Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Аттағанда мектептің босағасын...

07 сәуір 2013, Жексенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Мақсаты: Тілашар мерекесінің мәнін ашу. Әліппеден алған білімдерін тиянақтау.
Мәнерлеп айту мен сахна мәдениетін қалыптастыра түсу.
Ұйымшылдыққа, ұжымдыққа, алғырлыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: шарлар, гүлдер, нақыл сөздер т. б
Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
- Көңілді әуен қойылады. – Келген қонақтарды қарсы алу.
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
- Мен сөзімді Фариза Оңғарсынованың «Білім керек бәріне» атты өлеңімен бастағым келіп отыр:
Зымыранды басқарып,
Көк жүзіне самғасам.
Тауды бұзып, тас жарып,
Мұхиттарды жалғасам.
Таңдандырар бар елді,
Ғажап үйлер сала алсам,
Жасартатын әжемді
Дәрі де ойлап таба алсам,
Сырлары көп ғылымның
Шешілмеген әлі де,
Тереңдігі білімнің,
Керек екен бәріне – демекші бүгін сіздер осы мектептің 2 ай бұрын ғана имене босағасын аттаған жас бүлдіршіндердің «Тілашар» мерекесіне жиналып отырсыздар. Бүкіл білім, ғылым соқпағының басы болған «Әліппе» оқулығының әліпбиіндегі біршама әріптермен танысып, сауаттарын ашып, жаза да, оқи да алып отыр. Егер осы балалардың тілімен айтатын болсам:
Кіп-кішкентай баламын,
Алтыдан асып барамын.
Сөмке алып мойныма
Мектепке мен барамын.
Мен оқушы боламын,
Жақсы баға аламын.
Таудай үлкен талабым,
Содан жақсы сабағым.
Әліппені бітіруге алдымызда әлі біраз уақыт бар. Сондықтан, алдағы өмірге бастайтын көп белестің бірі. Ендеше, біздер үшін, сіздер үшін үлкен салтанатты мереке. Тілашар тойы құтты болсын!

Ортаға жүргізуші оқушылар шығады.
Аймағанбет:
Қуаныш бүгін мереке
Шуағын шашып тұр әлем.
Тілашарға келген қуанып,
Қонақтар сізге мың сәлем!
Аяулым:
- Армысыздар ардақты ата – аналар, аяулы ұстаздар! Бүгінгі білім мерекесі «Тілашар» құтты болсын.
Шашу, шашу шашайық,
Ақ сандықты ашайық.
Бұл мереке, бұл тойдың
Бастаңғысын жасайық.

Аймағанбет:
Өтті қызық, көп күндер,
Жеті жасқа жеттіңдер.
Келдіңдер де мектепке
Бір белестен өттіңдер.
Аяулым:
Өсті міне бойларың,
Өсті міне ойларың
Қуанышқа ортақпыз
Қуанышқа ортақпыз
Құтты болсын тойларың!

Осы кезде залға шулаған балалармен Жалқаубек кіреді.
Аймағанбет:
- Бұл не шу? Не болып қалды?
«Жалқаубек» әні орындалады, балалар Жалқаубекпен бірге билейді.
Аяулым:
- Жалқаубек сенбісің? Балалардың бәрі мектепке жиналмақшы, сен неге бармайсың? Сөмкең қайда?
Аймағанбет:
- Бар, сөмкеңді әкел, мектепке барасың?
Жалқаубек сөмкесін алып келеді. Ішінде тамақ, ойыншық, т. б
- Ой, мынауың жарамайды. Сен сөмке не үшін керек екенін әлі білмейді екенсің ғой. Ендеше қара біздің балалар сен үшін «Портфель» ертегісін көрсетеді.
Рольдерде:
Автор: Аяулым
Дәптер – Арай
Қарындаш - Нұртілек
Әліппе - Әсем
Қалам – Жаннұр
Сурет дәптер - Назым
Өшіргіш - Зәйраш
Жалқаубек: балалар, сендерге ертегі ұнады ма? Маған ұнады. Рахмет. Мен бұл құралдарды ұқыпты ұстаймын, ренжітпеймін.
Кітаптар да, қалам да,
Көп болатын ағамда.
Менде бұрын жоқ еді,
Әкелді апам маған да.
Тазалап жуып басымды,
Тарап қойдым шашымды
Бола қалдым лезде
Болат ағам секілді.
Мен де кітап аламын
Мен де оқуға барамын.
Жаман бала дегізбей,
Жақсы оқитын боламын!
Аймағанбет:
Балалар, мектепке алғаш келгенде ұстаздан кейінгі ақылшымыз не болды?
Балалар хормен:
Болашаққа жол бастар
Ол сүйікті Әліппе!
- Олай болса, бәрімізге сүйікті, аяулы Әліппемізді ортаға шақырайық!

