Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бастауышым – бақытты шағым!

05 сәуір 2013, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Мақсаты: Білімнің сара жолы мектептен басталатынын, білімнің кең дүниеде өмірге есік ашатынын сезіндіру. Білімге деген құштарлығын арттыру, оқуға, білімді болуға шақыру. Мектепті, яғни білім ордасын, ұстаздарын құрметтеп, еңбекті бағалай білуге тәрбиелеу. Ата - анасының, Отанының адал ұл - қызы болуына жетелеу, тәрбиелеу. Бастауыш сыныбымен, білімнің алғаш есігін ашқан ұстаздарымен қоштаса отырып, жоғары сынып мұғалімдеріне әр баланы өз ерекшелігімен таныту, сәт – сапар тілеп табыстау.
Түрі: ертеңгілік
Көрнекілігі: Слайд презентациясы: «Менің сыныбым», шарлар мен гүлдер т. б
Аудивизуалды құралдар: мультимедиялық проектр, музыка орталығы, синтезатор.
Барысы:
Залда А. Еңсеповтің күйі «Балалық шақ» әуені ойнап тұрады.
- Сынып жетекшісі келген қонақтарды отырғызып, кіріспе сөз сөйлейді:
- Кеше ғана білім ордасына тарыдай болып еніп, жан – жақтарына таңырқай қарап, жүрексіне табалдырық аттаған балапан едіңдер. Бүгін, міне, 4 жыл білім нәрімен сусындатқан, қалам ұстап, әріп танытқан, білімнің негізі – бастауыш сатысымен де қоштасар сәт таянды. Адам өміріндегі ең бір тәтті, алаңсыз бақытты шақ – балалық шақ. Ендеше, сол балалық шақтарыңнан мәңгілік естеріңде қалсын, балалықтың жақсы бір елесі болып қалсын деген мақсатпен, бүгін дәстүрлі үлкен қуанышты шараға жиналып отырмыз.
- Құрметті, ата - аналар, ұстаздар, қонақтар әрине, бастауыш сыныптың түлектері бүгінгі салтанатты мерекелеріңіз құтты болсын!
- Олай болса, құрметті шәкірттерім сөз кезегі өздеріңде!
Вальс әуенімен сынып оқушылары ортаға келіп, билейді.
Әуеннің соңында сахнаға шығып, төрден орын алады.

Аймағанбет:
- Ассалаумағалейкум, ағайын!
Зәйраш:
Армысыздар, мұғалімдер әз жандар
Білім іздеп, инемен құдық қазғандар!
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді
Би билейік, ән де бүгін шырқалар!
- «Сәлем – сөздің анасы» - демекші, армысыздар, аяулы ұстаздар мен ақ жаулықты аналар, ардақты әкелер!
Ақылтай:
Армысыздар!
Жарық сәуле көбейсін!
Армысыздар! Армысыздар!
Әсем әуен төгілсін! Орта толсын, жол ашайық!
Арайлым:
- қадірменді қонақтар, біз бүгін ең алғаш қалам ұстап, әліппемізді ұсынған ұстазымызға рахмет айту салтанатына жиналып отырмыз!
Жаннұр:
- Сонымен, « Бастауышым - бақытты шағым» атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер!
Ғазиз: Бүгін бізде үлкен қуаныш, үлкен той!
Алмас: Бүгін қызық, бүгін той,
Біздер үшін біліп қой.
Тойға шашу шашайық
Шырқап әнге салайық.
(шашу шашылады)
Аймағанбет:
- «Бір күн таныстыққа, қырық күн сәлем» демекші, біз осы қай мектепте оқимыз?
Зәйраш:
- «Мектеп – ғылым патшасы» емес пе? Біз Кеңес Одағының батыры Нұркен Әбдіров атындағы № 10 орта мектептің 4 «ә» сыныбында оқимыз.
Аймағанбет:
- «Жас келсе – іске» демекші, бұл мектеп ұстаздарының дені жастар. «Ұстазы жақсының - ұстамы жақсы»- деген ғой.
Жаннұр
- «Оқу білім – бұлағы, білім - өмір шырағы» - деген, бұл мектеп талай жас бүлдіршіндерді білім нәрімен сусындатып, азамат қатарына қосып келеді.
Ақылбек:
- Міне, біздің де осы киелі шаңырақтың табалдырығын аттағанымызға да 4 жыл болыпты.
