Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Әр құсқа өз тұмсығы қажет

05 сәуір 2013, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Дүниетану 2 - сынып

Тақырыбы: Әр құсқа өз тұмсығы қажет
Мақсаты: а) Бейімділік - құстардың тұмсығы қорғануы мен қоректену, тіршілігін сақтау үшін көмектесу қажет екені туралы оқушы түсінігін тереңдету.
ә) Оқушының өзінде бар білімді құстарды сипаттау арқылы жаңа білімді алуға қолдана білу дағдыларын жетілдіріп дамыту.
б) Табиғатты тани білуге, оны сүюге, қорғай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа білімді игеру
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Әдісі: Сұрақ - жауап, түсіндіру, ойындар, көрініс, ән айту.
Пәнаралық байланыс: Музыка және әдебиеттік оқу
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, электронды оқулық «Жануарлар әлемі», «Құстар әлемінде» слайд.

Сабақтың барысы
І Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық: «Ақ тілек. Әсем күлкі»
- Көңіл - күйлеріңіз қалай?
- Керемет! (қолдарын көтереді)
- Сабаққа дайындықтарыңыз қалай?
- Тамаша! (алақандарын шапалақтайды)
- Ынтаңыз ше?
- Ғажап! (қолын көтереді)
- Ендеше, бастайық!
- О, о, о (Бас бармақтарын көрсетеді)

ІІ Үй тапсырмасын тексеру
«Сақтандырғыш рең» мәтінінде сөз болған жануарлар тіршілігі жайлы айту.
Өткен сабақта жануарлардың бейімділігі жайлы білдік. Суреттерге қарай отырып, мына жануарлар туралы әңгімелеп беріңдерші.(Слайдта суреттері шығып тұрады жолбарыс, кірпі, скунс, ұшар, шегірткеші)

ІІІ Өткенді пысықтау «Табиғат» бейне ролик көрсету
- Көріністен не көрдіңдер? (Құс, қоян, гүл, бүркіт, аю, тау, су, орман)
- Бұларды бір сөзбен не дейміз? (Табиғат)
- Ендеше табиғаттың бір бөлігі болып саналатын жануарлар жайлы оқып білгендерімізді еске түсіріп өтейік.
Табиғатта жануарлардың көптігі соншалық, олар туралы ұзақ әңгімелеуге болады. Суреттерге қарашы - олар әр түрлі!
- Жануарлар топтарын айтып беріңдерші? (Құстар, жорғалаушылар, қосмекенділер, балықтар, жәндіктер, аңдар)
- Жануарлар қайда тіршілік етеді? (Суда, ауада, жер бетінде, топырақ арасында)
- Жануарлар немен қоректенеді? (Бунақденелермен, өсімдікпен, өз әлдері келетін жануарлармен)
- Бүркеніш рең, қорғаныш рең, сақтандырғыш рең дегенді қалай түсінесіңдер?
- Бүркеніш рең - көбелек, көкшегіртке өсімдік гүлінің, бұтағының түрін бүркеніп қорғанады.
- Қорғаныш рең - дене пішіні қаңқыздан аумайтын тарақан бар ол өзінің түрін қаңқызға ұқсатып қорғанады.
- Сақтандырғыш рең - денесіндегі улы немесе күйдіргіш заты бар бунақденелерді басқа жануарлар жемейді. Сондықтан олар түстері ашық, ашық көзге көріне береді. Оларды алыстан байқаса да шоқып жемейді.
- Бунақденелермен қоректенетін жануарлар өте
көп.(Құстар, балықтар, жорғалаушылар, қосмекенділер, сүтқоректілер)
- Сондықтан бунақденелілер жауынан алуан түрлі бейімділікпен қорғануға әрекет жасайды.
- Аңдар неге жуынады?
Аңдар жуыну арқылы үстінің кірін, үстіне жұғып қалған тамақтың қалдығын тазалап қана қоймай денесінен шығып тұрған иісті де жояды. Мұның маңызы өте зор. Себебі мысық, жолбарыс сияқты аңдар жемін аңдып отырып жейтіндіктен, олардың иісін жемі сезіп қойса, қашып ұстатпай кетеді.
- Жануарлардың бейімділігі дегеніміз не?
- Жануарларға бейімділік тіршілігін сақтауға, жыртқыштан құтылуға, көмектесетін қасиет. Бейімділік жануарлардың сыртқы түрінде, түсінде, жекеленген мүшелеріндегі құрылысында көрінеді.
Табиғат жағдайы жер бетінің барлығында бірдей емес. Сондықтан жануарлар тіршілігіне бейімділік қажет. (Бейне ролик жолбарыс пен қонжық)
Осы көріністен адам мен жануарлар өміріндегі ұқсастықтарды тапқызу.

