Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Аққу, шортан һәм шаян

01 мам 2013, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Әдебиеттік оқу.
Сабақтың тақырыбы: «Аққу, шортан һәм шаян». (презентация)
Сыныбы: 4
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды Ахмет Байтұрсынұлы аударған И. А. Крыловтың «Аққу, Шортан һәм шаян» мысалымен таныстыра отырып, өлеңдегі негізгі ойды өздеріне таптырып, өз сөзімен жеткізе білуге жағдай жасау.
Дамытушылық мәні: Оқушылардың ойлауын, есте сақтауын және байланыстыра сөйлеу қабілеттерін дамыту, шығармашылық қабілеттерін байқау, дамыта түсуге жағдай туғызу.
Тәрбиелік мәні: Оқушыларды бірлік, ынтымақтастық сияқты әдеттерден үйреніп, осы мысал мазмұны арқылы жаманнан жирендіруге тәрбиелей отырып, топпен ұжымдаса жұмыс істеулеріне жағдай туғызу.
Сабақтың әдісі: Ой шақыру, ойын, іздендіру, сұрақ - жауап, топпен жұмыс, СТО стратегиялары, М. М. Жанпейісованың модульдік технологиясы бойынша ойындар
Сабақтың көрнекілігі: Сюжетті суреттер, үлестірме парақшалар, қағаз, маркер, тапсырмалар интерактивті тақтада портреттер, сызбалар.
Пәнаралық байланыс: Дүниетану, бейнелеу, қазақ тілі.

Сабақтың барысы:
I. Қызығушылықты ояту:
- Біз қандай тарауды өтіп жатырмыз? Тарау тақырыбы: «Біздің алыстағы достарымыз»
Яғни әлем халықтарының ертегі, әңгіме, өлеңдерімен танысып жатырмыз. Ендеше сабағымызды бастамас бұрын келген қонақтармен әр халықтың амандасу түрлерін көрсете отырып амандасып алайық. " Әлемді шарлау" / Оқушылар шеңбер құрып тұрады, амандасу түрлерін көрсетеді/

Әлемдегі ең қызықты сәлемдесу рәсімдері
Кейбір елдер әдеттегі қол алысумен қатар, үлкен сәлемдесу салтанатын өткізеді. Жаңа Зеландияға сапар шеккен жандар маори халқының "хонги" сәлемдесу рәсіміне куә болады. Бұл сәлемдесудің сан ғасырлық тарихы бар. Бір - бірін көрген жандар сәлемдескен кезде мұрындарын тигізіп амандасады. Мұрынмен үйкелесу арқылы олар "ха" рәсімін жүргізеді. "Ха" рәсімі – Тәңірге құлшылық ету.
Жаңа Зеландияға келген кез келген жан ұлысына және жынысына қарамастан, сәлемдескен кезде мұрнымен үйкелісу керек. Бұл заңға тіпті Уильям ханзаданың өзі бағынған.

Тибет. Көптеген елдерде тіл шығару әдепсіздік болып танылса, кейбір жерде тілін шығарған жан жазаға тартылады. Тіл шығару тибет халқына жат емес, себебі олар бір - бірін көргенде, тілдерін шығарады. Бұл рәсім 9 - ғасырда бастау алған. Сол замандағы Тибет елінің көсемі Ландарманың тілі қара болған деседі. Тибет халқы өзгелерге өздерінің жауыз емес екендерін көрсету мақсатында бір - бірін көрген кезде тілдерін шығара бастайды. Бұл дәстүр өз жалғасын әлі күнге дейін табуда.

Жапон халқы сәлемдесу рәсіміне аса ән береді. Бір - бірін көрген кезде олар иіледі. Жастар өзара бастарын изеп амандасады. Ал татамиде тізерлеп отырып, жерге қарай иілу керек.

Кенияға сапар шеккен жандар масаи тайпасын кездестіреді. Масаи тайпасының халқы бір - бірін көргенде, билей бастайды. Би арқылы олар бір - бірімен амандасады. Сәлемдесу биі "адаму" деп аталады, яғни "секіру биі". Билеген кезде шеңбер жасап, ырғалып, секіре бастайды.

Қытай халқының дәстүрлі сәлемдесуі "коутоу" деп аталады. Сәлемдескен кезде қолдарды бүгіп, иілу қажет. Әйел азаматтардың сәлемдесу рәсімі "ваньфу" деп аталады. Олар қолдарын біріктіріп, оны денесінің бойымен төмен қарай сырғытады. "Коутоу" дәстүрі аңызға айналған Хуан - ди патшаның билік еткен тұсында бастау алған еді.

II. Ой шақыру. Н. Носовтың. аударған Р. Рүстемов « Жан біткен қалпақ» мәтіні бойынша сұрақтарға жауап беру. «Ең қазымыр оқушы» танымдық ойыны. Ең көп сұрақ қойған оқушы «Қазымыр оқушы» атанады.

