Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ

23 сәуір 2013, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ
Мақсаты:
1. Оқушыларды «Сөз мәйегі - мақал» дегендей, ата - бабамыздан қалған өсиет сөздері арқылы адамгершілікке, ойын нақты, дұрыс жеткізуге, тапқыр сөйлеуге үйрету. Сөз өнері арқылы оқушылардың дүниетанымын кеңейту, тапқырлыққа, даналыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: презентация.

Өтілу барысы:
Құрметті ұстаздар, оқушылар, қонақтар!
Бүгін біздің сыныбымызда «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» ойыны өткелі тұр.
Бұл сайысқа екі топ қатысады:
1. «Сұңқар» тобы.
2. «Тұлпар» тобы.

Мұғалім: Құрметті ұстаздар сіздердің іштеріңізден әділ қазыларды сайлап алсақ.
Әділ – қазы алқалары:
1. Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Қанатова Гүлназия Амандыққызы
2. Бастауыш класс пәндер бірлестігінің жетекшісі: Курмалова Асель Агисовна
3. Бастауыш класс мұғалімі: Алдабергенова Үмит Жомартовна

Мұғалім: Алдымен мақал - мәтел дегеніміз не? Қысқаша тоқталып өтсек:
Мақал - мәтел – ата бабамыздан қалған өшпес мұра. Көлемі жағынан шағын болғанмен, уақыт өткен сайын мағынасы тереңдеп, құны артып, қымбат қазынаға айналып келеді. Мақал - мәтел – тәрбиелік мәні зор, рухани байлық. Осы тұста мен осы мақал мен мәтел айырмашылығын түсіндіріп өткім келіп отыр.

Мысалы: Мақалда қорытынды, тұжырымды түйін айтылады. Айтылар ой нақты толық жеткізіледі. Мысалы: «Ер жігіт елі үшін туады, елі үшін өледі» деген мақалда елді қорғау, жерді қорғау нағыз жігіттің ісі екендігі айтылып тұр.
Ал, мәтелде ой тікелей білдірілмей тұспалдап, жанамалап айтылады.

Мысалы: «Көппен көрген ұлы той». Мұнда не көрсең де халықпен бірге көр, өз басыңның ғана қамын ойлама деген сөз тұспалдап айтылып тұр.
Біздің мақсатымыз, оқушының білімге деген құштарлығын, ізденімпаздығын, оқу деңгейін және ойын нақты дұрыс жеткізуге, тапқыр сөйлеуге салмақты ой айтуға үйрету болып табылады. Ендеше біз бүгінгі сайысымызды бастайық.

1 - бөлім: «Кім көп біледі?» Қатысушы топтар мақал – мәтел айтудан жарысады.(1 минут уақыт беріледі, сол уақыттың ішінде топтар қанша мақал айтса, ұпай саны да соған қарап қойылады)
2 - бөлім: «Мақал – сөздің мәйегі»
(тақтада мақал - мәтелдің басы беріледі, қатысушы топтар мақалды жалғастырады)

1 – топқа:
1. Кітап – білім бұлағы,.... (білім – өмір шырағы)
2. Досы көпті жау алмас,.... (ақылы көпті дау алмас)
3. Бала – бауыр,... (дос – тамыр)
4. Еңбек етсең ерінбей,... (тояды қарның тіленбей)
5. Жері байдың –... (елі бай)

2 – топқа:
1. Ақыл – азбайтын кен,.... (білім – тозбайтын тон)
2. Жолдас қадірін жорықта білерсің,... (дос қадірін соғыста білерсің)
3. Бала – қымбат,... (немере - ыстық)
4. Еңбектің наны тәтті,... (жалқаудың жаны тәтті)
5. Өз елім –... (өлең төсегім)

3 – бөлім: «Кім тапқыр?»
- Ал балалар, мен Сіздерге жұмбақ айтамын. Жұмбақ деген алақанды жұмудан, яғни қолдың ішінде бір нәрсені жасырып, жұмып тұрып, соны тап дегеннен шыққан. Жұмбақ жасырғанда айтылар нәрсені ойда бүгіп қалып, соған ұқсас нәрселерге теңеп, тұспалдап сипаттап айтады. Мысалы:
Тұрғанмен жырақ өзі,
Таусылмайтын шырақ көзі (Күн)
Шарты: Мұғалім жұмбақ жасырады, жауабын айту керек, сол жұмбақтың жауабын тауып айтқан соң, жауабына сәйкес мақал айту керек.

