Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


"Амангелді батырым" Нұрпейіс Байғанин

09 маусым 2013, Жексенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Ана тілі 3 сынып

Сабақтың тақырыбы: «Амангелді батырым» Н. Байғанин
Жалпы мақсаттар: Ежелгі қазақ жеріндегі өткен шапқыншылықтар жайында Қабанбай, Бөгенбай, Кенесары, Наурызбай батырлардың ерліктерін баяндап, халқымыздың тарихынан тағылым бере отырып, баланың бойындағы патриоттық сезімін оятуға баулу. Оқушылардың патриоттық сезімдерін ояту, ерлікке, елін, жерін сүюге, Отанын қорғауға тәрбиелеу. Ұлт намысын қорғаған ерлерді құрметтеуге үйрету.

Оқыту нәтижесі: Амангелді батырдың қандай болғанын білу.
Батыр қазақ елінің бағы үшін туған ер екенін түсіну.
Өлеңнің мазмұнын түсіну. Өлеңді жаттап алу.

Негізгі идеялар: Амангелді батыр езілген қазақ елінің бағы үшін туған ер. Дұшпандармен шайқасқанда қалың қазақ елінің кегін қанмен жуған. Күміс балдақ қылышы көкті тіле суырылып, жауды жерге кіргізген. Арам, қара жүректі, пасық, обыр ниетті дұшпандарды қазақ жеріне жақындатпай, найзасын жерге тығып жанышқан.

Тапсырмалар: 1. Тірек сөздер
2. Қайта бағыттау сұрақтары
3. Ойлан - жұптас - талқыла
4. Өлеңді түсініп оқу.

Кейінгі тапсырмалар: Өзгерістерді бағалау;
Басқа әріптестермен ақылдасу;
Тәжірибе негізінде өзгерістерді сипаттау.

Мұғалімнің іс - әрекеті:
Сыныппен сәлемдесу.
Сыныптың оқушыларын 3 топ бойынша отырғызу.
Сабаққа қатыспаған оқушыларды белгілеу.
Тренинг «Визиттік карточка»
Оқушыларды бүгінгі сабақтың тақырыбымен және мақсатымен таныстыру. Бағалау критерийлерімен таныстыру.
Бағалау критерийлері:
1. Үй тапсырмасын орындап келу.
2. Өлеңді мәнерлеп оқу.
3. Өлеңнің мазмұнын түсіну.
4. Қосымша сұрақтарға жауап беру.

Үй тапсырмасын тексеру. Слайд.
1 - топ: Жақия туралы не білесің?
2 - топ: Махамбет туралы не білесің?
3 - топ: Исатай туралы не білесің?

«Ой қозғау» сөзжұмбақ шешу. Шешімі «Амангелді» Слайд.
“Ой шақыру” Слайд.
Торкөздегі сөзді оқы. Ол туралы не білесің?
Амангелді батыр туралы мағлұмат беріледі.
АМАНГЕЛДІ БАТЫР Үдербайұлы Иманов (1873 - 1919 жж.), халық батыры, Қазақ халқының 1916 ж. ұлт - азаттық көтерілісі басшыларының бірі, Қазақстандағы Азамат соғысынын қаһарманы. Торғай уезінің Қайдауыл болысында (қазір Торғай облысы Амангелді ауданы) кедей малшының отбасында туған. 1908 - 1909 ж. Торғайда қарауыл солдаттармен қақтығысқа қатысқаны үшін сотқа тартылды. Қазақстанда ұлттық және әлеуметтік езгінің күшеюіне байланысты ұлт - азаттық және революциялық қозғалыс өріс алды.

