Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ұлт болашағы білімдінің қолында (cайыс сабақ)

18 сәуір 2013, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Тақырыбы: Ұлт болашағы білімдінің қолында (презентациясымен)
Сабақтың мақсаты: Ұлт болашағы білімдінің қолында (cайыс сабақ)
Білімділігі: сынып оқушыларының пәндер бойынша алған білімдерін саралау, ой ұшқырлықтарын байқау, топпен бірлесе отырып жұмыс істей білуге және өз білімін көрсете білуге үйрету.
Дамытушылығы: оқушылардың сөздік қорларын молайту, дүниетанымдарын кеңейту, тіл байлығын, шығармашылық қиялын, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, өз ойын еркін жеткізе білуге және шығармашылықпен еңбек ете білуге дағдыландыру.
Тәрбиелігі: болашаққа өз үлесін қоса білетін, ізденімпаз ұрпақ етіп тәрбиелеу, туған тілімізді сүюге, туған елін, жерін құрметтеуге, жан - жақты білімділікке баулу. Ұйымшылдыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Көрнектілігі: топ аттары жазылған қағаздар, қима қағаздар, интерактивті тақта.
Әдісі: сұрақ - жауап, ой қозғау. болжау.
Типі: білімді бекіту.
Түрі: сайыс сабақ.
Пәнаралық байланыс: ана тілі қазақ тілі, дүниетану, математика.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Психологиялық дайындық.
Әрбір сабақ – Үйрену, ұғу, ұлағат
Әрбір ісің – тірлік, тірек, адамдық
Әрбір сөзің – шындық, бірлік, адамдық.
- Жақсы балалар, осындай жақсы сөздермен сабағымызды бастайық.
- Балалар, өздерің байқап отырсыңдар, біз үш топқа бөлініп отырмыз.
Қазір мен алдарыңа қағаздар беремін, ол қағаздарда орындары ауыстырылып берілген сөздер бар, сендер сол сөздердің ретін тауып дұрыс қойсаңдар, өте мағыналы бір сөйлемді оқи алады екенсіңдер. Кәне, дайынбыз ба? Табу реттіліктеріңе қарай топтарыңа ат беріледі.

Қолында
Ұлт
білімдінің
болашағы

Алдарына қағаздар беру.
- Кәне, қай топ бірінші болып тапты екен?
І топ бірінші боп тапты. Ендеше бұл топқа «Тапқырлар» аты беріледі.
ІІ топ екінші тапты. Бұл топ «Алғырлар» деп аталады.
ІІІ топты «Зеректер» деп атаймыз.

- Кәне оқиықшы, қандай сөйлем шықты?
- «Ұлт болашағы білімдінің қолында». Ендеше біздің бүгінгі сайыс сабағымыздың да тақырыбы осылай аталады екен. Бүгін үш топ болып сайысып, білімдерімізді ортаға саламыз.
[1 - слайд]
Сайысымыз төрт кезеңнен тұрады.
«Қызықты төрттік»
[3 - слайд]
- Бұнда өздеріңе таныс төрт пән бойынша бірнеше сұрақтар берілген. Пәнді таңдай отырып сол сұрақтарға жауап береміз. Толық жауап берсек 5 ұпай аламыз.
Ал дайынбыз ба? Кезек бірінші топта.
Математика сұрақтары
1. Ұзындық өлшем бірліктерін атаңдар. (мм, см, дм, м, км)
2. Тік төртбұрыштың периметрін қалай табамыз? (ұзындығы мен енін қосамыз)
3. 9 бен 4 көбейтіндісі нешеге тең? (36)
4. Екі әке, екі бала театрға билет алады. Театрға неше адам билет алды? (3)
5. Шаршы дегеніміз не? (барлық қабырғасы тең төртбұрыш)
6. Өздерің білетін геометриялық фигураларды атап беріңдер. (шаршы, төртбұрыш...)
7. Ең кіші төрт таңбалы сан? (1000)
8. Бір мүшел 12 жас десек, 3 мүшелде неше жас бар? (37)
9. Бөлу амалының атаулары. (бөлінгіш, бөлгіш, бөліндінің мәні) [4 - слайд]