ІV Жаңа сабақ
1) Ойын «Бұл қандай құс?»
2) Құс денесінің бөлімдері (Сурет бойынша тамақ үсті, ауыз бұрышы, тамақ асты, қауырсын, құйрық)
- Балалар, бүгінгі сабағымызда құстарға бейімділіктің қандай қажеттілігі бар екеніне тоқталамыз. (Құстар өмірі жайлы бейне ролик көрсету)
Мына аспандағы құстарға қара. Құстар жер бетіндегі ғажайып жаратылыстардың бірі. Олардың әр - түрлі түске боялғаны, түрлі пішінді болып аспанда еркін қалықтағанын көріп жалықпаймыз. Орман, дала, тау. көл, өзен және шалғында мекендейтін көптеген жабайы жануарлардың арасында құстар ең қызықтысы, тартымдысы және сүйкімдісі. Олардың жеңіл де шебер ұшуы, әдемі түсі және сазды әуені табиғат сүйетін әркімді – ақ өзіне қаратады. Сондықтан да құстарды ғажап тіршілік иелері деуге болады.

3) Суретпен жұмыс
«Бірқазанның құсты жеуі» бейне ролик. Құстар шайнай алмайды. Себебі олардың тістері жоқ. Сондай - ақ бұлардың тұмсықтары да бұл үшін бейімделмеген. Тамақтары қорытылу үшін олар майда тастарды және ірі қиыршықтарды жұтады. Тастар ірі азықтарды майдалап, тістің рөлін атқарады.
Бәбісек - (сасық көкек). Қазақстанның барлық жерінде дерлік кең таралған шөлді, далалы өңірде өзен - көлге, т. б. су маңына жақын жерлерді мекендейді. Дене тұрқы 25 – 28 см, салм. 70 г - дай. Тұмсығы жіңішке, ұзын, желпуіш тәрізді жазылатын айдары бар. Түсі алабажақ болғанымен, өте тартымды.

Бәбісек – жыл құсы, ақпанның аяғы, наурыздың басында ұшып келіп, тас арасына, үй шатырына ұялайды. Етінің жағымсыз иісі бар. «Сасық көкек» деп аталуы осыған байланысты болу керек. Бәбісек шыбын - шіркей және құрт - құмырсқалармен қоректенеді. Сүйір тұмсығымен топырақты қопарып шығарған құрттарын ауаға лақтырып, тұмсығын ашып, ауада қағып алып жегенді жақсы көреді. Құрт - құмырсқалармен қоректенетіндіктен пайдалы құс болып табылады. Адамдарға оңай үйреніседі. Ұясын ағаш қуыстарына немесе биік топырақ саңылауларына салады. Ашық жерлерде кездестіруге болатындай қала ішіндегі саябақтарда да кездеседі.

Тоқылдақ — тұмсығы қашау сияқты, ағашқа өрмелегіш құстар. Тоқылдақтар ағаш бойымен өрмелеп қозғалғанда, қатты құйрық қанаттары денесіне тіреу болады. Қашау сияқты тұмсығының жәрдемімен олар ағаштардың қабықтарын сындырып, оның, арасындағы насекомдармен және олардың личинкаларымен қоректенеді. Олардың тілі ұзын да, ұшында түктері болады. Тоқылдақтар насекомдардан басқа қарағайдың тұқымдарымен де қоректенеді. Қоректерін іздеу кезінде жасаған қуыстарға ұяларын салады. Ұясында 3 — 5 жұмыртқа болады. Орман шаруашылығында тоқылдақтардың пайдасы үлкен. Олар күн сайын бірнеше жүз зиянды насекомдарды қырады. Тоқылдақтар әсіресе жаз айларында пайдалы, өйткені, олар бұл кезде насекомдармен қоректенеді. Қыста тоқылдақтар көпшілігінде кылқанды ағаштардың дәндерімен қоректенеді. Сондықтан да халық “тоқылдақ — тоғай дәрігері” деп атайды.
Бірқазан - олар Каспий және Арал теңіздерін, Балқаш, Сасықкөл көлдерінің алабын мекендейді. Дене тұрқы 1, 8 м - дей, салмағы 13 килограммға дейін жетеді. Тұмсығы өте ұзын, төменгі жақ сүйегінің астында созылмалы тері қапшығы болады.. Бірқазан – топтанып жүретін құстар. Олар қоректерін (балықтарды) көбіне су құзғындарымен бірлесіп аулайды. Суда жақсы жүзгенмен, сүңги алмайды, жемін суға басы мен мойнын батырып жіберіп ұстайды. Бірқазан – жыл құстары, наурыз айында ұшып келіп, өніп - өсіп, қараша айында жылы жаққа ұшып кетеді.

Сарыалақаз – Қазақстанның барлық жерінде кездеседі және ұялайды. Таулы су қоймаларын мекендейді. Өсімдік (дән дақылдармен, тары, бидаймен) жануар (шаян, бунақденелермен) қоректенеді.
Сыбырлақ аққу – Солтүстік Каспийде, Түркістан мен Шымкенттің оңтүстігінде қыстайды. Негізінен су астындағы өсімдіктердің бөлігімен, ұсақ - түйек жануар тектес азықтармен де қоректене алады.

