Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Дала өсімдіктері мен жануарлары

15 сәуір 2013, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Пәні: Дүниетану
Сабақтың тақырыбы: Дала өсімдіктері мен жануарлары
Сабақтың мақсаты:
білімділік: Оқушыларға дала өсімдіктері мен жануарларының өміріндегі зор пайдасы, күнделікті тұрмыста қолданылуы туралы жан – жақты мәлімет бере отырып, білімдерін кеңейту және тек пайдаланып қоймай қорғау керектігін ұғындыру.
дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорларын, тіл байлығын, ізденімпаздық, ойлау қабілетін дамыту.
тәрбиелік: Табиғат байлықтарын қорғап, сақтауға, ұқыпты пайдалануға, ұйымшылдыққа, ізденімпаздыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдіс – тәсілдері: Ой қорғау, жинақтау, болжау, іздену, сұрақ – жауап, топтастыру.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, өсімдіктер топтамасы, кеспе қағаздар, суреттер топтамасы.
Пәнаралық байланыс: Ана тілі, математика, музыка, бейнелеу, өзін - өзі тану.
Қолданылған технологиясы: СТО және дамыта оқыту технологиясы

Сабақтың барысы:
І. Алғашқы ұйымдастыру
Психологиялық даярлық
Ана, бала, қала, дала, айнала,
Ай менен күн, жұлдыз, аспан, табиғат,
Шөбі жұпар, суы кәусар, сай – сала.
Бүкіл әлем аманбысың, жамағат?
Халық даналығы:
Біз ата – бабамыздан табиғатты мұраға, ал болашақ ұрпақтан қарызға алдық...
Сыныпты топқа бөлу.
І топ. Оқу орталығы: Ереже, шалғын өсімдіктер туралы дерек өсімдіктер туралы мақал – мәтел, жұмбақтар айту.
ІІ топ. Экология орталығы: Шалғынды қорғау мақсатында қандай үндеу тастар едің?
Жалпы «экология» (грекше эйкос – үй, тұрақ, логос – ғылым) қоршаған ортаның қарым – қатынасын зерттейтін ғылым. Қоршаған ортаның тазалығы үшін күресу деген мағына. Табиғатты қорғау – бәріміздің борышымыз. Өйткені қазір теңізіміз тартылып, орманымыз кесіліп, құнарлы жерлеріміз сортаңдалып қалды.
ІІІ топ. Ғылыми орталық: Шалғын құрылысын қасиеттерін зерттеу, тәжірибе жасау.
ІҮ топ. Математикалық орталығы: Математикалық цифрлармен берілген деректер жинақтау.
Қызығушылығын ояту.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Әр топ үй тапсырмасын топ атына байланысты қорғайды.
Өтілген сабақтар бойынша тест тапсырмалары беріледі.
Әр топқа 10 сұрақтан беріледі.
Топ бір – бірін тексереді.
Кілті тақтада шығарылады.
І топ. Шалғын түрлерін топтастырады. Улы шөбін.
ІІ топ. Экологиялық орталығы: Шалғынды қорғау мақсатында қандай үндеу тастар едің?
ІІІ топ. Шалған жануарларын топтастырады.
ІҮ топ. Шалғын өсімдіктері мен жануарларына венн диаграммасы арқылы топтастырады.
Тақтада топтастыру.
Дала өсімдіктері, жануарлары барлығы қайда тіршілік етеді?

ІІІ. Мағынаны тану
Жаңа сабақ тақырыбы: Дала өсімдіктері мен жануарлары.
Дала өсімдіктер, жануарлар көрсетіледі.
Жоспар:
1. Дала түрлері
2. Қуаң даладағы өсімдіктер
3. Қуаң даладағы жануарлар
Дәптермен жұмыс
1 - бөлім
Бұл не? (дала)
Даланың түрлері: Шалғынды, Қуаң, Егістік
Шалғынды. Шөптекті өсімдіктер жыл бойы жайқалып өсетін ылғалы жеткілікті шалғын үлескілерді әдетте – көгал, ал аумағы жағынан үлкендерін – шалғын дейді
Егістік. Егістік дегеніміз – егін егетін алқапты айтамыз. Еліміздің солтүстік және орталық аймақтар оның топырағы ылғалды, әрі құнарлы келеді. Сондықтан арнайы суармай – ақ өсірілетін егістік алқабы. Ол жерде бидай, сұлы, арпа сияқтылар мол өнім береді.
Алғашқы егістік алқаптар:
Мексика
Қытай
Египет
Жерорта теңізі
Солтүстік Индия Еліміздің солтүстік және орталық аймақтарындағы далалардың топырағы ылғалды әрі құнарлы келеді. Сондықтан арнайы суармай – ақ өсірілетін ондай егістік жерлер бар. Онда бидай, сұлы, арпа сияқты дақылдардан мол өнім алуға болады.
Қуаң дала. Қуаң даланың сәнге де бөленетінін кезі – көктем. Топырағы көктемге қар суымен ылғалданып, шөбі көкмайса болып, көз тартады.

