Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сынып дарабозы

01 тамыз 2013, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Тақырыбы: Сынып дарабозы

Мақсаты: Оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыру, ой - өрісін іс - жүзінде шыңдау, есте сақтау, сөйлеу мәнерін, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Бір - бірімен достық, ынтымақтастықта болуға, бір - бірін тыңдауға, сыйлауға тәрбиелеу. Табиғатты қорғау, экологиялық тәрбие негіздерін қалыптастыру.
Көрнекілігі: Компьютер, проектор, компьютерлік презентация, кесте, бейнесұрақ.
4 «Б» сыныбында өткелі отырған «Сынып дарабозы» интеллектуалдық сайысқа қош келдіңіздер! Білімді ұрпақ – еліміздің тірегі!
Жер бетінде адам өмір өткізер,
Бар нәрсеге біліммен қол жеткізер.
Бар ізгілік тек білімнен алынар,
Білімменен аспанға жол салынар. – деген Жүсіп Баласағұн.
Қазір біз, балалар, осы уақытқа дейін алған білімімізді көрсетіп, өнерімізді, білімімізді саралап, санамыздың өскенін, сөз байлығымыздың молайғанын көрсетейік.
Сайысқа төрелік ететін мұғалімдер:
1. Райка Бермухамедқызы – мектепалды даярлық сыныбының мұғалімі
2. Гаухар Сүйментайқызы – бастауыш сынып мұғалімі
Сәлемдесу – игі дәстүр киелі,
Сөзбен қарап, кейде шешер шиені.
Жақсы сөзге жан семірер қашанда
Жолданады сайыскерлер сәлемі.
Сонымен, сайысқа қатысушылар өз сәлемдемелерін жолдайды:
1.
«Тапқырлық таныту мақсатымыз,
Біліммен шықсын тек жақсы атымыз»
2.
«Асау тұлпар желдей ескен арынды,
Оқу менен еңбекке сал барыңды.»
3.
«Болашақтың ұрпағымыз білімді,
Көрсетпекпіз мектепте алған білімді»
4.
«Қандай сынақ болса дағы беріспе,
Әрқашанда үміткер бол жеңіске»
5.
«Білімдінің күні жарық,
білімсіздің күні қаріп»
6.
«Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады»
«Біреу озса сайыста, біреу артта қалады,
Ренжімей тараса, озбағандар жарады.
Жарыс заңы ежелден – жеңімпазды анықтау,
Озат болу шарты сол – еңбектену, жалықпау.» - дей келе сайысымыздың кезеңдерін таныстырып өтейін.

І. Бәйге.
ІІ. Кім жүйрік.
ІІІ. Дода.
ІV. Тіл - өнер.
V. Жорға.

«Бәйге» кезеңнің шарты: Сұрақтар тест түрінде беріледі. Сұрақтар экранға көрсетілгеннен кейін төрт жауаптың біреуін таңдап, таңдаған нұсқаның нөмірін қағазға жазамыз және бәрің бірге қағазды көтереміз. /10 сек. уақыт беріледі/. Бастаймыз.

Бәйге. І кезең. тест
1. Қазақтың тұңғыш ағартушы ұстазы, қазақ хрестоматиясын жазған.
А) Абай Құнанбаев Ә) Ахмет Байтұрсынов
Б) Ыбырай Алтынсарин * В) Сакен Сейфуллин
2. Күздің үшінші айы
А) Қазан Ә) Қараша * Б) Желтоқсан В) Қаңтар
3. Қандай құс бейбітшілік белгісі, хат тасушысы атанған?
А) қарлығаш Ә) қыран, бүркіт Б) көгершін * В) торғай
4. Жердің ауа қабаты
А) Атмосфера * Ә) Биосфера Б) Гидросфера В) Тропосфера
5. Барлық қабырғалары тең тіктөртбұрыш қалай аталады?
А) үшбұрыш Ә) төртбұрыш Б) шаршы * В) тіктөртбұрыш
6. Процессор мен жады компьютердің қай құрылғысында орналасқан?
А) жүйелік блок * Ә) процессор Б) монитор В) пернетақта
7. 1 - 10 арасында қанша жұп сан бар?
А) 4 Ә) 10 Б) 5 * В) 6

Бұл кезеңде сендер таңдап алған нөмір бойынша сұраққа жауап бересіңдер. Сұраққа тез, жылдам жауап қайтару керек. Жауабын білмесең «келесі» деп келесі сұраққа көше беруге болады. Әркім өз сұрағына өзі жауап береді. Басқа оқушыларға жауап беруге болмайды. ІІ кезеңді қорытындылап, бір оқушы ойынды аяқтайды.
«Білім деген биік шың
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан өткізер.» - деп келесі «Кім жүйрік» кезеңін бастаймыз.

