Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бекіту (2сынып)

24 қараша 2019, Жексенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Бекіту (2сынып)
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін пысықтау, тиянақтау, есептер шығару, оқушылардың білімдерін тексеру.
Дамытушылық: Оқушылардың математикалық ойлауын дамыту, шапшаң есептеуге баулу, математика пәніне деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды алғырлыққа, тапқырлыққа, шапшаңдыққа, таза, әдемі жазуға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, үлестірмелі материалдар, аққала макеті,
геометриялық фигуралар, плакат.
Сабақтың өту әдісі: Сұрақ - жауап, аралас.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ.
Пәнаралық байланыс: Дүниетану, ана тілі.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру.
Психологиялық кезең:
Мақсатымыз білім алу,
Міндетіміз еңбектену
5 - ке қолды жеткізу.

II. Үй тапсырмасын тексеру.
№6
10мм 50 см
Ұзындық өлшемдері мен уақыт бірліктерін қайталау.
III. Жаңа сабақ.
- Балалар, жылдың қанша мезгілі бар?
- 4
- Қандай?
- Қыс, көктем, жаз, күз.
- Аяз қысып,
Өрнек сызып,
Терезені торлайды.
Қарға омбығып,
Бет домбығып
Бала шана ойнайды.
Кейде ұлып, кейде ысқырып,
Ұйытқып боран соғады.
Бөбектерім айтыңдаршы,
Бұл қай кезде болады?
- Қыста
- Қыста адамдар немен айналысады, ауа – райы қандай болады?
-...

- Ал, балалар ше?
- Сырғанақ тебеді, аққала жасайды.
- Олай болса бүгін бізде сабақта аққала жасаймыз. Ол үшін берілген тапсырмаларды мұқият орындап отыруымыз қажет.

Оқулықпен жұмыс
№ 1.
Салатқа 5 қияр мен 6 қызанақ және сонша шалғам қосылды. Салатқа қанша қызанақ пен қияр қосылды?
Дәптер мен және тақтамен жұмыс.
Қияр - 5
Қызанақ - 6
Шалғам -? сонша
Шешуі: 6+5=11
Жауабы: Салатқа 11 шалғам қосылды.

№ 2.
Дария қағаздан 7 қызыл, 4 көгілдір және жасыл шаршыларды кесіп алды. Ол қызыл мен көгілдір шаршыларды қосқанда қанша кеcсе, жасыл шаршыдан сонша кесті. Дария неше жасыл шаршы кесіп алды?
Қызыл – 7
Көгілдір - 4
Жасыл -? Сонша
Шешуі: 7+4=11
Жауабы: 11 жасыл шаршы кесті.

Сергіту сәті
Тербеледі ағаштар,
Алдымнан жел еседі.
Кіп-кішкентай ағаштар,
Үп - үлкен боп өседі.

Теледидармен жұмыс
Балалар, сергіту сәтінде айтылғандай келесі біздің есебіміз ағаштарға арналады.
Еменнен біз не жасаймыз?
Емен – ағаш. Шеберлер ағаштан бұйымдар жасайды. Еменнен жасалған парталар мықты болады. Емен ағашына қамқорлық жаса.
Теректен не жасаймыз?
Терек - тамырын өте тереңге жіберіп, діңі мен бұтақтары биікке ұмтылып, жапырақтары жайқалып көп ғасырлар бойы өсіп тұратын ағаш. Үй салғанда үйдің төбесін жабу үшін теректі салады. Оның бойы ұзын, діңі жіңішке болады. Оны көктемде баптап, шыбықтарын шауып тұрады.

№3. 1
Саябаққа 30 терек және одан 10 емен ағашы артық отырғызылды. Неше емен ағашы отырғызылды?
Терек - 30
Емен -? 10 артық
Барлығы -?
Шешуі: 30+10=40
Жауабы: 40 емен ағашы отырғызылды.

№3. 2.
Саябаққа 30 терек және одан 10 емен ағашы артық отырғызылды. Баққа барлығы қанша емен мен терек ағаштары отырғызылды?
Терек - 30
Емен -? 10 артық
Барлығы -?
Шешуі: 30+10=40 (емен)
30+40=70
Жауабы: барлығы 70 ағаш.

№5 Үлестірмелі материалдармен жұмыс.
9+6=6+9
8+7=9+6
12 - 7 11 - 8

Шығармашылық тапсырма
Тапқырлыққа тапсырма.
Фигураның қайсысы артық?
Сөзжұмбақ шешу

IV. Сабақты қорыту
- Балалар мен сендерге өрнектерді оқимын, ал сендер есептеп шығарыңдар.
1) 8 және 10 сандарының қосындысы неге тең?
2) 14 саны мен 8 санының айырмасы неше болады?
3) 20 санынан 10 азайт
4) 36 санына 30 - ды қос
V. Үйге тапсырма беру.
№4
Бағалау.

Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы,
№5 орта мектеп бастауыш сынып мұғалімі
Абилдабекова Касиет Касымбековна
4 046
0
  • 0
0 дауыс
Загрузка...
Жаңалықтар
Бөлу амалының мағынасын пысықтау сабағы
Бөлу амалының мағынасын пысықтау сабағы
Оқушылардың есептей білу дағдыларын қалыптастыру, өткен сабақта алған білімдерін пысықтай түсу, көбейту және бөлу жағдайларын пысықтау.
Квадраттық теңдеу. Есептер шығару
Квадраттық теңдеу. Есептер шығару
Квадраттық теңдеу түбірлерінің формулаларынпайдаланып есептер шығартуға үйрету. Параметрмен, модульмен берілген квадраттық теңдеулерді шығаруға үйрету.
Квадраттық теңдеулерге есептер шығару
Квадраттық теңдеулерге есептер шығару
Оқушыларды квадраттық теңдеу түбірлерінің формулаларын пайдаланып есептер шығартуға үйрету. Параметрмен, модульмен берілген квадраттық теңдеулерді шығаруға үйрету.
Интегралды қолданып есептер шығару
Интегралды қолданып есептер шығару
Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №53 орта мектептің математика пәнінің мұғалімі Утенова Гулнар
Өрнектер а + 1, а + 8, а – 1, а – 8
Өрнектер а + 1, а + 8, а – 1, а – 8
Қызылорда қаласы, № 211 А. Байтұрсынов атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Шамаханова Гүлфира Нұрсұлтанқызы
Туынды тарауына есептер шығару
Туынды тарауына есептер шығару
Туынды тақырыбы бойынша теориялық қайталау, дифференциялдау ережелерін қолдануға, жанама теңдеуін жазуға, күрделі функцияның туындысын табуға деңгейлік есептер шығару, тақырып бойынша білімдерін тексеру.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.