Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мал шаруашылығы

28 сәуір 2013, Жексенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақ тақырыбы: Мал шаруашылығы.
Мақсаты: 1. Үй жануарларын бағу ж/е өсіру ерекшеліктерімен танысу, өлкеміздегі мал шаруашылығы дамуы туралы білім беру.
2. Танымдық жұмысты, белсенділікті арттыру, шаруашылық салалары туралы білімдерін дамыту.
3. Еңбекшілдікке, төзімділікке, еңбек адамдарына құрметпен қарауға тәрбиелеу, қамқорлық сезімін ояту
Сабақтың көрнекілігі: Қазақстан физикалық картасы, суреттер, бүктемелер, «Сиқырлы қорапша», асықтар, қима әріптер, үй жануарларының тәждері.
Техникалық құралдар: интерактивті тақта, слайд.
Сабақта қолданылған әдістер: Топтастыру, бес жолды өлең.
Пән аралық байланыс: қазақ тілі. биология, география, тарих.

Сабақ барысы: 1 Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық дайындық.
І бөлім
1.«Суреттерді құрастыр» суреттердің қиындылары арқылы топқа бөліну.
Үй жұмысын «Ыстық орындық» ойыны арқылы сұраймын.
2. Тақырыпқа кіріспе: Атауларын жазыңдар.
Құс өсіру - құс шаруашылығы.
Ара өсіру - омарташылық.
Балық өсіру - балық шаруашылығы.
Мал өсіру - мал шаруашылығы.

3. Ассоциация құру, қорғау.
Мал шаруашылығы деген не? (класстер сызып, қорғау)
4. «Топтарға бөлу. Қой, сиыр, түйе, жылқы. Үй жануарларының бейнесінде жасалған тәждерді кигізу.
Әр топ үй жануарларына байланысты кластер құрайды.
5. «Адасқан әріптерден сөз шығару» ойыны.
Төлдер: ------------------- Құлыншақ -------------- Ботақан ------------- Бұзауқан ------------- Қошақан
Пірі: ------------------------ Қамбар ата ----------- Ойсыл қара --------- Зеңгі баба ----------- Шопан ата
Қалай шақырады: ------Құру - құру ------------- Көс - көс ------------- Әукім - әукім -------- Пұшайт - пұшайт

6. Ғажайып қапшық» тапсырмаларды орындау арқылы оқулықтағы жаңа мәтінмен жұмыс.
1 асық - төрт түлік мал туралы қандай өлең немесе ән білесіңдер?
2 асық - мақал - мәтел айту.
3 асық - малдың пайдасын айту.
4 асық - жалңылпаштар айту.

Мәтінмен жұмыс.
1. Әр бөлімін түсініп оқу.
2. І бөлім бойынша сұрақ қою: 1. Жануарлар немен қоректенеді?
2. Жануарларды емдейтін мамандық.
3. Қой қай облыста өсіріледі

ІІ бөлім бойынша сұрақ қою: Жылқының қандай түрлері бар? Жылқы шаруашылығы: Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Ақмола, СҚО - да дамыған
ІІІ бөлім бойынша: Сиыр - Ірі қара мал. Қазақстанның барлық жерінде дамыған.
ІV бөлім бойынша: түйе батыс аудандарында жақсы дамыған. Қазақстанның Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Жамбыл, Маңғыстау, Алматы облыстарында өсіріледі.

7. «Ғажайып қапшық»- асық нөмірленген.
1 асық - төрт түлік мал туралы қандай өлең немесе ән білесіңдер?
2 асық - мақал - мәтел айту.
3 асық - малдың пайдасын айту.
4 асық - жаңылтпаштар айту.
8 Топтық жұмыс: «Мен жарнамашымын» Мал өнімдерін жарнамалау.
1. «Қамбар ата» – тобы. Жылқы – өнімін жарнамалау.
Қазы, қарта, жал, жая,
Сүрет, шұжық балдай, ә?!
Қақтыратын таңдайды
Бал қымызы қандайды!

2. «Ойсыл қара» - тобы. Түйе – өнімін жарнамалау.
Маң - маң басқан, маң басқан,
Шудаларын шаң басқан,
Шөл даланың кемесі
Төрт түліктің төресі
Дертке дауа болатын
Шұбаты бар киелі.
3. «Шопан ата» – тобы. Қой – өнімдерін жарнамалау.

Мал өсірсең – қой өсір
Өнімі оның көл көсір,
Кисең киім, ішсең ас,
Іздесең мұндай табылмас.
4. «Зеңгі баба»- тобы. Ірі қара өнімдерін жарнамалау.
Ыстық - ыстық сүт ішсең,
Дәмі кетпес таңдайдан
Бой жадырап кенеттен
Буы шығар маңдайдан
Малды бақсаң, сиыр бақ
Сүт кетпейді шарадан.

Құнарлы азық
Жақсы жайылым
Шабындық жерлер

9. «Осындай өлке қайда бар?» өлеңін оқушы мәнерлеп оқиды.
10. Бекіту. Тест тапсырмалары:
Бағалау парағы. Рефлексия.
13 454
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жапония шаруашылығы
Жапония шаруашылығы
Жапония елінің шаруашылығы, шаруашылық түрлеріне тоқталу, экономикалық және әлеуметтік дамуының жоғары деңгейге жету себептерін түсіну, оның экологиялық жағдайлары мен мәселелері туралы білім алу
Мал шаруашылығы
Мал шаруашылығы
Үй жануарларын бағу және өсіру ерекшеліктерімен танысу, өлкеміздегі мал шаруашылығы дамуы туралы білім беру. Танымдық жұмысты, белсенділікті арттыру, шаруашылық салалары туралы білімдерін дамыту.
Жылқы шаруашылығы және оның негізгі салалары
Жылқы шаруашылығы және оның негізгі салалары
Ақтау қаласы, №10 орта мектебінің биология пәнінің мұғалімі: Даулбаева Райхан Тажибаевна
Мал шаруашылығы және балық шаруашылығы
Мал шаруашылығы және балық шаруашылығы
Мұғалімдер: Тұмабаева Гүлсім Сәлімқызы (география пәні) Әскербаева Рысхан Сағымбайқызы (информатика пәні)
Егіншілік пен мал шаруашылығы
Егіншілік пен мал шаруашылығы
Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы, А. Тихоненко атындағы орта жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Баймурзилова Айжан Абилгазиевна
Ауыл шаруашылығы технологиясы
Ауыл шаруашылығы технологиясы
Ауыл шаруашылығы технологиясы Егіншілік шаруашылығы, мал шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×