Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Денеңді шынықтыр

17 мам 2013, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Тақырыбы: Денеңді шынықтыр
Сыныбы: 1
Мақсаты:
Білімділігі: Оқушылардың шынығуына жағдай жасау. Денені шынықтырудың маңызын түсіндіру.
Дамытушылығы: Оқушылардан сұраққа жауап ала отырып, тілдерін, ойлау қабілеттерін дамыта түсу, қорытынды жасай білуге үйрету.
Тәрбиелілігі: Салауатты өмір салтын қалыптастыра білуге тәрбиелеу. Дені сау азамат болып өсуге машықтау.
Түрі: Жаңа сабақ
Әдісі: үйрену, тану, нәтиже жасау.
Көрнекіліктер: суреттер, топтастыру, Венн диаграммасы, қима қағаздар, тірек схемалар, интерактивті тақта, флипчарт.
Сабақ барысы:
Психологиялық дайындық:
Қайырлы күн деп айтамыз,
Кешке бірге қайтамыз.
Отбасының гүліміз,
Көңілді өтсін күніміз!
І. Ұйымдастыру кезеңі
Бүгінгі үй тапсырмасының мақсаты қала және ауыл көлік түрлері, олардың адам өміріне келтірер пайдасы туралы түсінік.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
- Сен қайда тұрасың?
- Сен мектепке қандай жолмен барасың?
- Қандай жол ережесін білесің?
- Ауыл және қала көліктерін ата?
- Көліктің қандай түрлерін білесің? «Венн диаграммасы»
Қала мен ауыл
Қала Ауыл

1. Біздің сыныптың оқушылар қандай үйірмеге қатысқанды ұнатады?
- Таеквондо, шахмат, теннис.
2. Оқушылар бұл үйірмелерге не үшін барады деп ойлайсыңдар?
- Денелерін шынықтыру үшін.

ІІІ. Жаңа сабақ
Тақырыбы: Денеңді шынықтыр

ІҮ. Кіріспе әңгіме (Денеңді шынықтыр)
- Оқушылар мәтінді өз беттерімен бір оқып, әңгімелейді.

Ү. Ойын:«Кім тапқыр?»
Ал, балалар, ойнайық.
Ойнайық та, ойлайық,
Қандай жұмбақ болса да,
Шешпей оны қоймайық!

1. Тепсең - ақ секіріп,
Ұстатпай қашады.
Бір жерге бекініп,
Тұра алмай сасады. (Доп)

2. Мінсем,
Төменге зу етем,
Өрлесем,
Оны өзім сүйретем. (Шана)

3. Аяғымда
Басы қайқы қос сырық.
Таяғым да
Қуады оны састырып. (Шаңғы)

4. Табанға қанжар байладым,
Бетінде айна ойнадым. (Коньки)

- Балалар нелердің атауларын таптыңдар?
- Сендер тағы қандай спорттық ойын түрлерін білесіңдер?
- Міне балалар, бұлар спорттық ойын түрлері. Сендер дене шынықтыру
пәнінде осы атаулардың барлығымен таныс болдыңдар.

ҮІ. Мағынаны тану
- Ал, балалар қалай ойлайсыңдар, денені тағы қалай шынықтыруға болады?
- Балалар, қазақтың қандай ұлттық ойындарын білесіңдер?

- Көкпар, аударыспақ, қыз қуу, күрес, теңге ілу, ақ сүйек, сақина салу, алты бақан, тоғыз құмалақ, асық ойындары.

Күрес - қазақ халқымен бірге жасасып келе жатқан, ұзақ тарихы бар ойын. Адамның жеке күш - қайраты сынға салынады. Бұл тұста ел жастарды «Күш – атасын танымас» деп қайрайды. Бұл күштілерді дарақылыққа итермелеу емес. Жігіттер сайыс майданына түскен кіммен болса да тайсалмай күресуге тиіс. Қарсыласқысы келгеннен аянбау керек. Күрес қазақ арасында күні бүгінге дейін сақталып келеді. Халық оның тәлімдік маңызына ерекше көңіл бөліп, дәріптеген.
ҮІІ. Оқулықпен жұмыс
А) тізбектей оқыту.
Б) сурет бойынша әңгіме құрастыру.

ҮІІІ. Сергіту сәті
Ұста қолды алдыңа, қайшылашы беріліп,
Ұста қолды жаныңа, кеудең тұрсын керіліп.
Бүйір таяп оң қолмен, көтер қанат сол жаққа,
Бүйір таяп сол қолмен, көтер қанат оң жаққа.
- Жарайсыздар балалар!

ІХ. Дәптермен жұмыс
Өз бетіндік жұмыс
- Жазда денеңді қалай шынықтыратыныңды жаз.

Х. Ой шақыру
- Денемізді шынықтыру үшін не істеуіміз керек?
(сурет арқылы өз ойын білдіру)

ХІ. Қорытынды
Топтастыру стратегиясы
Денеңді шынықтыруға байланысты ережелер:
1. Үнемі қимыл - қозғалыста боламыз.
2. Дене мәдениетін қалыпты ұстауға тырысамыз.
3. Ойын кезінде спорттық киім кию керек.
4. Ойын кезінде бір - біріне көмектесуді үйренеді.
5. Таза ауада дене тәрбиесі жаттығуларымен айналысу керек.
6. Жүгіру баланың бұлшық еттерін дамытады.
7. Тұлға түзулігі қалыптасады.
ХІІ. Үйге тапсырма
Мәтінді оқу, мазмұнын айту.
3 180
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Астана – бас қала
Астана – бас қала
Қарапайым тілдік құрылымдар мен мәтіндер, суреттер негізінде қала туралы өз ойын толық жеткізе білуге үйрету. Септік жалғауын қайталау.
Жұрнақ пен жалғау
Жұрнақ пен жалғау
Қостанай облысы,Арқалық қаласы, А.Байтұрсынов атындағы бастауыш гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Жаргулбаева Олимпия Алпысбаевна
Шегіртке мен құмырсқа
Шегіртке мен құмырсқа
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы, №8 жалпы орта білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі Алиева Динара Қасанқызы
Отбасы мен мектептің қала мен ауылдың шаруашылық және мәдени өміріне қатысуы
Отбасы мен мектептің қала мен ауылдың шаруашылық және мәдени өміріне қатысуы
БҚО, Бөрлі ауданы, Ақсай қаласы Бастауыш сынып мұғалімі: Балзада Жайғалиқызы
Денеңді шынықтыр
Денеңді шынықтыр
Тақырыбы: Денеңді шынықтыр Сыныбы: 1 Мақсаты: Білімділігі: Оқушылардың шынығуына жағдай жасау. Денені шынықтырудың маңызын түсіндіру. Дамытушылығы: Оқушылардан сұраққа жауап ала отырып, тілдерін, ойлау қабілеттерін дамыта түсу, қорытынды жасай
Менің апам-дәрігер
Менің апам-дәрігер
[right]Ақтөбе қаласы, «Сымбат» жеке мектебінің бастауыш сыныбының мұғалімі Макуова Нұршат Аманқосқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×