Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Топырақпен сурет салу

02 сәуір 2013, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Пәні: Өнер өрнегі (факультатив)
Класы: 2

Сабақтың тақырыбы: Топырақпен сурет салу.
Сабақтың мақсаты:
А) оқушыларды шығармашылыққа үйрету, баулу.
Ә) қиялын, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Б) экологиялық тәрбиенің маңыздылығын түсіндіру, табиғатты аялауға, қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: практикалық сабақ
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, топырақ, сурет салуға арналған үстел, П. И. Чайковскийдің «Времена года» әуені
Пәнаралық байланыс: география, әдебиет, халық ауыз әдебиеті, экология, бейнелеу өнері, музыка
Сабақты барысы:
І. Алғашқы ұйымдастыру бөлімі.
1. Ұйымдастыру
2. Психологиялық сәт
3. Өткен материалмен жұмыс
«Ой толғау»

ІІ. Негізгі бөлім.
Мұғалім: Балалар, бүгінгі біздің сабағымыз өте қызықты өтейін деп отыр. Сабағымыз сабақта емес, үлгі - тәлім, өзімізге керекті мағлұматтарда алып қалуымыз мүмкін, тыңдап көрейік.
Арайлым: Мұхтар Шаханов. 1992 жылы Отырар топырағында жерлестерімнің сұрауымен шығармашылық кешім өтетін болды. Қырық күн шілденің соңы. Аспан айналып жерге түсердей қапырық. Орталықтан отыз шақырым қашықтықта, аудан шекарасы саналатын елсіз жерде үш мыңға тарта жерлестерім тосып алды. Әлемнің көзін көрген қариялар мен ақ жаулықты кейуаналардың құшағы бірінен соң бірі тартып алып, қапелімде босатар емес. Жергілікті ақындар кезекпен кезек жыр арнап, мен дала ән мен биге бөленіп кетті. Үш әже Отырар топырағын алтын жіппен әдептеген ақ жібек матаға тұмар етіп орап:
- Құлыным, қайда жүрсең де, туған топырағыңның қасиеті жебеп - желеп жүрсін, - деп мойныма тақты.
Мұғалім: Мінекей, балалар Арайлымның айтқан «Ой толғау» сөздерінен не түсіндіңдер.
(оқушылар енді бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Топырақ. Топырақпен сурет салу)
Мұғалім: Ендеше, осы топырақта қадір - қасиетте, пайдасы бар екен.
- егін егеміз,
- құрылыста пайдаланамыз (кірпіш, әйнек)
- емделеміз,
- тіпті, бүгін біз топырақпен де сурет салуға болады екен.

1. Топырақпен сурет салғанда, әйнектің бетіне теңіз тасбақасы көктем мезгілі болғанда маусым айларында, жағаға шығып, жұмыртқаларын топыраққа салады екен. Сонымен күн топырақты қатты қыздырғанда жұмыртқадан кішкентай тасбақалар шығып, теңізге жүгіреді. Бір ұяда 30 - 40 жұмыртқалайды. Аң, құстар байқап қалса, жұмыртқаларды жеп кетеді екен. Ал ана тасбақа ол жерге екінші рет ұя салмайды екен. Көзіне жас алып, теңізге кетіп қалады.
Ал, топырақта шөпті жерлердегі өмір сүретін тасбақа орман аралап келе жатқанда, саңырауқұлақтар, жеміс - жидек теруге орманға барғанда, тасбақаның аузында жасыл шөп тістеп алып бара жатқанын көрсең, сол адамның өмірінде бір жақсылық болады деген ырым бар. Ал тасбақа болса, тек емдік шөптерді жейді. Сондықтан тасбақа 300 жыл өмір сүре алды екен. Ең ұзақ өмір сүретін жәндік екен.
(орыс ұлы компазиторы П. И. Чайковскийдің «Времена года» әуені ойналады)
(Оқушылар тасбақаның суретін топыраққа салады.
Қимыл - қозғалыстарын бақылау, көмектесу)
2. Шығармашылық жұмыс (әрі қарай оқушылар өз ойларын еркін тақырыпта жеткізіп көреді, өз салған суреттеріне байланысты өлең жолдарын айтып береді)
3. «Видео - клип» көрсету. Топыраққа байланысты көрсету.
4. Әдеби монтаж. «Табиғатты аялайық» бөлімі.
Өмір сүрейік алмасып. М. Мақатаев
Ғаламат:
Жапырақ – жүрек, жас қайың!
Жанымды айырбастайын.
Сен адам бола бастасаң,
Мен қайың бола бастайын.
Келісесің бе жас қайың?
Көрінер, мүмкін, кімге ерсі,
Өмірің маған бір берші!
Дүрбелең мына дүниені.
Адам көзімен бір көрші,
Қайың боп мен де бағайын,
Орманнан орын табайын
Беймәлім маған өмірге,
Қайың көзіммен қарайын,
Сен - дағы жерден нәр алдың,
Мен - дағы жерден нәр алдым,
Біреуден сен де жаралдың.
Біреуден менде жаралдым.
Тілің жоқ, жанды қайың сен,
Айырмашылығым – Адаммын!

