Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бастауышпен қоштасу

28 мам 2013, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Қош, бастауыш мектеп!

(Бастауышпен қоштасу салтанатты кеші)
Тақырыбы «Қош, бастауыш мектеп!»
Көрнекілігі: «Бастауышың – бастамаң,
Білім жолын бастаған.
Білім шыңы биікте,
Беліңді бу жас данам», «Білім – теңіз, мектеп – кеме», «Білім ал, еңбек ет, жас ұлан!
Үн қосып қиядан асыра.
Сыңғырла соңғы қоңырау,
Сыңғырла қоңырау асыға,
Сыңғырла қоңырау тағы да» деп жазылған плакаттар, шарлар, гүлдер, «Алғашқы ұстаз» фотостенд.
Қатысушылар: мектеп оқушылары
Жүргізушілер: 1. Байкенова Жұлдыз
2. Зейнуллаев Серікбай

Салтанатты түрде Әнұран ойналады.

1 жүргізуші: Серікбай
Армысыңдар ұстаз қауым ата – ана,
Құлақ түрің жақсы лебіз батаға
Келдік біздер 4 жыл бойы еркелеп
Бастауыштың балалары ата – ана.

2 жүргізуші Жұлдыз
Би биленіп ән айтылар аспандап
Бірте – бірте көтерілді баспалдақ
Алғаш ұстаз алғыс айтып өзіңе
Қоштасу сәт қимастықпен басталмақ

1 – жүргізушіСерікбай:
Барлық білім бастауыштан басталған
Алғыс саған үлкендермен жастардан
Рахмет саған алғаш ұстаз апайым
Бергеніңді ойға тоқып қайтарам.

2 - жүргізуші. Жұлдыз
Риза болшы ұстаз қауым ардақты
Шәкірт жүрек сізге арнау арнапты
Жылдар жылжып айлар зулап өтсе де
Бастауышты орта буын жалғапты

1 - жүргізуші: Серікбай.
Қадірлі: ұстаздар, Ата – аналар, Оқушылар
Біз бүгін көзімізді ашып, көкірегімізді оятқан,
Білім нәрімен сусындатып, білімнің іргетасын
Қалаған бастауыш мектебімізбен.

2 - жүргізуші: Жұлдыз
Сондай - ақ біздің ыстығымызға
Күйіп, суығымызға тоңа білген оңымызбен солымызды танытқан жақсыдан үйренуге, жаманнан жиренуге баулыған алғашқы ұстазымызбен қоштасқалы отырған.
Екеуі: бірге - Салтанатты кешке қош келдіңіздер!
1 - жүргізуші: Серікбай.
Ортаға алтын ұя мектебімізде бірге оқып, біздің ізбасарымыз атанған 1, 2, 3 сынып оқушыларын шақырамын
Вальс ырғағымен оқушылар кіреді
Ортаға музыкамен ұстаз шығады.

Ұстаз: - Қымбатты ата - аналар, ұстаздар бүгінгі мерекелік кешке қош келдіңіздер. Бүгінгі күн мен үшін де, сүйікті шәкірттерім үшін де ерекше күн. Оның ерекшелігі сол 4 жыл бойы оқып қанатын қатайтқан балалар бастауыш сыныппен, алғаш көрген ұстаздарымен қош айтысқалы отыр. Осы қуанышты да қимас сәттеріміз құтты болсын шәкірттерім.
Сіздердің алдарыңызда тұрған мына оқушылар осыдан 4 - жыл бұрын 6, 7 жасар оң мен солын айырмаған сәби болса, бүгін міне ес біліп етек жиған шәкірт. Біз бұл күнге жай жете салған жоқпыз. Қиындықпен қызыққа толы күндеріміз әрқашанда есімізде болары сөзсіз. Осы жолда менің алдыма қойған міндетім еліміздің келешек тізгінін ұстайтын ыстыққа күймейтін, суыққа тоңбайтын, итерсең құламайтын, құласа жыламайтын, тепсе темір үзетін, қуса жеткізбейтін, әділ сөйлейтін, жақсылыққа да, жамандыққа да жақсылықпен жауап беретін азаматтар тәрбиелеу. Ал шәкірттерім қадамдарыңа гүл бітсін.

