Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Әдептілік әліппесі

19 сәуір 2013, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Тақырыбы: Әдептілік - әліппесі
Мақсаты: 1- сынып оқушыларына әдепті болуды, сыпайы сөздерді, үлкендермен сәлемдесу түрлерін үйрету.
2. Сөздік қорларын байыту, тілдерін дамыту, ойлау қабілеттерін жетілдіру.
3. Адамгершілік, имандылық тәрбиесі, әдептілікке, ізеттілікке тәрбиелеу, үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болуға баулу.
Көрнекілігі: нақыл сөздер, сиқырлы конверттер, сюжетті суреттер, мақал - мәтелдер, «әдептілік» патшалығы (сурет), тыйым сөздер.
Қолданылатын әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, түсіндіру, практикалық жұмыс.
Сабақтың түрі: саяхат сабақ.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
- Балалар, біз бүгін сендермен « Әдептілік патшалығына» саяхатқа шығамыз. Саяхатымызда әртүрлі аялдамаларға тоқтаймыз. Келесі аялдамаға өту үшін тапсырмаларды орындап кетуіміз керек. Ал саяхатқа біз автобуспен шығамыз.
2. Негізгі бөлім.
1 - аялдама: «Сәлем - сөздің анасы». Бұл аялдамада бізге төмендегідей тапсырмалар берілген, қане соны орындайық.
Сәлем бере білейік! Сахналау.
- Оқушылар ана мен ата, ата мен ата, апа мен қыз, ата мен ер бала, апай мен оқушы, көрші тәте мен ер бала.
- Сәлеметсіз бе, есенсіз бе, ассалаумағалейкүм, уағалейкүмассалам, көп жаса, армысыз, қайырлы таң, қайырлы күн, кеш жарық,, сәлем,.....
2 - аялдама: «Кішіпейілділік - кісілік белгісі»
А) Атам менің әманда.
Атам менің әрқашан,
Кішіпейіл бол деген.
Ақыл сөзі санамда,
Мақтанбауды жөн көрем.

Атам менің әрқашан,
Бол дейтұғын бауырмал.
Мынау байтақ ғаламда,
Қаншама дос бауыр бар.

Атам менің әрқашан,
Бол дейтұғын тілалғыш.
Үлкендерден содан да,
Алып жүрем кіл алғыс.

Атам менің әрқашан,
Мейірімді бол деген,
Ақыл сөзі санамда,
Жасы үлкенге жол берем.

Атам менің әрқашан,
Ынтымақшыл бол дейтін,
Бірлік болса адамда,
Шын бақыт қой ол дейтін.

