Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жұбан Молдағалиев. Кішіпейілдік

17 мам 2013, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Мақсаты: мәтіннің негізгі ойын ашу, кішіпейілдік әркімге тән екенін ұғындыру.
Міндеттері:
Білімдік: мәтіннің негізгі ойын анықтау арқылы дағдыларын қалыптастыру, адами құндылықтарды тани білу, кейіпкер портретін жасау, жоспар құру дағдыларын қалыптастыру.
Дамытушылық: оқушылардың ой - өрісін, дүниетанымын кеңейту, сөздік қорларын, тіл байлығын арттыру.
Тәрбиелік: бірлесіп жұмыс жасауға, тіл табыса білуге, бір - бірін сыйлау сияқты жоғары адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу.
Көрнекілік: интерактивті тақта, бағалау картасы, тақырыпқа сәйкес дидактикалық материалдар
Сабақтың әдістері: ділгірлік, танымдық, кітаппен жұмыс, дискуссия, саралау
Пайдаланған технология: СТО
Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру бөлімі
Біз қандаймыз, қандаймыз?
Шұғылалы таңдаймыз,
Күлімдеген күндейміз,
Еш уайымды білмейміз.
Ой шақыру:
Кішіпейілдік» сөзінің мағынасын ашу
- Кішіпейілдік сөзін қалай түсінесің?
- Кішіпейілдік қасиеті барлық адамда бар деп ойлайсың ба?
- Сыныпта кім кішіпейіл деп ойлайсың? Мысал келтір.
Мағынаны тану
Кішіпейілдік сөзінің мағынасын ашу
Әңгімені осы тақырыпта өрбіте отырып, оқушыға кішіпейіл сөзіне сөздік жасауға бағыт беру.
- Кішіпейіл сөзіне логикалық анықтама бер

ІІ Жаңа сабақ
Негізгі кейіпкерлер
М. Әуезов, М. Ғабдуллин туралы екі оқушы түсінік береді. (алдын ала берілген тапсырма бойынша)
Мәтіннің авторымен таныстыру Ж. Молдағалиев туралы түсінік беру
1. Өмірбаяны 2. Шығармалары 3. Шығармаларының негізгі тақырыбы
Сөздік жұмысы
Игі іс - сөзді сөйлем ішінде келтіру арқылы түсіндіру
Кемеңгерлік - морфологиялық тәсіл арқылы түсіндіру
Мәтінмен жұмыс
1. Бөлімдерге бөліп талдау
а) Тыңдау ә ) Іштей оқу б) негізгі ой
1. Жоспар құру, тірек сөздерді табу, есте сақтау

Мәтінді талдау (түсті қағаздар арқылы)
Ақ - статистикалық деректер
Сары - оқиғаның жақсы жақтары
Қызыл - бастан кешкен сезімдер
Көк - Не білдің? Не үйрендің?
Жасыл - шығармашылық тапсырма:
1. Мәтіннен М. Әуезовтің сөздерін тауып айт
2. Кейіпкер портретін тауып оқы
3. М. Әуезовтің тұратын жерінің суретін салып көр.
Қорытынды
- Мәтіннің негізгі идеясы неде?
- М. Әуезов және М. Ғабдуллин туралы қосымша қандай мәліметтер алдыңдар?
«Жүрекше» ойыны
Барлығымыз қолымызды жүрекке қойып тыңдайықшы. Ол өмірге толы қуатты. Олай болса, барлығымыз жүрекшені алып, өзімізде бар адамгершілік қасиетін жазайық.
Үлкен жүрек - біздің класымыз. Онда сендерге арналған орын бар. Олай болса барлығымыз бір жүректей болайық. Ұлы Абай сөзімен айтқандай жүрегіміз жылы болсын!
Бағалау картасы бойынша оқушыларды бағалау.
Үйге тапсырма: Мәтінді оқып, мазмұнын айту.
6 699
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қызанақ
Қызанақ
Үлгіге сүйене отырып, дайын пішіндерден бейнелерді сала білуге үйрету. Сурет салу арқылы саусақ моторикаларын дамыту: Бейнелеу техникасы дағдылары мен біліктерін дамыту.
5 саны мен цифры
5 саны мен цифры
Оқушыларды 5 санының жазылу жолдарымен, құрамымен таныстыру. 5 санына дейінгі сандарды тура және кері санауға үйрету. Қосу және азайту амалдарының мағынасын танытып, балалардың білім дағдыларын қалыптастыру. Кесінді бөліктері мен жұмыс жүргізу.
Сиыр. Жуан дауыстылар
Сиыр. Жуан дауыстылар
Жуан дауысты дыбыстар жайлы түсінік бере отырып, төрт түлік туралы мәлімет беру және сөздерді сатылай кешенді талдау үлгісін меңгерту
Күшейткіш буын арқылы жасалатын қос сөздер
Күшейткіш буын арқылы жасалатын қос сөздер
Күшейткіш буын арқылы жасалатын қос сөздердің жазылуы. Сөзді сөз құрамын талдау. Оқушының ой - өрісін дамыту, сөздік қорын молайтып тіл байлығын, ой қорыту машығын арттыру. Ұйымшылдыққа, сауаттылыққа, тыңдай білуге тәрбиелеу.
Саңырауқұлақтар әлемі
Саңырауқұлақтар әлемі
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті №11 «Балапан» балабақшасының тәрбиешісі Кемалова Маржан
Ағаштар неге ашуланды?
Ағаштар неге ашуланды?
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, №244 Ы. Жақаев атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Мырзахметова Акгулсим Нурлыбековна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×