Қазақ тілі
1. Мәтінді түрлерін атаңдар. (әңгімелеу, сипаттау, пайымдау)
2. "Хат" сөйлеудің қай түріне жатады? (жазбаша)
3. Негізі сөйлем мүшесін ата.(бастауыш)
4. Қазақ алфавитінде неше әріп бар? (42)
5. Не істеді? Қайтті? Не қылды? Қай сөйлем мүшесінің сұрақтары? (баяндауыш)
6. Айтылу мақсатына қарай сөйлем нешеге бөлінеді? (үшке, хабарлы, сұраулы, лепті)
7. Қос бүйірін таянып
Тұратұғын қай әріп? (Ф)
8."Батыр" сөзіне мәндес сөздерді тап.(ержүрек, батыл, қайсар...)
9. Зат есім дегеніміз қандай сөз табы? Мысал келтір. (заттың атын білдіретін сөздер) [5 - слайд]

Дүниетану
1. Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін қашан алды? (1991 ж. 16 желтоқсан)
2. Әр адамның шағын отаны. (Отбасы)
3. Мемлекеттік рәміздерді ата? (Ту, Әнұран, Елтаңба)
4. Әнұранның авторлары кімдер? (Ш. Қалдаяқов. Ж. Нәжімеденов. Н. Назарбаев)
5. Адам денесінің тірегі не? (қаңқа)
6. Сезім мүшелерін атап бер. (Көз, мұрын, құлақ, тіл, тері)
7. Жер бетінің қағазға кішірейтілген бейнесі не? (карта)
8. Көкжиектің неше тұсы бар? (4 тұсы бар)
9. Қазақстан Республикасының Елтаңбасының авторларын ата. (Ш. Уалиханов. Ж. Мәлібеков) [6 - слайд]

Ана тілі
1. Абылайдың азан шақырып қойған аты. (Әбілмансұр)
2. "Абай жолы" роман - эпопеясының авторы. (М. Әуезов)
3. Абылай ханға Төле бидің қойған аты. (Сабалақ)
4. "Дала жұлдызы" деп кімді айтады? (Ы. Алтынсарин)
5. "Әке арманы" мәтінінің негізгі кейіпкерлері кімдер? (Абай мен Әбіш)
6. "Білімдіден шыққан сөз" кімнің өлеңі? (А. Құнанбаев)
7. Өмірде болған адам қатысты құрылған халық шығармасы? (Аңыз)
8. Үш биді атаңыз. (Қазыбек би, Төле би, Әйтеке би)
9. Қабанбайдың шын аты. ( Ерасыл)
[7 - слайд]
- Өте жақсы, балалар, ендеше келесі кезеңге өтелік.

ІІ кезең. «Ұшқыр ой». [8 - слайд]
- Бұнда бір екі минут ішінде қазір алдарыңа берілген бір сөзден бірнеше сөз табуларың керек. Ол сөзді қазір алдарыңа беремін және қосымша ақ қағаз беріледі, соған шуламай отырып тез жазып шығуларың керек.
Бұл кезең бес балмен бағаланады.
Атамекен
Болашақ
Жаңақорған
- Өте жақсы, балалар, біздің әр сайысымызды әділ қазылар бағалап отыр, нәтижесін соңында айтады.
Келесі кезеңге өтелік.

ІІІ. «Тіл өнері». [9 - слайд]
- Мемлекеттік тілмен қоса, балалар, сендер биылдан бастан орыс тілінде оқып үйреніп жатырсыңдар, ендеше бұл тілді де қоса меңгеріп алғандарың жөн екен. Орыс тілі – ұлт аралық тіл, үйренгеннің артықтығы жоқ.
- Сондықтан қазір әр топқа үш жұмбақтан оқимын, сендер сол жұмбақтардың шешуін тауып, оны орысшаға аударасыңдар. Кәне, дайынбыз ба? Ендеше тыңдай қойыңдар.

