Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сәйкес қалдықпен бөлу

22 тамыз 2013, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақ тақырыбы: Сәйкес қалдықпен бөлу.

Оқушыларды сәйкес қалдықпен бөлу түріндегі есептерді орындату тәсілімен таныстыру.
1. Санды көбейтіндіге көбейтуді және санды көбейтіндіге бөлуді, сондай - ақ 0 - мен аяқталған санды көбейту мен бөлуді пысықтау.
2. Оқушылардың танымдық қасиеттерін дамыту.
3. Ұқыпты болуға тәрбиелеу.
Түрі: дәстүрлі.
Типі: аралас сабақ
Әдіс - тәсілдері: ішінара ізденіс, талдау, жинақтау, көрнекілік.
Оқушылардың іс - әрекетін ұйымдастыру: жалпы. жеке, жұппен, топпен.
Көрнекілігі: кітап, тақта, бор, кесте, кодоскоп, слайды.

Барысы: 1. Ұйымдастыру
2. Сабақтың мақсатымен таныстыру.
3. Үй тапсырмасын тексеру: өткен сабақты еске түсірейік. Ол үшін математикалық диктант жазамыз
34 пен 10 көбейтіндісі --------------- 130 бен10 бөліндісі
52 мен100 көбейтіндісі -------------- 5200 бен 100 бөліндісі
13 пен 1000 көбейтіндісі ------------ 34000 0 мен 1000 бөліндісі
соңынан тексеріп, қорыту, яғни санды нөлмен аяқталған санға көбейту мен бөлудің ерекшелігін, үй тапсырмасы мен математикалық диктантты жинап алып, келесі дәптердегі көркем жазу мен жұмыс, күн ретін жазғызу.

4. Жаңа сабақпен жұмыс:
а) Оқулықтағы және жаттығулардағы тапсырманың шығарылу жолын екінші оқушы талдап түсіндіреді. Тақтада кодоскопқа слайд салынып экранда үлкейтілген түрін пайдаланамыз.

5. Білімді тексеру:
ә) Оқулықтағы жаттығудағы тапсырманың бірінші жолын тақтада кезекпен шығару жолын түсіндіре отырып оқушыларға орындатамын.
б) екінші жолдағы амалдарды озат оқушылар карточка арқылы орындайды. Карточканың жауабын ғана оқыту арқылы тексеріп бағалаймын.
в) Оқулықтағы жаттығудағы 3 тапсырманы өзіндік жұмыс ретінде 3 қатарға бөліп беріп тек жауабын оқытып қорытындылау
г) жаттығуды шығармас бұрын оқушыларға жұмбақ жасырып, ой сергітіп аламыз. Содан соң есепті оқытып, талдаймыз.
Тікен - тікен тік тісте,
Қысқа - жазы бір түсті.
(шырша)

- Ендеше, келесі тапсырманың шарты бойынша шыршаны безендіру керек. Ол үшін не керек,
балалар
- Ойыншық
- Дұрыс ойыншық. Олай болса мына кестені толтырайық. Ол үшін 5 жаттығуды іштен бір рет оқып, кестені толтырамыз.

- Не белгілі,
- Аты, ойыншық саны, төлеген құны.
- Не белгісіз
- 1 ойыншықтың бағасы белгісіз
- Төлеген құндарын қосып, ойыншықтар санына бөлеміз.
- Дұрыс, дәптерлеріңе орындаңдар,- деп шешуі мен жауабын бір оқушыға оқыту арқылы тексереміз.

6. Бекіту.
А)- Балалар, көлемді қалай табамыз, Кім айтады,
- Көлемді табу үшін ұзындығын енін және биіктігін - 3 өлшемді көбейтеміз.
- Дұрыс, 7 жаттығудағы тапсырманың суретіне қарайықшы, не көріп тұрамыз,
- Қыз бала ойнап жүріп, добын суға түсіріп алды.
- Қандай суға,
- Бассейндегі суға.
- Дұрыс,»бассейн»деген сөз орыс тілінен енген сөз. Қазақшасы»хауыз»деп аталады. Сөздік жұмыс жүріп барып көлем табуға есеп шығарамыз.

Үйге тапсырма:
Бағалау:
4 584
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Көбейту және бөлу 62∙546; 33852: 546
Көбейту және бөлу 62∙546; 33852: 546
Оқушыларға санды үш таңбалы санға көбейту мен бөлу жолдарын меңгерту. Жазбаша көбейту мен бөлу‚ яғни баған түріндегі көбейту мен бөлу дағдыларын жетілдіру.
Үш таңбалы санға көбейту және бөлу
Үш таңбалы санға көбейту және бөлу
Үш таңбалы санды көбейту және бөлуді меңгерту. Тапсырмаларды орындау арқылы логикалық ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру. Шапшаңдыққа, алғырлыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.
Көбейту және бөлу 62∙546; 33852: 546
Көбейту және бөлу 62∙546; 33852: 546
Оқушыларға санды үш таңбалы санға көбейту мен бөлу жолдарын меңгерту. Жазбаша көбейту мен бөлу‚ яғни баған түріндегі көбейту мен бөлу дағдыларын жетілдіру.
Санды 10 - ға, 100 - ге, 1000 - ға т. с. с. көбейту және бөлу. 10, 100, 1000 - ға қалдықпен бөлу
Санды 10 - ға, 100 - ге, 1000 - ға т. с. с. көбейту және бөлу. 10, 100, 1000 - ға қалдықпен бөлу
Санды 10 - ға, 100 - ге, 1000 - ға т. с. с. көбейту және бөлу туралы оқушылардың білімдерін бекіту, жалпылау. 10, 100, 1000 т. с. с мандарға қалдықпен бөлуді пысықтау.
Көп таңбалы сандарды екі таңбалы сандарға жазбаша бөлу тәсілдері
Көп таңбалы сандарды екі таңбалы сандарға жазбаша бөлу тәсілдері
Көп таңбалы сандарды бір таңбалы санға көбейту және бөлуді дұрыс орындауды қалыптастыру, сәйкес қалдықпен бөлуді орындау.
Көбейту және бөлу 62∙546; 33852: 546
Көбейту және бөлу 62∙546; 33852: 546
Санды үш таңбалы санға көбейту мен бөлу жолдарын меңгерту. Жазбаша көбейту мен бөлу‚ яғни баған түріндегі көбейту мен бөлу дағдыларын жетілдіру.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×