Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Еліміздің Мемлекеттік рәміздері

13 шілде 2013, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
(Ана тілі пәні бойынша)
Тақырыбы: Еліміздің Мемлекеттік рәміздері
Сабақтың мазмұнына байланысты міндет:
Мақсаты:
1. Білімділік: Оқушылардың аса маңызды мемлекеттік белгілер - рәміздер жөніндегі білімдерін жан - жақты сарапқа салады, олар мемлекеттік белгілердің аса маңызды екенін ұғынады, оны ерекше құрметтеп, мақтан тұту керектігін сезінеді.
2. Тәрбиелік: Отаншылдық, ұлтжандылыққа, өз елін, тегін, тарихын сүюге тәрбиеленеді.
Мәтіннің мазмұнына байланысты өлең, мақал - мәтелдер айтып, ой бөлісе алады.
Ұғымталдыққа, ұйымшылдыққа, зейін қоя білуге, өз пікірін дәлелдей білуге үйренеді.
СТО - ға байланысты міндет: Негізгі мәселені жеке, жұппен, топпен анықтай алады.
3. Дамытушылық: Ой - өрісі, танымдық қабілеті, жеке дара тұлға ретінде дамиды.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, суреттер, парақшалар.
Пән аралық байланыс: ән - әуез, бейнелеу.
Сабақ түрі: Жаңа сабақ
Сабақ әдісі: Сын тұрғысынан ойлау стратегиясы. «Топтастыру» стратегиясы «Ой қозғау» стратегиясы «Бір айналым сөйлесу» стратегиясы «Кубизм» стратегиясы.

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі
1. Амандасу, оқушыларды түгендеу, оқушыларды сабаққа даярлау.

2. Психологиялық дайындық..
Сендерді өмірде не таңғалдырады? Таңғалатын жайттар бізге жиі кездеседі. Ал мен күнге таңғаламын. Өйткені ол нағыз сиқыршы сияқты, жылы әрі мейіріммен сәлемдесе біледі. Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік қолдары сияқты аялайды, сипалайды, жылытады. Сиқырлы күн барлық өкпе мен мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.
Барлығы тақтадағы күнге қарап өлеңді оқиды.

Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай қаламын.
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,
Болып кетер сонда дереу жан - жағым.
- Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.
Үй тапсырмасын тексеру
Әр топқа «Астана» мәтінін мазмұндату. Эссе оқу.
Қызығушылықты ояту
- Сонымен біздер қандай мемлекетте тұрып жатырмыз?
- Қазақстан Республикасының астанасы қай қала?
- Қай жылы Астананың мерей тойы аталды?
- Ендеше балалар бәріміз мына сөзжұмбаққа көңіл аударайық

«Ой қозғау» стратегиясы
Сөзжұмбақ шешу
«РӘМІЗДЕР»
1. Астанадағы биік мұнара
2. Юнеско Астанаға қандай қала атағын берді?
3. Қазақстанның жер асты байлығы..
4. Астана қаласындағы өзен..
5. Мағжанның алғашқы ұстазы..
6. Абайдың әжесі..
7. Қазақ даласының алғаш мектеп ашқан ағартушы..
8. Қазақстан Республикасы қандай мемлекет?

Мағынаны тану
- Қандай сөз шықты?
Ендеше бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы: «Еліміздің мемлекеттік рәміздері»
- Рәміз дегенді қалай түсінесіңдер?
«Топтастыру» стратегиясы
ТОППЕН ЖҰМЫС
Әр топ интерактивті тақтаға шығып алдын - ала дайындалған суреттермен байланыстыра отырып жұмыстарын қорғайды.
СЛАЙД

І - топ жұмысын қорғайды
Ту - бірыңғай көгілдір түс. Бұл түс төбедегі ашық аспанды елестетеді. Бұлтсыз аспан бейбітшілік, тыныштық пен жақсылық нышаны Көк түс – қазақ халқының бірлік ынтымақ жолында адалдығын білдіреді. Нұрға малынған алтын күн - тыныштық пен байлықты бейнелейді. Күн қозғалыс, даму, өсіп - өркендеудің бейнесі. Қанатын жайған қыран құс - елдің еркіндік сүйгіш асқақ рухын, қазақ халқының жан дүниесінің кеңдігін жария етеді. Ағаш сабына бекітілген тұстағы тік жолақ - ұлттық оюлармен өрнектелген. Қазақстан Республикасы мемлекеті туының авторы: Шәкен Оңдасынұлы Ниязбеков.

