Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қош бол, құтты Әліппем!

23 сәуір 2013, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Тақырыбы: Қош бол, құтты әліппем!
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың әліппеден алған білімдерін ортаға салу.
Олардың мақал - мәтел, ертегі, ән айту, тақпақ айту мәнерін көрсету, оқушыларды ана тілі оқулығымен таныстыру.
Үлкенді сыйлауға, сөздерін тыңдай білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: мақал - мәтелдер, нақыл сөздер. Әліппе мен ана тілін безендірген плакат сурет.
Ертегі заттары: шарлар, гүлдер.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Ертеңгілікті ашу.
Мұғалім: Міне, осыдан төрт ай бұрын 1 қыркүйек айында қоңыр күзде қоңырау үнімен алғашқы білім сабағына енген 1 - сынып бүлдіршіндері, бүгін бір асудан асып, қазақ тілінің 42 әрпімен танысып, Әліппе оқулығымен де қоштасып отыр.
Енді ортаға бүгінгі шәкіртіміз, еліміздің болашақ азаматтарын ортаға шақырайық.
( музыка ойналады, оқушылар қол ұстасып ортаға келеді).
«Әнұран» орындалады
1 - жүргізуші: Зейнеп
Жақсы білім көрімдік,
Болсын сізге халайық.
2 - жүргізуші: Сыржан
Не үйреніп не білдік,
Қане, ортаға салайық!
Мұғалім. Балалар, ендеше, ең басты кейіпкеріміз «Әліппені» ортаға шақырайық.
1 - жүргізуші:
Іші толы әріпке,
Білімдіге жарық не?
Хормен: Болашаққа жол ашар
Ол сүйікті – Әліппе. ( осы кезде «әліппе» кіреді)
Әліппе. Нұрым
Барлық әріп бағалы,
Сөзге тірек болады.
Жетелеймін білімге
Мені сүйген баланы.
Балалар, мен бұл мерекеге қуана, толғана келіп тұрмын. Жай келмедім.
Өзімнен бастау алатын, өздеріне даңғыл жол салатын жаңа достарың «Ана тілін» шақыра келдім.
Ана тілі: Гүлмайрам
Ана тілің – арың бұл
Ұятың боп тұр бетте
Өзге тілдің бәрін біл
Өз тіліңді құрметте, - деп ақын Қадыр Мырзалиев айтқандай, мен ана тілі оқулығымын.
Көңілді дауыстарыңды естіп қуанып келдім.
1 - жүргізуші: Зейнеп
Әліппе біздің білім есігін ашқан алғашқы оқулығымыз болса, «Ана тілі» сөз сырын ұқтыратын сырласымыз болатыны анық.
2 - жүргізуші: Сыржан
Ендеше, төрге шығып, төрлетіңіздер, өнерімізге ортақ болыңыздар.
Дана:
Әліппем менің әліппем,
Қолыма сені алып мен
Есігін аштым мектептің
Ертеңгі сәуле жарықпен
Райымбек:
Бітті әліппе сан сабақ
Бүгін үлкен салтанат
Өзге оқулық достаспақ
Әліппемен қоштаспақ
Нұркен:
Әліппемен қош айтысып қаламыз
Енді қолға басқа кітап аламыз
Ата – ана қуанышқа бөленген
Сауатты боп шықты міне балаңыз
Әсемжан:
Бар кітапқа бас болған
Әліппе ғылым анасы
Әліппеден басталған
Даналықтың данасы
Хор: «Әліппе, Әліппе»
Сыржан:
Құрметті қадірлі қонақтар енді әріптер сырын тыңдайық!
Дана:
Ардақтымыз анамыз
Аялаған баламыз
Ақыл - саны ой берген
Ана тілін аламыз
Райымбек.
Әдеп деген немене
Әдеп тәртіп білеміз
Әдеппен сөйлеп күлеміз
Әрқашан жұрт алдында
Әдеп сақтап жүреміз
Нұркен:
Бабаға қарт киелі
Баласы бас иеді
Бала бауыр еті деп
Баласын ол сүйеді
Әсемжан:
Досты сыйлау салтымыз
Достық жасау шартымыз
Достық деген ынтымақ
Достасады халқымыз
Райымбек:
Жақсы көрем інімді
Жақын тартып күнімді
Жалынды жас әдепті
Жарқын інім білімді
Дана:
Заң тәрбие жүйесі
Заңның халық иесі
Заңға әркім бағынар
Заңға тәртіп тиесі
Нұркен:
Отан менің - ата анам
Отан - досым, бауырым
Отан - өлкем астанам
Отан туған ауылым
Әсемжан:
Оқып білім аламыз
Оттай болып жанамыз
Би: «Қаражорға» Райымбек, Нұркен, Мадияр, Қажымұқан, Диар.