Ә) Тәрбиелі
Мейірімді
Бауырмал
Кішіпейіл
Үлгілі
Ұқыпты
Сыпайы

3 - аялдама: «Сиқырлы сөздер әлемі»
- Балалар, біз «сиқырлы сөздер әлеміне» келдік. Бізді әдептілік патшалығының ханшасы қарсы алып тұр:
- Сәлеметсіздер ме, балалар!
- Сәлеметсіз бе, ханша!
- Балалар, мен әдептілік патшалығынан келдім. Сол елдің ханшасымын. Біздің елдің тұрғындары бір - біріне тек «сіз» деп қана сөйлеседі. Қазір сіздерге сиқырлы конверттер таратамын. Хатта жазылған сөздерді қай уақытта, кімге және қашан айту керектігін айтып, мысалдар келтіріңдер.
- Рахмет, кешіріңіз, рұқсат па, көмектесейін.
Ә) «Не деу керек?» әнін хормен орындау.
Апаң сенің базардан,
Алма сатып әкелді.
Ең үлкенін, жақсысын,
Саған таңдап әперді.
Ханша: Не деп барып жеу керек?
Хор: Рахмет, апа деу керек!
Балалар жүр көшеде,
Естіледі шу - айқай.
Сенде шықтың көршіңді,
Қағып кеттің байқамай.
Ханша: Мұндайда не деу керек?
Хор: Кешіріңіз деу керек!
Осы келген бетіңде,
Допты қудың жарыстың,
Көшенің сол шетінде,
Кезікті бір танысың.
Ханша: Ұмыттың сен деуді?
Хор: Сәлеметсің бе деу керек!
Добын апар Назардың,
Деді ағаң бармадың.
Тапжылмадың, сазардың,
Аға тілін алмадың.
Ханша: Сен қай сөзді айтпадың?
Хор: Жарайды аға деу керек!
Әжең сенің түскі асқа,
Қант - кәмпит салды мол.
Жұрттан бұрын ыдысқа,
Өз бетіңмен салдың қол.
Ханша: Не дегенің жөн еді?
Хор: Рұқсат па деу керек!
Үй артында қоқысты,
Жатқан көптен үйіліп.
Тазалайды қарт кісі,
Белі зорға иіліп.
Ханша: Не дегенің жөн еді?
Хор: Көмектесейін деу керек!
4 - аялдама: «Үлкенге құрмет - кішіге міндет.»
Мақал - мәтелдерді жалғастыр.
1. Сыйламаған жолдасын,
Сыйлай алмас өз басын.
2. Балаң жаман болса,
Көрінгеннің мазағы.
3. Тіліңмен жүгірме,
Біліміңмен жүгір.
4. Ақылды қария - ағып жатқан дария.
5. Өз білмегеніңді кісіден сұра,
Үлкен жоқ болса, кішіден сұра.
6. Әдептілік белгісі -
Иіліп сәлем бергені.
7. Әдепті бала - ата - анасын мақтатар,
Әдепсіз бала – ата - анасын қақсатар.
8. Әдепті бала - арлы бала,
Әдепсіз бала - сорлы бала.
9. Сіз деген - әдеп,
Біз деген - көмек.
5 - аялдама:
«Өнерлі бала - сүйкімді»
Көрініс: «Біз әдепті баламыз»
6 - аялдама: «Көп біл - аз сөйле»
Сыйлап үлкен ағаны,
Сәлем берген баланы
Кім дейміз?
Әдепті екен бұл дейміз!
Кітап, дәптер, қаламы,
Кір шалмаған баланы
Кім дейміз?
Ұқыпты екен бұл дейміз!
Таудай биік талабы,
Жақсы оқитын баланы
Кім дейміз?
Үлгілі екен бұл дейміз!
7 - аялдама: «Аулақ бол жаман әдеттен» тыйым сөздер айту.
1. Бүйіріңді таянба.
2. Үлкеннің алдын кеспе.
3. Анаңа ауыр сөз айтпа.
4. Түнде тырнағыңды алма.
5. Босағаны керме.
6. Үйде ысқырма.
7. Табалдырықты баспа.
8. Қолыңды төбеңе қойма.
9. Нанды баспа, бір қолыңмен үзбе.
3. Қорытынды:
Балалар, біздің саяхатымыз аяқталды.
- Біз қандай патшалықта болып қайттық?
- Әдептілік патшалығынан қандай сәлем беру сөздерін үйрендік?
- Қандай сиқырлы сөздер естеріңде қалды?
- Әдепті бала қандай болуы керек?
34 199
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Әдептілік - әдемілік
Әдептілік - әдемілік
Әдептілікке, әдемілікке баулу, күнделікті өмірдегі күн тәртібін, жаман мен жақсы әдет қалыптастырып ажыратуға үйрету. Адамгершілікке, ойынға деген қызығушылығын арттыру.
Сәлем түзелмей, әлем түзелмейді
Сәлем түзелмей, әлем түзелмейді
Сәлемдесудің түрлері, қалай сәлем керектігін үйрету. Сәлемдесудің бала тәрбиесіндегі алатын орнын анықтау.
Әдептен озбайық
Әдептен озбайық
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, "Аудандық көркемсурет лицейі" МКҚК - нің сурет және дизайн пәндерінің мұғалімі Абдикова Мирамкул Жуматова
Әдемі сөз – әдептілік
Әдемі сөз – әдептілік
Қорғалжын ауданы, Дружба орта мектебі, мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі Рахимжанова Әлия Шортанбайқызы
Әдепті өмір сүруге үйрен
Әдепті өмір сүруге үйрен
Шығыс Қазақстан облысы, Көкпекті ауданы, Самар ауылы, Ж.Болғанбаев атындағы Самар орта мектебінің биология пәні мұғалімі Ибраева Гульжанат Ержановна
Әдептілік әлеміне саяхат
Әдептілік әлеміне саяхат
«Әдептілік әлеміне саяхат» тәрбие сағаты Тақырыбы: «Әдептілік әлеміне саяхат»
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×