1. Жұмбақ:
Асыраған
Ел жұртты –
Жез мұртты. (бидай)
Мақал: Арпа, бидай ас екен, алтын, күміс тас екен.
2. Жұмбақ:
Жайған жастық сөгілді,
Аппақ мамық төгілді. (Қар)
Мақал: Қалауын тапса қар жанар.
3. Жұмбақ:
Желден желігеді
Судан шегінеді. (От)
Мақал: Отан оттан да ыстық.
4. Жұмбақ:
Жылт - жылт етеді
Жылғадан өтеді. (су)
Мақал: Судың да сұрауы бар.
5. Жұмбақ:
Өзімнен өзгенің бәрін көремін. (Көз)
Мақал: Көз қорқақ, қол батыр.
6. Жұмбақ:
Сылдырдан қорқады, шошынып жортады. (Қоян)
Мақал: Қоянды қамыс, ерді намыс өлтіреді.

4 – бөлім: «Даналық ойдан дән ізде»
Мұғалім: Бұл бөлімде көбейту кестесін дұрыс шешу арқылы, ұлағатты сөздерді табу керексіздер.
1 топқа.
Мектептің жүрегі – мұғалім.
М – 100, і – 96, е – 64, л – 72, к – 81, а – 93, т – 78, п – 92, ғ – 76, ң – 74, ұ – 87, ж – 108, г – 160, ү – 130, р – 110.
25 * 4 -------- 16 * 4 -------- 27 * 3 -------- 39 * 2
32 * 2 -------- 46 * 2 -------- 26 * 3 --------- 24 * 4
37 * 2 -------- 27 * 4 -------- 65 * 2 -------- 55 * 2
8 * 8 ---------- 32 * 5 -------- 48 * 2 --------- 20 * 5
29 * 3 -------- 38 * 2 -------- 31 * 3 --------- 24 * 3
32 * 3 -------- 10 * 10
2 – топқа.
Мектеп – кеме, білім – теңіз.
З – 100, м – 96, і – 64, л – 124, к – 72, ң – 81, т – 160, е – 128, п – 92, б – 135,
32 * 3 ---------- 64 * 2 -------- 36 *2
80 * 2 ---------- 16 * 8 --------- 46 * 2
24 * 3 ---------- 32 * 4 --------- 48 * 2
128 *1 ---------- 27 * 5 --------- 16 * 4
62 * 2 ----------- 32 * 2 --------- 24 * 4
40 * 4 ------------ 2 * 64 --------- 27 * 3
8 * 8 ------------- 25 * 4
Жеңген топты марапаттау.
Қорытынды.
17 154
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мың бір мақал сайысы
Мың бір мақал сайысы
Оқырмандарды “сөз мәйегі - мақал” дегендей ата – бабамыздан қалған өсиет сөздері арқылы адамгершілікке, ойын нақты дұрыс жеткізуге, тапқыр сөйлеуге, салмақты ой айтуға үйрету, ана тілінде сөйлеу шеберлігін арттыру, сөздік қорың молайту.
1001 мақал, 101 жұмбақ
1001 мақал, 101 жұмбақ
Қазақ халқы сөз қадірін біліп, қасиетті сөздерді аузынан тастамай, қастерлеп келе жатқан халық екенін түсіндіре отырып, оқушылардың тіл байлығын, сөздік қорын дамыту және ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту.
Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ
Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ
Мақал - мәтел, жұмбақтар айту арқылы оқушыларды көркем, ұтымды сөйлеуге, қиыннан қиыстыра білуге үйрету. Адамгершілікке, адалдыққа тәрбиелеу. Ата - бабаларымыздың өсиетін қадір тұтуға, мақал - мәтел, жұмбақ арқылы өз елінің ауыз әдебиетін сыйлауға
Мақал – сөздің азығы, Жұмбақ – ойдың қазығы
Мақал – сөздің азығы, Жұмбақ – ойдың қазығы
Ақтөбе облысы, Алға қаласы, Алға мектеп - бақшасы Нугманова Гаухар Тлеубаевна
Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ (қабілеті төмен оқушылармен өткізілген сайыс сабақтың жоспары)
Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ (қабілеті төмен оқушылармен өткізілген сайыс сабақтың жоспары)
Қарағанды облысы, Осакаров ауданы, №1 орта мектебі» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Тусупбекова Жанар Куанышевна
Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ
Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ
Сөз мәйегі - мақал дегендей, ата-бабамыздан қалған өсиет сөздері арқылы адамгершілікке, ойын нақты, дұрыс жеткізуге, тапқыр сөйлеуге үйрету
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×