Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бердібек Соқпақбаев. Ағаштар неге ашуланды?

23 сәуір 2013, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Б. Соқпақбаев. Ағаштар неге ашуланды?
Мақсаты:
а) білімділік: Әңгіменің авторының өмірі мен шығармашылығына шолу, қазақтың ағаштан жасалатын бұйымдарын атау, еңбекке, еріншектікке байланысты мақал - мәтелдердің мән - мағынасын ұғындыру.
ә) тәрбиелік: Әңгіме мазмұнымен таныстыра отырып, оқушыларды табиғатты сүюге, еңбексүйгіштікке, айналаны көгалдандыруға тәрбиелеу.
б) дамытушылық: Шығармашылық тапсырманы орындата отырып, оқушылардың ой - өрісін дамыту, сурет салу өнеріне бейімдеу, дұрыс сөйлеу әдебін қалыптастыру.
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: СТО әдістері: үш қадамнан тұратын сұхбат, топтастыру, ЖИГСО - 1 әдісі(аквариум), кейіпкерге хат жазу.
Көрнекілігі: тірек сызбалар, жыл мезгілдеріне байланысты суреттер, кестелер, еңбек туралы мақал - мәтелдер, тірек сызбалар
Пәнаралық байланыс: математика, дүниетану, музыка, сурет, еңбек

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлемдесу.
Оқушыларды түгелдеу.
Сабаққа назар аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
Әдібай Табылдиев «Жылдардың біл қасиетін!»
(жылнама)

ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту:
Үш қадамнан тұратын сұхбат:
А (Сұхбат алушы) В(Жауап беруші)
1. Қазақша жыл атауларын ата. 1. Тышқан, сиыр, барыс, қоян, ұлу, жылқы, жылан, қой, мешін, тауық, ит, доңыз.
2. Бір жылда неше ай бар? 2. Бір жылда он екі ай бар.
3. Сен қай жылы туғансың? 3. Қоян жылы туылғанмын.
4. Биыл қай жыл? 4. Биыл жылан жылы
5. Қандай жыл мезгілдері бар? 5. Төрт жыл мезгілі бар: көктем, жаз, күз, қыс.
С (жинақтау)
Жыл атауларының жан - жануарларға байланысты аталуы «Жыл басына таласқан хайуанаттар» ертегісінен түйенің жыл басынан құр қалғанын білеміз. Тышқанның жыл басы саналғандығы туралы өлең шумақтарында да бар және осы жылдардың ішінде біз қоян жылы туылғанбыз. Қоян жылы құтты жыл деп саналады. Әр жылдардың өзіне тән жақсы қасиеттері де бар.
Жыл атаулары
Тышқан жылы - тірлікті жыл
Сиыр жылы - зейнетті жыл
Барыс жылы - сәтті жыл
Қоян жылы - құтты жыл
Ұлу жылы - берекелі жыл
Жылан жылы - құрғақ жыл
Жылқы жылы - мархаббатты жыл
Қоян жылы - мол өнімді жыл
Мешін жылы - бақ, жарасымды жыл
Тауық жылы - тұманды жыл
Ит жылы - еңбекті жыл
Доңыз жылы - байсалдылық танытатын жыл.
- Балалар, біз жыл мезгілдерін атап өттік. Қазір жылдың қай мезгілі?
- Көктем.
- Айтыңдаршы, көктемде біз қандай жұмыстар жасаймыз?
- Ағаштар отырғызамыз, гүлдер егеміз, айналаны тазалап, көгалдандырамыз.
- Ендеше, бүгін біз Б. Соқпақбаевтың «Ағаштар неге ашуланды?» әңгімесімен таныс боламыз.
ІҮ. Жаңа сабақты меңгерту:
Сабаққа дайындық:
Денемізді тік ұстап,
Қолымызды қояйық.
Ойымызды жинақтап,
Сабаққа зейін салайық.

- Балалар жазушысы Б. Соқпақбаев туралы өздерің не білесіңдер?

Оқулықпен жұмыс:
1. Әңгімені ЖИГСО - 1 әдісі (аквариум) бойынша оқу.
2. Әңгімені төрт бөлікке бөлу.
а) Ағаш отырғызу апталығы.
ә) Күтім көрмеген ағаштар.
б) Ормандағы ғажап оқиға.
в) Ағаштардың ризашылығы.
Ү. Жаңа сабақты меңгергенін тексеру:
1. Ағаштан жасалатын заттардың тізімін сызбаға түсір.

2. Еңбекке, еріншектікке байланысты мақал - мәтелдер жина.
Дәптермен жұмыс
Шығармашылық тапсырма:
1. Мәтін бойынша әр көріністің суретін сал.
2. Өзің осы тақырыпқа мақал - мәтел жинастыр.
Сергіту сәті
Шаршадым «Ух!» дедім,
Ренжідім «Тух!» дедім.
Қорықтым «Ой!» дедім,
Өкіндім «Ах!» дедім.
Шарасыз «Ех!» дедім,
Таңырқап «О!» дедім.
Біліп ап, «Ә!» дедім,
Қуанып «Ха - ха - ха!» дедім.

ҮІ. Сабақты қорытындылау:
Әңгіме кестесі әдісі бойынша

Әңгіменің аты
Әңгіменің авторы
Кейіпкерлері
Қай кезеңді суретттейді?
Әңгіме немен аяқталды?
Не үйретті?

ҮІІ. Үйге тапсырма:
1. Мәтінді түсініп оқу.
2. Кейіпкерге хат жазу.
ҮІІІ. Балаларды мадақтау.
10 327
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Б. Сокпақбаев Ағаштар неге ашуланды?
Б. Сокпақбаев Ағаштар неге ашуланды?
Бердібек Сокпақбаевтың шығармаларымен таныстыра отырып, мәтіндегі негізгі ойды, идеяны ұғындыру. Ағаштар жайындағы білімдерін кеңейту, мәтінді мәнерлеп оқу дағдыларын және белсенді ынталы оқуға үйрету.
Б. Соқпақбаев «Ағаштар неге ашуланды?»
Б. Соқпақбаев «Ағаштар неге ашуланды?»
Табиғаттың тамаша көрінісі арқылы сенде қандай көңіл - күй туды?
Ағаштар неге ашуланды?
Ағаштар неге ашуланды?
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, №244 Ы. Жақаев атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Мырзахметова Акгулсим Нурлыбековна
Ағаштар неге ашуланды?
Ағаштар неге ашуланды?
Атырау қаласы, Облыстық тіл мүкістігі бар балалардың №3 мектеп - интернатының бастауыш сынып мұғалімі Куандыкова Асылжан Тулегалиевна
Еңбекпен тапқан тиын
Еңбекпен тапқан тиын
Үсенова Баян Алдабергенқызы Бастауыш сынып мұғалімі Негізгі білім беретін №221 Аққұм мектебі Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы
Бердібек Соқпақбаев "Ағаштар неге ашуланды?"
Бердібек Соқпақбаев "Ағаштар неге ашуланды?"
[right]Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы селосы, Б.Аманшин орта мектебі Мукашева Лаззат Амангелдиевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×