Өздеріңмен адымдап аспандаймын,
Сендер барда ешкіммен жасқанбаймын.
Бастауышты бітірген мына сендер
Ал мен тағы бір белестен асқандаймын.
Мен үшін бірдейсіңдер қарақтарым,
Орындалсын арман тілек талаптарың.
Бәрін де қарлығаштар секілдісің,
Алтын ұя мектебінен ұшып тұрсың.
Самғаңдар биіктерге қайрылмасын
Енді ғана қатайған қанаттарың!
Ән: «Мұғалім ол біздің» 1 - сынып

Жанерке: Өтті қызық көп күндер,
Үлкен жасқа жеттіңдер.
Бітірдіңдер мектепті
Бір белестен өттіңдер.
Диас: Өсті міне бойларың,
Өсті ақыл, ойларың.
Қуанышқа ортақпыз
Құтты болсын тойларын!
Талғат: Білеміз ертең бізден де,
Білеміз ертең сізден де,
Өмірдің талап сұрарын.
Сонда ардақты аға - апа
Сіздерден үлгі алармыз.
Зейнегүл: Бітіруші түлектер,
Жүктелер бар аманат.
Айтылды ізгі тілектер
Болмасын еш жаманат.
Әсел: Алтын ұям мектебім,
Біліміңмен көктедім.
Саған деген жүректе
Ақ алғысым көп менің.
Гүлден: Алдыңда ұзақ жолын бар,
Оқумен өсіп толыңдар.
Қиындыққа мойымай,
Аман есен болыңдар!
Ән: «Жарқын жүзді ұстазым» 2, 3, 4, сынып

Ұлжан: Ардақты мұғалім,
Білімің – бұлағың.
Таусылмас сен жайлы
Тасқынды жыр әнім.
Мереке күнімен
Құттықтап бүгін мен,
Ойыма ой қосам
Сен берген білімнен.
Назерке: Кәусарын білімнің
Құлшына сімірдім.
Ойыма жинадым
Бойыма сіңірдім.
Мен сенің көктемін,
Нұрыңмен көктедім.
Сол үшін өзіне
Алғысым көп менің.
Ән: «Ана таілім» Назерке, Ұлжан
Бекзат: Бірдей біздің ойымыз да, сырымыз,
Бір мектептің ұлы мене қызымыз.
Бірдей өстік оқуда да еңбекте
Күліп ойнап бірімізбен біріміз.
Мектебімде шырқалмаған жыр бар ма,
Мектебімде айтылмаған сыр бар ма.
Мектебімде алаулаған жас жалын
Кетер мәңгі сөнбей талай жылдарға.
Ән: «Чему учат в школе» 2, 3, 4, сынып

Сұлтан: Мерейлі боп күніңіз
Мектепке кеп тұрыңыз.
Сағынамыз күн сайын,
Кездесейік жыл сайын.
Сіздерге жалын жүрекпен
Айтамыз достық тілекпен.
Әрқашан сәтті жол болсын
Сапарларыңыз оң болсын
Ән: «Қоштасайық» 4 - сынып
Музыка аяқталғанда: «Қош, мектебім!» - деген сөздер шығады.

Серікбай: - Ия бұл бастауыш мектеп патшалығының қиындығы мен қызықты сәттерін апайымызбен бірге өткізіп, біздей бүлдіршіндерді баптап, өз балаларындай қамқорлап жүрген ұстаздарымыз бар. «Мұғалім - мектептің жүрегі» деп Ыбырай Алтынсарин айтқан болатын, мінекей бізде сол апайлар мен ағайымызға жүрегіміздің жылуын ұсынбақпыз.

Серікбай: Мектепті ойлап өткен - келер, жыл - күнің
Бар жағдайын ойлаған оқушының
Денемізді шынықтырып ойнатқан,
Тәртіп бұзсақ арамызда біріміз,
Шын ашумен бәрімізді ойлатқан
Компьютердің де сырын бізге бойлатқан
Көп шәкірттің досындай,
САБЫРЖАН ағай
осындай

Жұлдыз: Өз есімі жүректерде жатталған.
ҚАЗИНА апай талай жерде мақталған.
Би үйретіп, жарыстарға апарған
Үйірмені талмай - тынбай басқарған.
Келеді жетектеп 2 - ші сыныпты,
Мінезбен байсалды, байыпты.

Серікбай:: Баулыған әрбір өнерді,
АҚМАРАЛ апай өнерлі.
Әсем әннін шебері,
Аспапта ойнайды мәнерлі.
Қызықтырып ән - күйге,
Бізді үйретіп келеді.

Екеуі бірге: - Мәңгі қартаймай ортамызда мектебіміздің жүректері болып соға беріңіздер.

