Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


4 - ке көбейту және бөлу кестесі

23 сәуір 2013, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Тақырыбы: 4 - ке көбейту және бөлу кестесі
Мақсаты:
а) білімділік: Оқушыларды 4 - ке көбейту және бөлу кестесімен таныстыру. Көбейту және бөлу арифметикалық амалдардың мәнін ашу. Санды 4 - ке көбейту кестесін құрастыру, 4 - ке бөлу кестесін құрастыру ұстанымын үйрету.
ә) тәрбиелік: Берілген тапсырмаларды орындата отырып, оқушыларды белсенділікке, ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
б) дамытушылық: Сабақ барысында ойындар арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру, логикалық ойлауын қалыптастыру, математика сабағына қызығуын дамыту.
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту
Сабақтың түрі: Саяхат сабақ (топпен жұмыс)
Сабақтың әдісі: ойындар, логикалық тапсырмалар, шығармашылық жұмыстар
Көрнекілігі: суреттер, көбейту кестесі, фигуралар, оқулық, сызба кестелер
Пәнаралық байланыс: сурет, дүниетану, еңбек, ана тілі

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Сәлемдесу.
2. Оқушылардың құрал - жабдығын тексеру.
3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Психологиялық дайындық
Шырылдады қоңырау,
Біз сабақты бастаймыз.
Партамызға отырып,
Өзара көз тастаймыз.
Табыс тілеп көзбенен –
Жаңа білім алуға
Алға қадам аттаймыз.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
№3 - тапсырма
5, 6, 12, 14, 24, 8, 9 сандарының ішінен: 2 санына, 3 санына бөлінетін сандарды жаз.
6: 2=3 --------------- 6: 3= 2
12: 2= 6 --------------- 12: 3= 4
14: 2= 7 --------------- 24: 3= 8
8: 2= 4 --------------- 9: 3= 3
24: 2= 12
ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау:
1. Сынып оқушыларын 2 топқа бөлу.
2. Сандарды, амалдарды, теңдікті пайдаланып, өрнек құрастыру арқылы топтың атын шығару.
Мұғалім:
- Біз орман ішін аралап жүріп келеміз. Бұл не ғажап! Орман мүлде өзгерген. Жаздағы жап - жасыл түсі сұп - сұр болған. Аяқ астына қарай қалсаң, жерге сары кілем төселген сияқты. Сары кілем деп отырғаны не балалар?
- Жапырақтардың түсуі.
- Біздің сыныпта да жапырақтар түсуде. Жел соқты да жапырақтар ұшып кетті. (Балалардың партасының үстіне сандар жазылған жапырақтар түседі) Бірақ бұл ерекше жапырақтар. Оларға өрнектердің мәндері жазылған. Мәні сендердің жапырақтарыңда жазылған өрнектерді табыңдар.

Тапсырмалар:
І топ ------------ ІІтоп
3*3 ------------- 4*3
6*2 ------------- 18: 3
27: 3 ------------ 3*7
24: 3 ------------ 16: 2

(Балалар тақтаға шығып, өздеріндегі жапырақтарды тиісті өрнектің қасына бекітеді)

ІҮ. Жаңа сабақты меңгерту:

№1 - тапсырма
Теңдіктің оң жақ және сол жақтарын салыстыр. Неге алдыңғы өрнектің мәніне қарағанда келесі өрнектің мәні 4 - ке артық?
4*4=4+4+4+4
4*5=4+4+4+4+4
4*6=4+4+4+4+4+4
..............................
№2 - тапсырма
4 - ке көбейту кестесі қалай құрылғанын түсіндір. 4 - ке көбейту кестесін толықтыр.
4*4=16 ------------- 5*4=4*5 -------------- 5*4=20
4*5=20 ------------- 6*4=4*6 -------------- 6*4=24
4*6=24 ------------- 7*4=4*7 ------------- 7*4=28
.......... 8*4=4*8........

4 - ті көбейту кестесі 9*4=4*9 4 - ке көбейту кестесі
№3 - тапсырма
4 - ке бөлу кестесін құрғанда неге 4 - ке көбейту кестесін пайдалануға болады?
16: 4= 4, ----- себебі 4*4 =16 ---------- 4 - ке көбейту кестесі:
20: 4= 5, ----- себебі 5*4= 20 ------------ 16: 4 =4
................... 20: 4= 5
................... 24: 4= 6
................... 28: 4= 7
................... 32: 4= 8
................... 36: 4= 9
Ү. Жаңа сабақты меңгергенін тексеру:
- Орман ішін аралап біраз жүрген соң әп - әдемі тиін көрінді. Ол өзі отырған ағаштың бұтақтарына саңырауқұлақтарды іліп жатыр. Тиін уақытын босқа өткізіп отырған жоқ. Ол қызу еңбек үстінде. Біз де тиінге көмектесейікші. Ол үшін №4, 5 - тапсырмаларды орындауымыз керек.
№4 - тапсырма
Бос орынға тиісті сандарды қой:
№5 - тапсырма
Бос орынға тиісті сандарды қой:
- Біз тапсырмаларды дұрыс орындай отырып, тиінге саңырауқұлақтар жинап бердік. Ол бізге алғысын білдіріп жатыр. Орман ішін одан әрі аралап көрейік. Дөңестеу бір жерден үп - үлкен апан көрінеді. апанның айналасында қарайып шіріген жапырақтар мен таза топырақ жатыр. Бір кезде әлгі апаннан бір аю шыға келді. Ол да қысқа дайындалып жүр. Апанын тазартып, ұйықтайтын жеріне таза жапырақ төсеп жүр. Аюға көмектесеміз бе? Онда №6, 7 тапсырмаларды орындайық.

