Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Өсімдіктер – тірі ағза

03 сәуір 2013, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Өсімдіктер – тірі ағза
Пәні: Дүниетану
Сабақтың тақырыбы: Өсімдіктер – тірі ағза
Сабақтың мақсаты: Өсімдіктер туралы білімдерін кеңейтуге көмектесу
Сабақтың міндеттері:
Оқушыларға өсімдіктердің топтарымен, түрлерімен және оның ерекшеліктерімен танысып, білімдерін кеңейтуге қолайлы орта туғызу;
Балаларға мәтінмен таныса отырып, саралау, сипаттау, зерттеу, салыстыру жұмыстарын жүргізуге көмектесу;
Жеке, жұпта, топта жұмыс жасау арқылы бір - біріне ойын, пікірін ашық айтуға орта құру.
Күтілетін нәтижелер:
Сабақ соңында оқушылар өсімдік туралы білімдерін өзгелермен бөлісе алады.
• Өсімдіктердің түрлерін, топтарын бір - бірінен ажырата алады. Олардың пайдасын, өмірде алатын орнын суреттеп бере алады.
Сабақ, жапырақ, тамырдың қызметтері туралы айта алады.
Жеке ойларын ортаға сала алады. Топқа ойын жеткізе алады.
Нәтижені бағалау және тексеру:
Алғашқы білімдерін толықтыру үшін ББҮ кестесін толтыру. Эссе арқылы бағалау. Алған білімдерін ортаға салады (топтағы басқа балалардың ойын жеткізеді).
Қажетті материалдар: ИКТ, слайд - шоу, ватман, маркерлер, құмырадағы гүлдер, гүлдің тамыры, өсімдік құрылысына байланысты плакаттар.

Сабақтың барысы:
І. Қызығушылықты ояту сатысы:
Мұғалімнің сұрағы:
Өсімдік туралы не білесіңдер?
Балалар өз ойларын кестенің бірінші бағанына жазады. Жұпта талқылайды. Әр топтың ойларын мұғалім тақтаға жазады.
Мұғалімнің сұрағы:
Өсімдіктер туралы не білгілерің келеді?
Балалар өз ойларын кестенің екінші бағанына жазады. Жұпта талқылайды. Әр топтың ойларын мұғалім тақтаға жазады.

ІІ. Мағынаны ажырату сатысы: Оқулықпен жұмыс.
Мұғалімнің нұсқауы:
Оқушыларды топқа бөлеміз. Бұл – жанұя топтары. Жанұя топтары 1, 2, 3, 4 - ке саналып бөлінеді. Бірінші нөмірдегілердің барлығы бір топқа жиналады. Екінші нөмірдегілер екінші топқа жиналады. Келесі нөмірдегілер де осы тәртіппен жиналады. Бұл – жұмыс топтары.
Мақсаты: Әрбір нөмірдегі бала жұмыс тобынан өз жанұяларына жаңа ақпарат алып келу керек. Өз жанұясына келген соң бірінші нөмірлі бала өзінің не үйреніп келгенін айтады. Екінші нөмірлі бала жалғастырады, т. с. с. (мұғалімге ескерту: жұмыс тобына келген баланың жауапкершілігі жоғары екенін айтуды ұмытпау керек). Әр топқа түрлі тапсырмалар беріледі. Оқулықта берілген мәтіндер.
1 - топ. Өсімдік – тірі ағза
2 - топ. Тамыр
3 - топ. Сабақ
4 - топ. Жапырақ
Мәтінді жеке оқып, талқылап болған соң, өз жанұя топтарына келеді. Жанұя топтарында әрқайсысы өздерінің алған білімдерімен бөліседі.
Әр топтан бір спикер өздерінің алған білімдерінен қорытынды шығарып, айтып береді.
Өсімдіктер туралы слайд - шоу арқылы білімдерін толықтыру.

ІІІ. Ой толғаныс сатысы: Кестенің үшінші бағанына сабақтың соңында балалар не үйренгендігін жазу.
Сабақтың басындағы жазған алғашқы білімдерімен салыстырамыз.
Сабақтың басында қойылған сұрақтарға қайта оралып, әр сұраққа тоқталамыз.
Ашық қалған сұрақтарға үйде жауап іздейміз.
Эссе жазу: «Мен өсімдікпін», «Мен сабақпын», «Мен жапырақпын», «Мен тамырмын» тақырыптарының біреуіне эссе жазады.

Бағалау: Өзін өзі бағалау
Үйге тапсырма:
Өсімдіктер туралы жаңа ақпараттарды интернет көздерінен іздеу.
Ашық қалған сұрақтармен жұмыс жасау.
Білім - білік дағдыларын есепке алу парағы
Қызыл – 5
Жасыл – 4
Сары – 3
Оқушының аты; Жұмыс тобында; Жанұя тобында; Жеке жұмыс жасағанда; Менің көңіл - күйім
Білім - білік дағдыларын есепке алу парағы
Қызыл – 5
Жасыл – 4
Сары – 3
Оқушының аты; Жұмыс тобында; Жанұя тобында; Жеке жұмыс жасағанда; Менің көңіл - күйім.
12 885
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Өсімдіктер — тірі ағзалар
Өсімдіктер — тірі ағзалар
өсімдіктердің негізгі сипаттамалары мен олардың тіршілік формаларын анықтау;
Бастауыш сынып сабақ жоспары
Бастауыш сынып сабақ жоспары
Атырау қаласы, Д. Байбосынов атындағы №13 ұлттық мектеп - гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Кенжебаева Камшат Бақтығалиқызы
Жер - ғарыш денесі. Ғарыш дегеніміз не?
Жер - ғарыш денесі. Ғарыш дегеніміз не?
Астана қаласы, № 61орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Букенбаева Замзагуль Кабдолловна
Өсімдік - тірі ағза
Өсімдік - тірі ағза
Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауылы, «Абай атындағы орта мектеп - лицейі және балабақша» КММ - сінің бастауыш сынып мұғалімі Сейсекенова Лаура Байкенжеқызы
Өсімдік жемістері, тұқым. Тағамға пайдаланатын көкөністер және оларды өсіру жолдары
Өсімдік жемістері, тұқым. Тағамға пайдаланатын көкөністер және оларды өсіру жолдары
Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, №132 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Баймурзина Гульдана Молдазаевна
Өсімдіктердің көктемгі тіршілігі
Өсімдіктердің көктемгі тіршілігі
Нұрғазина Айжан Сеитқызы Бастауыш сынып мұғалімі Астана қаласы, № 53 мектеп - лицей
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×