Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сөйлем

24 сәуір 2013, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Тақырыбы: Сөйлем
Мақсаты: а) Білімділік: Сөйлем және оның түрлері.
ә) Тәрбиелік: Оқушыларға экологиялық тәрбие беру, табиғат анасы ондағы өсімдіктер дүниесі құстар тіршілігіне деген сүйіспеншілік сезімдерін тәрбиелеу.
б) Дамытушылық: Қазақ тілінің байлығы арқылы оқушының тілін дамыту, сауатты, көркем жазу дағдыларын қалыптастыру.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес, экологиялық ертегі сабақ.
Көрнекілігі: Табиғат көрінісі бейнеленген тақырыптық мазмұнды сурет, жасалған құстардың суреті.
Сабақтағы жаңа технологиялар:
Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы:

1. Қызығушылығын ояту
2. Мағынаны тану
3. Ой – толғаныс.
Сабақтың өтілу барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі

2. Оқушылардың білімді және саналы түрде меңгеруге дайындау.
3. Білімді жан – жақты тексеру кезеңі.
1) Көркем жазу минуты.
Бір, екі үш,
Қолға қалам алайық.
Салақтықтан қашпайық.
Әдемі етіп жазайық.
Әдемі жазған оқушыларды мадақтау.
2) Балаларға ертегіні бастап айту.
1 - тапсырма.
1, 2, 3, 4, 5, 6 сандарының бойымен иректелген сызықтар арқылы әріптерді табу.
Ендеше балалар, біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы
«Сөйлем»
Сөйлем сөзден құралады.
Тиянақты ойды білдіреді.

Е: Көгершін әрі қарай теректі емдейтін дәрігер іздеп жолға шығады. Ол жолда сауысқанды көріп, болған жағдайды баяндайды. Сауысқан тілегін орындамайды.
Ендеше біз мына тапсырманы орындайық.
139 – жаттығу (ауызша)
5 сөйлем бар.
Е: Көгершін енді қырғауылға жолығып, болған жағдайды баяндайды. Ол да тілегін орындамайды.
140 - жаттығу. Ребусты шешу. ( ауызша )
Е: Көгершін бұлбұлға жолығады.
141 - жаттығу. (сурет бойынша әңгіме құрау )
Дәптерге жазып отыру.
Сергіту сәті
«Ұшты – ұшты» ойыны
Е: Көгершін аққуға жолығады. Ол да өз тіршілігі барын айтады.
142 - жаттығу. Сөздерді өз орнына қойып, сөйлем құрау.
Е: Көгершін орманды кезіп жүріп бір құсқа жолығады. Ол құс теректі емдеп жазады

Проблемалық сұрақ: Ол қандай құс деп ойлайсыңдар?
Балалар: - Тоқылдақ
- Олай болса бүгінгі ертегімізге қандай тақырып қоюға болады.
- Тоқылдақ – орман дәрігері.

Қорытынды.

Міне, содан бері әлгі терек жайқалып өсіп тұр екен.
Біз жасыл өсімдіктерді, ағаштарды күтсек, біздің денсаулығымызға пайдалы екенін білдіңдер.
Оқушыларды бағалау.

Бүгін бізде қонақта болған достықтың, әдеміліктің белгісі
Ақ көгершіннің құрметіне « Ақ көгершін» әнін орындайық.
Рахмет балалар, сабағымыз аяқталды.
3 163
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сөз және оның құрамы. 1 – 5 жаттығулар.
Сөз және оның құрамы. 1 – 5 жаттығулар.
Сөз құрамымен таныстыру. Түбір мен қосымшаның бір - бірінен айырмашылығын аңғарту. Қосымшаның түрлері жалғау және жұрнақ. Олардың өзіндік белгілері.
Дауысты дыбыстар. Шопан еңбегі. Саққұлақ. Күнделікті сабақ жоспарлары
Дауысты дыбыстар. Шопан еңбегі. Саққұлақ. Күнделікті сабақ жоспарлары
Күнделікті сабақ жоспарлары (Ана тілі 1 сынып). Сабақтың тақырыбы: Дауысты дыбыстар. Шопан еңбегі. Саққұлақ.
«Көркем жазу» факультатив курсынан 1 - сыныпқа арналған күнтізбелік сабақ жоспары
«Көркем жазу» факультатив курсынан 1 - сыныпқа арналған күнтізбелік сабақ жоспары
Оқушының каллиграфиялық қабілетін қалыптастырудың педагогикалық, қоғамдық тәрбиелік мәні зор.
Көркем жазу үйірмесінің 1 сыныбына арналған күнтізбелік жоспары
Көркем жазу үйірмесінің 1 сыныбына арналған күнтізбелік жоспары
Әріп таңбаларын әдемі, көркем етіп салуға жаттықтыру мақсатында жүргізілетін жұмыстар оқушы бойына жақсы қасиеттердің қалыптасуына ықпалы етеді. Таза, әдемі, дұрыс жазуды талап ету оқушының әсемдік сезімін оятып, мінез - құлқын тәрбиелеп,
Әріпті және санды өрнектер
Әріпті және санды өрнектер
Оқушылардың сауатты, көркем жазу дағдыларын қалыптастыру. Ұстамдылыққа, жылдам ойлауға, әдемі сөйлеу тілін дамыту.
Баяндауыш
Баяндауыш
Ақтөбе қаласы, №34 орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі Кыйгашова Сая Бердіғалиқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×