Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Табиғат – асыл қазынам

02 сәуір 2013, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Кіріспе сөз. Армысыздар, құрметті қонақтар мен ұстаздар және оқушылар. Табиғат сөзі кең ұғым. Табиғат өзіміз тіршілік етіп өмір сүретін орта Ерте кездерде халқымыз табиғаттың кейбір туындыларын киелі, қасиетті деп ұғып, оларды өлтіруге, жоюға болмайтынын айтып кеткен. Сонымен бірге табиғат пен адамды біртұтас деп қараған. Сондықтан адам табиғаттан өз керегін алып, қалғанына еш уақытта зиянын тигізбеген. Халық табиғаттағы өздері қастерлеген жерлерді «әулие - бұлақ», «әулие - ағаш» деп атап, оларды көздің қарашығындай қорғап отырған, ал қарлығаш, аққу, ұлар, т. б. құстарды жақсылықтың жаршысы, бақыттың бастамасы, игіліктің иесі деп ұясын бұзуға, балапанын жоюға не өздерін өлтіруге мүлде рұқсат етпеген.
1 - оқушы: Жұмакүл: Сұлу дала! Менің сүйген еркемсің,
Жаным сенен жаратылған өлкемсің.
Қандай жақсы қазақ болып туғаным,
О, туған жер! Тамашасың, көркемсің.
Мұғалім сөзі: Туған жер, өскен ел жүрекке жылы сөздердің бәрі де табиғат деген таңғажайып ұғыммен бірігіп жатады. Қазақстанның табиғаты көз тартар, аса көркем, бар сұлулықты өн бойына жинап алған өлке.

2 - оқушы: Айдана: Табиғат сенде бәрі ортақ,
Аспаның, күнің, айында.
Тегінде жаның жомарт – ақ,
Ізгілік жатыр бойында.

3 - оқушы: Атажан: Табиғат қызығам сенің суретіне,
Бас ием сенің құдіретіне.
Тұрасың күллі әлемге нұр таратып.
Тұтқасы тіршіліктің бетінде.

Мұғалім сөзі: Табиғаттың көркін ажарландырып, жер бетін саялы баққа айналдыратын байлық көзі - су. Су - адамзаттың тіршілік көзі. Сусыз жер бетінде тіршілікті елестету мүмкін емес. Су – адам жүрегіне жыр, көңіліне нұр, сезіміне гүл сыйлайтын берекелі зат.
Су деген тіршіліктің қаны емес пе,
Су деген табиғаттың жаны емес пе?
Су жоқ жерде өмір жоқ, ол ақиқат,
Күміс су, қара жердің сәні емес пе?
Су туралы бейне клип
1. Сұрақ: Аружан Зарина: «Судың да сұрауы бар»- дегенді қалай түсінеміз? Суды ысырапсыз пайдалануға жол бермейміз, ластамаймыз.
Мұғалім сөзі: Тіршілік атаулының өмірлік өзегі, арманы - таза ауа.
Тіршілікте не ғой дейсің ең қымбат,
Тіршілікте адам қымбат, сен қымбат.
Ал адамға ауа қымбат бәрінен
Ауа қымбат, ала тұғын дем қымбат.
4 - оқушы: Диас: Табиғат - ол өсімдік. Өсімдік - бүл жасыл желек, көк майса құрақ, қызыл - жасыл гүлдер. Өсімдік ашыққанда тамақ, шөлдегенде - сусын, ыстықта көлеңке сая, суықта пана, ауырғанда - дәрі, ренжігенде қуанатын табиғаттың сұлу көркі - гүл. Өсімдік таза ауа, еліміздің дәулеті - жасыл - желек орман.
Мұғалім сөзі: су аруы - аққу. Аққу табиғатымыздың сәні емес пе?
Аққулар, аққулар мойын сүмбе қанат,
Алансыз тарануда күнге қарап.
Тарақ етіп тұмсығымен тарайды кеп,
Тарайды кеп, тарайды қауырсынын.
Аққулар, аққу мойын сүмбе қанат.
Аққу биі.

2. Сұрақ: Үміт Айнұр: Біз болашақ ұрпақ табиғатты қалай қорғап, сақтап қаламыз?
-«Бір ағаш кессең, он ағаш ек» - «Жасыл ел» бағдарламасына ат салысамыз.

5 - оқушы: Мейрамбек: Табиғат - адамның бойына қуат, көңіліне шабыт, сезіміне ләззат шапағатын ұялататын сұлулық пен әсемдік әлем. Табиғат - әлем денсаулығының сақшысы, жаңға дауа шипагер.
Тірі өлі табиғат талдау.
3. Сұрақ: Ілияс Мейіржан: Табиғатқа байланысты қандай ырымдар мен тыйым сөздерді білесіңдер?
1. Ұяны бұзба
2. Суға түкірме
3. Жас шыбықты кеспе
4. Құмырсқаның илеуін бұзба
5. Аққуды атпа

6 - оқушы: Темірлан: Табиғат тынысы кең, тілі бай
Ауасының шәрбатын - ай, тұнығы - ай.
Бұлбұл болып сайрап кетсе, ал бірде
Адамдарша сөйлейді екен, күнім - ай!

