Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ф дыбысы мен әрпі

14 қазан 2019, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Ф дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты: 1. Ф дыбысы мен әрпін таныту, оқуға жаттықтыру.
2. Ой белсенділігін арттырып сөздік қорын молайту. Оқуға деген белсенділігін арттыру.
3. Ұйымшылдыққа, әдемі, сауатты жазуға машықтандыру.

Сабақтың көрнекілігі: «Үйшік» ертегісі интерактивті тақта, суреттер, кеспе әріптер, буындар.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: түсіндіру, сұрақ - жауап, мадақтау.
Жаңа технология: ойын түрінде оқыту.
Сабақтың түрі: ертегі сабақ.
Сабақтың жүрісі:
Ұйымдастыру бөлімі.

1. Оқушы зейінін сабаққа аудару.
Психологиялық дайындық.
Бар кітапқа бас болған,
Әліппе ғылым анасы.
Әліппеден басталған,
Даналықтың данасы.
- Балалар, бүгінгі сабағымыз күндегіден өзгеше. Өйткені бүгінгі
сабағымызға қонақтар келіп отыр. Олар сендердің білімдеріңізді көргісі келеді. Балалар, ертегі тыңдағыларың келе ме?
- Иә
- Олай болса, бүгінгі сабағымыз басынан аяғына дейін «Үйшік» ертегісіне арналады
- Ерте, ерте. ертеде ешкі жүні бөрте де орманда бір үйшік тұрыпты. Бір күні сол үйшікті жертесер тышқан көріпті.
- Неткен үйшік! Кімдікі бұл үйшік? деп қасына келсе, есігінде хат ілулі тұр екен. Ол хатты ашып оқыса «мына тапсырмаларды орындағандар осы үйшікте тату өмір сүреді» делінген екен.
Балалар тышқанға көмектесіп тапсырманы орындайық.
1 - тапсырма. Үйге тапсырманы орында.
1. Әліппе бағанындағы сөздерді оқыңдар.
2.«Вокзал» мәтінінің мазмұнын айт.
3.«Сөз ойла, тез ойла» ойынын ойна.
Бірде секіріп бақылдауық бақа келді.
- Неткен үйшік! Үйшікте кім тұрады?
- Мен жертесер тышқанмын.
- Екеуміз бірге тұрайық.
- Ол үшін мына тапсырманы орында, дейді.

2. тапсырма. Жаңа сабақты түсініңдер.
- Балалар, мен сендерге жұмбақ айтайын.
Судан шашақ шашылар,
Су тоқтаса басылар.
- Фонтан.
- Дұрыс айтасыңдар, фонтан сөзі қай дыбыстан басталып тұр?
- Ф. Олай болса, бүгінгі танысатын әрпіміз «Ф» екен.( бірнеше рет қайталату) Ф әрпінің баспа, жазба түрін көрсету.
Ф дауыссыз дыбыс. «Ф» дыбысынан басталатын сөздер ойлату. «Фонтан», «фото», «телефон», «телеграф» сөздерін буындатып «Ф» дыбысының орналасқан жерін анықтату.
- Бір күні секектеп қоян келеді. Неткен үйшік! Бұл үйшікте кім тұрады? дейді
- Мен жертесер тышқанмын. - Мен бақылдауық бақамын. Ал сен кімсің? дейді.
- Мен қорқақ қоянмын, дейді.
Үшеуміз бірге тұрайық дейді қоян.
- Ол үшін мына тапсырманы орында дейді олар.
3 - тапсырма. Оқулықпен жұмыс.
Сергіту сәті. «Сұр қоянға» қимылдар жасату
Үйшікке жылмың түлкі келеді. - Неткен үйшік! - Бұл үйшікте кім тұрады?
- Біз жертесер тышқан, бақылдауық бақа, секек қоянбыз. Ал сен кімсің?
- Мен жылмың түлкімін, бірге тұрайық дейді.

4 - тапсырма. «Адасқан әріптер» ойыны.
Т о ф о, б о ф у л т, ф о л е н е т
Үйшікке аю келіп есік қақты.
- Неткен үйшік! Бұл үйшікте кім тұрады?
- Біз тұрамыз, деді олар.
- Менде бірге тұрайыншы, деді аю.
- Онда мына тапсырманы орында, - дейді олар.

5 - тапсырма. Шығармашылық тапсырма. «Футбол» тақырыбына әңгіме құрату.
Аю үйшікке сүйенгенде үйшік қирап қалады. Қорқып кеткен аңдар қаша жөнеледі. Сол кезде аю оларға; - «Қорықпаңдар, бәріміз бірігіп әдемі үйшік жасап аламыз, деп шақырды.
Олай болса, біздерде аңдарға көмектесейік. Ол үшін «Футбол» ойынын ойнайық.

6 - тапсырма. «Футбол» ойыны. Не үйрендік, не білдік?
1.«Ф» қандай дыбыс.
2. Ол сөздің қай жерінде келеді?
3. Жұмбақ шешу.
Осылайша бірліктің, достықтың арқасында аңдар әдемі үйшік жасаса, біздер терең білім алдық.
Мадақтау, бағалау.
Үйге: әліппе бағанындағы сөздерді оқу, «Футбол», «Әл Фараби» өлеңдерін жаттау.

Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Сенек ауылы,
Қашаған Күржіманұлы атындағы орта мектебі
бастауыш сынып мұғалімі: Өтебаева Қалдыгүл Көшенқызы
19 836
0
  • 0
0 дауыс
Загрузка...
Оқи отырыңыз
Үйшік. (Орыс ертегісі)
Үйшік. (Орыс ертегісі)
Оқушыларды халық ауыз әдебиеті – халық шығармаларының түрлерімен таныстыру. Ертегі түрлерімен таныстыру.
Т дыбысы мен әрпі.
Т дыбысы мен әрпі.
Т дыбысы мен оның әріп таңбасы туралы түсінік беру. Кеспе әріптерден сөз құрауға, буындап оқуға үйрету.
Ю дыбысы мен әрпі
Ю дыбысы мен әрпі
Ю дыбысы мен әрпін таныту. Ю дыбысынан енген сөздерді буындап тұтас оқуға машықтандыру. Сауатты, көркем жазуға төселдіру, мәтінді түсініп оқуға үйрету.
Ә дыбысы мен әрпі
Ә дыбысы мен әрпі
Жаңа технологияларды қолдана отырып Әә дыбысы мен әрпін таныту, сол арқылы берілген сөздерді оқу мен жазуға, буын және оның түрлерін ажырата білуге үйрету.
Қосу амалын тексеру
Қосу амалын тексеру
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Сенек ауылы, Қашаған Күржіманұлы атындағы орта мектебі бастауыш сынып мұғалімі: Өтебаева Қалдыгүл Көшенқызы
Ө дыбысы мен әрпін қайталау
Ө дыбысы мен әрпін қайталау
Исмаилова Ляззат Нуржанқызы, Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Басықара ауылы, № 182 мектеп , Бастауыш пән мұғалімі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.