Апайларға сыйлыққа гүл тапсыру.
Ән: «Ұстазға мың алғыс» 4 - сынып
Ән: «Ұстазым.» хор
Жасан::- Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңыз да,
Мұндай күй болмақ сіздің баршаңызда.
Бастауышпен қоштаспақ түлектерің,
Гүл жайнап тұрған жоқ па ортамызда.

Аружан: - Қоштасады алтын ұя мектебің,
Маңдайыңнан сипап өтер көктемің.
Демалысын шәкірттердің жаздағы
Тілейікші қызықты боп өткенін.

БИ: Жастар биі
Жұлдыз: Ақырын жүріп анық бас
Еңбегің кетпес далаға
Ұстаздық еткен жалықпас
Үйретуден балаға
деп Абай атамыз айтқандай ұстазымыз білімділікке, біліктілікке, әдептілікке, әдемілікке, адалдыққа әділдікке, көп нәрсеге үйретті. Сондықтан да алғашқы ұстазымызға мың алғыс.
Алғашқы ұстаз еңбек ететін бастауыш мектеп сені киелі демеске болама?

Алғашқы ұстаз шәкіртері туралы арнауларын оқып береді. Естелік қоңырау ұсынады.
Мұғалім: - Гүлдерге толып омырау
Түлектер тойын тойлайды.
Қағылмақ соңғы қоңырау
Қаққызбай өмір қоймайды, - дегендей Шаршағанды басатын, сарайыңды ашатын, тұла - бойыңдағы енжарлықтың бәрін қашыратын қоңырау деген ғажайып құрал бар бұл патшалықта.
Соңғы қоңырау соғу салтанаты құрметпен 4 сынып оқушылары мен 1 сынып оқушыларына тапсырылады.

Қоңырау ұзақ соғылады.

Мұғалім::- Аяқтап кешті, мектепті
Гүлдерге толсын қолдарың.
Қызықтап жазды қайтыңдар
Сәт - сапар болсын жолдарың!!!- Осымен салтанатты соңғы қоңырау жиынын жабық деп жариялай отырып, жазғы демалысты жақсы өткізіп, келесі оқу жылына амандықпен жолыққанша сау - саламатта болыңыздар!
Мұғалім: -- Жақсы шәкірт азамат атанады,
Халқынан ата - анадан бата алады.
Ұрпағына айтсын деп ақ тілегін,
Ортаға шақырайық ата - ананы.
Сөз кезегі құрметті де қадірлі ата - аналарымыз атынан:----------------------------------------- береміз.
Соңы: Бәрі шар, гүл ұстап би біткенде шығады.
23 762
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Алғашқы қоңырау
Алғашқы қоңырау
Құрметті ата - аналар, аяулы ұстаздар, қымбатты оқушылар. Міне, бүгінгі қызығы мен қиыншылығы мол, әр жылы қайталанбас тарихқа толы, оқушылардың сыныптан - сыныпқа көшіп және бірінші сыныпты аттағалы отырған мектепті асыға күткен мектептің мерекесі
Қош, бастауыш мектеп!
Қош, бастауыш мектеп!
Атырау қаласы, № 23 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Қитуова Мария Маратқызы
Құлақтан үні кетпестей, Сыңғырла, соңғы қоңырау
Құлақтан үні кетпестей, Сыңғырла, соңғы қоңырау
СҚО, Шал ақын ауданы, Ғ. Малдыбаев атындағы Жаңажол орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Каирова Айдана Арманқызы
Сыңғырла  соңғы қоңырау
Сыңғырла соңғы қоңырау
Қызылорда облысы, Қазалы аудандық балалар әуез мектебі «фортепиано»класының оқытушысы Ізмаханова Құралай Еламанқызы
Армысың, алтын ұя - мектебім
Армысың, алтын ұя - мектебім
1 - қыркүйек Білім күніне арналған «Армысың, алтын ұя - мектебім» атты салтанатты жиынның бағдарламасы Жүргізуші: Ерекше бүгінгі күн, салтанат сән, Тербетер әр жүректі бір әсем ән. Құлпырып шәкірттер тұр мектеп - ұстаз, Сағынып жыл құсындай қайта
Алғашқы қоңырау 2023 жыл
Алғашқы қоңырау 2023 жыл
2023-2024 оқу жылындағы «Алғашқы қоңырау» салтанатты жиының сценарийі Жоспары: 1. Сапқа тұрғызу 2. Қонақтармен таныстыру 3. ҚР мемлекеттік туын енгізу 4. ҚР әнұраны 5. Қала әкімінің құттықтауы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×