Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Зерделілер (танымдық ойын)

11 маусым 2013, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: «Зерделілер» ойын шашу бағдарламасы (танымдық ойын)
Сабақтың мақсаты: 1. Білімдік. Оқушылардың барлық пәндерден білім, білік дағдыларын қайталай отырып тиянақтау, қалыптау деңгейін анықтау. Олардың білімге деген құштарлығын бақылау, білімдерін одан әрі шыңдай түсу. Ойын сабақтағы әрбір бөлім бойынша жүйелі түрде сөйлеуге, оқуға, білім алуға деген қызығушылығын оята отырып, ой - өрісін дамыту. Өздіктерінен қорытынды шығаруға машықтандыру. Ойлау қабілетін дамыту. Тапқырлыққа, жылдамдыққа тәрбиелеу. Оқушылардың өз ойларын еркін тілмен жеткізіп, белгілі бір кейіпке енуін қалыптастыру, сөздік қорларын дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: залды әшекейлеп «Білімнің керіп желкенін Келеді өсіп ертеңім»«XXI ғасыр көшбасшысы»
Зерделілер – бізде қонақта сөздері ілінеді. Түрлі суретті плакаттар, модель, сөзжұмбақ, эмблема, сигналды белгілер, қазылар алқасының столының көркемделуі т. б.
Сабақтың түрі: ойын сабағы жарыс
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, көрнекілік, ДЖИКСО (ұжымдық оқыту әдісі), дебат әдісі, топпен жұмыс, ой - қозғау әдісі, ой толғаныс.
Пәнаралық байланыс: дүниетану, ана тілі, математика, қазақ тілі, ағылшын тілі, орыс тілі.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
I жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар! «Тәуелсіздік тірегі – білім!» Қай мемлекеттің де негізгі тірегі – асқақтаған күмбездер де, ғимараттар да, экономикалық жағдай да емес, білімді де білікті, іскер де белсенді адамдар.
Менің сыныптастарым ертеңгі күннің білімі жоғары жұмысшылар мен фермерлері, инженерлері, банкирлері және өнер қайраткерлері, мұғалімдері мен дәрігерлері, зауыттар мен биржалардың иелері болады деп сенім білдіремін.
Қоғам талабына сай, сол қоғамды көркейтетін, дамытатын жастар, біздер болмақпыз!
II жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар! «Зерделілер» атты интеллектуалды шоу бағдарламамызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Ойын сабағы сайыс түрінде өтетін болғандықтан, сіздерді қазылар алқасымен таныстырып өтеміз. (таныстыру)

II жүргізуші: Бүгінгі интеллектуалды шоу бағдарлама 10 кезеңнен тұрады.
1. Тұлпар шабысы.
2. Көкпар
3. Бәйге
4. «Ойдың көрінісі – тіл»
5. Жеті жұмбақ
6. Жанды сұрақтар
7. Шешендік өнері
8. Ғажайып төрттік
9. Егер де мен...
10. Жорға
11. Музыкалық пауза
12. Қорытынды
3 топ жұмыс жасайды. Олар: ойшылар, тапқырлар, зерделілер.
Ойшылар тобының басшысы:
Тапқырлар тобының басшысы:
Зерделілер тобының басшысы:

II жүргізуші: Құрметті ойынға қатысушы оқушылар! Сіздер бүгінгі сайыс барысында өздерінің білімдеріңді одан әрі шыңдап, тапқырлық пен шеберлік көрсетеді деген сенімдеміз.
Ж: бір, екі
О: үш, төрт
Ж: үш, төрт
О: бір, екі
Ж: жарайсындар
О: Біз сұлумыз, балдаймыз,
Зерделіні таңдаймыз
Біз балдаймыз, балдаймыз
Көп білуді таңдаймыз.
Ж: Сәт сапар, сіздерге!
«Тұлпар шабысы»

I жүргізуші: Көшпенділер үшін күн көріс тәсілі мал болған. Малдың ішінде ең қасиеттісі жылқы болған. Тұлпар – көшпелілер тіршілік көзінің негізгі құралы. Тұлпардың еті мен сүті емге шипа болса, терісінен киім тіккен. Ал қылынан әуендік аспаптарға шек жасаған. Қазақ ұғымындағы көп түніктер жылқы малына байланысты айтылу дәстүрге айналған. Мысалы, «Ат жалын тартып мінді», «Аты озып тұр» дегені адамзаттың қоғамдағы әлеуметтік жағдайының жақсарғанын көрсетеді. Кейде: «Жаңылмайтын жақ жоқ, сүрінбейтін тұяқ жоқ» деп ескертіп, терең философиялық ой тастайды.

