Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Су – тіршілік көзі

07 сәуір 2020, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Дүниетану 3 сынып
Су – тіршілік көзі
Сабақтың мақсаттары:
1. Балаларға су тіршіліктің көзі екенін таныстыру.
2. Балалардың су туралы білімдерін кеңейту. Ойын, тілін, байқағыштығын, білім құмарлығын дамыту.
3. Суды ластамауға, қорғауға, таза ұстауға, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Шығармашылық ойын дамыту.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, ой жинақтау, проблемалық ізденушілік.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ, тәжірибелік.
Сабақтың көрнекілігі: 2 шыны ыдыс, су, саз, қасық, сурет, глобус.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру. Психологиялық даярлық.
II. Үй жұмысын тексеру.
III. Жаңа сабақ.
1. Жұмбақ жасыру.
Дәмі де жоқ, түсі де жоқ,
Пайдаланбас кісі жоқ. Бұл не?
Су
Яғни, бүгінгі тақырыбымыз су тақырыбына арнаймыз.
Жер бетінде ең көп тараған зат - су. Глобусқа қарасан жер шарының төрттен үш бөлігі көгілдір түске боялған. Ол - су, мұхиттар, теңіздер, өзендер, көлдер, сарқырамалар.
Табиғатта су 3 күйде кездеседі. (сұйық, қатты, газ тәріздес)
Егер күн салқындап температура 0 градустан төмен түссе, су сұйық күйден қатты күйге, яғни қар мен мұзға айналады.
Кішкентай табақшаға су құйып, бетін ашық қалдырсақ, бірнеше күннен кейін оның босап қалғаның көреміз. Табақшадағы су қайда кетті деп ойлайсың? Ол түссіз жоғалып кеткен жоқ, бір күйден екінші күйге ауысты. Сұйық күйден бу күйіне өтіп, ауамен араласты.
Су бар жерде бау - бақша, орман, егін мал болады.

Сондықтан қазақ «Сулы жер - нулы жер.» дейді.
Қазақ халқы суды қадір етумен қатар, оны жалпы халыққа, жан - жануарлар дүниесіне, өсімдік әлеміне тіршілік беруші күш деп атаған.
2. Суретпен жұмыс.
3. Ассоциация құру.

Су

Қар, мұз, бу, тұман, шық, теңіз, мұхит, көл

4. Тәжірибелік жұмыс.
1. Суға тұз салып араластыру. Суға бір қасық тұз салып араластыру. Су мөлдір күйінде қалды. Судың дәмі ащы болды. Тұз суда жақсы ериді.

2. Стақандағы суға құм салып араластыру. Құм қиыршықтары сол қалпында стақан түбіне шөгеді. Құм суда ерімейді.

3. Стақандағы суға саз салып араластыру. Су лайланады. Суды біраз тұндырсаң, саз түбіне шөгеді. Саз суда ерімейді.
Сонымен, қорытындылап өтсек:
Су

Жабысады, жұғады, ағады, мөлдір, түссіз, сұйық
5. Жұмбақ шешу..

1. Аяқсыз - ақ жорғалайды, жүреді.
Ауызы да жоқ, сыңғырлайды, күледі.
Онсыз бірақ жер бетінде тіршілік жоқ,
Айтыңдаршы, осыны кім біледі.
Су
2. Өзі көк, көлеңкесі жоқ.

3. Қыста шыны боп қатады,
жылыда су боп жатады..
Мұз.
4. Көзге көрінгенмен
Ұстасаң қолға ілінбейді.
Бу.
6. Оқулықпен жұмыс.
7. Мәтінді оқу.
8. Сергіту сәті.
Суға байланысты.
9. Дәптермен жұмыс.

Су не үшін қажет атты кластер құру.
Құстарға тамаққа
Су өндіріске
жануарға
құстарға өсімдікке
10. Бес жолды өлең құрастыру.
11. Тыйым сөздер.
қорытынды: суда еритін де, ерімейтін де заттар бар. Оларды атау.
12. Сұрақ – жауап.
- Судың қандай пайдасы бар?
- Су туралы не білеміз?
- Су табиғатта неше күйде кездеседі?
- Судың қатты күйі қалай аталады?
13. Үйге: 43 - 45 беттер Эссе жазу.
24 802
0
  • 100
1 дауыс
Загрузка...
Жаңалықтар
Су - тіршілік нәрі
Су - тіршілік нәрі
Балаларға су туралы түсінік беру. Судың қажеттілігін, оның адамның, құстың, жануарлар мен өсімдік тіршілігіндегі маңызы туралы түсіндіру. Суды үнемдеп пайдалануға оның қасиеттерін түсіндіру. Суды ластамауға, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Заттардың қасиеттеріне тәжірибе жасау
Заттардың қасиеттеріне тәжірибе жасау
Су – тіршілік көзі екенін, оның пайдасы, маңызы, қасиеті туралы білімдерін кеңейту. Тәжірибе жасау барысында бақылағыштық, дәм сезу дағдыларын жетілдіру.
Су – тіршілік көзі
Су – тіршілік көзі
Судың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы туралы түсінік беру. Үнемшілдікке тәрбиелеу. Қоршаған ортаны қорғауға ауаны, суды ластамауға шақыру. Қазақстандағы ірі көлдер мен өзендер туралы әңгімелеу
Cу – тіршілік негізі
Cу – тіршілік негізі
Бастауыш сынып мұғалімі Ибрашева Гулжамал
Су - еріткіш. Суда еритін және ерімейтін заттар
Су - еріткіш. Суда еритін және ерімейтін заттар
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Ы, Алтынсарин орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Хибасова Күмісай
Су- өмірдің нәрі
Су- өмірдің нәрі
Мақсаты: Адам өміріндегі қажетті жағдайлардың бірі су екенін, сусыз тіршілік жоқ екенін ұғындыру. Міндеті: 1. Оқушылар судың адам өміріндегі маңызын түсінеді.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.