7 – оқушы: Фарида: Табиғат та әке болып еңіреп,
Табиғат та ана болып жылаған.
Айта алмаймын қасиетін мүлде мен,
Табиғаттан жаратылғам, гүлдегем.
Мұғалім сөзі: Табиғат - әсемдіктің төркінісің
Ән саламын бір сенің көркің үшін
Бүкіл адам табынып бір өзіңе
Сенен алып тұрғандай бар тынысын - дегендей кезекті әнге береміз.
Ән:

4. Сұрақ: Ұлан Бекарыс: Орман, тоғайды, бақтарды күл - қоқыстан тазалап, өрттен қорғар едің?
- Аң, құстарды рұқсатсыз атуға тиым саламыз, қамқорлық жасаймыз.
8 - оқушы: Рауан: Табиғат - адам баласынын дүниеге келтіріп, бойындағы бар махаббат мейірімін, күн шуағын жүрегімізге ұялатқан аяулы орта.
9 - оқушы: Жанқозы: Табиғат - адам баласының дүниеге келтірген аяулы - ана, бүкіл тіршілік атауының алтын үясы және аялы бесігі, құтты қонысы мен өніп - өсер мекені.
Табиғатты сүйіңдер
Сүю үшін біліңдер.
Қамқорлық жасау жолында
Жанды салып күйіңдер.
Апаттан оны сақтандар
Ебін тауып баптаңдар.
Мұғалім сөзі: Сонымен біз табиғат туралы не білдік?
Мұғалім сөзі: Табиғат, Жер Ана, Отан, Туған жер, Атамекен деген құлаққа жылы естіліп, жүрекке шаттық сезім ұялататын ұлы да қасиетті, бір - бірімен мағыналық мазмұны бай сөздер. Табиғат пен Жер Ананы сүйе білу, оны аялау адамның азаматтық борышы.
10 - оқушы: Жансая: Табиғатты қорғау үшін бәріміз
Күресейік, бір - бір ағаш егейік
Текке отырмай жасымыз бен кәріміз
Таза ауа үшін терімізді төгейік.
Табиғаттың құшағы кең шуақты
Көргенім жоқ оған теңдес қуатты
Күйіп - пісіп табиғат та кейде бір
Адамдарша күңіренетін сияқты
11 - оқушы: Даяна: 2030 - дың барысының
Еш нәрседен саспайтын арысымыз.
Өркениетті елімізді гүлдендіреміз
Алға қойған негізгі парызымыз.
Бәрі хормен:
Табиғаттың панасымыз -
Түйіп айтар сөзіміз.
Табиғаттың панасымыз -
Біздің мына өзіміз.

Қорытынды:
Мұғалім сөзі: Табиғат адам бойына шабыт, көңіліне қуат, сезіміне сұлулық пен сағыныш ұялатады. Адам бойына адамгершілік қасиеттерді қалыптастыратын мол тәрбие көзі.
Мұғалім сөзі: Адам табиғатқа мейірімділікпен, сүйіспеншілікпен, қамқорлықпен қарап, үйлесімділік сақталғанда, адамзат баласы үшін табиғат – кең сарай мәңгі тозбас құтты қоныс болатынын ешқашан ұмытпайық!
«Таза болса, табиғат, аман болар адамзат!» деген Ф. Оңғарсынованың сөзімен бүгінгі сыныптан тыс жұмысымызды аяқтаймыз.
20 042
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Табиғат тал бесігің, аялай біл!
Табиғат тал бесігің, аялай біл!
Табиғатты қорғау, сақтау қажеттігі туралы ой, ынта туғызу. Туған жер табиғатына деген сүйіспеншілігін арттыру.
Табиғат – тал бесігім. Эссе
Табиғат – тал бесігім. Эссе
Табиғат сөзі кең ұғым. Табиғат өзіміз тіршілік етіп өмір сүретін орта Ерте кездерде халқымыз табиғаттың кейбір туындыларын киелі, қасиетті деп ұғып, оларды өлтіруге, жоюға болмайтынын уағыздаған.
Ғылыми жоба. Сырқатыңның бар дауасы - табиғатта
Ғылыми жоба. Сырқатыңның бар дауасы - табиғатта
Табиғат ол бізді коршаған орта: аспан, ай, кун, жұлдыз, ауа, күннің көзі, жылуы, өзен, көл, жарық. Табиғат - байлыктын көзі. Табиғат - күллі тіршілік атаулының құтты қоныс - мекені, алтын ұя тал бесігі. Ерте кездерде халқымыз табиғаттың кейбір
Туған жер - тал бесігім
Туған жер - тал бесігім
Қарақұдық орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Түлікбайқызы Жанаргүл
Қоршаған орта мен адам денсаулығы
Қоршаған орта мен адам денсаулығы
Петропавл қаласы Бастауыш сынып мұғалімі Мухамеджанова Ботагоз
Жерді аялайық (тәрбие сағаты)
Жерді аялайық (тәрбие сағаты)
БҚО, Шыңғырлау ауданы, Тасмола ОЖБББМ Китарова Лайла Толыбаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×