2 - бөлім. Бұл өсімдіктер сабағының топырақ арасындағы бөлігінде қоректік заттар жинақталған жуашықтар бар. Жер кеуіп, құрғақшылық басталған кезде өсімдіктердің жер бетіндегі мүшелері қурап қалады. Ал жуашықтары топырақ арасында құрғақ күйінде жаз, қыс бойы сақталып қалады да, көктемде тағы да көктеп гүлденді.
Осы шырынды тышқан, қосаяқ, саршұнақ сияқты кеміргіштер сүйеніп жейді.
Сортаң жерінде:

Қуаң дала өсімдіктері: Көкпек, Қара Жусан, Теріскен
Далада көп өсетін: Боз, Мыңжапырақ, Ботакөз, Қазжуа, Бетеге

Қуаң дала да көбінесе мал жайылымы ретінде пайдаланылады.
Қосымша дерек: (өз облысымыз жайында)
Ақтөбе облысы бойынша өсімдіктің түрлері өте көп. Мұнда тамыр түрлері өсімдіктердің 417 түрі, 92 тұқымдасына жататын 1057 түрі шығады. Шөп текті екі түрмен сипатталады. Далалықта – дақылдың, қуаң далада – жусанды өсімдіктер.
Облыстың солтүстік құрақ далалығында дақылдық бетеге, ақ сексеуіл шөбі өседі. Сортаң жерлерінде ақ және қара жусан өседі.

3 - бөлім: Дала жануарлары
Ақбөкен, Түлкі, Суыр, Тасбақа, Тышқан, Ор қоян, Бозторғай, Бүркіт, Сарышұнақ, Қарсақ
Суреттер арқылы түсіндіріледі;
Қосымша дерек:
Облысымыз бойынша дала жануарларының құстардың көптеген түрлері кездеседі.
Сүтқоректілер – 62
Құстардың – 214, оның 187 түрі ұя салады.
Сүтқоректілердің 10 және құстардың 35 түрі Қазақстан Республикасының «Қызыл Кітабына» енгізілген.
Тұяқтылар ішінде ең көп тарағаны киік. Жаз айларында Шалқар, Ырғыз, Байғанин, Темір, Мұғалжар ауданында кездеседі.
Қыс қатаң болса, одан әрі оңтүстікке көшеді. Бұрын киікті аулау аңшылық кәсіп болып, кейін тоқтатылды. Облыс жерінде киік саны 1000-ға жуық.
Жер – жерде борсық, түлкі, қасқыр мекендейді. Бұлардың саны тұрақты. Бұларға аңшылыққа рұқсат берілген.
Облыстың солтүстік бөлігінде Әйтеке би, Мәртөк аудандарында суыр мекендейді. Оның саны – 35 – 40 мың, ал кәсіптік ауланатын аң барлық аудандарда ор қояндар, оңтүстікте құм қояндар бар.
Құстардың 27 түрі қыстайды. 80 түрін аулауға рұқсат берілген. 35 түрі сирек және жойылуға қалған санатқа жатқызылып, Қазақстан Республикасының «Қызыл Кітабына» енгізілген.