Авторға сөз беру
Алдын - ала дайындалған автор сөзін диктафоннан тыңдату.
Жаңа ту қалай жасалды? Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігінің мерекесіне орай ұлттық нышанымыз - Мемлекеттік тудың авторы Шәкен Оңласынұлы Ниязбеков былай деді: « Мемлекеттік туға арналған байқауға 600 - ден астам жоба түсті. Іріктеуден өткен ең соңғы 4 жоба комиссияның шешімімен Жоғарғы кеңестің талқысына ұсынылды. Байқаудың аяқталуына 3 күн қалғанда жаңа ту жобасын жасауға кірістім. Себебі, алдыңғы жасаған жобаларыма көңілім толмаған - ды. Сонымен, соңғы жасаған жоба жұртшылықтың көңілінен шығып, мемлекетіміздің төл туына айналды. Қазақстан туы халықаралық жиындармен бас қосуларда, Республика президентінің шет елге шыққан сапарында көтерілген сайын мені « біздің қазақ халқының туы» деген мақтаныш сезім билейді..

ІІ - топ жұмысын қорғайды
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ЕЛТАҢБАСЫ
– Қазақстан Республикасының негізгі мемлекеттік рәміздерінің бірі. ҚР Президентінің «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң күші бар Жарлығымен (1996) белгіленген. Рәміздік тұрғыдан ҚР мемлекеттік Елтаңбасының негізі – шаңырақ. Ол – Елтаңбаның жүрегі. Шаңырақ – мемлекеттің түп негізі – отбасының негізі. Шаңырақ – Күн шеңбері. Айналған күн шеңберінің қозғалыстағы суреті іспетті. Шаңырақ – киіз үйдің күмбезі, көшпелі түркілер үшін үйдің, ошақтың, отбасының бейнесі. Тұлпар – дала дүлділі, ер - азаматтың сәйгүлігі, желдей ескен жүйрік аты, жеңіске деген жасымас жігердің, қажымас қайраттың, мұқалмас қажырдың, тәуелсіздікке, бостандыққа ұмтылған құлшыныстың бейнесі. Қанатты тұлпар – қазақ поэзиясында кең тараған бейне. Ол ұшқыр арманның, самғаған таңғажайып жасампаздық қиялдың, талмас талаптың, асыл мұраттың, жақсылыққа құштарлықтың кейпі. Қанатты Тұлпар Уақыт пен Кеңістікті біріктіреді. Ол өлмес өмірдің бейнесі. Бір шаңырақтың астында тату - тәтті өмір сүретін Қазақстан халқының өсіп - өркендеуін, рухани байлығын, сан сырлы, алуан қырлы бет - бейнесін паш етеді. Бес бұрышты жұлдыз Елтаңбаның тәжі іспетті. Әрбір адамның жол нұсқайтын жарық жұлдызы бар. Қазақстан Республикасы мемлекеттік Елтаңбасының авторлары – Ж. Мәлібеков пен Ш. Уәлиханов.

