Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қайталау сабағы

05 мам 2013, Жексенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Қайталау сабағы
Сабақтың мақсаты:
1. Геометриялық фигуралар олардың қасиеттері мен периметрін анықтау тақырыптары бойынша алған білімдерін кеңейту.
2. Ұзындық өлшем бірліктері туралы білімдерін еске түсіру. Шамаларға амалдар қолдана отырып, есептей білуге жаттықтыру.
3. Есепті шығарудағы білім, білік дағдыларын жетілдіру.
4. Оқушылардың ауызша есептей білу дағдыларын арттыру.
5. Математикадан алған білімдерін өмірде пайдалана білуге баулу.
6. Математиканың өмірдегі маңыздылығын ұғындыру.
Сабақтың типі: дәстүрлі сабақ.
Сабақтың түрі: қайталау.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, талдау, салыстыру, ой қозғау.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, оқулық, үлестірмелі материалдар, геометриялық фигуралар
Пән аралық байланыс: ана тілі, дүниетану.

Сабақтың құрылымы:
I. Ұйымдастыру кезеңі (1 минут)
а) Психологиялық дайындық
II. Өтілген материалды қайталау (4 минут)
III. Ауызша есептеу жүргізу (3 минут)
1. Фигуралар, олардың қасиеттері.
2. Периметрді анықтау.
3. Ұзындық өлшем бірліктері.
4. Ұзындық өлшем бірліктерінің арасындағы қатынас.

IV Оқулықпен жұмыс (17 минут)
а) №1 Ауызша есептеу
ә) № 2 Оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыру
1) қабілетті оқушылармен жұмыс
б) №4 Тақтамен жұмыс
в) №3 Тақтамен жұмыс
V Сергіту сәті (2 минут)
VI Математикалық диктант (4 минут)
VII Оқушылардың танымдық қабілеттерін дамытуға арналған жаттығу (5 минут) №6
VIII Логикалық тапсырма (7 минут)
IX Сабақты қорытындылау (2 минут)
X Бағалау (30 секунд)
XI Үйге тапсырма: №5 (ә) №6 (3 - ші мысал) бет137 (30 секунд)

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
- Балалар, кезекті математика сабағын бастайық!
а) Психологиялық дайындық
Басымызды иеміз,
Сәттілік тілейміз!
Бірімізге – біріміз
Көмектесіп жүреміз!
Қадірменді қонақты
Құрметпен қарсы аламыз!
Сыйлап өткен ұстазды
Тәрбиелі боламыз!

- Математика дегеніміз – тек сандар ғана емес: мұнда басқа да керемет нәрселер көп. Математиканың бір саласы – «геометрия» болып табылады. «Геометрия» сөзінің мағынасы ежелгі грек тілінен аударғанда «жер өлшеу» деген мағынаны білдіреді.
- Балалар, біз сендермен өткен сабақтарда геометриялық фигуралармен танысқанбыз. Қандай геометриялық фигураларды білеміз?
- Өте жақсы! Қазір сендер осы геометриялық фигуралардан үй құрастырасыңдар! Ол үшін сендер фигуралардың артында жасырынған есептеулерді ауызша орындайсыңдар. Сабаққа қатысып отырған оқушыларға мен фишкалар беріп отырамын, кімде - кім көп фишка жинаса сол жақсы баға алады.

Өтілген материалды қайталау.
- Енді назарымызды тақтаға аударайық. Тақтадан қандай фигураларды көріп тұрмыз?(Интерактивті тақтадан тіктөртбұрыш, шаршы фигураларын көрсету.)
- Бұл фигуралар тіктөртбұрыш, шаршы екен!
- Тіктөртбұрыш және шаршы фигураларына тән қандай қасиеттері бар еді?(Тіктөртбұрыштың қарама - қарсы жатқан қабырғалары тең болады. Шаршының барлық қабырғалары тең болады.)
- Ал, фигураның периметрін қалай табамыз?
- Ал, өмірде периметрді анықтаудың қандай қажеті бар?
- Кімге қажет?
- Не үшін қажет?
- Мысалы үйдің ауласына қоршау жүргізу үшін, периметрді білу қажет!

