Ең үлкен бала 20 жаста, ал әр келесі баланың жасы 2 жасқа кіші. Ең кіші бала неше жаста?
А) 4
В) 3
б) 2
8. Қанаттың сөмкесі Саматтың сөмкесіне сияды, ал Саматтың сөмкесі Ерланның сөмкесіне сияды. Кімнің сөмкесі үлкен, кімнің сөмкесі кішкентай
А) Самат
В) Канат
б) Ерлан
9. Шаршының қабырғалары 4 см, периметрін тап?
А) 8 см
В) 12 см
б) 16см
10. Шеңберді нені пайдаланып сызамыз?
А) сызғыш
В) циркуль
б) карандаш
Жауаптары:
1. ә
2. б
3. ә
4. а
5. а
6. а
7. б
8. б
9. б
10. в
Ал енді көршілерімізге береміз де, тексереміз.
Кімде 8 сұрақтан жоғары сол оқушылар сайысымызды әрі қарай жалғастырады. Ал төмен бал жинаған сайыскерлерімізбен өкінішке орай қоштасамыз. Ойынға қатысқандарың үшін рахмет! Ойында жеңілсеңдер де, өмірде жеңілмеңдер!
3 - бөлім "Полиглот". Мен сендерге жұмбақ жасырамын. Сендер жауабын екі тілде, қазақ және орыс тілінде жауап бересіңдер. Жауабын білген оқушы қолындағы белгіні көтеріп жауап береді. Яғни 1 - ші көтерген оқушыдан сұраймын.
1. Білімнен мол сый - асы
Балғындардың үясы
(Мектеп, школа)
2. Білімнің дәнін тереді,
Балаға тәлім береді
( Ұстаз, Учитель)
3. Сансыз ойлар бетінде,
Сайрап жатыр бар тілде
Кажетпін мен әр кунде,
Өшпейді бір әрпім де
(Қағаз, бумага)
4. Дөңгелек өзі
төртеу көзі
ұстайды мықтап
тұрғанды сырттап
( түйме, пуговица)
5. Танауында арқаны,
Бір батып, бір шығып
Алға қарай тартады
(Ине, иголка )
6. Қампитып үрлеп қарынын,
қуалап басты арынын
(доп, мяч)
7. Суда - көлік
Құмда - өлік
(Қайық, карабль)
8. Үлкен алтын табақтан,
Әлемге нұрын тараткан
(Күн, солнце)
9. көкжиегі түйық дөң,
Жердің биік күмбезі"
( Аспан, небо)
10. алып кілем
Гүлге толы
Үсті кілең
(Жер, земля)
11. Зәулімде тұрағы,
Тіреусіз тұрады
(Бұлт, тучи)
11. Адамға серік
Күзетке берік
(Ит, собака)
12. Кеудесі қайқандап
Жұреді байпандап
(Қаз, гусь)
Жақсы. Қазылар алқасына сөз берейік.
Келесі бөліміміз "Бәйге". Бұл сайыста 4 тақырыпқа байланысты ұяшықтар орналасқан. 10, 20, 30, 40 ұпайға байланысты. Өздеріңіздің таңдауларыңыз бойынша таңдайсыздар. Ал бастайық!
Туған өлкең
1. Қостанай облысында не өндіріледі? темір кені
2. Темір кені Қостанай облысында қанша пайыз шоғырланған? 85 пайыз
3. Қостанай облысының қай ауданында жойылып бара жатқан жануарлар мен өсімдіктерді қорғауға алған қорық бар?: Наурызым ауданы
4. Қостанай облысында қанша аудан бар және оларды ата? 16 аудан
Табиғаттың байлығы
1. Қызылорда облысының ең басты байлығы не? күріш
2. Бір жартысы тұщы, бір жартысы ащы болып келетін көлді ата. балқаш
3. Жер бетінде жануарлардың қанша түрі бар? 2 миллион
4. Арал теңiзi бұрын аумағы жөнiнен дүние жүзiндегi көлдердiң арасында нешiншi орын алған? 3 орын