Дана:
- Тек деген ол немене?
- Тек деген түп – тамырың,
Отқа түскен жаны мың
Тектілік боп саналар
Елің жайлы танымың
Әсемжан:
- Спорт деген немене?
- Спорт сенің серігің
Саулығың мен сенімің.
Спортпенен шыңдалар
Жігерің мен ерігің
Нұркен:
- Салауаттылық деген не?
- Салауаттылық – сергектік
Таза жүру өмірде
Адамзаттық келбетке
Дақ түсірмеу тегінде.
Райымбек:
- Әдет деген немене?
- Әдет деген бұл ұғым,
Іс - әрекет қылығың
Қалыптасқан жастайдан
Жайлы мінез - құлығың
Хор: «Жарқын жүзді ұстазым»
Сергіту сәті! «Балапандарға көмек керек» (ойын, тапсырмалар)
Ән: «Балапаным» орындайтындар: Зейнеп пен Сыржан
Сыржан: Балалар, біз тек әріп қана танып қоймай, сонымен қатар сандар әлеміне тоқталайық
Дана:
1 дегенім – баспана
Нанды жерге тастама
Райымбек
2 - дегенім – ирек
Қар жауады сирек
Нұркен:
3 дегенім – үтік
Құрбымды көп күттік
Әсемжан:
4 дегенім – ту
Айлакер қу түлкі
Дана:
5 дегенім – бақ
Тайға мініп шап
Райымбек:
6 дегенім бау
Балық аулайтын ау
Нұркен:
7 дегенім жұлдыз
Аспандағы құндыз
Әсемжан:
8 дегенім – серке,
Ән салайық, ерке
Дана:
9 дегенім – талғам
Досым, дұрыс ойлан
Нұркен:
10 дегенім – орақ
Ай деп қалма бірақ.
Ән: «Көк тудың желбірегені» Райымбек, Нұркен, МАД оқушылары
Зейнеп: Өтірік өлең айту да бір өнер екен, балалардың дайындаған өтірік өлеңдерін тыңдайық.
Дана:
Тауықпенен ұшып
Айға қонып келдім
Қасқырларға ұрсып
Тышқан сойып бердім
Көбелектер қыста
Киіп алып тонды
Ілесіп ап құсқа
Гүлден гүлге қонды
Нұркен:
Қоян түнде жортады
Қасқыр одан қорқады
Бұлттың жүнін жұлып ап
Әжем шұлық тоқыды
Кім айтады, қызық – ақ
Өтірік деп осыны.
Қыздардың орындауында «Қазақ биі»
Сыржан: Ал, балалар, енді Әліппе бізбен қоштасқалы тұр. Ол сендерге өзінің ақ тілегін тілейді.
Нұрым: «Әліппе»
42 әріпті игердік
Әріптен буындап сөз тердік
Ризамын, балалар, сендерге
Рахмет айтатын сөз кез келді
Жастарың ұзақ болсын
Күнделіктерің беске толсын!
Мұғалім:
Бүгінгі кеш әр үйдің тойбасы деп саналар
Балалар есімі әулеттерге таралар
Ырым етіп сондықтан, ертеңгілік соңында
Ақ тілекпен баршаға шашу шашар аналар
Қорытынды сөз: мектеп директоры, ата – аналар, ұстаздар.
4 770
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қош бол, сүйікті Әліппем!
Қош бол, сүйікті Әліппем!
Оқушылардың әліппеден алған білімдерін тексеру 4 айдың ішінде мектеп қабырғасында үйренген өнерлерімен жан - жақты білімдерін ата - аналарға көрсету.
Қош бол, сүйікті Әліппем
Қош бол, сүйікті Әліппем
Ата - аналарға баланың 4 айда қандай білім игергенін іс - жүзінде көрсету. Адамгершілікке, ұқыптылыққа, кеш барысында өзін - өзі дұрыс ұстауға ана - тілін сүйіп қастерлеуге тәбиелеу
Рахмет, саған Әліппе!
Рахмет, саған Әліппе!
Әліппеден үйренгендерін тиянақтау, өнерлерін тамашалау, білімдерінің артып, сөз байлығының молайғанын, саналарының өскенін көрсету.
Қош бол, құтты Әліппем!
Қош бол, құтты Әліппем!
Қостанай облысы, Рудный қаласы, №15 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Салтенова Нұргүл Сақтағанқызы
Әліппе - ғылым анасы
Әліппе - ғылым анасы
Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы бастауыш сынып мұғалімі Маденова Эльмира Кайратовна
Әліппемен қоштасу
Әліппемен қоштасу
Ақтөбе қаласы, №1 орта мектептің бастауыш класс мұғалімі Бекбергенова Сара Алимжановна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×