Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қызықты математика

11 мам 2013, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Қызықты математика.
Мақсаты: 1. Оқушылардың математикадан алған білімдерін тексеру.
2. Әр түрлі тапсырмалар арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту
3. Пәнге қызығушылықтарын ояту, байқампаздыққа достыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: нақыл сөздер, суреттер.
Түрі: Жарыс сабақ.

Сайыстың өту барысы.
1. Ұйымдастыру.
- Бүгін біз қай топ жеңіске жететінін анықтаймыз. Әр топ өздерінің аттарын таңдайды.(Жеребе алу тәсілімен.) Сол таңдаған аттарына байланысты мақал айту.
1-топ Білімділер 2топ Еңбекқорлар
- Кім жүйрік болса сол алады.
1-кезең. «Білім аукционы»
Біліміңді бағала, 2 топқа сұрақтар беріледі, топ мүшелері сұраққа жауап береді. Қай топ дұрыс жауап берсе, сол топ ұпай алады.
1) Таяқшаның екі шеті бар.
Бір шетін кескенде таяқшаның шеті неше болады?
2) Жеті рет кір жуғаннан кейін сабынның көлемі ұзындығы жағынан да, ені жағынан да, қалыңдығы жағынан да 2 есеге кішірейді Қалған сабын неше рет кір жууға жетеді деп ойлайсыңдар?(7)
3) Үстелдің 4бұрышы бар. Бір бұрышын кесіп тастасақ неше бұрышы қалады?(5)
4) Әжесі немересіне 8қолғап тоқиды. Немересі нешеу? (4)
5) Қандай тастар суда жоқ?(құрғақ)
6) Су қайда құрғақ болады?(картада)

2- кезең «Кім зерек?»
1-топ.
1. Үшбұрыштың түрлерін ата.
2. Шаршы деп қандай фигураны атайды?
3. 1ғасырда неше жыл бар?
4. Ұзындық бірліктерін ата.
5. Шаршының 1 қабырғасының ұзындығы8см, ауданы нешеге тең?
2-топ.
1. Бұрыш түрлерін ата.
2. Үшбұрыш деген қандай фигура?
3. 1тәулікте неше сағат?
4. Масса бірліктерін ата
5. Шаршының ауданы 36см, қабырғасының ұзындығы нешеге тең?

3-кезең «Келесі»
Әр топқа 5сұрақтан беріледі. Егер топ жауабын білмесе, топ капитаны келесі сұраққа көшуін сұрайды.
1-топ Білімділер.
1. Ұзындығы 6см, ені 7см тік төртбұрыштың ауданы нешеге тең?
2. Бірдей 9 ыдыста 45кгбал бар. Осындай 12ыдыста неше кг бал бар?
3. 936 саны 9 - ға бөліне ме?
4. Екі адам 2сағат шахмат ойнады, әрқайсысы неше сағат ойнады?
5. 1 кг мақта ауыр ма, 1 кг темір ауыр ма?
2-топ Еңбекқорлар.
1. Тік төртбұрыштың ұзындығы 6см, ені 4см периметрін тап.
2. Әлібек 1айда 7қызықты кітап оқыды. Осы қарқынмен 1жылда қанша кітап оқиды?
3) 1050 саны 5бөліне ме?
4) 1 тәуліктің 1/6 нешеге тең?
5) Ең үлкен төрт таңбалы санға1 - ді қоссаң неше шығады?

4 - кезең «Кім жылдам?»
1топ Білгірлер
3 3 3 3 3 3 =999
2 топ Еңбекқорлар
5 5 5 5 5 550
5 кезең « Қызықты есептер»
1-топ ----------------------------------------------- 2топ
Бес бұтақты ағашта, ----------------------------11 түйе, 5 жылқы,
Бұтақ сайын бес алма, -------------------------2 сиыр, 2 ешкі,
Біреуін бер Омарға, -----------------------------2 қоян, 3 түлкі,
Сонда қалмақ қанша алма? (24) ----------- Таба алмасаң бұл күлкі?

6 - кезең « Сергіту сәті»
Әр сұраққа қимылмен жауап беру.
- Қалың қалай?
- Жүзуің
- Алысқа қара.
- Қол бұлға
- Түнде ұйықтайсың ба?
- Қалай
Қорытынды шығарып, топтарды марапаттау.
35 285
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Тік төртбұрыштың (шаршының) ауданы
Тік төртбұрыштың (шаршының) ауданы
Оқушылар тік төртбұрыштың (шаршының) ауданының формуласын пайдалана отырып ауданды табумен танысады. Кестелік көбейту мен бөлуге берілген есептерді шығарады. Есептер шешу арқылы ойлау қабілеті дамиды.
Зерде танымдық ойын
Зерде танымдық ойын
Оқушылардың жан - жақты білімдерін тексеру, логикалық ойлау, есте сақтау қабілеттерін шыңдау. Өз ойын жеткізе білуге тәрбиелеу. Нақыл сөздер, тапсырмалар, логикалық тапсырмалар, әр топқа даярлаған үстел, интерактивті тақта.
Ондық бөлшектер
Ондық бөлшектер
Ондық бөлшектерді бөлу амалы бойынша білімдерін пысықтау, жүйелеу
Қызықты электр әлеміне саяхат
Қызықты электр әлеміне саяхат
Өндірістік оқыту шебері: Г. Танкаманова
Математикалық сайыс
Математикалық сайыс
Білім алушылардың математика пәніне қызығушылықтарын арттырып, логикалық ойлау қабілетін ширатып, математика тарихы мен математикаға қатысты жұмбақтар шешу дағдысын жаттықтыру.
Қызықты математика
Қызықты математика
Оқушылардың сабақта алған білімдерін жүйелеу, пысықтау. Өзін - өзі бақылауға, өз бетімен жұмыс істеуге дағдыландыру
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×