Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ту тіккен Рақымжан

19 сәуір 2013, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Бұл сабақтар БжС технологиясы бойынша жүргізілген сабақтар топтамасы
Сабақтың тақырыбы: "Ту тіккен Рақымжан"
"Шал мен бала" Б. Соқпақбаев.
"Абай шаңырағы"
"Кешкі дөң басында". "Кеш"


Сабақтың тақырыбы: Ту тіккен Рақымжан.
Мақсаты: Р. Қошқарбаевтың ерлігі жайында мағлұмат беру. Ұлы отан соғысы жылдарындағы батырларымыздың ерлігімен танысу.
Мақсаты: 1. Батырлардың ерлігімен танысу.
2. батыр аталарының ерлігіне, өз еліне деген сүйіспеншілігін арттыру.
3. Елін, жерін сүюге, елжандылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: суреттер, тірек сөздер.
Әдіс – тісілі: сұрақ – жауап, БжС технологиясы.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
1 Ұйымдастыру кезеңі мотивация
Үй жұмысы тексерілмейді – бұл жаңа тақырып. көшбасшыға сөз беріледі. ООМ бойынша жұмыс.
2 Оқушылардың субъекті тәжірибесін өзектендіру.

Өткен сабақ тақырыбы бойынша ерсілі - қарсылы сұрақ қою. ООМ бойынша материалды бекіту үшін тексеру жүргізіледі
1. Қажымұқан жайлы не білесің?
2. Халық қайда жиналды? ипподромға
3. Трибуна алдына не жайылды.? Кілем
4. Алаңға кімдер келді? Түрік солдаттары.
5. Төреші алаңға кімді алып келді? Мұқанды.
6. Трибунадағы халық қалай айқайлады?
7. Аренаға қандай балуан шықты? Нұрлы.
8. Нұрлы қай балуанның орнын басып еді? Қара Ахметтің.
9. Балуандар күреске қандай киіммен шықты? шапан
10. Екі балуанның сыртқы бейнесі қандай?
11. Олар бірі – біріне қалай қарады?
12. Түрік салты бойынша балуандар күреске қалай шығады?
13. Күрес барысында Нұрлының қандай екені көрінді? Салмағы басым.
14 Нұрлы қалай күш көрсеткісі келді? Күшінің басым екенін сездіргісі келді.
15. Мұқанның тәсілі қандай? Титықтатып, шаршату.
16. Нұрлы неге шаршап қалды? Бірден шабуыл жасады.
17. Мұқан түрік балуанын қалай құлатты?
18. Түрік балуанын қандай дәрежеге жеткізді? Қара терге түсті.
19. Жерде тұра алмаса да Нұрлы қандай әрекет жасады?
20. Мұқан Нұрлының жауырынын жерге қалай тигізді? көтеріп алып ұрды.
21. Оны қалай орындады? Фото суретке түсіріп алатындай етіп,
22. Мұқан еліне қалай оралды?
23. Күрес қай жерде болды?

Біріншілік белгілеу. барлық оқушылардың нәтижелері бойынша қосу немесе алу белгілері қойылады.
3 Қабылдауды ұйымдастыру. 2 сөзден тұратын түсінік екі сөз ретінде саналады. Жады бойынша рұқсат: бір сөз шегеріледі

Жаңа сабақ.
Бүгінгі сабақта Кәкімжан Қазыбаевтың «Ту тіккен Рақымжан» әңгімесімен танысамыз. Бұл әңгіме Ұлы Отан соғысының батыры Р. Қошқарбаевтың ерлігі жайында. Кәкімжан Қазыбаев қазақ жазушысы. Р. Қошқарбаевтың ерлігін, батырлығын дәлелдеу үшін, батыр атағын беру үшін көп еңбектеніп, ізденген жан. Р. Қошқарбаевқа кезінде Кеңес Одағының батыры атағы берілмеген болатын, қазақ жазушыларының ат салысуымен 1999 жылы Халық Қаһарманы атағы берілді.
Р. Қошқарбаев 1924 жылы Ақмола облысындағы Тайтөбе ауылында дүниеге келген. 1999 жылы Алматы қаласында дүниеден өткен.
1941 - 1945 жылдары Ұлы Отан соғысының болғанын білеміз. Бұл оқиғада соғыстың соңғы уақыттары баяндалады.
Мәтін бойынша қысқаша түсінік беру.