Хормен: Әліппе, Әліппе!
Әліппе:
- Армысыңдар, жас достар!
Армысыздар, ата - ана!
Болашаққа жол бастар,
Әліппең келді ортаға.
Білім деген ғажаптың
Әліппесін меңгерген
Келешегі қазақтың
Басталады сендерден.
Жақсы білім - көрімдік
Болсын бізге халайық.
Не үйреніп, не білдік
Қане, ортаға салайық!
Аймағанбет:
- Иә, Әліппе! Біз де сенің әріптеріңмен танысып дыбыстардан буын, буындардан сөз, сөзден сәйлем құрап, жүргізіп оқуға, байланыстырып сөйлеуге, сауатты жазуға үйреніп қалдық.
Аяулым: Ән. «Әліппе» Орындайтын: хор
Аяулым: Әліппе, біз сізге өзіміздің не үйреніп, не білгенімізді көрсеткіміз келіп тұр.
Әліппе. Ал жыбырды тастайық,
Ауызымызды ашпайық.
Тұрған мына қасқайып,
Басқы әріптен бастайық.
Нұртілек: Бас әріпке інімін,
Дауыстының бірімін
Ә дегенің «Әліппе»
Бастауы бар білімнің.

Ғабит: Әліппе менен басталып,
Болған өзім бас әріп.
Мереке, дулы жиынды,
Жүремін әркез басқарып.
Жалғас: Ғарышкері ғаламның
Намысты ері даламның
Ізбасары боламын
Тоқтар сынды ағаның
Еларыс: «Бақыт не» деп сұрасаңыз атадан
«Бақыт не» деп сұрасаңыз анадан
Бақыт деген сол дер еді ойланбай
Еш жамандық көрмеу туған баладан.
Сұлтан: Жайық, Еділ - екі су
Дұшпан тізе бүккен жер.
Жер жәннаты - Жетісу
Елім туын тіккен жер.
Ажар: Инабат пен иба да
Ол тұрады басында.
Күллі адамзат сыйлаған,
Имандылық бар сонда.
Аяулым: Н дегенім нағашым
Бұған болмас таласың.
Келгенде үйге нағашым
Қуанады анашым!
Айым: Қазақ батыр ел деймін
Ұл мен қызы ер деймін.
Отанымды, жерімді
Мен ешкімге бермеймін.
Ақтоты: Көк аспандай көкпенбек
Қазақстан даласы
Көк емес ол тектен тек
Елдің ашық қабағы

Назым: Қазақстаным қастерлі мәңгі дастаным,
Парақтап сенің киеңді ұға бастадым.
Сен менің барым, бағым, арымсың
Халқыма әр күн бейбіт болсын аспаның!
Бұлт баспасын күнімді
Тартылмасын өрісім.
Биік ұстау туымды
Қасиетті борышым!
Әсемгүл: Мектептің әдемі ғой әр сабағы
Қызық ау әсіресе ән сабағы
Шәрипа, Шара болып би билесе,
Күләш болып ән салады.
Ақнұр: Тәртіпті бала - сүйеніш
Төбең бір көкке жетеді.
Тәртіпсіз бала - күйініш
Төмендеп басың кетеді.