Оқулықпен жұмыс. Слайд.
“Амангелді батырым” өлеңі үнтаспадан тыңдалады.
Өлеңнің авторы Н. Байғанин туралы слайд көрсету арқылы мәлімет беріледі.
Байғанин Нұрпейіс (1860 - 1945) - халық ақыны, жырау, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері. Ақтөбе облысының Темір ауданында (қазіргі Байғанин ауданы) туған. Нұрпейістің анасы Үміт тамаша әнші, домбырашы және ақын болған. Ол суырып салма ақындар айтыстарында көзге түскен. Ән айтуды анасынан үйренеді, жастайынан домбыра тартуға, жанынан суырып салып, өлең шығаруға талпынған. Көп кешікпей - ақ ол «бала жыршы» деген атқа ие болады. Нұрпейіс өз кезіндегі белгілі ақындардың жырларын тыңдайды, олардың шығармаларын жаттап алады. Жас кезінде - ақ оның репертуарына Батыс Қазақстанның ақындары Абыл Тілеуұлының, Алаша Байтоқтың, Шернияз Жарылғасұлының, Нұрым Шыршығұлұлының өлеңдері мен жырлары енген.

Дәптермен жұмыс
Сөз тіркестері:
езілген - шұбырынды халық, қалың - көп, кегін – кек сақтау - жасалған жамандықты ұмытпау, жасындай - кіші, балдақ - қылыштың сабы мен болаты түйіскен жерінде қолды тіреп тұруға арналған бөлігі, пасық - абыройсыз, арсыз, адамшылықтан безген, обыр - көзі тоймайтын, ашқарақ, жебір, қомағай, жанышқан – қадаған,
түйреген.

Сергіту сәті.
Шығармашылық жұмыс. Слайд
Суретті салған кім?
Сурет қалай аталады?
Сурет бойынша әңгіме құра.
«Ойлан - жұптас - талқыла» Слайд
«Бір айналым сөйлесу»
1 - топ Амангелдінің батыр болуына әсер еткен жағдайларды ата.
2 – топ Батырға тән қасиеттерді ата.
3 - топ Батыр туралы мақал – мәтел жаз.
«Галереяны шарлау»
Тақтада ілулі тұрған оқушылардың суреттері бойынша әңгіме.

Қорытынды.
“Батыр” сөзіне бес жол өлең құрастыру.
Батыр
Қайратты, жігерлі, намысшыл.
Кегін қанмен жуған ер.
Ержүрек.
Бағалау.
Мұғалім: Бүгінгі сабақ ұнады ма?
Мұғалім: Олай болса, бүгінгі сабақта кім өте жақсы жауап бергенін бағалайық.

Үйге тапсырма: «Амангелді батырым» өлеңін жаттау.
Мұғалім: Бүгінгі сабаққа белсене қатысқандарыңызға рахмет! Сау болыңыздар!
12 638
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Амангелді батырым Н. Байғанин
Амангелді батырым Н. Байғанин
Өлеңді түсініп оқып, негізгі идеяны анықтау. Амангелді батыр жайлы мағлұмат алу. Топта өлеңді талқылап, өз бетімен меңгеруге, бір - біріне түсіндіруге, өзін - өзі реттеуге ықпал ету. Шағын топтарда үйлесімділікпен әрекеттесуге баулу.
Махамбет пен Жақия
Махамбет пен Жақия
Халқымыздың тарихынан тағылым беру. Патриоттық сезімін ояту. Батырлар туралы білетіндерін жетілдіру, кеңейту.
Қазақ батырлары
Қазақ батырлары
Маңғыстау обылысы, Қарақия ауданы, №3 Жетібай орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Атабаева Алмагүл Алдонгаровна.
Нұрпейіс Байғанин "Амангелді батырым"
Нұрпейіс Байғанин "Амангелді батырым"
Жезқазған қаласындағы №10 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Әбіш Жансая Нөпірбайқызы
Біздің Отанымыз
Біздің Отанымыз
Шығыс Қазақстан облысы, Көкпекті ауданы, Көкжыра ауылы, «Амангелді орта мектебі»КММ Бастауыш сынып мұғалімі Ибраева Гульфаира Токтаргазиновна
Н. Байғанин Амангелді батырым
Н. Байғанин Амангелді батырым
Ана тілі Сабақтың тақырыбы: Н. Байғанин «Амангелді батырым»
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×