III. Жаңа топ құру. Ендеше қазір түстер бойынша топтарға бөлініп алайық. 1 - топ көк түс. 2 - топ жасыл 3 - топ ақ түс. Орындарына отырып әр топ өз 6 ережесін құрып алады.
Бүгінгі сабақ бойынша әр топ өз 6 ережесін құрып алады.- Енді құрып алған ережелерімізді басшылыққа ала отырып жұмысқа кірісейік.
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» айдарымен сабағымызды сайыс түрінде жалғастырамыз.
- Бұл мақалды қалай түсінесіңдер?
Сендер тек жұмыла, бірге жұмыс жасау арқылы сабақтың мақсатына жетесіңдер. Барлығымыз бірлесе отырып, жұмыс атқарамыз.

IV. Мағынаны тану. Суретпен жұмыс.
Мына суреттерге көңіл бөліңдер.
- Мынау нелер?
- Мектеп, кітапхана, кітап дүкені.
Ал, мынау арбаға жүк артқан адамдар, ол сендер. Сонымен қай топ кітаптарды
мектепке бірінші болып жеткізеді екен?! Іске сәт!

V. «Тарту» өлеңі.
Балалар, бұл - жол басы даналыққа,
Келіңдер: түсіп, байқап, қаралық та
Даналық - өшпес жарық, кетпес байлық,
Жүріңдер, іздеп тауып алалық та!
- Бұл кімнің өлеңі еді? Ой шақыру:
- А. Байтұрсынұлы. Ол кісі туралы біз не білеміз?
- Мысал дегеніміз не?
Мысал деп адам бойындағы кемшіліктерді сынап, адалдық, әділдік, қайырымдылық сияқты жақсы қасиеттерді мадақтап жазатын шығарманы айтады. Мұндай шығармада өсімдіктер мен жануарлар, аңдар мен құстар кейіпкер ретінде алынады.
Мысалдар нені мадақтайды? Мысалдар кімдерді сынайды?
Ахмет Байтұрсынұлы (1873 - 1938) қаңтар айында Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Сарытүбек деген жерде дүниеге келген. Ахмет қоғам қайраткері, ақын, әдебиеттанушы, аудармашы, ағартушы - ғалым, ұлт ұстазы. 1895 - 1909 жылдары ұстаздықпен айналысып, бала оқытады.
1909 жылы И. А. Крыловтың мысалдарын аударып, «Қырық мысал»жинағын шығарды.
Иван Андреевич Крылов (1769 - 1844) жылдар аралығында өмір сүрген. Орыс халқының атақты мысал жазушысы, сатирик, драматург. 1809 жылдың басында И. А. Крыловтың ең бірінші мысалдар кітапшасы шықты. Оның ішінде 23 мысал болды. Олар: «Ворона и лисица», «Музыканты», «Лебедъ, шука и рак», «Ларчик».
Орыс ақыны И. А. Крыловтың мысалдарын Ахмет Байтұрсынұлы аударып, «Қырық мысал»деген атпен кітап етіп шығарған. Бүгінгі сабақта сол жинақтан алынған «Аққу, шортан һәм шаян» мысалымен танысамыз.
Мысалдың негізгі ойын ашуға тырысамыз.

VI. «Ой қозғау» Әр топ өз тапсырмасын тақтаға шығып қорғайды.
1 - топ: Аққу қандай құс?
- Аққу – сұлу, нәзік, өте сезімтал, сақ құс. Ол көлде сырғып жүзеді. Аққу қамыстың ішіне ұя салады. Оның өзгеше сұңқылдаған дауысы бар. Аққулар табиғаттың аса ғажап, қазір сирек кездесетін туындысы. Біздің елімізде оларды аулауға тиым салынған.
2 - топ: Шортан қандай балық?
- Шортан - ірі жыртқыш балық. Қазақстанның барлық табиғи су айдындарында кездеседі. Дене пішіні жебе тәрізді, басы жалпақ, түсі тіршілік ететін ортасына байланысты құбылып отырады. Қорегін шөп арасында жасырынып тұрып, атылып барып ұстайды. Дәмі, еті үшін көп ауланады.
3 - топ: Шаян жайлы не білесіңдер?
- Шаян - қысқа құйрықты, басы кішкентай, мұрттары қысқа. 4000 - нан астам түрлері бар. Олар теңіз, тұщы су қоймаларында және құрғақта өмір сүреді. Олар өлексе және омыртқасыздармен қоректенеді.

VII. Оқулықпен жұмыс.
1. Өлеңді мәнерлеп оқу.
2. Оқушыларға оқыту
3. «Аққу, шортан, шаян суреттері салынған сюжет бойынша әңгімелеу.

Сұрақтар:
1 - топқа: Бұл мысалда кейіпкерлер не істемекші болды?
2 - топқа: Олар жүкті неге орнынан қозғалта алмады?
3 - топқа: Мысал бізді неге шақырады?