Ұлан: Қастерлеген жұртымыз
Қазы, қарта, құртымыз.
Шөл қандырар бал қымыз
Қатығы мен қаймағы
Бәрі менен басталып,
Дастарханың жайнады.
Әліппе. Балалар, мен сендерді өзімнің достарыммен таныстырайын. Ортаға «Ұлан»,
«Айгөлек» журналдарын шақырамын. Балаларға айтар ақыл кеңестеріміз
бар дейді. ( Айгөлек фестивальі туралы айту.)
Аймағанбет: Қырғыз әні «Жылқышыға» қойылған би «Жылқышы»
Орындайтын: ұлдар тобы
Аяулым: Ән: «Отан» Орындайтын: хор
Аймағанбет: Жабырқауды білмейміз
Жалқаулықты сүймейміз.
Біз талапты жас ұлан
Үлгі аламыз жақсыдан Ән «Күз – жомарт» Орындайтын ұлдар тобы
Аяулым: Әрқашан дос, біргеміз
Ажырамас іргеміз.
Ілгері жүріңдер,
Достық жырын біліңдер.
Ту ғып ұстап бірлікті
Еңбекті сүйіңдер! Дүйсенбиевтің сөзіне жазылған Изатовтың әні
«Біз - өмірдің гүліміз» Орындайтын: Қыздар тобы

Аймағанбет: Қара жорға билемей
Бидің сәні келер ме? - деп жырламай ма? Ендеше бүгінгі білім тойында «Қара жорға» билемейміз бе?
Қошеметпен қол соғып, балаларды қарсы алайық!
Аяулым: Балалар, Әліппе оқулықтарың сендерге арнап «Қаз - қаз, балам» әнін орындамақшы. Әліппе оқулығын ортаға алып, дөңгеленіп билеп жіберейікші.
Аймағанбет: Кезек «Кел, ойнайық» бөліміне де келіп жетті.
Мұғалім оқушыларға ойын ойнатады. Жеңімпаздарға сыйлық таратылады.
Аяулым: Ән: «Сәлем саған, мектебім»
Орындайтын: Еларыс, Нұртілек, Ғабит
Аяулым: Құрметті ата - аналар, ұстаздар! Сіздердің алдарыңызда 1 - ші сынып оқушылары Аймағанбеттің орындауындағы «Алғашқы ұстаз» әніне вальс билемекші. Себебі Жібек мұғалім, біздің де алғашқы ұстазымыз болатын. Ыстық ықыласпен қол соғып қошеметтеп отырыңыздар!

Аймағанбет: Ата - ана! Қуанышқа ортақ бол!
Сауатты болып шығар әлі балаңыз!
Бүгінгі кеш әр үйдің той басы болып саналар.
Балалардың есімі әулеттерге таралар.
Ырым етіп сондықтан, ертеңгілік соңында
Ақ тілекпен баршаға тілек айтар ата - ана!
8 607
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ақ жол ашқан Әліппе
Ақ жол ашқан Әліппе
«Ақ жол ашқан Әліппе!»
Мектеп ережесін сақтайық!
Мектеп ережесін сақтайық!
Даярлық тобының тәрбиешісі Өтегенова Әйгерім
"Әліппе деген - алтын жол" әліппемен қоштасу кеші
"Әліппе деген - алтын жол" әліппемен қоштасу кеші
Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Қарауылкелді орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Дусипова Бақыт Рысқұлқызы
Қош бол, құтты Әліппем!
Қош бол, құтты Әліппем!
Қостанай облысы, Рудный қаласы, №15 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Салтенова Нұргүл Сақтағанқызы
Әліппе, саған мың алғыс!
Әліппе, саған мың алғыс!
Бастауыш сынып мұғалімі Жанпеисова Фарида
Қош бол, Әліппе! (ертеңгілік)
Қош бол, Әліппе! (ертеңгілік)
ШҚО. Аягөз қаласы, «№5 жалпы білім беретін орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш класс мұғалімі Аязбекова Дария Сериковна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×