Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Маңғыстау

04 сәуір 2013, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Маңғыстау
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Маңғыстау «қара алтын» өлкесі екендігі туралы түсінік беру;
Маңғыстау өлкесі туралы түсініктерін, танымдық қабілеттерін арттыру;
Барлық Қазақстандықтар үшін Маңғыстау байлығын бағалай білуге баулу.
Көрнекілігі: карта, слайд, сызба
Әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, шығармашылық, іздену
Түрі: аралас сабақ
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
Әрбір адам - туысым, досым, жұрағат,
Әрбір сабақ - үйрену, ұғу, ұлағат.
Әрбір ісім - тірлік, тірек, адамдық,
Әрбір сөзім - шындық, бірлік, адалдық.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Сабақ басталғанға дейін оқушылардың үйден салып келген суреттерін тақтаға іліп қою. 2 - 3 оқушының әңгімесін суреттерді пайдаланып тыңдау.

ІІІ. Тірек білім. «Кім тапқыр?» ойыны. Жұмбақ шешу:
Қара азбан демалыс жоқ бақырады,
Қолы көп сансыз саусақ батырады.
Тісімен қара жерді быт-шыт қылып,
Жер үстін борандатып шарқ ұрады. (трактор)

Қалмайды бір - бірінен тағы озбайды,
Аяғын көз ілеспес ол қозғайды.
Үстіне не салсаң да тиеп алып,
Қара інген ботасы жоқ құр боздайды. ( паровоз)

Ақ сұңқар құсым ағып келеді,
Даусы жерді жарып келеді.
Жолына бояу жағып келеді. (ұшақ)
Ой тастау. Ситуациялық сұрақтар: - Балалар, қалай ойлайсыңдар, трактор, паровоз, ұшақ немен жүреді?
- Бензин неден пайда болатынын, кім біледі? Оны қайдан алады?
- Отынның қандай түрлерін білесіңдер?
- Бензин, жағармай неден алынады?
Оқушылардың ойын тыңдау.

ІҮ. Жаңа сабақ. 1. Тақырыппен таныстыру:
- Олай болса, балалар, біз бүгінгі сабағымызда мұнайдың мол қорын беріп отырған Маңғыстау түбегі туралы оқимыз. Ол үшін Маңғыстаудағы атаулы орындарға саяхат жасаймыз. Әр мекеннің сендерге берер тапсырмалары бар.
Оларды дұрыс орындасақ біз өз туған жеріміздің құндылығы туралы толығырақ білетін боламыз.
Дәптерлеріне күннің жады мен тақырыпты жаздырту.
2. Мағынаны тану:
- Саяхатымызды өзіміз отырған Жаңаөзен қаласынан бастаймыз. Бұл қаланың тапсырмасы - жаңа ұғым. Маңғыстау топырағы сортаң, қысы ұзақ емес, бірақ желді, қара суық ызғырықты, ылғалы аз, көктемі созылмалы шөл далаға жататындықтан біз саяхатымызға шөлге төзімді жануарды таңдап алуымыз керек. Ол не еді? (түйе)
- Дұрыс айтасыңдар түйемен шығамыз.
а) Картамен жұмыс.
Маңғыстау - Қазақстан Республикасының қиыр солтүстік батысындағы ірі аймақтардың бірі. «Ұйқыдағы ару» атанған бұл өлке еліміздің мұнайы мен газын беріп отырған қазына түбегі.
ә) Слайд көмегімен мұнайдан өндірілетін заттар туралы айту.
б) Жаңаөзен 1961 жылы қыркүйекте тұңғыш газ фонтаны атқылаған жер.

3. Жетібай кенті.
Жетібайда 1961 жылдың 5 шілдесінде №6 бұрғылау алаңында Маңғыстаудағы тұңғыш мұнай фонтаны атқылады.
Мәтінмен жұмыс. Оқушыларға мәтінді тізбектете оқыту.
Сөздік жұмысы. Қара алтын - мұнай,
Кен орны - пайдалы қазба шығарылатын жер.
Сергіту сәті: Ұзын мұртты құмырсқа,
Келе жатып жұмысқа,
Алды допты қолына,
Қойды допты жолына.
Оңға шығып қарады, солға шығып қарады,
Үлкен тау деп ойлады.

4. Ақтау қаласы.
Ақтау - Маңғыстау облысының әкімшілік орталығы. Облыстың солтүстік батысы мен батысын Каспий теңізі жиектеп жатыр. Каспий – қазақ елінің кең дүниеге ашылған теңіз қақпасы. Ол арқылы Иран, Әзірбайжан, Түрікменстан және Ресеймен байланыс жасалады. Жылына Ақтау порты арқылы 1 млн. тоннадан астам мұнай тасымалданады.