Оқулықпен жұмыс.
- Балалар, фигуралардың қабырғалары неден құрастырылған?
- Иә, дұрыс айтасыңдар, кесінділерден құрастырылған екен. Енді осы кесінділердің ұзындығын табуға арналған 1 - тапсырмаға қарайық!
- 1 - тапсырманың (ә) қарап оқиық. Бұл тапсырмада үшбұрыштың әр қабырғасын өлшеп, периметрін табу керек. Ең алдымен сол жақ қабырғасын, содан кейін оң жақ қабырғасын, одан кейін төменгі қабырғасын өлшейміз
Р= 3см + 2 см + 4 см= 9см

Өзіндік жұмыс:
- 2 - тапсырмаға қарайық. (тапсырманы 1 оқушыға оқыту) Бұл суреттегі фигуралардың аттарын атап шығайық.
- Көк түсті фигура қалай аталады?
- Жасыл түсті ше?
- Қызыл түсті ше?
- Олай болса фигуралардың қабырғаларын өлшеп, периметрін табасыңдар!
- 1қатарға көк түсті, 2 - қатарға жасыл түсті, 3 - қатарға қызыл түсті фигуралар тапсырылады. Бұл тапсырманы өзіндік жұмыс ретінде орындайсыңдар!
1 - қатар: Р= 4см + 2см+ 4см + 2 см=12 см
2 - қатар: Р= 2см + 2см + 2см + 2см=8см
3 - қатар: Р= 3см + 2см + 5см +4см =14см
Қабілетті оқушылармен жұмыс: үш оқушыға үлестірмелі материал беру, тақтаға шығарып сұрау. Оқушы берілген үлестірмелі материалда сызылған фигураның бұрышын анықтау керек.
Тақтамен жұмыс:
- Фигураның периметрін табу үшін қандай өлшем бірлігін алдық?
- Сантиметр
- Сантиметр нені өлшейтін бірлік?
- Ұзындықты.
- Ұзындықтың сантиметрден басқа тағы қандай бірліктерін білесіңдер?
- 1 см - да қанша мм?
- 1 дм - де қанша см?
- 1 м - де қанша см?
- 1 м - де қанща дм?
- Ендігі орындайтын тапсырма осы ұзындық өлшем бірліктеріне амалдар қолдану, яғни 4 - тапсырма
Сергіту сәті:
Автор:
Ертеде өмір сүріпті
Ағасы мен інісі
Қайырымды бопты ағасы
Тентек екен інісі
Үлкеннің аты - төртбұрыш
Інісі оның – үшбұрыш
Сол бұрыштан шығыпты
Інідегі бар ұрыс
Төртбұрыш:
- Інім - ау, қандай жаман тұрысың!
- Неге бітпейді ұрысың?
Үшбұрыш:
- Өзіңе бір сәт қарашы
- Сөзімнің айтсам дұрысын
- Мен арық та, сен толық
- Неге көп сенің бұрышың?
Автор:
- Салмақты аға сөйледі
Сөйлегенде бүй деді:
Төртбұрыш:
- Мен төртбұрыш, мен үлкен
- Сен кішісің қарағым!
- Бұрышта емес сен білсең
- Қажеттілікке жарауың!
Автор:
- Жатты ағасы ұйықтап
Жастық, көрпе тұйықтап
Інісі кесіп тастапты
Төртбұрышын қыйықтап.
Таңертең інісі қараса,
Шошынып тіпті қалады
Төртбұрыштың орнына неше бұрыш қалады?
Тақтамен жұмыс:
- Енді назарымызды 3 - есепке аударайық. Есептің берілгенін бәріміз хормен оқиық!
- Есеп не туралы?
- Есепте қандай заттар туралы айтылған?
- Қызыл қарындаш қанша тұрады екен?
- Қалам қанша тұрады екен?
- Жай қарындаш белгісіз, оның бағасы туралы не айтылған?
Талдау сұрақтары:
- Есептің сұрағына жауап беру үшін бізге нелер белгілі болу керек?(қызыл қарындаштың, жай қарындаштың, қаламның бағалары)
- Олар бізде белгілі ме?
- Жай қарындаштың бағасы туралы «сонша» сөзі арқылы оның бағасын біле аламыз ба?
- Барлық заттардың неше теңге тұратындығын табу үшін қай амалды пайдаланамыз?(+)
- Ал бізде барлық заттардың бағасы белгілі ме?
- Қаламның бағасын қалай табамыз?
- (20+60) Неліктен? Өйткені 60 тг қымбат.
- Қаламның бағасы белгілі болды. Енді барлығын таба аламыз ба?
- Ол үшін не істейміз?