ҮІ. Жаңа сабақты бекіту:
№6 - тапсырма
Кестені толтыр:
Көбейткіш -------------------- 4 ------- 4 ------- 4 ----- 4 ------- 4 ------- 4
Көбейткіш -------------------- 2 ------- 4 ------- 6 ----- 5 ------- 3 ------- 8
Көбейтіндінің мәні

Сергіту сәті:
Бір, екі, тұрайық,
Алақанды ұрайық,
Жүгірейік, жүгірейік,
Аяқты ұшынан басайық.
Саңырауқұлақтай отырып,
Емендерше тұрайық.
Тұрайық, отырайық,
Тұрайық, отырайық,
Партамызға жайғасайық, тып - тыныш.

№7 - тапсырманы ауызша орындау.
- Жарайсыңдар, балалар! Аю сендерге алғысын білдіріп жатыр. Әрі қарай саяхатымызды жалғастырайық. Мына зытып келе жатқан не екен?
- Қоян.
- Балалар, қоянның да бізге өтініші бар екен. Яғни, ол бізден қырыққабат жинап көмектесуімізді сұрап отыр. Ол үшін №8, 9 тапсырмаларды орындауымыз керек екен.
№8 - тапсырма: Теңдеулерді шеш:
а*4= 16
х: 4= 6
4*с= 24
36: х= 4

№9 - тапсырманы ауызша орындату.
1. Р= (4+4)*2= 16см
2. Р =24, 32, 28см тең шаршылардың қабырғасының ұзындығын тап.
24: 4= 6см
32: 4= 8см
28: 4= 7см
- Мінеки, балалар тапсырмаларды дұрыс орындай отырып, қоянға да көмектестік. Ол да бізге риза.
Шығармашылық тапсырма:
№10 - тапсырма
22см - 6см =16см
16см: 2= 8см

ҮІІ. Сабақты қорытындылау:
- Қазір бәріміз бірге «Бақытты отарба» ойынын ойнайық. Ойын шарты бойынша берілген тапсырмаларды дұрыс орындауымыз керек. Егер тапсырмаларды дұрыс орындай алсақ, үйімізге тез жетеміз.

Тапсырма: Мына сан шығу үшін, 4 - ті нешеге көбейту керек? (мысалы, бала 20 - ны таңдап алады. 20 шығу үшін 5*4 дегені қажет. т. с. с.)

ҮІІІ. Үйге тапсырма:
№11 - тапсырма: Амалдарды орында:
6*4 --------- 4*9 ---------- 5*4 ---------- 9*4 ----------- 8*4
16: 4 ------- 32: 4 -------- 36: 4 -------- 28: 4 ---------- 24: 4
4*8 --------- 4*7 ---------- 4*7 ---------- 4*4 ------------ 20: 4
ІХ. Бағалау.
16 710
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
3 - ке көбейту және бөлу кестесін пысықтау
3 - ке көбейту және бөлу кестесін пысықтау
Мақсаты: 1. Практикалық амалдар негізінде 3 санымен көбейту және бөлу кестесін құрастыру, есеп шығару барысында көбейту және бөлу кестесі туралы білімдерін бекіту;
4 санына көбейту және бөлу кестесін құрастыру
4 санына көбейту және бөлу кестесін құрастыру
Сабақтың тақырыбы: 4 санына көбейту және бөлу кестесін құрастыру.
2 санына көбейту және бөлу кестесін бекіту. Қимылды ойындар
2 санына көбейту және бөлу кестесін бекіту. Қимылды ойындар
2 сандарына көбейту мен бөлу кестесін құру және білу, қолдану. Тақ және жұп сандар.
Санды 2 - ге көбейту және бөлу кестесі
Санды 2 - ге көбейту және бөлу кестесі
2 - ге көбейту кестесін құрастыруды түсіндіру, көбейту кестесін дұрыс пайдалана білуін пысықтау; ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту; жауапкершілікке тәрбиелеу.
Санды 9 - ға көбейту және бөлу
Санды 9 - ға көбейту және бөлу
Санды 9 - ға көбейту және бөлу кестесін біліп, түсінеді.
6 - ға көбейту және бөлу кестесі
6 - ға көбейту және бөлу кестесі
Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Шетпе кенті, Берекет Жұмалиев атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Қалысбаева Нұргүл Баданбайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×