«ЖАҢҒЫРЫҚ» ОЙЫНЫ «ПЫРАҚ»
«Пырақ» сөзін қайталап айту арқылы сөздік қорға қосу

ІІІ - топ жұмысын қорғайды.
Әнұран мәтінінде ғасырлар бойы тәуелсіздік үшін күрескен бабалар ерлігі көрсетілген. Екіншіден сол ата - бабалардан қалған асыл мұрамыз - жеріміздің кең - байтақтығы орын алған. Үшіншіден, еліміз бен жеріміздің байлығы біздің ұрпақтарымыздың болашағына жарқын жол ашатыны да айқын көрініс тапқан. Ең бастысы, біздің тәуелсіздігіміздің алтын діңгегі - ел бірлігі баса көрсетілген.

1992 - жылы 4 маусымда егемен еліміз Қазақстан Республикасының рәміздерін қабылдады
Кеше ғана Лондон жерінде өткен дүбірлі ойында Қазақстан мәртебесін отандас спортшыларымыз халқымыздың көбін рухтандырды Жат елде жалауы желбіреп, Әнұраны шарықтап Қазақстанның осал ел еместігін мойындатты

ОҚУЛЫҚПЕН ЖҰМЫС
Оқушылар сурет бойынша жұмыс жүргізеді.
Әнұран мәнерлеп оқу
Сергіту сәті «ЖАСА ҚАЗАҚСТАН!» әуеніне қимылды би
Дәптермен жұмыс
Елтаңбаның авторы: Жандарбек Мәлібеков
Шота – Аман Уалиханов
Әнұранның авторы: Жұмекен Нәжімеденов
Нұрсұлтан Назарбаев
Шәмші Қалдаяқов

ІҮ. Ой толғаныс сатысы. «Әдебиет үйірмесі» (оқушыларды төрт топқа бөліп, сұрақтар қойылады)
«Кубизм» стратегиясы
•Зерттеуші: РӘМІЗДЕР ҚАНДАЙ МАҚСАТТА ЖАСАЛҒАН?
•Сөз тапқыш: Мәтін мазмұнына байланысты мақал - мәтел айтып, дәлелде.
•Сұрақ қоюшы: Мәтінге қатысты сұрақтар дайында.
•Бейнелеуші: «Менің қиялымдағы рәміз» сурет салу.
Топ пікірі тыңдалады. Бүгінгі сабақта мен нені білдім? Сұрағы төңірегінде оқушы өз ойын айтады.

Үйге тапсырма.
Мазмұндау. «Менің елім» өлең құру. Авторларды жаттау.
Оқушы білімі бағаланады. Топты бағалау.
Өте жақсы, жақсы қанағаттанарлық
Жеке оқушыларды бағалау
Гимн айту.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
24 702
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
My native land – Туған өлкем
My native land – Туған өлкем
Мақсаты - Aim: 1. тәрбиелік: мемлекеттік нышандардың аса маңызды екенін, оларды құрметпен мақтан тұту керектігін ұғындыру.
Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтаныш
Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтаныш
Оқушыларды аса маңызды мемлекеттік белгілер - рәміздермен жан - жақты таныстыру, ұлттық рәміздердің әрбір бөлшектеріне, халқымыздың өткені мен бүгінгі күндеріне қысқаша шолу жасау
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері
Оқушыларға мемлекеттік рәміздердің аса маңызды екендігін, оны ерекше құрметтеп, мақтан тұту керектігін, оларды жасаған авторлардың халық үшін көп еңбек сіңіргенін ашып көрсету, Отанды сүюге, құрметтеп қастерлеуге, өз елін, тегін, тарихын білу.
Мемлекеттік рәміздер тарихы
Мемлекеттік рәміздер тарихы
Жезқазған қаласы №10 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Досмаганбетова Жумакул Абсаматовна Сабақтың тақырыбы: Мемлекеттік рәміздер тарихы Жай сөйлемнің түрлері (8- сынып) Сабақтың мақсаты: Мемлекеттік рәміздер жайлы мәлімет бере
Малта
Малта
Жезқазған қаласы, № 10 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Үңгітбаева Нұргүл Рамазанқызы
Зат есім
Зат есім
Атырау қаласы Ы. Алтынсарин атындағы №11 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Құбиева Зауреш Паңгерейқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×