Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бірнеше бірлікке арттыруға және кемітуге арналған есептер

19 сәуір 2013, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың мақсаты: Бірнеше бірлікке арттыру және кеміте білуді меңгерту.
Білімділік: Жаңа білім мазмұнын меңгерту, білім – білік дағды - машықтарын арттыру.
Дамытушылық: Оқушылардың логикалық қабілетін, пәнге қызығушылығын, белсенділігін дамыту
Тәрбиелік: Жинақылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: «математикалық жаңбыр» плакаты, дидактикалық материалдар.
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап, көрнекілік.

Сабақтың барысы:
1. Психологиялық дайындық
Мен ақылдымын, білімдімін
Мен өзгелерге кедергі келтірмеймін.
Өзіме де, достарыма да жақсы болғанын қалаймын.
Мен әр іске жауаптылықпен қараймын.

2. Балалар, тақтаға назар аударайық, «Математикалық жаңбыр» ойыны бойынша тамшылардың жанында жазылған сандарды қосып, азайтамыз. Тапсырманы мысалдар тізбегі түрінде орындаймыз.
3. Тақтамен жұмыс: №2 (а) есеп оқылып, талданады, шарты құрылып, сұрағы арқылы шешуі шығарылады.
(ә) 3+2= өрнегімен шығатындай есептің берілуін өзгертіп орындалады.
4. Математикалық диктант
А) 8 бен 2 - нің, 9 бен 1 - дің, 1 мен 7 - нің, 7 мен 2 - нің қосындысын тап.
Ә) 10 мен 10 - ның, 10 мен 6 - ның, 6мен 3 - тің, 10 мен 4 - тің айырмасын тап.
Б) 1 - ді 7 - ге, 5 - ті 3 - ке арттыр.
В) 4 - ті 3 - ке, 6 - ны 5 - ке, 9 - ды 7 - ге, 9 - ды 6 - ға кеміт

5. Сергіту сәті: (қимылмен көрсетіледі)
Он саусақ, он саусақ,
Би билейміз, біз ән сап
Өнерлі екен он саусақ,
Қала салсақ, жол салсақ....

6. Өзіндік жұмыс: №4
Өрнектерді салыстыру >, <, = таңбаларының тиістісін қою.
7. Логикалық есептер
А) Алыстан екі жарық өшіп - сөніп тұрды. Жанып тұрған жарық нешеу? (0)
Ә) Пойыз вагоны - 10, 2 - ші, 4 - ші вагондар ағытылды. Неше вагон ағытылды?
Б) Қай нәрсе артық?
Жүрек, бауыр, өкпе, кітап, бұлшық ет.
Ойыншық, ұшақ, машина, тік ұшақ, зымыран.

8. Қорытындылау
- Не үйрендік? Не білдік?
- Қандай жұмыстар жүргіздік?
9. Үйге тапсырма: №5 логикалық есеп, кілттердің сәйкестігін табу.
14 899
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Саудаға қатысты есептер
Саудаға қатысты есептер
сандарды бірнеше бірлікке арттыру, кемітуге, айырымдық салыстыруға берілген есептерді талдау және шешу, кері есептерді құру және шешу.
Қызықты математикалық тапсырмалар
Қызықты математикалық тапсырмалар
математикалық білім, білік, дағдыларын қалыптастыру, тиянақтау, бақылау. балалардың пәнге деген қызығушылығын туғызып, оқушылардың белсенділігін арттырады.
Ондықтарды салыстыру. Айырманы салыстыру. Екітаңбалы сандарды косып, алуға есептер шығару
Ондықтарды салыстыру. Айырманы салыстыру. Екітаңбалы сандарды косып, алуға есептер шығару
Батыс Қазақстан облысы, Бөкей Ордасы ауданы, Хан Ордасы ауылы Жәңгір хан атындағы жалпы білім беретін орта мектеп Бастауыш сынып мұғалімі Аксенова Альфия Ринатқызы
Өткенді пысықтау. Есептің жанама түрі
Өткенді пысықтау. Есептің жанама түрі
Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласы, Мағжан Жұмабаев атындағы №15 мектеп гимназиясы Бастауыш сынып мұғалімі Гайбуллаева Фарида Сейдуллаевна
5 санын қосу және азайту
5 санын қосу және азайту
Қостанай облысы, Қарабалық ауданы, Өрнек негізгі мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Ержанова Бахыткүл Төлемісқызы
2 – ні қосу және азайту
2 – ні қосу және азайту
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы №7 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Асенова Жамал
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×