Ән: «Мектебіміз – кемеміз»
Зәйраш:
Көтеріп жүктің салмағын
Жолында өмір талмадың.
Мейірімің қандай шуақты
Ұстазым, асыл ардағым!
Әсем:
Есіңде ме ұстаздың алғаш қарсы алғаны,
Айқара есік ашып тастағаны.
Бір мереке думан боп осы маңда,
Жетелеп бір сыныпқа ап барғаны.
Ән: «Бастауыш сынып вальсі»
Алмас:
Иә, ғұлама білгіш, ғалымнан,
Оқушы жас жалыннан
Аса ірі ойшылдан,
Президент, ақыннан,
Ғарышкер ұлы батырдан,
Өнері тасқан актерден,
Мың бұралған бишіден
Ой тербеткен күйшіден,
Оқыған жас - кәріден,
Оқушының бәрінен
Хормен: «Ұстаздарға мың алғыс!»
Арайлым:
Жылдар, жылдар өтсе де көп,
Ұмытпаймыз мәңгілік.
Қанша өмірде етсең еңбек,
Ұстаз сенің үлесің мол.
Аяулым:
Бар білім бастауыштан басталады.
Шығармыз шыңға биік асқаралы.
Тынымсыз ізденісті еңбегіңіз
Жібек апай, әлі - ақ ақталады.
Ұмытпас түлектерің, сізді Жібек апай,
Қолына алғаш қалам ұстатқанды.
Алдыңызда әрқашан тағзым етіп,
Тұрады «Ұстазым» деп басын иіп.
Ғазиз:
Ердің құты сәні де
Елдің күй мен әні де,
Кезек берем ән - күйге
Музыканың пәніне
Есіңде ме, ән сабағы
Жібек апай одан дәріс бергені
Басыңды иіп алғысыңды айтарсың
Еңбегін де ұстаздың сен ақтарсың!
«Грузин» биі
Қол соғып ортаға шақырайық.
Ғазиз:
Бар кітапқа бас болған,
Әліппе – ғылым данасы.
әліппені құрметтеп,
жоғары орынға қоямыз!
Аяулым:
- Сонымен 4 жыл бойы біз: ана тілі, қазақ тілі, орыс тілі, математика, дүниетану, музыка, технология, дене тәрбиесі, бейнелеу өнері пәндерінен білім нәрімен сусындап келдік.
Жаннұр:
Әйгерім мұғалімге:
Ағылшынша оқыдық тілін білдік,
Дыбыстарды талдадық, сырын білдік.
Соның бәрін жалықпай, түсіндірдің
Соның бәрін біздерге ұғындырдың.
Әсем:
Айгүл мұғалімге:
Бұлбұл үнін қаншалық,
Тыңдап жүрдік тамсанып.
Ақырында үйреттің
Тамылжыта ән салып.
Зәйраш:
Сайлаугүл мұғалімге:
Көңілін бар шәкірттің таба алатын,
Кеуделерге намыс отын жаға алатын.
Өзіңдей болса, шіркін, барлық ұстаз
Қолы шебер, күміс көмей, сөзі алтын.
Ақылбек:
Айнагүл мұғалімге:
Енді міне, сағымдай өте шықты,
4 жыл уақыт аз ба екен кім біліпті?
Ұстаз - ана жасады мына бізден
Ел танитын, азамат, бір - бір мықты.
Хормен: «Пән мұғалімдеріне мың алғыс!»
Халық әні «Қара жорға»
Ән: «Алтын ұя мектебім»
Орындайтын: хор
Ақылбек:
Үлкенді сыйлау – қазақ халқының ата салты. Үлкенді сыйлау ең алдымен әке мен шешеңді сыйлаудан басталады.
Әсем:
Бала ата - ана ісінен көпті үйреніп қана қоймай,
Олардың тәрбиесін де бойға сіңіре біледі. Сондықтан 4 жыл бойы оқығанда ата - ананың да еңбегі мол.
Хормен: «Ата – ана, сізге мың алғыс!»
Келесі ән ата - аналардың құрметіне арналады.
Ән: «Әкешім - анашым»
Орындайтын: Аймағанбет пен Ақылбек
Ән: «Әже»
Орындайтын: Арайлым Ағыбайқызы
«Өзбек» биі Бишілер тобы
Ортаға мектеп табалдырығын аттағалы отырған мектепалды даярлық тобының тәрбиеленушілерін шақырамыз. Өлең жолдарын оқиды. Бастауыш сынып түлектері естеліктер тапсырып, ән жолдайды.
