Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Құстарды мүсіндейміз

24 сәуір 2013, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
І. Сабақтың тақырыбы: Құстарды мүсіндейміз ( презентациясымен)
ІІ. Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: мүсін өнері туралы түсінігін кеңейту, түрлі мүсіндеу тәсілдерімен танысу, бедерлі мүсіндеуді үйрену
ә) дамытушылық: мүсіндеу дағдысы мен біліктілігін жетілдіру; байқағыштығы мен зейінін дамыту; қол ептілігіне жаттықтыру.
б) тәрбиелік: мүсіндеу арқылы эстетикалық тәрбие беру; табиғатты аялауға, құстарды қорғауға тәрбиелеу.
ІІІ. Сабақ типі: жаңа оқу материалын меңгерту.
IV. Сабақ әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру.
V. Сабақ көрнекілігі: Слайдтар: құс бейнесі суреттерінің көшірмесі, фотосуреттер, ермексаздан жасалған мүсін үлгілері.

VI. Сабақ барысы:
Ұйымдастыру сәті. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Үй тапсырмасын сұрау.
І топ. Сыйқырлы орман туралы не білдіңдер?
ІІ топ. Сыйқырлы орман нелерден құралады?
ІІІ топ. Суретке қарап нені ұқтың?

Ой қозғау
Бейбітшілік құсы деп, айтады оны барша жұрт. (көгершін)
Қайталап әнімді, көктемде ән салам (көкек)
Су бетін сызып, аққұман жүр жүзіп. (аққу)
Қос қанатын иіп ап,
Жарға келіп қонады.
Қара киім киіп ап,
Балшықтан үй соғады. (қарлығаш)

Бір құс бар, үлпілдеген жүні жұмсақ,
Тұяғы бейне болат алмас пышақ.
Тұмсығы имек көрмейді күндіз көзі,
Шарықтап көкті кезіп, түнде ұшады. (үкі)

Биік шыңда тұрады,
Қалықтайды төбеңде.
Көз тастайды қырағы,
Қонбайды ол төменге (бүркіт)

Барлығының жауабын таптыңыздар. Енді осы жұмбақтардың жауабын не деп атаймыз.
- Құстар.
- Олай болса жаңа сабағымыз Құстарды мүсіндейміз.

Жаңа сабақ
Құс суретінің көшірмесі мен фотосуреттеріне қарап, құстар жайлы, құстардың пайдасы туралы әңгімелесу.

Жер бетінде қанша құс бар? Өте көп, тек біздің еліміздің өзінде ғана құстардың мыңдаған түрлері кездеседі. Олар ауылда, қала, тауда, су қоймаларында – барлық өңірде тіршілік етеді. Құстар адамға пайда әкеледі. Құстар болмаса, зиянкес жәндіктердің кесірінен егін шықпай қалады.

Слайд – құс фотосуреттерін көрсету. Өткен сабақтарда мүсін өнерімен танысып, мүсін жайлы түсінік алдық. Мүсін дегеніміз не? Мүсіннің қандай түрлерін білесіңдер? Мүсін дегеніміз – тас, ағаш, металл, саз балшық және ермексаздан сомдалған бейнелер.
Жұмыр мүсін және бедерлі мүсін.
Мүсіннің барлық жағынан көрінетін түрін жұмыр мүсін деп атаймыз.
Жазықтық бетінен жартылай шығыңқы түрін бедерлі мүсін деп атаймыз. Жұмыр мүсін Бедерлі мүсін Слайд - шоу – құстар мүсіндерін көрсету.
Оқушылар сендер бауырсақ ертегісін білесіңдер ме? Біздер бүгінгі сабағымызды ертегі желісі бойынша алдық. Бүгін біздер бауырсақты құтқаруымыз керек.

Аюдың тапсырмасы
Құстармен танысайық. Көрсетілген құстарды үй құстарын және дала құстарын ажыратып жазу керек.

Сергіту сәті: Ақ көгершін биі
Қасқырдың тапсырмасы
«Ойға жина» Дүниетану, әдебиеттік оқу кітаптарынан құстарға байланысты мәтін үзіндісі берілген. Тапсырма соның тақырыбын табуларыңыз керек.