Табиғатты аялайық
Саят: Жер бетіндегі өлі және тірі табиғат бір - бірімен тығыз байланыста, өзара үйлесімді тіршілік етеді. Осы тіршіліктегі тепе - теңдік бұзылса, табиғат апатқа ұшырайды. Оның зияны адам баласының өміріне қауіп тудырады. Сондықтан табиғат заңдылығын бұзуға болмайды.
Нұрсая: Табиғат – адам баласының құтты қонысы, жайлы мекені, ырыс - дәулеті, денсаулығының сенімді сақшысы. Сондықтан халық оны аямайды, қадір тұтады, күтіп баптайды. Адамның екі анасы бар: бірі – туған анасы, екіншісі – табиғат.
Әлішер: Қоршаған орта неғұрлым таза болса, адамның денсаулығы мықты, көңіл - күйі көтеріңкі болады. Ауаның жер мен судың табиғи таза қасиеттерінің қолайсыз өзгерістерге ұшырауы – қоршаған ортаның ластануы. Олар адамның денсаулығына, өсімдіктердің өсуіне, жануарлардың тіршілік етуіне зиянын тигізеді.

Туған ел. Мөлдір:
Байтақ дала – туған жердің,
Қымбат маған әр тасы.
Өзен – көл, самал желі,
Асқар тауы – баршасы.
Бақыт нұры құшып мені,
Кең өлкем тарқашы!

Ділназ:
Жайын жүргім келеді, жайын жүргім,
Ортасында еркелеп сансыз гүлдің.
Тілсіз, тылсым табиғат тілін ұғып,
Қызығына батасың терең сырдың.
Ернар:
Жібек гүлдер жүзіңді жаңартады,
Жұпар ауа жанымды тазартады.
Жақсылығын бергенде міндет қылмай,
Ала бер деп алғанша тағы айтады.

Асхат:
Торқа, жұмсақ тосады алақанын,
Аялаған анадай балапаным.
Гүлін иіскеп аунасаң көкірегіңде,
Есіңе кеп түседі бала шағың!
Не деген керемет ең бай табиғат!
Жасаулы дастарханың жас сәби бақ,
Жемісін жеп, аунасам гүл көрпеңе,
Ренжімей, баласың оған да шат....
Сүйейік табиғатты аялайық!
Біз де онан жақсылықты аямайық!
Анадай табиғаттың алдында,
Жадырап жас балаша демалайық!
«Табиғат туралы ой» Алтынбек
«Бәрі тірі» Саян
Сурет көріп туған жер келбетінен,
Табиғат бесігінде тербетілем.
Жел жүгіріп барады су бетімен,
Су жүгіріп барады жер бетімен.
Қалықтайды ақша бұлт көкті қармап,
Тұрақ таппай қаңғырап кетті қаңбақ.
Ұшып жүріп әуеде неше айналып,
Дала төсін қыран құс өтті барлап.
Мұғалім: (ҚР картасын экраннан көрсету)
ҚР физикалық картасынан Қазақстанның топырақ жамылғысының түрлерін көрсете отырып, топырақтың түрлерін таныстыру
1. Қара топырақты бедеуі: Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Ақмола, Павлодар облыстары минералды заттарға бай, құнарлы топырақ
2. Қара – қоңыр топырақ белдеуі: картадан көрсету.
Топырақтың эрозияға ұшырауы
Топырақтың құнарлығы азаяды. Топырақтың құрылу яғни өте көп уақыт қажет етеді. 1400 жылдан 7000 жылға дейін уақыт керек екен.
Топырақ эрозиясының екі түрі бар:
1. Жел эрозиясы. (топырақ көшкіні)
2. Су эрозиясы (су шайып кетуі)

ІІІ. Қорытынды бөлім
Аружан: Топырақ туралы өлең жолдарын оқиды.
Мұғалім: Сабақ қытай халқының философы ойшыл данышпаны Конфуцийдің «Жер – қолқа жүрегің» атты туындысымен қорытындыланады.
5 971
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Суретті кілем гобелен
Суретті кілем гобелен
Оқушылардың ой-қиялын дамыту арқылы гобелен тоқу өнерімен таныстырып, сурет салуға баулу
Қолөнер (7 сынып қыздарына арналған факультатив сабағы)
Қолөнер (7 сынып қыздарына арналған факультатив сабағы)
Оқушыларды шығармашылыққа тарта отырып жобаны тани білуге, он саусағынан өнері тамған баланы тәрбиелеу. Шәкіттердің шеберлігін, білім мен еңбегін көрсету
Бояулар сыр шертеді
Бояулар сыр шертеді
Оқушылардың бейнелеу өнері жайындағы білімін толықтыру. Оқушыларды шапшаңдыққа үйрету, шығармашылықтарын дамыту. Оқушының ой – қиялын дамыту, олардың икемділігін, сурет салу шеберлігін арттыру.
Қысқы пейзаж
Қысқы пейзаж
Қысқы табиғат көрінісін көре білуге баула. Қыс айларындағы табиғат өзгерістерін, құбылыстарын бейнелеуге үйрету. бояу түстері арқылы оқушылардың ой өрісін, қиялын дамыту, шығармашылық қабілеттерін өрістету.
Қыс бейнесі
Қыс бейнесі
Тогузбаева Гулмира Жаксылыковна №30 «Ұрпақ» МДҰ тәрбиешісі Ақтөбе қаласы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×