Кім жүйрік. ІІ кезең сұрақтары:
- Әр топ екі ұяшықтан таңдайды. Ұяшықтың артында сұрақтар берілген, сіздер соған жауап берулеріңіз тиіс.
1. Көне заттарды сақтайтын орын (мұражай)
2. Мұсылман діні (ислам)
3. Үш кемеңгер би (Қазыбек би, Төле би, Әйтеке би)
4. Қалталы жануарлар елі (Австралия)
5. Ахмет Яссауи мазары қай қалада? (Түркістан)
6. Аспан денелерінің ішінде Ай үлкен бе, Жер үлкен бе? (Жер)

«Ең қиыны жарыстың «Дода» келді
Мықтылары келіпті жеңсін енді.
Тез жауап бер, ойланып тұрып қалмай,» - деп келесі кезеңді бастаймыз.

Келесі кезеңнің шартымен таныстырып өтейін. Бұл кезеңде пәндер бойынша пән мұғалімдердің сұрақтары беріледі, кейбіреуі бейнесұрақ түрінде берілген. Пәндерді өздерің таңдайсыңдар. Сұраққа толық жауап берсеңдер, 20 ұпай, толық емес болса 20 ұпай аласыңдар. Бір пән бірақ рет таңдалады, бір оқушы екі пән таңдайды. Басқа оқушылар жауап бермейді. Ұпайы аз оқушы бірінші болып бастайды.

Дода. ІІІ кезең. Пәндер бойынша.

1. Қазақ тілі. Ойлан тап
2. Математика. Логикалық тапсырма
3. Ана тілі. Бейнесұрақ
4. Дүниетану. Бейнесұрақ
5. Орыс тілі. Бейнесұрақ
6. Ағылшын тілі. Аудармасын табу

Көрермендерге сұрақтар:

1. Кім барлық тілде сөйлейді? /жаңғырық/
2. Жаңылмастан жетеуі
Кезек қызмет етеді. /Апта күндері/
3. Жануарға ұқсас атым бар,
Бағдар көрсетер затым бар.
Кілемше үстінде тұрамын.
Ең қажетті құралмын.
Білсеңдер, қане айтыңдар? /Тышқан/
4. Жердің табиғи серігі (Ай)
5. Он екі ақ парақ -
Он екі ақ қанат,
Жауабы әсем - ақ,
Сызылған тақталап /дәптер/
6. Тебеннің ұшы түйір,
Аяғы біреу, қолы жоқ,
Шиыр - шиыр жолы көп.
Өзі сөйлей білмейді,
Салған ізі сөйлейді. /қалам/
7. Дүниеге тұмсықсыз - ақ келеді,
Дегенменен тұмсығынан өледі /қарындаш/
8. Ол - оқушы құралы,
Қатеңді түзетіп тұрады /өшіргіш/

3. Бұрыштың түрлері? /доғал, сүйір, тік, жазыңқы/
4. Математикалық төрт амал? / +-*/
5. Ұзындықты өлшейтін құрал? /сызғыш/
6. Тісі түскен адам (кетік)
7. 1кг неше грамм бар? 1000 грамм
8. Жүз жылдың басқаша атауы? /ғасыр/

Тіл - өнер. 4 кезең. 3 тілде
«Бәйгеге түсіп жарыспай,
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарысып,
Тәрбие білім табар мән.
Бұл бәйге, ойдың бәйгесі,
Кім жүйрік ойға, сол алда» - дегендей «Тіл - өнер» сайыс деп аталады.
Бұл кезеңде берілген сұрақтардағы көп нүктенің орнындағы сөзді тауып, оны екі тілге аударамыз. Орысша, ағылшынша. Жауабын дұрыс тапса 10 ұпай, орыс тіліндегі аудармасы дұрыс болса 20 ұпай, ағылшын тіліндегі аудармасы дұрыс болса, 30 ұпай беріледі. Ұяшық нөмірін таңдайсыңдар.