І топ Құстар жыл сайын ұя салады немесе ескілерін жөндейді. Бұл үшін оларға неше түрлі материалдар - бұтақтар, сабан, шөп, мамық және қауырсын қажет. ( Құстар қалай өсіп - өнеді )

ІІ топ Құстардың арасында жыртқыштары да бар. Олар қыран, бүркіт, кезқұйрық, жапалақ, үкі. Кейбір құстар ұясын Шалғынға салады. Бұлбұл ұясын биік бұта басына салады.(Құстардың алуан түрлілігі)

ІІІ топ Мидай жазық, кең дала, желі жоқ. Күн шуақ. Аспанда ақ сабынның көбігіндей ақ бұлттар. Анда санда шық-шық еткен торғайдың дауысынан басқа жаңғырыққан ешбір тықыр үні естілмейді. (Құштарлық)

Қоянның тапсырмасы
І топ шағын эссе жазу
ІІ топ Өлең шығару
ІІІ топ Ертегі құрастыру

Түлкінің тапсырмасы
Ермексазды пайдаланып құстарды мүсіндеу.
Оқушылар сендер барлық тапсырмаға жауап беріп бауырсақты құтқардыңыздар. Ал сіздерге бауырсақтың ата - анасы риза болып сіздерге бауырсақ беріп жіберіпті. Сіздерге сабақ аяқталғасын таратылады.

Сабақты қорыту
Қандай құстарды білесіңдер?
Құстардың қандай пайдасы бар?
Мүсін түрлерін атаңдар.

Бағалау
Жұмыстың орындалу реті: Қатырма қағазға құс суретін жай қарындашпен салып аламыз. Түрлі - түсті ермексаздан ширатпалар есіп дайындаймыз. Ширатпаларды құс бейнеленген сызықтар бойымен жапсырып, оның ішін өз қалауымызша құстардың толық бейнесін беретін әртүрлі өрнектермен толықтырамыз. Ермексаздан есілген ширатпалармен мүсіндеу әдісін көрсету. Өзіндік жұмыс жасауға қажетті құрал - жабдықтарымызды даярлайық: түрлі түсті ермексаз, жұмыс тақтайшасы, қалақшалар, қатырма қағаз, жай қарындаш, жұмыс соңында қол сүртуге арналған шүберек.

Тапсырма: Ширатылған ермаксаздан құс мүсінін мүсіндейміз. Жеке жұмыс кезінде оқушыларға мынадай кеңес беру: ермексазды қағазға жағып, негіз дайындау кезінде бет біркелкі шығуы үшін ермексазды бірдей қалыңдықта жағамыз, себебі ширатпалар негізге түзу және әдемі орналасуы керек;
түсі бір - біріне қарама - қарсы екі ермексаз бөлігін араластыра отырып, ермексаз ширатпаларын әр алуан етіп жасауға болады;
құс денесін өрнектермен толықтырған кезде оның пішінін бүлдіріп алмауға тырыс.

Сабақты қорытындылау.
Қорытынды сұрақтар:
Қандай құстарды білесіңдер?
Құстардың қандай пайдасы бар?
Мүсін түрлерін атаңдар.
Оқушы жұмыстарына талдау жасау, үздік жұмыстарды мадақтау, оқушыларды бағалау.

Презентациясын жүктеу
17 328
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мүсіндеу: Торғай
Мүсіндеу: Торғай
Балаларды шығармашылыққа, ұқыптылыққа, құстарды қорғауға, мейірімділікке тәрбиелеу.
Мүсін өнері
Мүсін өнері
Мүсіннің шығу тарихы Қазақстан аумағында ежелгі мүсін өнері ескерткіштері тас дәуірінде пайда болған. Бұл тас мүсін – Балбал тастар.
Алтын балық
Алтын балық
Ермексазды есу, шымшып созу және жалпақтау тәсілі арқылы балықты мүсіндеуді үйрету
Құстарды қоректендіреміз (бидай)
Құстарды қоректендіреміз (бидай)
Балаларға құстар жайлы оларды қоректендіру жайлы түсінік беру, бидаймен таныстыру Ермексаздан бидай жасау арқылы саусақ бұлшық еттерін дамыту
Мүсін өнері
Мүсін өнері
Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық колледж оқытушысы Менликулов Нур Машарапович
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×