Дала құстары: Үкі, Тырна, Дала қыраны, Бүркіт, Дуадақ

ІҮ. Ой толғаныс
Әр топ жаңа сабақ бойынша түсінгендерін топ атына байланысты қорғап шығады.
Ой қорыту:
Сандар сөйлейді.
І топ
1. Пішен шабу қай кезеңде басталды.
А) жаздың басы мен ортасында.
Ә) күздің ортасында
Б) көктемнің ортасы мен жаздың басы
2. Жанғыш пайдалы қазбалар – бұл ең алдымен....
А) тыңайтқыш
Ә) отын
Б) дәрі алатын құрал
3. Әктастың ең қатты түрі:
А) бор
Ә) мәрмәр
Б) ұлутас
4. Мыстың ірі кен орны:
А) Жаңаөзен, Құмкөл
Ә) Жалғызтөбе, Қаламқас
Б) Жезқазған, Қоңырат (Сарыарқа)
5. Жердің ¾ бөлігін не иеленіп жатыр?
А) орман
Ә) сулар
Б) таулар
ІІ топ
1. Бұл тасқа айналған өсімдік материалының қатайған массасы:
А) Алюда
Ә) Кварц
Б) Көмір
2. Шалғандағы жануарлар әлемінің негізгі өкілі бұл –
А) Жәндіктер
Ә) Шөптер
Б) Қасқырлар
3. Жер бетінде неше мұхит бар?
А) 2
Ә) 3
Б) 4
4. Атмосфера құрамына кіретін, Жерді зиянды сәулеленуден қорғайтын газ:
А) Оттегі
Ә) Азон
Б) Азот
5. Тыныс алу үшін адам өміріне қажетті...
А) ауа
Ә) Су
Б) топырақ
ІІІ топ
1. Атмосферада жанып кететін метеориттерді біз былай айтамыз:
А) жұлдыздың ағу
Ә) Жұлдызды жаңбыр
Б) Тастың жаууы
2. Қар неден пайда болды?
А) қатқыл судан
Ә) Мұздан
Б) Су буынан
3. Қазақстанның ең ірі өзені –
А) Ертіс
Ә) Жайық
Б) Сырдария
4. Темір қорытылады:
А) полиметалды кенінен
Ә) түсті металдар кенінен
Б) Қара металдар кенінен
5. Бұл көмір жергілікті отын ретінде қолданылады;:
А) Кәдімгі көмір
Ә) Қоңыр көмір
Б) антрацит

ІҮ топ
1. Ауаның қызғандағы көлемі:
А) кішірейеді
Ә) Ұлғаяды
Б) Ұзарады
2. Шалғын қалай бөлінеді:
А) суармалы құрғақ
Ә) Құрғақ жоңышқа
Б) Жайылым
3. Өсімдіктердің ауаны тайытатын газдың түрі
А) көмірқышқыл газы
Ә) Инертті газ
Б) Оттегі
4. Тыныс алу мүшелерін анықта:
А) Жүрек, қан тамырлары
Ә) Кеңірдек, қолқа өкпе
Б) Асқазан, Өңеш
5. Ауа қорытпасындағы ең көп зат:
А) Оттегі
Ә) Көмірқышқыл газы
Б) Азот
Қуаң дала мен шалғында даланы салыстырып кестені толтыр.
Қуаң дала ------------------------- Шалғынды дала
Ұқсастығы
Айырмашылығы
Оқушылар қорытынды жасайды.
Олай болса қоршаған ортаның өсімдіктері мен жануарларын қорғап сақтауда сендер де өз үлестеріңді қосуларың керек.

Үйге тапсырма: Дала өсімдіктері мен жануарлары
Шығармашылық тапсырма. Кестесөз жасап келу
Бағалау
47 321
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Шөл өсімдіктері мен жануарлары
Шөл өсімдіктері мен жануарлары
Дала мен шөлді аймақ өсімдіктері мен жануарларының бейімделу жағдайларын салыстырып, өз ойын жеткізеді.
Дала өсімдіктері мен жануарлары
Дала өсімдіктері мен жануарлары
Дала өсімдіктері мен жануарлары жайында түсінік беру. Тіл байлығын, сөздік қорын, ойлау қабілеттерін, жүйелеп мазмұндау қабілеттерін дамыту.
Дала өсімдіктері мен жануарлары
Дала өсімдіктері мен жануарлары
Далалық белдеу, оның ерекшеліктері және дала жануарлары мен өсімдіктері туралы түсінік қалыптастыру. Пәнге қызығушылықтарын арттыру, ой - өрістерін, есте сақтау, өз ойын еркін жеткізу мүмкіндіктерін дамыту
Дала өсімдіктері мен жануарлары (слайд)
Дала өсімдіктері мен жануарлары (слайд)
Оқушылардың дала өсімдіктері және жануарлар әлемі туралы таныстыру, табиғатты қорғауға, аялауға, білімдерін дәлелдеуге үйрету. Оқушылар дала өсімдіктері және жануарларын танып біледі, табиғатты қорғауға бағытталады, білімдерін дәлелдеуге үйренеді.
Дала өсімдіктері мен жануарлары. Шөл өсімдіктері мен жануарлары
Дала өсімдіктері мен жануарлары. Шөл өсімдіктері мен жануарлары
Дала өсімдіктері мен жануарлары. Шөл өсімдіктері мен жануарлары туралы ақпарат беру. Дала және шөл өсімдіктері мен жануарларын ажырата білуге үйрету.
Бастауыш сыныптан сабақтар топтамасы
Бастауыш сыныптан сабақтар топтамасы
Ақтөбе қаласы, №8 орта мектептің бастауыш класс мұғалімі Саймаганбетова Кенжесұлу
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×