Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ғ. Қайырбеков "Ана тілі"

18 мам 2013, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Ғ. Қайырбеков. Ана тілі
Сабақтың мақсаты: Өлеңді мәнерлеп оқуға, мазмұнын жүйелі түсінуге ықпал жасау. Қазақ тілінің қасиетін, құдіреттілігін өлең бойынша ашу арқылы оқушыларды таза сөйлеуге, тілді құрметтеуге тәрбиелеу, оқушылардың ой белсенділігін арттыру, сөздік қорын дамыту.
Сабақтың міндеті: 1. Оқылған шығарма туралы өз пікірін, ойын айтып, оны дәлелдеуге, эмоционалдық қарым – қатынасын көрсете білуге үйрету.
2. Сюжеттің композициялық бөліктерімен танысу, өлеңнен табиғат суреттерін тауып, сезіне білуге дағдыландыру.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндірмелі иллюстративті, сұрақ - жауап, ой – қозғау, пікір алысу, ойын.
Сабақтың көрнекілігі: техникалық құрал, адасқан жолдар ойыны, аңыз.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Сабақтың ережесі:
1. Ұйымшылдықпен қатысу.
2. Бірін – бірі тыңдау.
3. Сұрақтарға нақты жауап беру.
4. Белсенділік таныту.
5. Ойын жүйелі жеткізе білу.

ІІ. Психологиялық тренинг «Жылы сөз»
ІІІ. Ұйқасын тап ойыны.
Ана тілім – ұраным,
Ана тілім – құралым.
.......... болмаса,
Болмас еді жыр, әнім

Қазақ тілім - өз тілім,....
Абай, Мұхтар сөйлеген – дана тілім.
Қастерлейді ұл – қызың – мәңгі сені,
Қуанышым, бақытым дара тілім.

Айналайын халқымнан,
Айналайын даңқыңнан.
............ бағасы,
Қымбат екен алтыннан.

Құндағында бесіктің,
......... үйрендім.
Сол арқылы бой жазып,
Азамат боп өсемін

ІҮ. Ой қозғау.
Ана тілі сөзіне түрлі ассосациялар ойлау.

Ү. Аңыз «Тілден қымбат қазына жоқ»
ҮІ. Даналардан шыққан сөз. Үш би.

ҮІІ. Жаңа сабақ
А) Автор туралы қысқаша мағлұмат.
Ә) Өлеңді мәнерлеп оқу, түсіндіру.
ҮІІІ. Оқулықпен жұмыс.
Өлеңді іштей оқу, танысу.
ІХ. Адасқан жолдар ойыны
4 топ әр шумақты өз ретімен құрастырып шығып, түсінгенін айтады.
Х. Біліміңді байқап көр.
І топ. Мақал мәтел айту.
ІІ топ. Өздері білетін өлең шумақтарын айту.
ІІІ. Нақыл сөздер.
ІҮ. Ана тілі туралы ән айту.
ХІ. Мен не айтқым келеді?
Қимылмен көрсетілген мақалдарды табу.

Басқа бәле тілден.
Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ.

Өнер алды қызыл тіл.

Ең ащы да - тіл,
Ең тәтті де – тіл.

ХІІ. Өз ойыңды жеткізе біл.
Нақыл сөздің мазмұнын аш.
Тілге деген құрмет,
Елге деген құрмет.

ХІІІ.
«Таза мінсіз асыл сөз,
Ой түбінде жатады» демекші, көркем сөздерді пайдалана отырып, берілген сурет бойынша табиғатты шағын әңгіме арқылы баяндау.
ХІҮ. Сабақты бекіту.

А) «Тез тап» психологиялық тренинг.
Ә)
Ана тілің - ертегің,
Ана тілің - өркенің.
Ана тілің – ертеңің,
Қадірле ана тіліңді,
Жүрегіңнің бөлшегін!

ХҮ. Үйге тапсырма:
а) Өлеңді мәнерлеп оқу. ә) «Ақын өлеңінен алған әсерім.» шығарма жазу.
ХҮІ. Оқушыларды мадақтау, бағалау.
18 979
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ғафу Қайырбеков «Ана тілі»
Ғафу Қайырбеков «Ана тілі»
Ана тілінің құдіреттілігін сезіну. Оқушыларды таза сөйлеуге, тілді құрметтеуге тәрбиелеу;
Ананың тілі – аяулы үні
Ананың тілі – аяулы үні
қазақ тілін құрметтеуге, оны шұбарламай таза сөйлеуге тәрбиелеу. Оқушылардың патриоттық сезімін қалыптастыру.
Ақ қыс
Ақ қыс
Мәтін мазмұнымен таныса отырып, мәтіндегі негізгі идеяны ашу, жүйелі сөйлеуге үйрету. Оқушыны ізденуге жетелеу. Жауапкершілікті сезінетін өнерлі тұлғаны тәрбиелеу.
«Сіз», «Біз» деген – жылы сөз
«Сіз», «Біз» деген – жылы сөз
Өлеңді түсініп, мәнерлеп оқуға, мазмұнын әңгімелей алуға үйрету, сыйластықтың адам өміріндегі маңызы туралы айту. Өз ойын айта білуге, қасындағыларға жанашырлық сезімдерін білдіруге, мәдениетті сөйлеуге тәрбиелеу.
Көктем келді Мұзафар Әлімбаев
Көктем келді Мұзафар Әлімбаев
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Ақмая ауылы, №49 орта мектеп мұғалімі Дәрібаева Нұржамал
Н дыбысы мен әрпі
Н дыбысы мен әрпі
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, "Сымбат" жеке мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Сагинбаева Жанар Жайбергенқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×