Қызықты математика
1. Ағам бізді жинады
8 қолғап сыйлады
Қамқор болған ағамыз
Үйде неше баламыз (8: 2)=4
2. Салтанаттың жасы 4 жас 5 айда, 7 айдан кейін неше жаста болады? 5 жаста
3. Сыныптағы 25 оқушының 17 - сі ағылшын тілін, ал 15 - і француз тілін оқиды. Сыныпта неше бала екі тілде де оқиды? 7оқушы
4. Әкесі 1950 жылы туған немересі атасынан 50 жылға жас. Сонда немересі нешінші жылы туған 2000
Ана тілі
1. "Ана тілі" өлеңінін авторы кім? Ғафу Қайырбеков
2. Қандай ертегіде тобылғы ағаштардың ұрысуына себепкер болады? ормандағы оқиға
3. Қарабатырға еліне оралуға көмектескен құс? қарлығаш
4. “Түс көрген патша“ертегісінде патша түстерінде кімдерді көреді? қасқыр, түлкі. қой
Келесі бөліміміз - "Мен - Қазақстан болашағымын". Қазақстанның дамыған елу ел қатарына кіруге сенің қосар үлесің? сұрағына жауап беріп, шағын эссе жазу.
Келесі бөлім - "Жекпе - жек". Сіздерге 10 сұрақтан қойылады. Кім сұраққа көп жауап береді, сол жеңіске жетеді. Ал, 1 - сайыскер, дайындалыңыз.
1 - сайыскерге:
1. Кіммен? Немен? сұрақтарына жауап беретін септікті ата?
2. 9 мамырда қандай мерекенi тойлаймыз?
3. Таулы жерлерде тіршілік ететін құстар қатарын анықта.
4. Шөлге өте төзімді жануарды анықта.
5. Туған жердің бүлінген табиғатын қорғау туралы жазылған әңгімені ата?
6. Ауаны тазартудың ең тиімді жолы.
7. Ашық әдіспен арзан көмір қайда өндіріледі?
8. Үкіметті кім басқарады?
9. Заттың сынын, сапасын білдіретін сөз табы??
10. Бір үйде 2 шеше, 2 қыз, әжесі немересімен тұрады. Үйде неше адам?

2 - сайыскер:
1. Кіммен? Немен? сұрақтарына жауап беретін септікті ата?
2. 9 мамырда қандай мерекенi тойлаймыз?
3. Таулы жерлерде тіршілік ететін құстар қатарын анықта.
4. Шөлге өте төзімді жануарды анықта.
5. Туған жердің бүлінген табиғатын қорғау туралы жазылған әңгімені ата?
6. Ауаны тазартудың ең тиімді жолы.
7. Ашық әдіспен арзан көмір қайда өндіріледі?
8. Үкіметті кім басқарады?
9. Заттың сынын, сапасын білдіретін сөз табы??
10. Бір үйде 2 шеше, 2 қыз, әжесі немересімен тұрады. Үйде неше адам?

Балалар Қазақстан тарихында тұнғыш рет қысқы 7 - Азияда ойыны өткелі отыр. Бұл біздің Әлем алдыңдағы спорттық жетістіктерімізді айқындайды.
Азияда ойыны 30 қаңтар мен 6 ақпан аралығында Алматы және Астана қалаларында өтіп жатыр
«Дараланған дарын» атағымен құттықтаймын!
Музыкалық сәлем. Бал балалық!
Бүгінгі сынып сағатымызға келгендеріңіз үшін рахмет!
5 873
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қолөнерден сыр ұққан шебер қыздар
Қолөнерден сыр ұққан шебер қыздар
Оқушылардың эстетикалық талғамын ұштау, өнерге ынтасын дамыту, шапшаңдыққа, талғампаздыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
ХХІ ғасыр көшбасшысы
ХХІ ғасыр көшбасшысы
Халқымыздың ғасырлар бойы жинақталған тәжірибелері мен тәлім - тәрбиесін, адамгершілік қағидаларын оқушы бойына сіңіру. Сөз байлығын, ойлау қабілетін дамыту.
Алтын қақпа
Алтын қақпа
Жалпы химиядан алған білімдерін жинақтап, жүйелеп, өз бетімен еңбектенуге, іскерліктерін арттыруға дағдыландыру, одан әрі пәнге деген қызығушылықтарын арттыру
ХХІ ғасыр көшбасшысы
ХХІ ғасыр көшбасшысы
Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, С. Абланов атындағы орта мектебі Нурпайзова Айнур Кенесбаевна
Тапқыр болсаң, озып көр
Тапқыр болсаң, озып көр
Бастауыш сынып мұғалімі Окасова Гүлден Маликовна
Жыл оқушысы сайысы
Жыл оқушысы сайысы
Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы, Жаңаөзен ауылы. К. Шакенов атындағы орта мектебі Нұрмұхамбетова Сауле Советханқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×