Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жаңа Жыл 2019, қош келдің!

17 желтоқсан 2018, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Жаңа жыл 2019, қош келдің! (бастауыш сынып оқушыларына арналған)

Мерекеге қатысушылар:
Жүргізушілер
Ұқыпсыз бала - 6 сынып оқушысы
Сайқымазақ - 3 сынып оқушысы
Ұлу - 4 сынып
Жылан - 4 - сынып оқушысы
Мыстан кемпір -
Алдар көсе - 4 сынып оқушысы
Сиқыршы –
Аяз ата -
Ақшақар - 3 сынып
Өтетін уақыты - 13. 00 Ұзақтығы - 1 сағат

Музыка 2 жүргізуші шығады.
1 жүргізуші:
Уа, халайық жараңдар,
Айналаға қараңдар!
Жаңа жылдық бұл тойын,
Салтанатқа санаңдар.
Қызық көріп, шат болып,
Шаттық күліп тараңдар,

2 - жүргізуші:
Айнала қоршап шыршаны,
Шашылар шашу – жыр әні.
Мынау әсем шыршаға,
Қош келдіңіз, балалар.

1 - жүргізуші: Жаңа жылдық шырша мерекесіне қош келдіңіздер, балалар.

2 - жүргізуші:
Төрлетіңдер, төрлетіңдер.
Шырша сәнің көріңдер.
Әсем әнмен би билеп,
Күй жырларды төгіңдер.

1 - жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата - аналар! Біз сіздерді Жаңа 2019 жылымен құттықтаймыз. Сіздерге жаңа жылда, жаңа табыс, бақыт тілейміз.
Балалар, енді Жаңа жыл мейрамын бастайық.
Ұқыпсыз: Мен Ұқыпсыз адаммын. Үлкен тапсырма ала келдім. Бірақ мен басқа жерге келген сияқтымын. Мен қайдамын?
(Айналасына қарайды) Мына жер маған таныс емес. Бірақ, бұл маңызды
емес. Мен бұл жерге бір маңызды тапсырма ала келдім ғой, ал қалғаны
маңызды емес. Неге келіп едім? А, иә! Жаңа жыл мерекесінің өтуі маған
тәуелді. Маған Жаңа жылды білдіретін сандарды кім айтады екен сол арқылы телефон соғып қонақтарды шақырайын.

Микрофоннан дыбыс шығады. Телефоннан нөмір тере бастайды. Нөмірді дауыстап: 31 12 12 20 19 телефонның дауысы шығады(алдын ала жазып қою!)

Сайқымазақпен сөйлеседі:
Ұқыпсыз:- Алло, бұл кім екен?
Сайқымазақ:- Кімге қоңырау шалдыңыз!
Ұқыпсыз:- Балалар жаңа жылдық сандар айтқан. Соны тергенде Сіздің нөміріңіз шықты.
Сайқымазақ:- Жақсы! Мен Сайқымазақпын. Өзім де сендердің мерекелеріңе бармақшы болып дайындалып жатқанмын. Қазір жетем!

Көңілді әуен қосылады. Сайқымазақ шығады.

Сайқымазақ:
Қане біздің қонақтар!
Басқаға мойын бұрмаңдар!
Бізге қарай жақындап
Қызық күлкі тыңдаңыздар!
(Ұқыпсызға көңіл аударады.)
Сайқымазақ: (Ұқыпсызға) Сен қайдан келдің? Аспаннан түстің бе?

Ұқыпсыз: Мен бір нәрсені шатастырып тұрған секілдімін. Маған екеуміздің біреуіміз шатасып, басқа жерге келіп тұрған секілдіміз.

Сайқымазақ: Біз мерекеге келдік, халық бізбен көңіл көтереді. Сен кімсің өзің?
Ұқыпсыз: Мен Ұқыпсыз адаммын. Жаңа жылға асығып келдім. Енді міне, қайда келгенімді білмей тұрмын.
Сайқымазақ: Қайда асықсаң, сонда келдің. Қарашы айналаңа, адамдарда мереке, барлығы көңілді, бақытты Жаңа жылды қарсы алуда! Қараңыздаршы, қандай тамаша шырша халық сол мерекені қанекей бізбен бірге қалып көңіл көтеріп бәріміз билейік.

(Шыршаны айналып «Жаңа жыл» әні орындалады. Караокеде) №1

1 - жүргізуші: О, халайық, жараңдар.
Қилы - қилы заман бар.
Ит жылы әне жылыстап,
Кетіп барады қараңдар.
О, халайық, халайық.
Қош айтысып қалайық!

2 - жүргізуші: Құрметті достар! Бізге жақсылықтарымен толы болған. Ит жылын шығарып салайық.

Төрде Ит отырады.
Ит: Қуанышты ортамыз сазға ұласқан
Тілегім болсын мәңгі ашық аспан
2019 жыл қадам басқан
Гүлденіп көркейе бер, Қазақстан.!
Келесі жыл бастауын доңызға беремін.(Сахнаға доңыз шығады.)

2 - жүргізуші: Ар бол, Жаңа жыл!
Бар бол, Жаңа жыл.
Қадамың құтты болсын, Жаңа жыл.
Бейбітшілік жылы бол, Жаңа жыл.
Құт - береке жылы бол, Жаңа жыл.

Доңыз: Сәлеметсіздер ме? Кешіккен жоқпын ба? Мен сондай асықтым, сондай жүгірдім. Кешігем деп қатты қорықтым. Менің ең жақсы қасиетім – шапшаңдығым

Толық нұсқасын жүктеу
14 537
0
  • 100
2 дауыс


Жаңалықтар
Келе жатыр Жаңа жыл!
Келе жатыр Жаңа жыл!
Қане, құрбыларым келіңдер, Шырша сәнін көріңдер. Әсем әнмен би билеп, Ән жырларды төгіңдер.
Құтты болсын, құтты болсын, Жаңа жыл!
Құтты болсын, құтты болсын, Жаңа жыл!
Жүргізуші: Уа, халайық, жарандар, Айналаға қараңдар. Жаңа жылдың бұл тойын, Салтанатқа санаңдар!
Күлте қыздың сауық кешіне баруы (жаңа жылдық ертегі)
Күлте қыздың сауық кешіне баруы (жаңа жылдық ертегі)
Құрметті ата - аналар, ұстаздар, оқушылар бүгінгі Жаңа жыл мерекелеріңіз құтты болсын!
Қош келдің, Жаңа жыл!
Қош келдің, Жаңа жыл!
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Ембі қаласы № 1 орта мектебінің мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі Қоспанова Алмагүл Кенестірқызы
Жаңа Жыл - Жаңа Жыр
Жаңа Жыл - Жаңа Жыр
Жаңа жыл елімізге, әр шаңыраққа тыныштық, бірлік, құт-береке әкелсін.
Кел, Жаңа жыл, жаңа жыл! (жаңа жылдық сценарий 2020 жыл)
Кел, Жаңа жыл, жаңа жыл! (жаңа жылдық сценарий 2020 жыл)
Міне достар, тағы да бір жылды артқа тастап жаңа жылға аяқ басып отырмыз. Бұл жыл жаман болған жоқ, біраз жетістіктерге бірге жеттік, жұмылып көтерген жүк жеңіл демекші сіз-біз болып сайтымызды қолымыздан келгенше дамыттық, бұл жерде сіздердің де
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×