Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ү дыбысы мен әрпі

06 қыркүйек 2013, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Ү дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты:
А) білімділігі: Оқушыларға Ү дыбысы мен әрпін таныту, сөздегі орны туралы түсінік беру. Ол арқылы берілген сөздерді дұрыс оқу мен жазуға үйрету.
Ә) дамытушылығы: Ү дыбысына қатысты жаңа сөздер ойлату, сөйлемдер құрату.
Дыбысталуы ұқсас Ұ дыбысымен салыстыру. Танымдық іс - әрекеттер арқылы ой - өрістерін, тілін дамыту.
Б) тәрбиелігі: Оқушылардың табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін арттырып, құстарға, аңдарға қамқорлық жасай білуге үйрету.
Сабақтың көрнекілігі: әліппе серігі, тақырыптық суреттер, Ү әрпінің баспа және жазба түрлері, жұмбақтар.
Сабақтың түрі: дәстүрлі, дамытпалы сабақ, жаңа білімді игерту.
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, жазбаша, бақылау, дамыта оқыту, салыстыру, ойландыру.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі. Оқушыларды түгендеу
II. Үй жұмысын тексеру.
1. Оқушылардан үйге берілген тапсырманы сұрау?
2. «Шардағы буын» ойыны. Кеспе буындарды оқу. Кеспе буындардан сөз ойлау.
3. Сурет бойынша жұмыс.
«Бұлақ» атты өлеңін рөлге бөліп оқу.
4. «Бұлақ» дегеніміз не? Қалай түсінесіңдер?
«Бұлақ»- басы бастаулардан басталып, баяу ағатын кішігірім су.
5. Суретті көре отырып сөздер құрастыру. Сөйлем ойлау.
(ұшақ, құлпынай, құлыншақ)

1. Сөйлем неше сөзден құралған?
2. Сөйлемдегі сөздер бір - біріне қалай жазылған?
3. Сөйлемнің басы қандай әріптен басталып жазылады?
6. Үй жұмысын қорыту.

III. Жаңа сабақ.
Үстел берсең кіргенде,
Үлкен кісі есіктен,
Үлкен екен - демей ме?
Үйренген ғой бесіктен.
Өлеңнің әр жолындағы бірінші сөзге назарымызды аударайық. Үстел, үлкен, үйренген. Дауыстай айта отырып Ү дыбысын дыбыстаймыз. Жаңа әріпті көрсетемін.
Жұмбақ.
Халық қу деп, қылған күлкі,
Айласы көп, бұл не?
(түлкі)
Түлкі
Дыбыстық, буындық талдау!

Жарықта соқырмын,
Ұша алмай отырмын. (үкі)
Жүгері, гүл, үтік
Оқулықпен жұмыс .Түлкі
1. Тізбектеп оқыту.
Сөздік жұмысы.
Тымақ - Аң терісінен жасалып, суықта киетін бас киім.
Ішік - Іш жағы аңның терісінен тігіліп, сыртын матамен тыстаған жылы сырт киім.
Дәптермен жұмыс.
Ү - әрпін ауада жазғызу
Ұ - Ү
Ұн, құн, құз, құндыз, құлақ
Үн, күн, күз, күндіз, күрек

Сабақты қортындылау:
Ой қорыту
Ү - үкі, үтік, үстел
Ү - жіңішке, Ұ - жуан
Дауыстары сөздің басында ортасында келеді

Оқушыларды бағалау, мадақтау.
3 141
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Т дыбысы және әрпі
Т дыбысы және әрпі
Өткен дыбысты қайталату, зейінін аудару. Жаңа т дыбысымен таныстыра отырып, сөздер ойлатып, оларды дұрыс буынға бөлуін қадағалау. Қолдарын әдемі жазуға үйрету және қызығушылығын арттыру. Жазуға қолдарын жаттықтыру.
Ұ дыбысы мен әріпі
Ұ дыбысы мен әріпі
Ұ дыбысы мен әрпін таныту, сол әріп арқылы берілген оқу мен жазуға үйрету. Ұ дыбысына байланысты сөздер ойлатып талдау. Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту сөздік қорын молайту.
Ә дыбысы мен әрпі
Ә дыбысы мен әрпі
Жаңа технологияларды қолдана отырып Әә дыбысы мен әрпін таныту, сол арқылы берілген сөздерді оқу мен жазуға, буын және оның түрлерін ажырата білуге үйрету.
Ү дыбысы және әрпі
Ү дыбысы және әрпі
Жамбыл облысы, Шу ауданы, Жаңа жол ауылы, Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Шакирова Мейрамкул Елемесқызы
Р дыбысы мен әрпі
Р дыбысы мен әрпі
Атырау облысы, Исатай ауданы, Жанбай селосы Хамидолла Нәубетов атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Оңайбаева Минаш Нәсіпқалиқызы
Г дыбысы мен әрпі
Г дыбысы мен әрпі
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Сағыз селосы, №9 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Сахиева Ләззат
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×