Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Әліппе - білім бастауы

06 қазан 2016, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
«Әліппе - білім бастауы»
Мақсаты:
1. Оқушылардың сауат ашу барысында алған білімдерін тиянақтау. Әр оқушының іс - әрекеттері арқылы икемділігін, шығармашылық мүмкіндігін ашу.
2. Ата - аналарға балаларының үш - төрт айдың ішінде қандай білім игергенін іс - жүзінде көрсету.
3. Адамгершілікке, ұқыптылыққа, өзін - өзі дұрыс ұстауға, ана тілін сүйіп қастерлеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Әріптер қатары, техникалық құралдар, гүлдер, шарлар, нақыл сөздер.
Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар, аяулы да ардақты ата - аналар! Бүгінгі күні сіздер үшін тойларыңызға тағы бір той қосылмақ. ХХІ ғасыр білімділер ғасыры болмақ. Сондықтан жас ұрпақ білімді, сауатты болуы үшін ата - аналарға да жүктелер міндеттер аз емес. Күні кешегі ойын баласы болған сіздердің балаларыңыз, бүгінде бойларына үлкен міндет, жауапкершілік арқалап отыр. Сауат ашу мақсатында қолға алғаш ұстаған кітабы - Әліппе оқулығы. Енді оқушылармен бірге білім бастауы болған Әліппе оқулығымен қоштасу мақсатында «Әліппе - білім бастауы» атты ертеңгілігін ұйымдастырып отырмыз. Білім жолындағы белестерге қанаттары талмай өрлей берсін. Тойларыңыз тойға ұлассын! Ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер! 1 - жүргізуші: Көз салып қараңызшы бойымызға,

Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға
Хош келіпсіз ұстаздар, ата - аналар
Әліппемен қоштасу тойымызға.
Қыр гүліндей жайнаймыз,
Ән сап, билеп ойнаймыз.
Бүгін бізде мереке,
Әліппе тойын тойлаймыз.
Тал шыбықтай бойына,
Әдемі көйлек жарасар.
Ортада біздің сүйікті,
Балдырған балғын балалар.

Ерте, ерте, ертеде бір жаһанда «Әліпби» атты ел болса керек. Бұл елде ханзада мен ханшайым ұзақ жылдар өмір сүріпті. Содан екеуі елдің орта шегіне көшет отырғызады. Оны күтіп бағады. Күтімі жақсы болған алма ағашының тамыры кеңге жайылып көкке шарлап өседі. Алайда ханзада мен ханшайымның алма ағашына көңілдері толмайды. Өйткені оның себебі де бар еді. Ал ол қандай себеп екен? Ханзада: Е, ханшайым, біз отырғызған алма ағашы тамыры жайылып өскенмен неліктен жеміс бермейді? Ханшайым: Ханзада, мұның да бір себебі болар ау! Ханзада: Иә, солай шығар! Күндердің күнінде жемісін беріп, барлығымыз да дәм татармыз.
Әліппе: Амансыздар ма, ханзада мен ханшайым. Мен мұнда 40 әріп пен 2 таңбамды ертіп келдім. Ендеше олар сіздерге көмек беріп қалар.

Менің әр әрпімнің сыры бар. Іші толып тұрған ғажап. Қазір өздері де таныстырар. Ал, кәне, мына көпшілікке әріптердің сырын ашыңдаршы.
(Әр әріп өздерін таныстырған сайын ағаш жеміс бере бастайды, яғни алма ағашына қызыл алмалар пайда болады)
Мұғалім: - Бала деген шіркін - ай балдай екен,
Тәттілігі жая мен жалдай екен.
Арып - ашып даладан келгеніңде,
Бал иісін таттырып алдайды екен, - деп Кенен атамыз айтқандай, кішкене бүлдіршіндердің бал тіліне кезек берейік. (Балалар өздерін таныстырады.)
Музыка баяу ойналады, оқушылар екі - екіден қол ұстасып шығып ортада тұрады

1 - оқушы: Нұржігіт
Енді өзіміз оқып, өзіміз жаза аламыз. Бұл, әрине, Әліппенің арқасы
2 - оқушы: Ақберен
Әліппе деген - алтын жол
Апарар сені алысқа.
Жеңіл емес, ауыр жол,
Тырысып бақ намысқа.
3 - оқушы: Зухра
Ең алғаш алғанымда Әліппені
Қызыға қарай бердім әріптерді.
Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді,
Ұстазым оның кілтін алып берді.