Тірек сөздер: Берлинде, Рақымжанды, Рейхстаг, тапсырмаңызды, барлаушылар, Гриша, жауынгерлер
Тірек сөздерді есте сақтау 30 секунд.
Дәптерге жазу. Дәптер алмасу, тексеру. ООМ бойынша бағалау.
Екіншілік белгілеу. Есте сақтауға уақыт нормативі 7 сөз – 30 сек.

4 Ұғынуды ұйымдастыру.
Оқушылар оқулықтың бір бет парағындағы мәтінді 4минут ішінде оқып шығуы тиіс. Мұғалім олардың материалды оқыған білімдеріне қатысты сұрақ - жауап алатыны жайында ескертуі тиіс.
3 - 4 сыныптар: мәтіннің бір бетіне 4 минут;.

5 Түсінудің біріншілік тексеруі
Қарама - қарсы сұрақ қою.
1. Соғыс қай жерде жүріп жатты? Берлинде
2. Рақымжанды кім шақырып алды? Батальон командирі Давыдов
3. Батальон командирі не айтты? Рейхстагқа ту тігуді тапсырды.
4. Рейхстаг деген не? Жаудың соңғы ұясы.
5. Рақымжанға қандай жауынгерлік тапсырма берілді?
6. Командир Рақымжанды неге таңдады? Ержүректілігімен көзге түскен
7. Рақымжан қалай қоштасты? Өз әкесімен қоштасып тұрғандай тебіренді.
8. Рақымжанмен берге кімдер бармақ? Барлаушылар тобы.
9. Рақымжан бастаған топ қалай шықты? Оқ нөсері бәсеңдеген кезде.
10. Ту кімнің қолында еді? Рақымжанның
11. Туды көрген жау не істеді? Подвалға шүйлігіп оқ боратты.
12. Рақымжанның қасында кім қалды? Григорий Булатов.
13. Басқалары қайда қалды? Подвал ішінен шыға алмай қалды.
14. Олардың алдарынан не көрінді? Канал үстінен салынған көпір.
15. Темір көпірге оқ қалай тиеді? Оқ шыр – пыр етіп кейін ұшады. Тыз – тыз етіп суға түседі.
16. Рақымжан тудың бұрышына не деп жазды? 647 полк, Г Булатов, Р. Қошқарбаев.
17. Қамалып отырған екеуіне жігер берген не? Біздің жауынгерлердің зеңбірекпен оқ атуы.
18. Рейхстагты неге теңейді? Құзғын жаудың ұясы.
19. Рейхстаг баспалдағында Рақымжан Гришаға не айтты? Шық иығыма! Туды тік.
20. Гриша туды қалай қадады? Бітелген терезенің кірпішін түсіріп, жеңіс туын қадады.
21. Жау ұясының алдынан не көрінді? Жауынгерлерді шабуылға шақырған қызыл ту.
22. Рақымжан тапсырманы орындады ма?
23. Бұл оқиға қай мезгілде болды? 1945 жылы 30 сәуірде.
24. Туды тіккен кімдер?

