Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Топырақ

19 сәуір 2013, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
«АУЫЗША САБАҚ - 2» ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТАСЫ
Тақырыбы: Топырақ
Мақсаты: Топырақтың ерекшелігі, құрамы жайлы мағлұмат алу.
Міндеті: 1. Топырақтың ерекшелігі мен құрамы жайлы білу. Тау жынысынан айырмашылығын білу. 2. дүниетанымын, сөйлеу тілін, есте сақтау қабілетін арттыру. 3. табиғатты сүюге, қорғауға, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
әдіс – тәсілі: БжС технологиясы, «Ауызша сабақ 2» картасы
1. Ұйымдастыру кезеңі Үй жұмысы тексерілмейді – бұл жаңа тақырып. Өткен тақырып аяқталған және түйсінуді талап етпейді. Карта бойынша жұмыс жасау реті түсіндіріледі. Ұжымды белсендіру үшін көшбасшыға сөз беріледі. ООМ бойынша жұмыс.
2. Оқушылардың субъекті тәжірибесін өзектендіру. «Ауыз саб - 1» картасының ережесі бойынша 7, 14 немесе 21 сөз санын таңдау
Бүгінгі сабақта біз топырақ., оның ерекшелігі және құрамы жайлы мағлұмат аламыз. Топырақ – жердің өсімдік өсетін беткі құнарлы қабаты. Топырақтың тау жынысынан басты айырмашылығы - құнарлылығында. Таза тау жынысына өсімдік өспейді. Топырақ бірнеше бөліктерден тұрады.
Оқушыларды термин сөздер мен түсініктермен таныстырады.
Оқушылар мәтінді бір бет параққа 4 минуттық есеппен көңіл аударып оқып, оның ішінен тірек сөздерді табуы тиіс. Оқушылар мұғалімнің рұқсатымен тапқан тірек сөздерін айтады.
ООМ белгіленеді. Тіпті оқушы бір - ақ сөз тапса да, ол да бір белгілеу алады. Барлық оқушылардың тірек сөзді табуы керек
Құм, саз, өспейді, құнарлы, қабаты, сіңіреді, жетіледі.
3 - 4 минут; қосу және алу белгісі. Біріншілік белгілеу.

3. Қабылдауды ұйымдастыру.
Есте сақтауға уақыт нормативі 7 сөз – 30 сек. 14 сөз - 1 мин - 15 сек. 21 сөз – 2 мин - 30 сек. Кілтті сөздер жабылады. Оқушылар тақтадағы барлық сөздерді естерінде сақтауы тиіс. Берілген уақыт аяқталысымен сөздерді жасырып қояды және оқушылар сол кеткен уақыт аралығындағыдай уақыт ішінде естеріне сөздерді түсіруі тиіс. Мұғалім сұрақ - жауап жүргізеді, нормаға сай есте қалған сөздерді айтқан оқушыға ООМ ұяшығына екінші қосу белгісі қойылады. Екіншілік белгілеу. Жады бойынша рухсат бір сөз кем.

4. Ұғынуды ұйымдастыру
Қарама - қарсы сұрақ қою.
1. Өзеннің, көлдің жағасында не кездеседі?
2. Таза тау жынысына не өседі?
3. Өзен жағасында иінтіресіп өсетін не? Тал, шілік, қалың шөп
4. Өсімдіктің қаулап өсуі үшін топырақ қандай болуы керек? Құнарлы
5. Топырақтың беткі қабатының түсі қандай? Қоңыр.
6. Оған не араласқан? Қураған жапырақ, ағаштың ұсақ қалдығы
7. Шымды қабатын не шырмап жатыр? өсімдік тамырлары.
8. Өсімдік тамырына басқа нелерді көруге болады? Бунақденелілер, олардың дернәсілдері.
9. Тереңдеген сайын өсімдік тамыры көбейе ме? Азая түседі
10. Төменгі қабатында не кездеседі? Тау жыныстары.
11. топырақтың құнарлы қабаты қалай аталады? Қарашірік
12. Өсімдік қоректік заттарды не арқылы сіңіреді? Тамыры арқылы
13. Күннің көзі өсімдікке қажет пе?
14. Өсімдіктермен нелер қоректенеді?
15. Шіріндіге нелер айналады?
16. Топырақта нелер өзгеріске түседі?
17. Құнарлы қарашірік қалай пайда болады? өсімдіктер мен жәндіктердің қалдығынан
18. Топырақтың тау жынысынан айырмашылығы неде? Құнарлы
19. Топырақ деген не? Жердің өсімдік өсетін беткі құнарлы қабаты.
20. Топырақ қалай түзіледі?
21. Өсімдіктің өсіп жетілуі үшін қандай жағдайлар қажет? Ауа, су, қарашірік, тұз, құм, саз.