Жалпақтұмсықты үйрек – Сулы - батпақ алқаптардың бәрінде ұялайды. Жануар тектес азықтармен (шаян, қоңыз, өрмекші, шабақ, биттермен) қоректенеді.
Бүркіт - қомақты биік тұмсығы және ұзын жалпақ қанаты бар ірі жыртқыш құс. Негізінен балықтармен және су құстарымен қоректенеді. Қоян, құмтышқан және ондатрларды аулайды.
Дала қыраны – Мықты тұмсығы және күшті аяғы бар, тілерсегі саусағына дейін барлық жағынан қауырсынданған, ірі және орташа құстар. Қуаң далалы, шөлді және шөлейтті жерлерде мекендейді. Негізінен кеміргіштермен қоректенеді. Басқа сүтқоректілерді, құстарды, бауырымен жорғалаушыларды аулайды. Қазақстанның қызыл кітабына енгізілген. Тудағы бейнесін байланыстыру ( Қанатын жайған қыран құс — бар нәрсенiң бастауындай, билiк, айбындылық бейнесi. Ұлан - байтақ кеңiстiкте қалықтаған қыран ҚР - ның еркiндiк сүйгiш асқақ рухын, қазақ халқының жан - дүниесiнiң кеңдiгiн паш етедi).
Ақ сұңқар - шіл, кептер, ұзақ, қарға, құрларды қоректенеді; қояндарға да шабуыл жасайды. Өте жақсы саятшы құс. Қазақстанның қызыл кітабына енгізген.
(Құстардың тамақтанып жатқан суреттері)
Сонда құстарға тұмсық не үшін қажет екенін суреттерге қарап айтып берейік.
Тоқылдатады, қоректенеді, ұшып жүріп қағып түседі, құрт - құмырсқаны жеп пайда келтіреді, жауынан қорғанады.
Оқулықпен жұмыс 96 бет (Мәтінмен танысу)

Сөздік жұмыс
Қашау - темір кесуге арналған жүзі бар құрал.
Сергіту сәті Әндетіп қимыл қозғалыс жасау.
Қанаттарын жаятын
Талмай қағып ұшатын
Әуелеткен биікте
Қыран құсқа ұқсадық

Оң жағына бір қарап
Сол жағына бір қарап
Мойнын алға созатын
Көзді ашып жұматын

Қолды алға созамыз
Дайындалып ұшуға
Қанатты кең жазамыз
Жылы жаққа барамыз

Дәптермен жұмыс
Жаңа сөздер тұмсық, қорек, қорғану сөздерін жазу. Сөйлем құрату.
Бекіту
Оқушылар 3 қатар бойынша пайдасын, зиянын, тұмсық жайлы түйінді сөздер айтады.
Көрініс «Қарлығаш би атандым» (Күй ойнап тұрады)
Қорытынды бөлім
Сонымен қорғану үшін, қауіп қатерден сақтану үшін, қоректену үшін, табиғатта тіршілік етуде бейімделу үшін әр құсқа өз тұмсығы қажет екенін түсіндік және білдік.
Құстар таңғаларлық бай табиғатымыздың бір бөлігі ретінде бізге қымбат. Оларды тыңдау, оларға қайран қалу әр адамға үлкен ләззат береді. Бар әдемілік пен бақытты құсқа байланыстырады. Сондықтан біз құстарды қорғаймыз, сондықтан заң мақсатсыз жоюға және ұяларын қиратуға тиым салады.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
6 228
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Құстар әлемі
Құстар әлемі
Құстар туралы мақал – мәтелдер мен жұмбақ шешкізу арқылы оқушылардың тіл байлығын арттыру
Үйшік (орыс ертегісі)
Үйшік (орыс ертегісі)
Атырау қаласы, Еркінқала селосы, Еркінқала орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Қойшибаева Хадиша Оңғарқызы
Төрт түліктің  кеңесі
Төрт түліктің кеңесі
Атырау қаласы, Еркінқала селосы, Еркінқала орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Қойшибаева Хадиша Оңғарқызы
Сүт қалай ұйықтады? О.Әубәкіров
Сүт қалай ұйықтады? О.Әубәкіров
Атырау қаласы, Еркінқала селосы, Еркінқала орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Қойшибаева Хадиша Оңғарқызы
Әр құсқа өз тұмсығы қажет
Әр құсқа өз тұмсығы қажет
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы №10 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Мадиева Гулжан Қуанышқызы
Нан - байлықтың атасы
Нан - байлықтың атасы
Сырдария ауданы, С.Сейфуллин ауылы, №137 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Шекеркуль Картаева
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×