VIII. Сөздік жұмысы.
Ғибрат - үлгі, тәрбие, өнеге.
Һәм - және
Дүркін - дүркін - қайта - қайта
Машақат - әурешілік

IX. Сергіту сәті:

X. Дәптермен жұмыс.
Мысалдағы негізгі ой ашылатын жолды дәптерге жазу.
- Негізгі ой дегеніміз - ақынның айтар өсиеті.
XI. «Бейнеге ену»
Мысалды сахналық қойылым етіп көрсету.
Автор: Бір күні Аққу, Шаян, Шортан үшеуі кездесіп қалады. Олар үстіне жүк
тиелген үлкен арба тауып алып, қатты қуанады.
Аққу: - Достар, келіңдер мына арбаны әуеге тартып шығарайық.
Шортан: - Мұны көлге апарайық.
Шаян: - Жоқ, одан да мұны құмға апарайық.
Автор: Сөйтіп үшеуі үш жаққа тартып, арбаны орнынан қозғалта алмайды.

XII. Шығармашылық тапсырма.
ой түйініне сай мақал - мәтелдер жазу.

XIII. Қорытындылау. - Мысалдың аты: «Аққу, шортан, һәм шаян!
- Авторы – А. Байтұрсынұлы.
- Аллегориялық образы: аққу, шортан, шаян.
- Сонда ақын бұл образдар арқылы қандай адамдарды бейнелеп отыр?
- Ақын бұл образдар арқылы ақылсыз, тату емес, ынтымағы жоқ адамдарды бейнелеген.
- Мысалда түйінді ой болады дедік, ол не?
- Түйінді ой дегеніміз – ақынның айтар өсиеті.
- А. Байтұрсынұлының мысалынан түйінді ойды кім тауып оқып береді?
- Сонымен, мысалда түйінді ой шығарманың басында, немесе аяғында беріледі. Мысалдың міндетті түрде тәрбиелік мәні болады. Ол түйінді ой арқылы ашылып, айқындалады.
- Мысал бізді неге шақырады?
- Мысалдың тәрбиелік мәні балаларды бірлікке, ынтымаққа шақыру. Ақынның айтар ойы, өсиеті де осы.
- Сендер біріге жұмыс жасап өз білімдеріңді көрсеттіңдер.
- Біз де осы ғалым атамызға еліктеп, көп жұмыстар атқардық

- Сендер біріге жұмыс жасап мектеп есігін аштыңдар, екі топ та өз білімдері мен біліктілігін көрсетті. Бүгінгі сабақта сайыста «достық» жеңді. Бірге жұмыс атқарғандықтан барлығына бір баға «5» қоямын. Талаптарыңа нұр жаусын!

XIV. «Кім көп біледі?» ойыны. Бірлік, достық туралы мақал - мәтелдер сайысы.
«Бірлік болмай, тірлік болмас»
«Бірлігі жоқ ел тозады,
Бірлігі күшті ел озады».
«Ынтымақ болмай іс оңбас» т. б.
XV. Үйге тапсырма.
1. «Бірлік түбі - тірлік» тақырыбына эссе жазу.
2. Мысалды оқу, соңғы шумағын жаттау.
Бағалау.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
18 571
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
А. Байтұрсынұлы. Аққу, Шортан Һәм Шаян
А. Байтұрсынұлы. Аққу, Шортан Һәм Шаян
Қазақ халқының ұлы тұлғасы Ахмет Байтұрсынұлы шығармасының мазмұнымен таныстыру. Мысал жанры туралы түсінік қалыптастыру.
Ахмет Байтұрсынов, Аққу, шортан һәм шаян
Ахмет Байтұрсынов, Аққу, шортан һәм шаян
Өлеңдегі негізі ойды оқушының өзіне таптырып, ойларын өз сөзімен жеткізе білуге үйрету. Оқушыларды бірлік, ынтымақтастық секілді жақсы әдеттерді үйреніп, осы мысал мазмұны арқылы жаманнан жирендіруге тәрбиелеу.
Аққу, Шортан һәм Шаян
Аққу, Шортан һәм Шаян
Бастауыш сынып мұғалімі: Оңалбаева Меруерт Қожантайқызы
Мысалдар. Аққу, Шортан һәм Шаян. Ахмет Байтұрсынұлы
Мысалдар. Аққу, Шортан һәм Шаян. Ахмет Байтұрсынұлы
Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы, Абай атындағы №4 лицей - мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Маденова Эльмира Кайратовна
Жолбарыс пен түлкі
Жолбарыс пен түлкі
Ақтөбе қаласындағы № 51 гимназияның бастауыш класс мұғалімі Бердеева Айнагуль
"Аққу, Шортан Һәм Шаян" Ахмет Байтұрсынов
"Аққу, Шортан Һәм Шаян" Ахмет Байтұрсынов
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, №32 мектеп - гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Қажығалиева Клара Жанұзаққызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×