1 - оқушы: Айсұлу
А әрпінен есімім
Айтсам сөздің кесімін
Айсұлу мен боламын
Айдай өсіп толамын

2 - оқушы: Батырхан
«Б» дегенің «Бала» ғой,
Жұмсаса апаң бара ғой.
Велосипед, витамин
«В» әрпінен басталар.
4 - оқушы Нұржігіт
Нұржігіт деген мен едім
Алсам білім тереңін
Н әрпінен есімім
Аламын оқу кемелін

5 - оқушы: Арсен
Арсенмін мен деген,
Білім іздеп, оқу оқып терлеген.
Үздік оқу, саналы өріс біліммен,
Айтыңызшы, бәйгеден кім келмеген?
6 - оқушы Омар О дегенің Омар
Омар деген – мен бала
Жақсы оқысам сабақты,
Одан артық жоқ шара.

7 - оқушы Айжан
«Гу» деп алғаш бөбектер,
Гуілдейді ақырын.
Ғалым, ғылым, ғасырды
«Ғ» білімге асырды.
8 - оқушы: Әсемгүл
«Ш» әрпін айтсақ жасырмай,
Үш аша айыр басындай.
Щеткамен тіс тазалап,
Щеткамен үй ақтадым

9 - оқушы Ақберен
Партамыз отырдық,
Парақтап кітап оқыдық.
Радиодан тыңдап мәз болдық
Рахаттанып хабарды.
10 - оқушы: Айбол
Елге есті ер керек,
Ер жет өсіп ертерек
Ыдысты саздан жасаған
Ықылас – біздің жас маман.

Ақмола облысы, Еңбекшілдер ауданы,
Р. Елебаев атындағы Құдықағаш қазақ орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі
Шарипова Раушангүл Кенжебайқызы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
3 233
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қош бол, сүйікті Әліппем
Қош бол, сүйікті Әліппем
Ата - аналарға баланың 4 айда қандай білім игергенін іс - жүзінде көрсету. Адамгершілікке, ұқыптылыққа, кеш барысында өзін - өзі дұрыс ұстауға ана - тілін сүйіп қастерлеуге тәбиелеу
Қош бол, сүйікті әліппем!
Қош бол, сүйікті әліппем!
Барлық білім беташары Әліппені бітірулеріне байланысты оқушылардың өз ризашылықтарын білдіруі. Өздерінің оқығандарын, үйренгендерін білгендерін көрсету. Оқушылардың сауат ашу барысында алған білімін тиянақтау. Қандай білім игергенін іс жүзінде
Әліппе саған мың алғыс!
Әліппе саған мың алғыс!
Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Тұғыл ауылы, Шоқан Уалиханов атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Капышева Айгүл Қалымбекқызы
"Әліппе деген - алтын жол" әліппемен қоштасу кеші
"Әліппе деген - алтын жол" әліппемен қоштасу кеші
Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Қарауылкелді орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Дусипова Бақыт Рысқұлқызы
Әліппе, саған мың алғыс!
Әліппе, саған мың алғыс!
Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Б. Момышұлы ауылы Г. Орджоникидзе атындағы №1 мектеп - гимназия Бастауыш сынып мұғалімі Бегайдарова Лейле Айдосовна
Әліппеге мың алғыс!
Әліппеге мың алғыс!
Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Ж.Құдайбергенов атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Сәлім Ранагул Айтнұрқызы Тақырыбы: «Әліппе, саған мың алғыс!» Мақсаты:1.Оқушылардың сауат ашу барысында алған білімдерін тиянақтау.Әр оқушының іс-әрекеттері
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×