Математикалық диктант
- 5 - тапсырманы математикалық диктант ретінде орындайық! Ол үшін сендердің мұқият тыңдауларың қажет. Мен сандарды оқып тұрамын, сендер сол сандарды тізбектеп жазып отырыңдар. Соңынан жауаптарыңның дұрыстығын тақтадан тексеретін боласыңдар.
- Бастайық! (Оқушылар математикалық диктантты жазып болғаннан кейін интерактивті тақтадан сандар тізбегін ашу.)
- Сандар тізбегін ашамын, сендер осыған қарай отырып өздеріңді тексересіңдер. Әрбір дұрыс жауаптарыңа «+» таңбасын, қате жазылған тұсқа «-» таңбасын қойып шығыңдар.
- Қорытынды шығарайық!
- Енді бір қатесі жоқ оқушылар тұрсын, «Өте жақсы» орындады деп есептеймін. 1 - 2 қате жібергенге «жақсы» деңгейде орындағандар. 3 - қате одан да жоғары қатеге «орташа» деңгейде деп есептеймін! Демек бұл оқушыларға ондық, бірліктерді қайталау керек!

Логикалық тапсырма
- Қай санға қай санды қосқанда 100 шығады?
- Балалар бірліктері 0 - ге тең сандарды қосқанда ғана 100 шыға ма?
- Жоқ, бірліктері саннан аяқталатын сандарды қосқанда да 100 шығады екен.
- Қосуға кері амал қай амал?
- Ендеше қосуды азайтумен тексереміз?
Логикалық тапсырма:
Р= 3 см + 6 см + 3 см + 6 см= 18 см
Сабақты қорытындылау:
- Математиканың тек сандар ғана емес екендігіне біз бүгін де көз жеткіздік. Әр түрлі жаттығулар орындай отырып математикадан білімімізді кеңейттік. Математиканы меңгеру өте қажет екен. Өйткені ғаламдағының барлығы математика заңдарына бағындырылған.

Бағалау:
- Ал, бүгін біз математиканы қалай меңгердік, қазір соны анықтайық! (фишкаларды санау)
Үйге тапсырма:
5 - тапсырма(ә), 6 - тапсырма (3 мысал жазу) бет 137
17 267
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қайталау. Көп таңбалы санды бір таңбалы санға ауызша көбейту және бөлу тәсілдері
Қайталау. Көп таңбалы санды бір таңбалы санға ауызша көбейту және бөлу тәсілдері
Көп таңбалы санды бір таңбалы санға ауызша көбейту және бөлу тәсілдерін пысықтау, білімдерін бекіту. Ауызша көбейту және бөлу дағдысын қалыптастыру, өз бетінше есептей білуге машықтандыру; Ұқыптылыққа, шапшаң есептей білуге тәрбиелеу;
Қайталау. Кестелік қосу және азайту
Қайталау. Кестелік қосу және азайту
Геометриялық фигуралар және олардың қасиеті, қосудың қасиеті, кестелік қосу мен азайту, екі амалмен шығарылатын есеп, амалдардың орындалу тәртібі мен жақшалар тақырыптары бойынша алған білім, білік, дағдыларын тексеру, бекіту.
Тік төртбұрыш және оның қасиеттері
Тік төртбұрыш және оның қасиеттері
Тік төртбұрыштың қасиетін анықтау; оның мәнді белгілерін, ең жақын реті – төртбұрыш, ал түрлік ерекшелігі - барлық бұрыштарының тік болуын тағайындау
Тік төртбұрыштың (шаршының) периметрі және ауданы
Тік төртбұрыштың (шаршының) периметрі және ауданы
Тік төртбұрыш туралы алған білімдерін еске түсіру, тік төртбұрыш пен шаршының периметрін және ауданын әр түрлі тәсілмен табуды түсіндіру.
Бастауыш сыныптарына сабақ топтамасы (математика)
Бастауыш сыныптарына сабақ топтамасы (математика)
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, №32 мектеп - гимназиясының бастауыш класс мұғалімі Матаева Жанар Махамбетиярқызы
Ұзындық және оның өлшем бірліктері
Ұзындық және оның өлшем бірліктері
Қостанай облысы, Меңдіқара ауданы, Төлеңгіт ауылы, Төлеңгіт негізгі мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Тюлекова Раушан Андрейқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×