Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Күзде жапырақ неге сарғаяды және түседі?

26 тамыз 2013, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Дүниетану.
Сабақтың тақырыбы: Күзде жапырақ неге сарғаяды және түседі?
Мақсаты: Жапырақ туралы түсінік алуға ақуал туғызу.
Өсімдік тіршілігі жәйлі алған мағлұматтарын кеңейтуге бағыт беру.
Табиғатты қорғауға, оған деген сүйіспеншілігін арттыруға ықпал беру. Достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Сын тұрғысынан ойлау.
Әдісі: Сұрақ - жауап, түсіндіру, топтау, венн диаграммасы, сурет салу.
Пәнаралық байланысы: Ән, бейнелеу, ана - тілі, өзін - өзі тану.
Сабақтың барысы:
І. Қызығушылықты ояту. / бейне таспа жаймен/
«Табиғат ол - анамыз
Табиғатқа баламыз» (жәй, қаттырақ, оданда қатты айту хормен )
ІІ. Психологиялық дайындық. Балалар бүгін бізге қонақтар келді, қарсы алайық! олар сендердің білімдеріңді көреді. Сабақта алаңдамай, еркін еңбек етіңдер. Мен сендерге сәттілік тілеймін. Ақтай би сөзі ұранымыз.
ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту. Гербарий жасап келу, жапырақ суретін салу.
ІV. Ауа райын болжау. Кезекші есебін тыңдау. Күнтізбе бойынша ауа райын болжау.

V. Мағынаны тану: Күзде жауын. Бұлт тұман.
Жапырақтар жауады.
Сары құйын ұйтқыған,
Сапырады ауаны.
Тапталады табанға,
Судыр, судыр жапырақ
Өрттей сары бояуға
Малынғандай атырап,- деп ақын атамыз Мұзафар Әлімбаев жырлағандай, судырлаған жапырақтарға назар аударайық. Өткен сабағымызда топ серуенге шыққан болатынбыз. Сол топ серуенде жинаған жапырақтарымызды қарайық.
1. Түстері қандай?
2. Қазір қандай мезгіл?
3. Ағаштар жыл мезгілдеріне қарай қалай өзгереді?

VI. Ой қозғау. ( мұғалім кодоскопта жапырақ суретін салып көрсетеді.)
Өсімдіктер мүшелерін толықтыру./тамыр, сабақ, жапырақ/
VII. Сергіту сәті: Жаңбыр жауып басылды
Аспан шайдай ашылды
Желмен бірге жапырақ
Сыбдыр қағып шашылды./қимыл қозғалыс арқылы көрсету. Күзде судырлайды су, су, су, су.
Қыста қурайды қу, қу, қу, қу.
Көктемде гүлдейді гу, гу, гу, гу.
Жазда жайқалады жа, жа, жа, жа.

VIII. Топпен жұмыс: І - топ Сары жапырақ
Күн қысқарып, түн ұзарады.
Жарық азаяды.
Хлорофилл түзелмейді.
Өсімдіктің қоректенуі баяулайды.
Күн сәулесі жылуды аз береді.

II - топ Жасыл жапырақ
Жылу
Жарық
Жапырақта хлорофилл түзеледі.
IX. Венн диаграммасы. Жапырақ;
Таза ауа, әсемдік, әртүрлі.
Өсімдік мүшесі
Сабақ;
Тыныс алуға, жұмсақ, иілгіш, биік, жуан.
X. Сабақты бекіту: ҚР - дың «Қоршаған ортаны қорғау» туралы заңы бар. Сол заңның 38 - бабында табиғатты қорғау, оны таза ұстау әр адамның міндеті делінген. Сендер, балалар, келешек елді көркейтер азаматсыңдар. Сондықтан осы мектеп партасында отырған кезден бастап, осы іске өздеріңді дайындауларың керек. «Ағаштың жапырақсыз сәні жоқ, ол ең маңызды керекті мүшесі.
Ән «Жау, жау жаңбыр» хор.
XI. Бағалау.
15 733
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Күзде жапырақтар неге сарғаяды және түседі?
Күзде жапырақтар неге сарғаяды және түседі?
Өсімдік мүшелерінің атқаратын қызметі жайлы түсінігін қалыптастыра отырып, пәнге қызығушылығын арттыру.
Тест жауаптарымен (дүниетану 2 сынып)
Тест жауаптарымен (дүниетану 2 сынып)
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, №9 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Басенова Ақмарал Камаловна
Гүл, жеміс және тұқым
Гүл, жеміс және тұқым
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы, №8 жалпы орта білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі Алиева Динара Қасанқызы
Жапырақ
Жапырақ
Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Егіндібұлақ селосы, № 43 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Алипбекова Д. Ж.
Жапырақ
Жапырақ
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы Бейнеу гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Оразалы Ақмарал
Күз мезгілі
Күз мезгілі
Күз мезгілінде табиғатта болатын өзгерістер туралы және күз мезгілінің астық, жеміс - жидек, көкөністерді жинау мезгілі екенін күздегі ауылшаруашылық еңбек түрлері жөнінен білім беру.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×