«Кім көп біледі?» ойыны. Мақалдардың жалғасын табу.
Ер елімен жақсы,...
(Жер кенімен жақсы)

Ұлтарақтай болса да,...
(Кіндік кескен жер артық)

Тау бұлағымен сәнді,...
(Жер құрағымен сәнді).

5. Қаламқас.
Қаламқас - Маңғыстау түбегіндегі ірі кен орны.

«Сиқырлы фигуралар» ойыны. Геометриялық фигураны таңдап, артында жасырылған сұрақтарға жауап беру.
Шаршы: Мұнайды қалай өндіреді?

Тіктөртбұрыш: Мұнайды құндылығына байланысты қалай деп атайды?

Үшбұрыш: Мұнайдан және табиғи газдан не алады?
Дөңгелек: Мұнай мен газ еліміздің қай жерлерінде өндіріледі?
Бесбұрыш: Маңғыстау бұрын қалай аталған еді? Қазір ше?

6. Бекет Ата.
Маңғыстау - әулиелі мекен, киелі дала, ғажайыптар өлкесі, 360 әулие мекені. Оның ерекшелігі табиғат тылсымдарының құпиялылығында, қайталанбастығында. Тарыққанға дем, қысылғанға жар болған қасиетті Бекет – Ата рухы Оғыланды тауында.
Шығармашылық тапсырма:
Ой толғау. Слайдтарды пайдалана отырып «Маңғыстауым - мәртебем» тақырыбында шағын әңгіме жазу.
Жұмысқа 2 - 3 минут уақыт беру. Жұмыстардың тұсаукесері.

7. Үстірт қорығы.
Үстірт қорығы (1984 ж) Маңғыстау өңіріндегі Үстірттің шөлді табиғатын шөлді табиғатын қорғау мақсатында құрылған. Үстірт қорығы көлемі жағынан үлкен шөлді аймақты қамтиды. Бұл қорықта «Қызыл кітапқа» енген жануарлардың 8 түрі бар.
- Балалар, сендер Маңғыстаудан қандай пайдалы қазбалар шығатынын білдіңдер? (Сызба құрастыру)
Маңғыстау
газ құбыры
мұнай
темір
тас көмір
марганец
табиғи газ

Ү. Қорытынды кезеңі.
- Сонымен, балалар, біз бүгінгі сабақта саяхатқа шығып өз қаламызға қайтып оралдық. Сабағымыз сендерге ұнады ма? Не туралы білдік?
Үйге тапсырма: мәтінді оқу және мазмұнын айтуға дайындалу.
Оқушыларды бағалау.
14 064
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Тіктөртбұрыштың периметрін әртүрлі тәсілмен табу
Тіктөртбұрыштың периметрін әртүрлі тәсілмен табу
Тіктөртбұрыштың периметрін табудың әр түрлі тәсілдерімен қосындыны санға көбейту ережесі негізінде таныстыра отырып, оқушының дұрыс көбейту, бөлу амалын орындауға үйрету және өздігінен ойлап есеп шығарып, дұрыстығын анықтай білуге дағдыландыру;
Ыбырай Алтынсарин. Дүние қалай етсең табылады?
Ыбырай Алтынсарин. Дүние қалай етсең табылады?
Ыбырай Алтынсариннің шығармашылығына тоқтала отырып, әңгіменің идеялық мазмұнын ашу арқылы еңбек етудің пайдасы туралы біледі, мамандық таңдай білуге үйренеді.
Сүйемін, өскен Отаным
Сүйемін, өскен Отаным
Өлең мазмұны арқылы көркем әдебиет жанрының бірі лирикалық шығармалардың айтар ойын ұғындыру. М. Мақатаев өмірінен, шығармашылығынан мәліметтер беру. Еліміздің тарихына қысқаша шолу жасау.
Дара және күрделі сан есім
Дара және күрделі сан есім
Бастауыш сынып мұғалімі Ермагамбетова Гульжанат Уразбаевна
Қарсы мәндес сын есімдер
Қарсы мәндес сын есімдер
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Қандыағаш қаласы,№4 орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі Жанесенова Айнур Аманжоловна
Сәкен Жүнісов. Кімнің мекені жақсы?
Сәкен Жүнісов. Кімнің мекені жақсы?
Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, №132 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Баймурзина Гульдана Молдазаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×