І топқа
1. Өзі сондай ақ,
Жесең тәтті - ақ. (Қант - сахар)
2. Қыс бойына жатады,
Тәтті ұйқыға батады. (Аю - медведь)
3. Жазу жазып жалықпаған
Жаза - жаза арықтаған. (Бор - мел) [10 - слайд]

ІІ топқа
1. Өзі таудың бөктерінде өседі
Жаңа жылда үй төріне көшеді. (Шырша - елка)
2. Білімнен мол сиасы
Балғындардың ұясы. (Мектеп - школ)
3. Қабат - қабат қаттама
Ақылың болса аттама. (Кітап - книга) [11 - слайд]

ІІІ топқа
1. Мамықтай ұлпа, қанттай ақ
Қыста жер бетін басады,
Жазда сайға қашады. (Қар - снег)
2. Ұшып, қонып тынбайды
Жерге соқсаң сынбайды
Суға салсаң батпайды
Түскен жерге жатпайды. (Доп - мяч)
3. Бұдан кір қорқады
Судан бұл қорқады. (Сабын - мыло) [12 - слайд]
- Тамаша, балалар, сендер орыс тілін де жақсы меңгеріпсіңдер, барлық жұмбақтың шешуін дұрыс таптыңдар.

ІV Кезең."Сын сағаты". [13 - слайд]
Мұнда әр топтың топ басшылары шығады. Мен оларға сұрақтар қоямын. Олар сол сұрақтарға ойланып жауап береді. Өз шешімдерін түсіндіріп айтып береді.
1 - сұрақ. Бүгінгі сабақта "2" алып қалдың. Оған ұстазың да, мамаңда қатты ренжіді. Сен сол ренішті Қалай өтер едің?
2.- сұрақ. Мектепке жаңа доп алып келдің. Ойнап жүріп досың добыңды жарып қойды, не істейсің? Үйіңдегілерге не айтасың?
3 - сұрақ. Дос болып жүрген құрбы қызы математикадан күнде 2, 3 - тік сияқты нашар баға алады. Апайың саған ұрсады, сен құрбыңа қандай көмек берер едің?
- Ойлануға 1 минут уақыт беріледі, сосын жауаптарыңды тыңдаймыз. Бір ғана сөзбен емес, ойланып, нақты дәлелдермен сөйлеуге тырысыңдар, жарай ма.
Белгілі бір уақыттан соң, жауаптары тыңдалады.
- Өте жақсы, отыра қойыңдар. Міне, балалар төрт кезеңнен тұратын сайысымыз да аяқталды.
Әділқазылар шешімін айтады. Жеңген топты марапаттау.
V. Қорытынды.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
8 111
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қазақстанның болашағы – жастардың қолында «Болашақ» бағдарламасының степендиялары
Қазақстанның болашағы – жастардың қолында «Болашақ» бағдарламасының степендиялары
Қазақстан мемлекеті туралы алған білімін тиянақтау, мәтінмен таныстыру, жаңа сөздермен жұмыс жүргізу. Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту.
Қазақстанның болашағы білімді ұрпақ қолында
Қазақстанның болашағы білімді ұрпақ қолында
Оқушылардың пәндер бойынша алған білімдерін саралау, ой ұшқырлықтарын байқау, топпен бірлесе отырып жұмыс істей білуге және өз білімін көрсете білуге үйрету.
Білімді ұрпақ ,ертеңгі байлығымыз
Білімді ұрпақ ,ертеңгі байлығымыз
Оқушылардың өз ойларын жүйелеп қиялын тұжырымдауға үйрету. Жан жақты ойлауын, ізденуін дамытып, есте сақтау қабілетін қалыптастыру. Ой өрісін кеңейтіп, тілдік сөздік қорларын молайту. Болашаққа үлесін қоса білетін, білімді, ізденімпаз ұрпақ етіп
Өнерлі өрге жүзер
Өнерлі өрге жүзер
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Тәжен мектеп - балабақша кешені. Бастауыш сынып мұғалімі: Сарсенбаева Бақтыгүл
Білімді ұрпақ - ертеңгі болашақ
Білімді ұрпақ - ертеңгі болашақ
Сабақтың тақырыбы: «Білімді ұрпақ – ертеңгі болашақ»
Тапқыр болсаң, талас жоқ
Тапқыр болсаң, талас жоқ
БҚО, Шыңғырлау ауданы, А. Тихоненко атындағы орта жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Аюпова Гульсара Кубашевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×