Ән: « Тұсау кесер»
Ән: «Бала тілегі»
Аймағанбет:
Есіңде болар, мектепке алғаш келгенің,
Үрке қарап, есігін білім ашқаның.
Сол білімнің бұлағына шомылтқан
Ұстаздарды ұмытпағын, достарым!
Ақылбек:
Жаным толқып, лүпілдейді жүрегім,
Бойым өсіп, ойым толып, түледім.
Бірі құрбы, бірі шын дос біз үшін
Боламыз енді жоғары сынып түлегі.
Арайлым:
Алғашқы ұстазымыздың
Ардақтаймыз атын біз.
Ұқсап сүйікті апайға
Өсіп келе жатырмыз.
Аймағанбет:
Бір ұядан түлеп ұшқан құстармыз
Жақсылықпен адалдыққа құштармыз.
Еңбек пенен тіршілікке сән берсін,
Достық туын әр кез биік ұстармыз.
Ән: «Батыр Бауыржан»
Орындайтын: хор
Оқушылар ағылшын тілінде ән салып, өлең шумақтарын айтып, шағын көрініс қояды.
Аймағанбет:
Қоштасу кеші қобалжытады,
Көп күткен едік емес пе?
Көзінде балалардың жас мөлдірейді
Ұмытылмайды бұл есте.
Әсем:
Ұстаз!
Бізге еткен еңбегіңді жеткізер,
Аузымызға сөз түспейді, ұстазым!
Сөз де тіпті, қажет емес атыңды
Шығарамыз мына біздер
Еңбегіңнің жемісін.
Аяулым:
Сенің ісің ерліктейін бағалы,
Ізі мәңгі жүректерде қалады.
Жұлдызды ісіңді
Биік, қатал, жарқын, таза ұстазым,
Ғаламдағы
Қасиеттіге баладым!
Зәйраш:
Сондықтан да бұл сәтті қасиеттеп,
Мәңгі сақтап қалармыз жүректе біз.
Қош айтысып соңғы рет осы жерде
«Мың алғыс, бастауышым, саған!» дейміз
Сенен алған білімге де рахмет!
Сенен тапқан достарға да рахмет!
Бастауышым, қоштасарда тағы да
Жүз қайтара айтарымыз рахмет!
Сынып мұғалімі оқушылардың 4 жыл бойы жеткен жетістіктеріне тоқталып, оқушылардың «Балауса» атты шығармашылық жұмыстарының жинағымен таныстырып өтеді.
Қазіргі заман биі
Сынып мұғалімі ата - аналар мен пән мұғалімдеріне арнап сауалдар қояды.
Ән: «Алғашқы ұстазым!
Ән: «Ұстазым»
- Ойтолғау, шығармашылық жұмыстарымен сынып оқушылар ортаға шақырылады.
- Ата – аналардан тілек пен бата сұралады.

Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы,
Нұркен ауылы. Бастауыш сынып мұғалімі
Нұрмағанбет Жібек Серікқызы
17 552
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Бастауышым - балбұлағым
Бастауышым - балбұлағым
Білімнің сара жолы мектептен басталатынын, білімнің кең дүниеде өмірге есік ашатынын сезіндіру. Білімге деген құштарлығын арттыру, білімді болуға шақыру.
Қош бол, Бастауыш!
Қош бол, Бастауыш!
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, №7 орта мектебі бастауыш сынып мұғалімі Биранова Тынышгуль Избергеновна
Бастауышым - бастамам
Бастауышым - бастамам
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, №4 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Токбаева Назира Туреевна
Қош бол, балғын балалық!
Қош бол, балғын балалық!
Солтүстік Қазақстан облысы, Есіл ауданы Николаевка орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Окасова Гүлден Маликовна
Бастауышым бастамам, бізді алға бастаған
Бастауышым бастамам, бізді алға бастаған
Қызылорда облысы, Арал ауданы, Сазды елді мекені, №60 Ж. Түменбаев атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Изкенова Маншук Боранбайқызы
Бастауыш сыныппен қоштасу
Бастауыш сыныппен қоштасу
Ақтөбе қаласы, №1 орта мектептің бастауыш класс мұғалімі Бекбергенова Сара Алимжановна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×