Үшіншілік белгілеу.
5. Түсінудің біріншілік тексеруі
Оқушылардың бірін бірі тестілеуі. Оқушылар өткен тақырып бойынша тестілер құрастырады және орынға отырғызу матрицасы арқылы сұралады. Өзге оқушының сайт номерін айту арқылы жүзеге асырылады7 Бірінші нұсқадағы оқушылар тест тапсырмаларын дайындайды, ал екінші нұсқадағылар жауап береді. Төртінші белгілеу.

6. Біріншілік бекітуді ұйымдастыру7
Уақыт 5 минут Оқытылған тақырып бойынша тақырыптық сөздік қорды (ТСҚ) тексеру жүргізіледі. Бесінші белгілеу
Барлық оқушылардың нәтижелері бойынша қосу немесе алу белгілері қойылады.

7. Талдау
1. Сыныптың материалды меңгеру деңгейі анықталады.
2. Сабақтың нәтижесін ескере отырып сол тақырып бойынша жұмыс уақыты болжанады.

8 Түйсіну Мұғалім тағы да тақырыптың аяқталуын болжап, «Ауызша саба 3» картасындағы ойын ережелерінің мүмкіндіктерін айтады.
9 Бағалау. Журналға баға қою келесі норматив бойынша жүзеге асырылады: - 4 - 5 белгі – 5 ұпай. - 3 белгі – 4 ұпай. - 2 белгі – 3 ұпай. - 1 белгі – 2 ұпай.
10 Үй тапсырмасы 4 белгіден кем алған оқушылар үйге тапсырма алады.
9 286
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Топырақтың ерекшелігі
Топырақтың ерекшелігі
Топырақ туралы ұғымдарын кеңейту, оның ерекшелігі мен құрамы туралы мағлұмат беру.
Топырақтың ерекшелігі және оның түрлері
Топырақтың ерекшелігі және оның түрлері
Балалардың ойлау қабілеттерін, байқампаздық пен білім құштарлығын дамыту. Салыстыру және қорытындылау, біліктілігін дамыту. Топырақты қорғау бойынша негізгі шараларды меңгерту. Қоршаған ортаны сүюге баулу.
Топырақ – биосфераның ірге тасы
Топырақ – биосфераның ірге тасы
Оқушыларға топырақ және оның құрамы туралы түсінік беру. Топырақтың маңызын ұғындыру. Дүниетанымын, ой өрісін, пәнге деген қызығушылығын, ақыл - ойын, есте сақтауын дамыту.
Жер қыртысының топырақ қабаты. Таулы жер өсімдіктері мен жануарларын қорғау
Жер қыртысының топырақ қабаты. Таулы жер өсімдіктері мен жануарларын қорғау
Оқушыларға топырақтың ерекшелігі туралы түсінік беру, топырақ пайдасы жайлы түсіндіру. Өткен сабақтар бойынша білімдерін арттыру жұмыстарын жүргізу, тілін дамыту, ойын еркін жеткізуге баулу
Топырақтың ерекшелігі мен құрамы.
Топырақтың ерекшелігі мен құрамы.
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, «Сымбат» жеке мектебі Курмалова Асель Агисовна
Топырақтың ерекшелігі мен құрамы
Топырақтың ерекшелігі мен құрамы
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы, №1орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі Ахетова Ақзира Төлеужанқызы Сабақтың тақырыбы: Топырақтың ерекшелігі мен құрамы.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×