II жүргізуші: Ертеден - ақ әлемге қазақ ұлтының еркіндігінің, шапшаңдығының символы мынадай қызмет атқарған: 1. Ертеден ата - бабамыз сыйынған желдей жүйрік, күштің символы.
2. Екі аяғы көшкен екі ел қарасын білдіретін кеіестік, шабыс екпіні селдей судың символы.
3. Ер қанаты аспан, космос, болмыс символы.

I жүргізуші: Байқап отырсақ, қазақ дүниетанымында тұлпар бейнесі күні бүгінге дейін өз қасиетін жоғалтқан жоқ. Гербте жәй ғана ат емес, қанатты мүйіздері бар тұлпар бейнеленген. Ол – күш жігерлі, берекелі мемлекет құрудың символы. Сонымен қатар әлемдік өркениеттік қатынастар аймағына белсенді араласу және жаңа жетістіктерге жетуді көздеген.

II жүргізуші: Сонымен тұлпардың шабысына кім ілігер екен?
Шарты: оқылған сұрақтарға қысқа, шапшаң, нақты жауап берулеріңіз керек.
1 – сұрақ. Заң шығаратын орган? (Парламент)
2 – сұрақ. Қазақстан Республикасының Елтаңбасының авторлары?
(Шот - Аман Уәлиханов, Жандарбек Мәлібеков)
3 – сұрақ. Ат – адамның сенімді... және... (досы, қолғанаты)
4 – сұрақ. Жолбарыс баласын не деп атайды? (сармақ)
5 – сұрақ. Қазақстан неше мемлекетпен шекаралас? (5)
6 – сұрақ. Зебра денесінде жолақ бүргелердің жүретіні рас па? (жоқ)
7 – сұрақ. Лексика нені зерттейді? (сөз байлығын)
8 – сұрақ. Сұйықтан бетінде болатын булану құбылысы? (кебу)
9 – сұрақ. Ұзақ қашықтықты немен өлшейді? (км)
10 – сұрақ. Қазақстан жер көлемі бойынша нешінші орында? (9)
11 – сұрақ. Жер шарындағы ең көп таралған дін? (христиан)
12 – сұрақ. – Жөнімді өзім білем,- деп,-
Сусыз - ақ өмір сүрем,- деп,-
Құрлықты балық мақтапты,
Теңізін туған даттапты.
Қай өлең жолдары (Тәкаппар)
13 – сұрақ. «Үлгілі бала» деген оқу кітабының авторы? (Спандиар Көбеев)
14 – сұрақ. Ахмет Байтұрсынов кім? (көрнекті ғалым, дарынды ақын, қоғам қайраткері).
15 – сұрақ. Халыққа қайта оралған ақындар? (Шәкәрім, Мағжан, Ахмет, Міржақып)

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
3 160
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Бақылау жұмысы
Бақылау жұмысы
Бақылау жұмысы. Оқушылардың игерген білім деңгейін анықтау. Білім, білік, дағдыларын тексеру. Есеп шығаруға деген қызығушылықтарын арттыру.
Қызықты грамматика (оқу қабілеті төмен оқушылар үшін түзету жұмыстарына арналған)
Қызықты грамматика (оқу қабілеті төмен оқушылар үшін түзету жұмыстарына арналған)
«Қызықты грамматика» таңдау курсының бағдарламасы - оқу қабілеті төмен балалар үшін түзету жұмыстарына арналып жазылған. Бағдарлама құру барысында даму мүмкіндігі шектеулі оқушылардың ерекшеліктерін (танымдық, психикалық және тұлғалық) ескере отырып
Интеграл. Ньютон - Лейбниц формуласы
Интеграл. Ньютон - Лейбниц формуласы
Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Майтөбе ОМ МДШО – ның математика пәнінің мұғалімі Бескенова Бибігүл Амангелдіқызы
Қысым қызықтары
Қысым қызықтары
Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы, Бостандық орта жалпы білім беретін мектебінің физика пәні мұғалімі Муканов Жумабек Нагимович
XXI ғасыр көшбасшысы
XXI ғасыр көшбасшысы
Интеллектуалдық ойын «XXI ғасыр көшбасшысы»
Сынып көшбасшысы интеллектуалды ойын сабағы
Сынып көшбасшысы интеллектуалды ойын сабағы
Ақтөбе облысы, Қандыағаш қалалық №2 орта мектебінің физика және информатика пәні мұғалімі Сагынова Ибаш Тұрғанбаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×