Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


«Қыз Жібек» операсындағы ән мен терме

03 маусым 2013, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: «Қыз Жібек» операсындағы ән мен терме. Е. Г. Брусиловский.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Е. Г. Брусиловскийдің өмірі мен шығармашылығымен таныстыру.
2. Дамытушылық: Оқушыларды музыкалық ырғақты сезіне білуге үйрету. Халық музыкасы туралы түсінік беру, ұлттық сезімін дамыту.
3. Тәрбиелік: Оқушыларды өз елінің мәдениеті мен өнерін сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Баян, композитордың суреті, интерактивті тақта, үнтаспа.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, әңгімелесу, музыка тыңдау.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру (Амандасу)
2. Өткен сабақты қайталау.
- Балалар, өткен сабақта «Менің сүйікті Республикам - Қазақстан»тақырыбымен танысқан болатынбыз.
- Еліміздің басты рәміздерін атаңдар?
- Осы рәміздерге жеке түсінік бере кетейік.
-«Отаным - Қазақстан»әнінің авторы кім?
(Әнді топпен орындап, оқушыларды бағалау)

Жаңа сабақ.
Сабақтың тақырыбы: «Қыз Жібек»операсындағы ән мен терме.
Е. Г. Брусиловский.
- Қазақ халқы ән мен жырға бай халық. Батырлар жырымен қатар оқиғалары махаббат тақырыбына құрылған «Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш - Баян сұлу»сияқты лиро - эпостық жырлар кең тараған. Композитор Е. Г. Брусиловский «Қыз Жібек»жырының негізінде «Қыз Жібек»операсын жазды. Либреттосының авторы – жазушы Ғабит Мүсірепов. Опера алғаш рет 1934жылы қойылды. Опера 4 бөлімнен тұрады. Осы операны жазған Е. Г. Брусиловский 1905жылы 12 қарашада Ресей, Дондағы Ростов қаласында дүниеге келген. Оның алғаш музыкалық сауатын ашқан адам - өзінің анасы болған. 1931жылы Санкт-Петербург консерваториясын бітірген. 1933жылы КСРО Композиторлар одағының жолдамасымен Алматыға келеді. Брусиловский қазақ музыка өнерінің дамуына өз үлесін қосады. Ол - 9 опера, 2 балет, 9 симфония, «Кеңестік Қазақстан»атты кантата, 500 - ден астам әндер, романстар, Қазақстан Әнұранының музыкасын жазды.

Е. Г. Брусиловский КСРО Мемлекеттік сыйлығының, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Құрмет белгісі орденімен марапатталған. Композитор халқымыздың кәдесіне жарарлықтай, алтын тұмарша сақтайтындай, керемет дүниелер берді.
Е. Г. Брусиловский 1981жылы 9 мамырда Мәскеуде қайтыс болды.

Музыка сауаты.
Опера - сахнада қойылу үшін жазылған көлемді музыкалы - драмалық шығарма.
Ария - белгілі кейіпкердің бейнесін ашатын жеке ән.

• «Қыз Жібек»операсының қысқаша мазмұнымен таныстыру.
• Операда Жібектің бейнесін ашатын ән - Ыбырайдың әні «Гәкку» Ы. Сандабайұлымен қысқаша таныстыру.

Оқулықпен жұмыс.
- Балалар, оқулыққа назар аударайық.(тақырыпты мәнерлеп оқу)

Ән тыңдау. (үнтаспадан)
*М. Арынбаевтың орындауында Ыбырайдың «Гәкку»әні.
*Жергілікті дәстүрлі әнші А. Садықовтың орындауында «Қыз Жібек»жырынан үзінді тыңдау.

Сабақты бекіту. (Интерактивті тақтада орындау)
- Е. Г. Брусиловский қай жылы, қай жерде дүниеге келген?
- Өнер жолына түсуіне кім себеп болған?
- Ол кім?
- Қай жерде оқу орнын бітірген?
- Алматыға қай жылдары келді?
- Қандай шығармаларын білесіңдер?
- Опера дегеніміз не?
- Ария деген не?
-«Қыз Жібек»операсы неше бөлімнен тұрады?
- Операның либреттосын жазған кім?
- Жібектің бейнесін ашатын қай ән? Әннің авторы кім?

Қорытынды бөлім.
- Бүгінгі жаңа сабақ сендерге ұнады ма? Олай болса, ән, жыр, күй тыңдауды өмірлік тапсырма ретінде беремін. Сабаққа жақсы қатыстыңдар.

Үйге тапсырма.
«Қыз Жібек»операсындағы ән мен терме тақырыбын оқып келу.
13 212
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қыз Жібек жырынан үзінді
Қыз Жібек жырынан үзінді
Атыңнан айналайын қазақ деген, Қазағымның жырларын ғажап дер ем. Қыз Жібектей қыздары ару болса, Төлегендей ұлдары батыр дер ем.
Шырқа, сырнай!
Шырқа, сырнай!
Музыканың өмірмен байланыстылығын түсіндіре отырып, халық аспаптар түрлерімен таныстыру. Балалардың музыкалық қабілетінің дамуына себепші болу.
Қыз Жібек - жыр, опера, кино
Қыз Жібек - жыр, опера, кино
Сабақтың тақырыбы: «Қыз Жібек» жыр - опера - кино
Нұрғиса Тілендиев шығармашылығы
Нұрғиса Тілендиев шығармашылығы
Қарауылкелді орта мектебінің музыка пәні мұғалімі: Жазымова Задаш
Халық музыкасы және опера
Халық музыкасы және опера
Ақтөбе қаласы, №32 Жалпы орта мектеп - гимназиясы Музыка пәнінің мұғалімі Қазиева Назгүл Жеңісқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×