Үшіншілік белгілеу. барлық оқушылардың нәтижелері бойынша қосу немесе алу белгілері қойылады.
6 Біріншілік бекітуді ұйымдастыру Сыни сұрақ.
1. Соғыс Берлинде жүріп жатты. ия
2. Рақымжанды батальон командирі шақырып алды ия
3. Батальон командирі ақ үйді көрсетті. Жоқ.
4. Рейхстаг жаудың ең соңғы ұясы. Ия.
5. Рақымжанға жауынгерлік тапсырма берілді ия.
6. Командир Рақымжанды таңдаған жоқ. Жоқ.
7. Рақымжан өз әкесімен қоштасқандай тебіренді ия.
8. Рақымжан тапсырманы орындауға жалғыз бармақ жоқ
9. Рақымжан бастаған топ оқ нөсері бәсеңдеген соң шықпады. Жоқ.
10. Ту Гришаның қолында еді. Жоқ.
11. Туды көрген жау қашты. жоқ
12. Рақымжанның қасында Гриша қалды ия.
13. Басқалары подвал терезесінен шыға алмады. ия
14. Рақымжан мен Гришаның алдарынан көпір көрінді. Ия.
15. Олар суға түспей өтті. Жоқ.
16. Рақымжан тудың бұрышына өз туған жылдарын жазды. Жоқ.
17. Қала тынышталып, жарқырай түсті. Жоқ.
18. Рейхстаг терезелері ашық тұр. жоқ
19. Гриша Рақымжанның иығына шығып, туды қадаған жоқ. Жоқ.
20. Жер қайысқан әскер «ағалап» жүгірді. Жоқ. Уралап.
21. Жау ұясының алдынан жауынгерлерді шабуылға шақырған қызыл ту көрінді. Ия.
22. Рақымжан тапсырманы орындады. Ия.
23. Бұл оқиға 1945 жылы болды ия. Төртінші белгілеу. барлық оқушылардың нәтижелері бойынша қосу немесе алу белгілері қойылады.

7 Талдау. Уақыт 5 минут. Оқытылған тақырып бойынша тақырыптық сөздік қорды (ТСҚ) тексеру жүргізіледі. Бесінші белгілеу.
8 Түйсіну 1. Сыныптың материалды меңгеру деңгейі анықталады.
2. Сабақтың нәтижесін ескере отырып сол тақырып бойынша жұмыс уақыты болжанады. Мұғалім тағы да тақырыптың аяқталуын болжап, «Ауызша сабақ 3» картасындағы ойын ережелерінің мүмкіндіктерін айтады.
9 4 - 5 белгі – 5 ұпай. 3 белгі – 4 ұпай. 2 белгі – 3 ұпай. 1 белгі – 2 ұпай. Сапа нормативі: оқушылардың 63% 5 ұпайдан алуы тиіс.

10. Үй тапсырмасы 4 белгіден кем алған оқушылар үйге тапсырма алады.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
13 284
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
19 қазан - Рақымжан Қошқарбаев 95 жаста
19 қазан - Рақымжан Қошқарбаев 95 жаста
Рақымжан Қошқарбаев Берлиндегі Рейхстагқа жеңіс туын тіккен қазақ азаматы, Халық Қаһарманы. 1924 ж. 19 қазанда Ақмола облысы Ақмола ауданында дүниеге келген.
Қазақ батырлары - халық қаһарманы
Қазақ батырлары - халық қаһарманы
Ұлы Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында, Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен ата - бабаларымыздың ерлік істерін қастерлеуді үйрету, батырларымызды еске алып, өмір жолын, ерлігін таныту және үлгі - өнеге тұту, оқушыларға патриоттық тәрбие беру
Кеңес Одағының батыры, Еңбекшіқазақ ауданының тумасы - Рақымжан Тоқатаевтың өз бейнесі, батырлық тұлғасы
Кеңес Одағының батыры, Еңбекшіқазақ ауданының тумасы - Рақымжан Тоқатаевтың өз бейнесі, батырлық тұлғасы
Ұлы Жеңістің 75 жылдық мерей тойы қарсаңында Ұлы Отан соғысы кезінде өзінің елі, жері үшін аянбай ерлік көрсеткен Еңбекшіқазақ ауданының тумасы Кеңес Одағының батыры - Рақымжан Тоқатаев туралы мәлімет беру.
Батыр ата ұрпағымыз
Батыр ата ұрпағымыз
Есік қаласы, Р.Тоқатаев атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Жазира Молдагулова
Кешкі дөң басында. Кеш.
Кешкі дөң басында. Кеш.
Жезқазған қаласындағы № 10 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Әбіш Жансая Нөпірбайқызы
Ту тіккен Рақымжан
Ту тіккен Рақымжан
Рахымжан Қошқарбаев туралы мағлұмат беру, «Ту тіккен Рақымжан» мәтінімен таныстыру. Ұлы Отан соғысы туралы алған білімдерін бекіту, мәтін бойынша жұмыс жасау, талдау жұмыстарын жүргізу.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×