1. Жұт... ағайынды / Жеті - семь - seven/
2. Өзі сөйлей білмейді, салған ізі сөйлейді /қалам - ручка - pen/
3. Екі қолға... күрек /бір - один - one/
4. Кімнің баласы болма,
Адамның баласы бол /атаның – дедушка – grandfather/
5. Өнер алды қандай жол? /қызыл – красный - red/
6. Мысыққа ойын керек,
... өмір керек /тышқан – мышь – mause/
7. Тілі бар, үні жоқ,
Өзін адам түсінген
Жүрегі бар да, қаны жоқ,
Сөйлеп тұрған ішінен /кітап – книга - book/
8. Жылт – жылт етеді
Жылғадан өтеді /су – вода – water/
9. Батыр туса – ел ырысы,
... жауса жер ырысы. /жаңбыр – дождь – rain/

Жүргізуші: «Көңілді, тапқырлар, білгіштер
Бар өнерін аларыңа салады.
Кім білімді, көп оқыған болса, егер
Бүгінгі күн жеңімпазы болады.» - деп соңғы кезеңді бастаймыз.
Бұл кезеңде тақырып және соған сәйкес ұпай санын таңдайсыңдар. Ұпайларға сәйкес сұрақтар бар, соған жауап бересіңдер. Жауап қате болса, онда келесі ойыншы жауап береді.

Жорға. 5 кезең. Тақырып таңдау.
Ертегілер елінде 20 30 40
1001 мақал 101 жұмбақ 20 30 40
Қызықты математика 20 30 40
1. Ертегілер елінде.
20 ұпай: Мақта қыз бен мысық
30 ұпай: Мыстан кемпір
40 ұпай: Тазша бала
3. 1001 мақал, 101 жұмбақ
20 ұпай: /досымен/
30 ұпай: /күнтізбе, календарь/
40 ұпай: /көз қорқақ, қол батыр/
4. Қызықты математика
20 ұпай: /5/
30 ұпай: /4/
40 ұпай: /Түйеқұс ұшпайды /
Осы сайыстан кейін жеңімпаз анықталады.
Келесі кезекті әділқазыларға береміз.
Соңғы кезеңнің ұпай санын және жалпы қорытындыны хабарлау үшін ортаға Райка Бермухамедқызын шақырамыз.
Болашақтың іргесін қалайтын,
Қазақстанның мерейін көтеретін азамат пен азаматшалар сендерсіңдер.
Білімділік пен ізгілікті бойымызға дарыта берейік.
Сендерге әрдайым биік белестер тілейміз! – деген ризалық сөзбен сабақ аяқталады.
8 834
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Квадрат теңдеу түбірлерінің формулалары
Квадрат теңдеу түбірлерінің формулалары
Квадрат теңдеу түбірлерінің формулалары
Информатика әлемінде
Информатика әлемінде
Оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыру, ынтасын арттыру, алған білімдерін шыңдап, тексеру. Ой - өрісін іс - жүзінде шыңдау, есте сақтау, сөйлеу мәнерін, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Білімді біздер - баламыз
Білімді біздер - баламыз
Мақсаты: Балалардың білімді, жан - жақты болуға үйрету. Білуге, үйренуге деген қызығушылығын арттыру. Жарысуға, жарыста жеңімпаз болуға ұмтылуын дамыту. Білімді, дарынды, озық болуға тәрбиелеу.
Информатика тапқырлары (сыныптан тыс ашық сабақ)
Информатика тапқырлары (сыныптан тыс ашық сабақ)
Жамбыл облысы, Т. Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы, №1 мектеп - лицейі информатика пәні мұғалімі Шонгарова Айгуль Талгатовна
Үшін, туралы, дейін, шейін шылаулары
Үшін, туралы, дейін, шейін шылаулары
Атырау қаласы, №11 Ы. Алтынсарин атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Сұлтанова Cара
Сынып дарабозы
Сынып дарабозы
Оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыру, ой-өрісін іс-жүзінде шыңдау, есте сақтау, сөйлеу мәнерін, шығармашылық қабілетін дамыту.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×