Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Білімдерін тиянақтау

03 мам 2013, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Математика
Тақырыбы: Білімдерін тиянақтау
Мақсаты: Өтілген тақырыптардан алған білімдерін тиянақтау, жүйелеу. Ой - өрісін, өзіндік іс - әрекетін, дүние танымын дамыту. Пәнге қызығушылығын арттыру ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілік: нақыл сөздер, қима қағаздар.
Сабақтың түрі: қайталау сабағы,
Әдісі: Ойындар, саяхат,

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі: Психологиялық дайындық.
Орнымыздан тұрайық
Мойнымызды бұрайық
Бір – бірімізге қарайық
Күліп – күліп алайық
Қызығушылықты ояту. Оқушылар біз 4 жыл бойы математика пәнін оқыдық.
Математика пәні бізге не үйретті? (Балалар жауап береді.) Математика – ғылымдардың патшасы. Математикасыз бірде - бір ғылым өз алдына дербес ғы - лым бола алмайды. т. б. Бүгін біз «математика әлеміне» саяхат жасаймыз. Сая - хатта бірнеше аялдама бар, соларға тоқтаймыз.

1 - ші аялдама. «Сандар»
- Сандар туралы не білдік? Натурал сандар дегеніміз не?
- Заттарды санағанда қолданылатын сандар. Олар 1, 2, 3,....
Сандар кластарға бөлінеді, әр класта 3 разряд бар.
Сандарды жазу 1. Елу бес мың төрт жүз қырық сегіз.
2. Үш миллион жеті жүз алпыс бес мың төрт жүз сексен бес.
3. Қырық үш мың елу

2 - ші аялдама. «Арифметикалық амалдар»
96713
+
4564
________

184132
-
9880
________

278
х
38
________
2967
х
305
________
319490: 86

3 - ші аялдама. «Өрнектер»
Өрнек туралы не білеміз?
Әріпті өрнек,
санды өрнек - қосынды айырма көбейтінді бөлінді
Өрнекті ықшамдау
64 + х + 912
в + 72865 + 7
827 х + 96451
4 - ші аялдама. Сергіту сәті. «Қызықты ребус»

5 - ші аялдама. «Теңдеулер»
Теңдеу құр:
А) Белгісіз санды 33 - ке бөліп нәтижеге 243 - ті қосқанда 400 шықты.
Ә) Ойлаған санға 2432 - ні қосқанда 5675 шықты. Ойлаған санды тап.
6 - шы аялдама. «Геометриялық фигуралар»
Геометриялық фигураларды атау.

7 - ші аялдама «Есептер»
Есептің шарты, сұрағы, шешуі, жауабы болады.
Саяжайдан жиналған құлпынайдан 3 литрлік 4 банка, ал қарақаттан 2 литрлік 8 банка тосап қайнатылды. Барлығы неше литр тосап қайнатылды?
Қ. 3 л – 4 б -----------? л ------------ Ш: 3х4+2х8 =28 (л)
Қ. қ. 2 л - 8 б -------------------------- Ж: барлығы 28 литр тосап.

8 - ші аялдама «Логикалық есеп»
Екі шырпыны ауыстырып сиырды артқа қарат.

9 - шы аялдама «Қорытынды»
Математика әлемі туралы не білдік?
Не білгілерің келеді?
10 - шы аялдама «Бағалау»
11 - ші аялдама. Үй тапсырмасы.№5. 267 бет.
4 669
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Оң сандар және теріс сандар
Оң сандар және теріс сандар
Оң және теріс сандармен жұмыс істеу арқылы түсініктерін дамытады, есеп шығаруда жаңа ойлар қалыптастырады
Жай сандар және құрама сандар
Жай сандар және құрама сандар
Жай сандар мен құрама сандарды және құрама сандарды көбейткішке жіктеуді үйрету.
Жай сандар және құрама сандар
Жай сандар және құрама сандар
Жай сандар және құрама сандар Жай сандар мен құрама сандарды анықтай білу және оны есеп шығаруда қолдануға үйрету
Санның бөлінгіштік қасиеттері
Санның бөлінгіштік қасиеттері
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, Теңге ауылы, №11 орта мектептің математика пәнінің мұғалімі Карлова Зина
9 саны және цифры
9 саны және цифры
Тарбағатай ауданы, Қарасу ауылы, В. П. Чкалов атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Тунжамылова Сакен
Математика пәні бойынша 9 сынып оқушыларын ОЖСБ - ға дайындау жоспары
Математика пәні бойынша 9 сынып оқушыларын ОЖСБ - ға дайындау жоспары
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Басықара ауылы, №182 орта мектептің математика пәні мұғалімі Ахметова Мархаббат Жанайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×